СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математика "Теңдеу" презентация 2-сынып

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                        Оқу ісінің меңгерушісі: ___________  Курмашева А.А.

Сабақ тақырыбы:

Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу

Мектеп: №3

Күні :  1.03.17

 

Мұғалімнің есімі: Нугуспанова Ш.Т.

СЫНЫП: 1 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеу шешеді;

қосу мен азайту арасындағы байланыс негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады;

есепті сурет, сызба түрінде модельдейді;

қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады, кері есеп құрастырады және шығарады.

Ресурстар:

Белгісіз азайтқышы бар теңдеу. 48, 49-беттер.

Жұмыс дәптері

Тірек сөздер

Белгісіз азайтқышы бар теңдеу

Сабақтың мақсаты:

b – x = а, мұндағы b және а — кез келген теріс емес сандар болғанда теңдеудегі белгісіз азайтқышты табу дағдысын қалыптастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Бүгінгі сабақта бүтін шама мен оның бөліктері арасындағы байланысты негізге алып, азайтқышы белгісіз болып келген теңдеуді шешудің алгоритмі жасалынады. Азайтқыш — бүтін шаманың бөлігі, сондықтан оны табу үшін белгілі бүтіннен бөлікті шегеру қажет. Егер сыныптың дайындығы жеткілікті болса, теңдеу шешімін тексеруді осы бастапқы кезеңде талқылауға болады. Белгісіздің алынған мәнін орнына қойып, тепе-теңдіктің дұрыстығын тексеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

Би қимылдары

                   Психологиялық ахуал

-Балалар, бүгін қандай күн? (Алғыс күні)

-Тағы қандай күн? (Көктемнің алғашқы күні)

-Көктемде қандай мерекелер бар? (8-наурыз)

-Ендеше, бүгін біз осындай тамаша күнде сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық!

Сыныптың ұраны:

Оқимыз, жазамыз, жеңеміз!!!

Сыныптың эмблемасымен (логотипімен) таныстыру.

Бүгін білімнен озық шыққан балаларға алғыс жариялап, марапаттайтын боламыз.

Кіріспе тапсырма:

Миға шабуыл

Зейінді шоғырландыруға арналған тапсырма:

  1. Мынау қандай өрнек? (2 амалды өрнек)
  2. Ал мынау ше? (жақшалы өрнек)
  3. Мына өрнекте қай амал алдымен орындалады? (жақшаның іші)
  4. 1 сағатта неше минут бар? (60)
  5. Аптада неше күн бар? (7 күн)
  6. 1 айда неше күн бар? (30-31)
  7. Сағат нешені көрсетіп тұр? ( 9 жарым)
  8. Мынау қалай аталады? (15=15, теңдік)
  9. Мынау ше?  (19
  10. Мынау қандай өрнек? (а+5, 9-с әріпті өрнек)
  11. Мұны қалай атаймыз? (х+5=9, теңдеу)

3 қатардың оқушыларын шығарып әріпті өрнек, санды өрнек , теңдеу  құрату.

Шығарып көр. Топпен жұмыс ұйымдастыру. Топ ережесін айту. Топ басшылары таңдаған теңдеулерді шығарады. (Топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді)

Оқулықпен жұмыс.       Жеке жұмыс.

Оқушыларды теңдеудегі белгісізді табу үшін оның бүтін әлде бөлік екенін анықтап алу керектігіне әкелу керек. Егер белгісіз компонент бөлік болса, берілген бүтіннен белгілі бөлікті азайту арқылы табу ережесін қолдану. Ұғымды бекіту үшін оқулықтағы суретті мысалға алып белгісіз бөлікті табу ережесін түсіндіру. (Қанша бұршақ болған? Бірнеше бұршақты алған соң қаншасы қалды? Қанша алғанын санату.)

Шоколад. Оқушыларға қарапайым есепті шығару ұсынылады. Оқушылар екі иллюстрацияны сөзбен ауыстырып, есептің мәтінін оқып шығуы керек. Тапсырманы оқып және ойласа келе, тұтас шоколад тақтасы мен шоколадтың қалған бөлігінің санын торкөздерді санау арқылы есептеу керек деп қорытынды жасайды. Белгісіз бөлік азайтқышты есептеп, Сәуле шоколадтың жартысы, яғни 9 бөлікті жегенін табу керек..

Жауабы:  9 бөлік (немесе жартысы).

Жұптық жұмыс.

Қанша фигураны алып тастады? х-тің мәні неге тең? Өткен сабақта олар осындай тапсырманы орындаған, сондықтан белгісіз бөлікті табу тәсілі туралы біледі. Олар енді белгісіз қосылғыштың мәнін табады. Егер фигураның бастапқы саны мен қанша қалғаны белгілі болса, енді қанша фигураны алып тастағанын санай отырып таба алады.

Жауабы:   9 тіктөртбұрыш;  70 санақ таяқшасы.

Шығарып көр.

Тапсырманы топта орындауды ұсыну. Шешімді нақты түсіну үшін текшелерден оқулықтағы иллюстрацияларға сәйкес фигура құрастыруды ұсыну. Оқушылар бірінші фигураны құрастырып, одан екінші бір фигура шығатындай бірнеше текшелерді алып тастауы керек. Жойылған

бөліктегі текшелер саны белгісіз х-тің мәніне тең болады.     Жауабы:     а) 3; ә) 8.

Орындап көр.   Жұптық жұмыс.

Оқушыларға тапсырманы жұпта орындату. Оларға моншақ салынған қораптарды тарату. Моншақ саны 20-ның көлемінде болу керек. Бірінші ойыншы екінші ойыншыға бірнеше моншақ­ салынған қорапты ұсынады. Екінші ойыншы қораптағы  моншақты санап, оның санын есіне сақтауға тырысады. Содан кейін бірінші ойыншы қораптан бірнеше моншақты алады — бұл белгісіз бөлік, яғни бірінші ойыншының екіншіге жасырған бөлігі. Осыдан кейін екінші ойыншы моншақты қайтадан  санайды да, “Қанша моншақты бірінші ойыншы жасырып қалды?” деген сұраққа жауап беруі тиіс. Оқушылар тапсырманы орындау барысында айырма мен азайғыштың мәні бойынша белгісізді табу тәсілін бекітеді.

Оқушылардың белгісіз азайтқышы бар теңдеу­ шешімінің алгоритмін, өз ойын, есепті шешу жолдарын дұрыс түсіндіргенін бақылап­ отырғаны жөн. Осы жұмыс өз әрекетін терең түсіну мен математикалық тілде сауатты­ сөйлеуді қалыптастырады. Бұл сабақта жаңа тірек сөздер жоқ.

Дәптермен жұмыс:

х әрпін қолданып теңдеу құрастыр. х-тің мәні неге тең? Тап. Оқушылар  жұмыс парағында иллюстрация бойынша белгісіз азайтқыш  теңдеу құруға тиіс.

Дескриптор:

— бүтіннен қалдықты шегереді және азайтудың нәтижесі бойынша азайтқыштың мәнін біледі;

— қалдықты бүтінге дейін толықтырады және толықтырған заттың саны бойынша белгісіз бөліктің мәнін біледі;

— екі топта заттар жұбын құрастырады және сандардың айырмасы бойынша х-тің мәнін табады.

Қорытынды

Тақтадағы суретті ребусты шешу. (Рахмет)

Келген қонақтарға рахмет айтамыз.

Бағалау

Кері байланыс:

«Еркін микрофон» әдісімен сабаққа кері байланыс беру.

Бүгінгі алған білімдерін «Блоб ағашы» әдісі арқылы бағалайды.

Оқушылар сабақ соңында:

белгісіз азайтқышпен берілген теңдеуді шешуді;

а және b сандарының мәнін түсініп, а – х = b түріндегі теңдеуді шешу кезінде өз әрекетін түсіндіруді үйренеді.

Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін анықтау үшін мына сұрақтарды қою:

— бүгінгі теңдеудегі қай компонент белгісіз болды?

— Азайтқыш — бұл бүтін бе, әлде бөлік пе?

— Белгісізді қалай таптық?

— Мәтінге теңдеу құрыңдар: “Жанатта 19 ойыншық болды. Достарына бірнеше ойыншық сыйлады. Сонда онда 9 ойыншық қалды”.

— Теңдеудегі белгісіздің мәнін білу үшін қандай сұрақ қою керек?

— Белгісіз неге тең? (Өздерің ойлаған сұраққа жауап беріңдер.)

— 11 – у = 7 теңдігіне “хикая” ойлап табыңдар.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша  өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізу.

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«Математика "Теңдеу" презентация 2-сынып»

Психологиялық дайындық

Психологиялық дайындық

Миға шабуыл

Миға шабуыл

Сабақтың тақырыбы: Белгісіз азайтқышы бар теңдеу

Сабақтың тақырыбы:

Белгісіз азайтқышы бар теңдеу

Мақсаты: b – x = а, мұндағы b және а — кез келген теріс емес сандар болғанда теңдеудегі белгісіз азайтқышты табу дағдысын қалыптастыру.

Мақсаты:

b – x = а, мұндағы b және а — кез келген теріс емес сандар болғанда теңдеудегі белгісіз азайтқышты табу дағдысын қалыптастыру.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Дәптермен жұмыс

РЕБУС -

РЕБУС

-

Кері байланыс «Еркін микрофон» әдісі

Кері байланыс

«Еркін микрофон» әдісі

Бағалау

Бағалау


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!