«Орал «Мақсат» медициналық колледжі»ЖМ
БЕКІТІЛДІ
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары
______ Трушкова М.И.
ГЛОССАРИЙ (ТЕРМИНДЕР) ЖИНАҒЫ
«Мейірбике ісі негіздері», «Клиникаға кіріспе
пәндерінен __ІІ-III_ курсы оқушылары үшін
0302000 «Мейірбике ісі» 0301000 «Емдеу ісі»
мамандықтарына
ҚАРАЛДЫ ҚҰРАСТЫРДЫ
№4 клиникалық пәндер циклдік Абдрахманова Г.С.
әдістемелік комиссия отырысында
Хаттама № ___ «______» _______
ЦӘК төрайымы: Сайгакова В.М. _______
МАҚҰЛДАНДЫ
Колледж әдіскері: Коцелл С.О. _________
2015 ж.
Денсаулық – жеке тұлғаның қоршаған ортамен бейімделу арқылы жеткен динамикалық үйлесімі.
Мейірбикелік іс – қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты адам денсаулығының потенциалды немесе бойында бар проблемаларын шешуге бағытталған ғылым мен өнер.
Адам – өз-өзін тәртіпке салатын динамикалық биологиялық біртұтас жүйе, физиологиялық, психологиялық-әлеуметтік және рухани қажеттіліктердің қанағаттандырылуымен оның өсіп дамуы, қоршаған ортамен қосылуы анықталады.
Мейірбике – мейірбике іс философиясымен бөлісетін, медбикелік іске құқығы, кәсіби білімі бар маман.
Қоршаған орта – адамның белсенді әрекетіне шалдығатын табиғи, әлеуметтік, психологиялық және рухани факторлар мен көрсеткіштердің қосындысы.
Жеке тұлға – адамның қоғамдық мәні.
Медбикелік немесе мейірбикелік іс - адамның денсаулығына байланысты нақты немесе потенциалды проблемаларына қайтарған жауапты диагностикалау және емдеу. (Мейірбикелердің Американдық Ассоциациясы, 1981).
Медицина - ауруды (ауырған қалыпты) диагностикалау және емдеу.
Ауыру - тірі ағзадағы бұзылыстардың физиологиялық, психологиялық немесе рухани қалпы.
Адамның негізгі қажеттіліктері - өмірлік қызметін қалыпта ұстауға қажетті заттар: тамақ, су, қауіпсіздік және махаббат.
Медициналық диагноз - нақты ауруды немесе патологиялық процесті анықтау.
Күтім қажеттілігі - өзінің күнделікті өмірдегі дамуына байланысты физиологиялық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын жағдайы немесе проблемасы.
Тексеру - мейірбикелік тексеру емделушінің денсаулық мәртебесі көрсеткіштерін растау және жинақтаудың үзіліссіз үрдісі болып табылады. Көрсеткіштер емделушінің психологиялық, әлеуметтік, интеллектуалдық, рухани әрі даму аспектілерін қамтиды. Көрсеткіштердің шығуы емделушіні, оның жан-ұясын, қызмет көрсетуші басқа да медициналық персоналдың мүшелерін, медициналық құжаттар мен әдебиеттерді қамтиды.
Мейірбикелік диагноз - мейірбике орындай алатын, әрі оған рұқсаты бар емделушінің денсаулығы мәселесіне байланысты нағыз немесе потенциалды реакциясын сипаттайтын тұжырымдама.
Емделушіге бағытталған мақсат - емделушінің тәуелсіз қызмет ете алуына және денсаулығының ең жоғары деңгейіне жетуіне қойылған нақтылы мақсат.
Жоспарлау - бұл медбикелік кірісудің мақсатын және күтілетін нәтижесін анықтау, кезегін белгілеу. Жоспарлау (мүмкін болғанда) мейірбикенің емделушімен, онын, жанұясымен бірігіп жүзеге асырылады.
Медбикелік күтімнің жоспары - бұл бикелік ауру тарихында белгіленген және емделушіге арналған диагноздарды» күтімнің мақсатын, жоспарланған кірісулер мен олардан күтілетін нәтижелерін көрсететін бикелік күтімнің бағыты.
Медбикелік кірісу - бикелік күтім жоспарының толық немесе оның кейбір мақсаттарының орындалуына бағытталған және жоспарланған нәтижелерге жету үшін жасалатын мейірбикенің қажетті мінез-құлқы, қимылы.
Бағалау - бағалау - бұл емделушінің мейірбике кірісуіне жауапты реакциясын зерттейтін процесс. Бұл процесс мақсат анықтауды, күтілетін нәтижемен салыстыруды, жоспарлауды бағалау және құжаттаудың нәтижелілігін көрсетеді.
Жөтел - бронхылардан және жоғарғы тыныс алу жолдарынан қақырықты немесе бөгде заттарды шығаруға бағытталған күрделі қорғанысты-рефлекторлы акт.
Қақырық - тыныс алу жолдары кілегей қабатының патологиялық секреті.
Ылғалды жөтел - әр түрлі сапалы және көлемді қақырық бөлінуі.
Қан түкіру - жөтел кезінде қанның немесе қан аралас қақырықтың бөлінуі.
Летельді - өлім-жітім.
Стресс - шамадан тыс тітіркендіргіш әсер еткен кезде дамитын ағзаның жалпы күйзелу жағдайы.
Троб - қанның ағымына кедергі жасайтын, тамырдағы қан түйіршігі.
Оксегенация - қанның оттегімен қанығуы.
Ентігу - тыныс алу жиілігі ырғағының және тереңдігінің бұзылысымен жүретін ауа жетіспеу жағдайы.
Асцит - іш қуысында сұйықтық жиналу.
Кардиология - жүрек-тамыр жүйесін зерттейтін ішкі мүшелер ауруларының тарауы.
Тұншығу - кенеттен дамитын ұстам тәрізді ауа жетіспеу жағдайы.
Демікпе - бронхтар қуысының жіті тарылуынан немесе жүрек ауруының көрінісі ретінде дамитын тұншығу ұстамасы. Жүрек демікпесіне шуылды, ылғалды тыныс алу, көбік сипатты қанды қақырықтың бөлінуіне тән. Бронхы демікпесіне қиындаған тыныс алу және ұзарған дем шығаруға тән.
Қыжыл - төстің артында семсер тәрізді аймақта күйдіру тәрізді сезім.
Құсу - күрделі, рефлекторлы акт құсу орталығының қозуы кезінде асқазандағы заттардың еріксіз жұтқыншақ, тамақ, ауыз, кей кезде мұрын арқылы шығуы.
Жүрек айну - рефлекторлы акт.
Анорексия - тәбеттің жоғалуы.
Іш қату - нәжіс ішекте 48 сағаттан артық кідіруі.
Дисфагия - жұтыну актінің бұзылуы (қиындауы, ауырсынуы, кекіруі).
Іш өту - жиі түзге отырудағы сұйық нәжіс (диарея).
Дәреті ұстамау - дұрыс құрылмаған нәжістің ағып кетуі.
Метеоризм - ішекте газдың пайда болуының жоғарылауы және ішектің қозғалу қызметінің бұзылуы.
Асқазан - ішектен қан кету - ас қорыту трактінің тесігіне (қуысына) қан тамыр шеңберінен қанның шығуы.
Іш теспесі - белгісіз генезді іштегі интенсивті ауырсынулар.
Мелена - қара май тәрізді сұйық дәрет.
Урология – бүйрек, зәр шығару жүйесінің ауруларын зерттейтін ғылым.
Нефрон – бүйректің құрылымдық бірлігі.
Уретра – несеп шығарғыш канал.
Дизурия – несеп шығару бұзылысы.
Экскреция – бөліну.
Урография – рентген сәулесінің көмегімен бүйрек, несеп шығару жолдарын зерттеу.
Уремия – өзіндік өнімдермен улану.
Гидрофильді сынақ – жасырын ісікті айқындайтын тергіштік сынақ.
Анурия – зәрдің болмауы.
Олигоурия – зәрдің азаюы.
Полиурия – зәрдің көбеюі.
Глоссарий (лат. Glossarium) - глосс жиналысы - басқа тілге аудару не түсініксіз сөздер мен сөйлемшені түсіндіру (энциклопедиялық үлкен сөздік).
Принцип - 1. Қандай да болмасын қызметте нұсқаулық, жетекшілік, ғылым, білім жағдайлары негізін қүрайды. 2. Дүние пікіріне көзқарас.
Категория - 1. Құбылыстардың болмыс қатынасы мен заттық ерекшеліктері жайында жалпы түсінік. 2. Кейбір біріккен құбылыстар, заттар және адам топтарының белгілері.
Деонтология (грек. dejn,geontos керек, тиісті logos оқу) -қажетті тәртіп туралы ілім.
Медициналық деонтология - этикалық норма мен медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін орындау тәртібі принциптерінің жиынтығы.
Этика (грек. еtһіка - мінез, әдет-ғүрып, дәстүр) - философиялық тәртіп, әдеп-ғұрып пен әдеттік сұрақтарды зерттеу.
Медициналық тәртіп – тәртіп бөлімі, моральдық сұрақты зерттеу, моральдық әдет-ғүрып, медициналық көзқарас зерттеу объектісі.
Аспект (лат. аspectus түр) - көзқарас, қайшылық пен болмыс, түсініс.
Психология- 1. Психикалық әрекеттің заңдылығы мен процесін оқытатын ғылым; 2. Қандай да болмасын іс-әрекеттің, психикалық процестің жиынтығы; 3. Адам психикасы, жан дүниесі.
Қарым-қатынас - көпшілік күрделі процестің және адам арасындағы қатынастың дамуы, басқа адамды түсіну мен ұғыну.
Компетенция - 1. Сұрақтар шеңбері және оларға дұрыс жауап қайтару; 2. Біреудің өкілеттілік шеңбері, қүқығы.
Амбулатория (лат. аmbulatorius - козғалмалы, жүріп-тұратын) - дәрігерлік қызмет орны мен дәріханадан тыс медициналық көмек көрсетуге арналған емдеу - алдын алу мекемесі.
Стационар (лат. Stationarum - тұрақты қозғалыс) - емдеу-алдын алу мекемелердің құрылымдық бөлігі (ауруханалар, мед-санбөлімдер, диспансерлер), медицина қызметкерлерінің ауруларға күні-түні ем беріп, байқап тұруға арналған дәрігерлік тексеріс мекемесі.
Емхана/поликлиника - (грек. роlls қала + кlinіка дәрігерлік өнер) - науқастарға үйінде көмек көрсетуге арналған көп бағытты және мамандандырылған ЕАМ.
Рутинер - кертартпа, ескішілдікке негізделген.
Канцер (лат. саnсег) - қатерлі ісік, оба.
Депрессия (лат. depressum - басым болу, қысым көрсету, ала-сарту) - қамыққан көңіл-күйі мен ерекше қысым көрсету, белсендігі төмендеу, әр түрлі соматикалық бұзу мен зиян келтіру қалпы (арын жоғалту, жүдеу, жүрек жолдары ырғағының өзгеруі).
Агрессия (лат. agressio - ұстау, шабуыл) - дұшандық, жауынгерлік, қауіпті мінез-құлық.
Психикалық ерекшелігі - елестеу, сезу, зейін, жады, ой-өріс, интеллект, эмоциялық еркі, мінез және темперамент ерекшеліктері.
Жеңілдеу күндері - сандық және сапалық тағам құрамын шектеп қабылдау.
Тепе-тең тамақтану - сандық, сапалық құрамды тамақ құрамын теңестіру.
Тағамның құрамында - тағамның энергетикалық құндылығын бағалау.
Килоджоуль - энергетикалық бағалау бірлігі.
Энтералдық енгізу жолы- дәрілерді асқорыту жолы арқылы енгізу.
Ректалды енгізу жолы - дәрілерді тік ішек арқылы енгізу.
Пероралды енгізу жолы - дәрілерді ауыз арқылы енгізу.
Сублингвалды енгізу жолы - дәрілерді тіл астына салу.
Ингаляциялық енгізу жолы – дәріні тыныс алу жолдары арқылы енгізу.
Парентералды енгізу жолы - дәрілерді ас қорыту трактысына соңпай енгізу жолы.
Парентералдық енгізу жолы немесе егулер - ас сіңіретін трактқа соқпай дәрілік заттарды енгізу жолы.
Шприц бөлігінің бағасы - шприцтің цилиндрдегі бір-біріне ең жақын бөліктерінің арасындағы ерітіндінің мөлшері (мл немесе Ед).
Крафт-пакет - арнайы ерітінді сіңдірілген, отқа жанбайтын қағаздан жасалынған шприцтер мен инелерді залалсыздандырудың алдында орауға қолданылатын пакет.
Аллергия – дәрілерге, кейбір тағамдарға, иістерге және т.б. сезімталдығы жоғары болуы.
Аллергиялық реакция - кейбір тағамдарға, дәрілерге, иістерге ағзаның патологиялық реакциясы. Крапивница, ісінулер, тұншығу, анафилактикалық шок болып табылады.
Инфильтрат - ұлпалардың қатаюы.
Анафилактикалық шок - дәрі енгізуіне ағзаның жедел аллергиялық реакциясы, артериялық қысым жедел төмендеп, аллергиялық реакцияның жергілікті белгілері болады.
Гипогликемия - қанда қанттың аз болуы
Липодистрофия - тері астына егулерді жиі жасағандықтан, тері астындағы шел қабығының дистрофиялы өзгеруі.
Қан тамырларының жиырылуы - тартылуы.
Некроз - ұлпалардың өлуі.
Инфильтрат - ұлпаның қабыну жағдайында тығыздалуы.
Невралгия - жүйке бағаналарының зақымдалуы.
Метаболизм - зат алмасу.
Гирудин - сүлік бөлетін зат.
Гирудотерапия - медициналың сүліктермен емдеу.
Бальнеотерапия - сумен емдеу.
Атеросклероз - артерияларда бляшкалардың түзілуі.
Жаңа өсімдер - ісіктер.
Тонизирующий - тонус әсерін жоғарылату.
Бронхит - бронхтың қабынуы.
Пневмония - өкпенің қабынуы.
Плеврит - плевраның қабынуы.
Стенокардия - жүрек аймағындағы қыспалы ауырсынулар.
Вакуум - ауасыз кеңістік.
Абцесс - шектелген үлпалардың іріңдед пгіруі.
Криз - АҚ күрт жоғарылауы.
Коллапс - АҚ, түсуі жіп тәрізді пульс.
Герметичность — бүтіндігі.
Егуден кейінгі асқынулар - егу дұрыс жасалмаған егуден кейінгі ұлпалардың ауруы.
Шаншу - жіті, ұстама тәрізді шаншу.
Бел құяңы - бел тұсындағы түбіршіктердің қабынуы.
Аппендицит - соқырішек өскіндісінің қабынуы.
Инфекцияланған жара - жараға инфекцияның түсуі.
Миокард инфарктісі - жүрек бұлшық етінің өліеттенуі.
Тромбофлебит - көк тамырдың қабынуы және тромбпен бекітілуі.
Анемия - қандағы гемоглобиннің төмендеуі.
Антикоагулянттар - қанның ұюына кедергі жасайтын препараттар.
Тромбоз - тамырлардың:бекітілуі.
Қан – плазма мен формалы элементтерден тұратын ағзаның сұйық ішкі ортасы.
Зәр – ағзаның өмір қызметінің заты, бүйректерде пайда болады.
Қақырық – бронх өкпе жүйесінің патологиялық секреті, жөтелгенде және қақырғанда шығады.
Нәжіс – қорытылмаған ас қалдықтарынан, ас қорыту сөлінен және саны көп бактериялардан құралған дефекация бөлінетін масса.
Жұтқыншақ және мұрыннан жағын – зерттеуге алынған мұрын көмейінен бөлінеді.
Дренажды жағдай – дене жағдайы, қақырық бұл кезде жақсы бөлінеді.
Атипиялық жасушалар – қатерлі ісік жасушалары.
Бронхография – бронх ағашын контрастылық зат жібергеннен кейін рентген арқылы тексеру.
Урография аумақты – зәр шығаратын жүйені контрастылық затсыз, рентген арқылы тексеру.
Урография – қан тамырына контрасты затты жіберу арқылы бүйрек және несеп жодарын рентгенмен тексеру.
Холецистография – қан тамырға контрастылық затты асқазан арқлы жіберіп, өт жолдарын және өт қабын рентген арқылы тексеру.
Ирригоскопия, ирригография – тоқ ішекке контрастылық затты жібергеннен кейін рентген арқылы тексеру.
Бронхоскопия – бронх ағымын эндоскопия арқылы тексеру.
Фибригастродуоденоскопия (ФГДС) - өңешті, асқазанды және ұлтабар буылтығын эндоскопия арқылы тексеру.
Колоноскопия – тоқ ішекті эндоскопия арқылы тексеру.
Ректорамоноскопия – сигма тәрізді ішекті, тік ішекті эндоскопия арқылы тексеру.
Цистоскопия – қуықты эндоскопия арқылы тексеру.
Пункция – емдеу немесе диагностикалық мақсатпен қуысты немесе мүше қабырғасын қуыс инемен немесе троакармен тесу.
Плевралдық пункция (плевроцентез) – плевралдық қуысты тесу.
Пиопневмоторакс – плевралдық қуысына ірің мен ауа жиналуы.
Гемоторакс – плевралдық қуыста қан жиналуы.
Пноторакс – плевралдық қуыста ірің жиналуы.
Абдоминалдық пункция (лапароцентез) – іш перде қуысын тесу.
Асцит – іш перде қуысында сұйықтықтың жиналуы. Стерналдық пункция. Төс-сүйек пункциясы.
Люмбалдық пункция (жұлын) – бел омыртқалар тұсынан жұлынның торлы қабық астындағы кеңістікке жету үшін жасалатын пункция.
Транссудат – қан тамырдан шыққан сұйықтық.
Антропометрия – бойды, салмақты, кеуде торы аумағы.
Динамометрия – бұлшық ет күшін өлшеу.
Кахексия – тым жүдеу.
Ступор – мелшиіп қалуы
Сопор – рефлекстердің сақталуымен көрінетін ессіз жағдай.
Мацерация – ұлпалардың зақымдалуы.
Температураның күрт төмендеуі – кризиз. Дене қызуының бірден төмендеуі.
Температураның лизистик төмендеуі – лизис. Температураның біртіндеп төмендеуі.
Метеоризм – іштің кебуі.
Пульмонология – тыныс алу мүшелерінің барлық ауруларын біріктіретін терапия бөлімі.
Оттегі жастығы – бұрандамасы бар резеңке түтік пен мүштікпен жабдықталған резеңке қапшығы.
Қалталық ингалятор – кеңірдікке аэрозолт түптерінде жасаған дәрілерді ингаляция әдісімен енгізу мүмкіншілік беретінаппараты.
Оттегі баллоны – бұл оттегі ауа қоспасымен толтырылған баллон.
Атониялық іш қату – ішектің қозғалыш қызметінің төмендеуі нәтижесінде дамиды.
Спастиккалық іш қату – ішек бұлшық еттері тонусының күшейуі нәтижесінде дамиды.
Резорбциялық әсер – сорылу, сіңіру қабілеті.
Метеоризм – ішекте газдың пайда болуы.
Мацерация – терінің сыртқы эпитерлий қабатының тітіркенуі және баздануы.
Тәулік диурезі – тәулік ішінде бөлінген зәр мөлшері.
Ақтық жағдай - өлім мен өмір арасындағы жағдай, ағзаның өлім халіндегі күйі.
Клиникалық өлім – бұл жүрекке соғуы мен тыныс алу тоқтаттқаннан кейін 3-6 миут уақытындағы ағзаның күйі. Бұл қысым уақытқа қайта халі жасаратын өлім мен өмір арасындағы қалып.
Биологиялық өлім- жасушыларда, ұлпалар физилогиялық процестердің тоқтауы.
Апноэ – тыныс алудың тоқтауы.
Регургитация – асқазан сөлдерін тыныс алу жолдарына пасивті құйылуы.
Реанимация – жансыз қалған ағзаға қызметтің қайта қалпына келтіруге бағытталған шаралар жиынтығы.
Жүрек дефибрилляциясы – кеуде жасушасы арқылы жүрекке қысқа мерзімді жоғары электр қуа тымен әсер ету. Өмірге қауіпті жүрек талшықтарын жеке –жеке жиырылуын жою үшін қолданылады.
Ауруханаға салу – тұрғындардың денсаулығына жүйелі түрде бақылау әдісі.
Статитикалық талон – емхана жұмысы туралы статистикалық мәліметтер құжаты.
Стацоинардан шыққан науқастың статистикалық картасы – стационардың жұмысы туралы статистикалық мәліметтер құжаты.
Шұғыл хабар картасы – педикулез немесе жұқпалы аурумен науқас табылғаны туралы мәліметтер құжаты.