СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі" Тақырыбы: Мысықтың ізі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Мысықтың ізі

Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі" Тақырыбы: Мысықтың ізі»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 05.12.19

Тәрбиеші: Жәкіш Г.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: Қош келдің қыс

Тақырыбы: Мысықтың ізі

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік:Адамгершілікке шыдамдылыққа  тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Шығармашылық қабілетін , түстерді таңдай білуге, көркемдік талғамын дамыту.

3.Оқыту: Саусақмоторикасын жетілдіру. Сенсорлық технологиясын пайдаланып, саусақпен сурет салуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технолгиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: мысықтың суреттері, слайд

Билингвалдық компонент:мысық-кошка-cat, із-след-track

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

-Балалар, біз көптеген ертегілер білеміз. Кәнекей атап шығайықшы.

«Мақта қызбен мысық» қазақ ертегісі бар, барығымыз оны білеміз.

-Ол ертегі кім туралы?

Осы кезде есік тоқылдап, ішке мұңайып Мақта қыз кіреді.

-Міне, ғажап, Мақтақыздың өзі бізге қонаққа келді.

-Сәлеметсің бе, Мақтақыз қош келдің, төрлет!

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу.

-Сен неге мұңайып жүрсің?

-Мен мысығымды жоғалтып жүрмін. Оны табуға көмектесесіңдер ме?

-Менің мысығым осындай-деп теледидардан слайд көрсетеді.

-Ендеше барлығымыз теледидарға назар аударайық.

2.Жұмбақ жасыру:

Мұрны пұшық,

Көзі қысық,

Өзі пысық,

Бұл кім?

-Мысық барлығымыздың үйімізде бар.

-Мысықтың түрі қандай?

-Жүні жұмсақ , кәнекей барлығымыз ұстап көрейікші.

-Неше құлағы бар?

-Неше аяғы бар, санайықшы?

-Ал бізде неше аяқ бар?

-Көзі қандай?

3. Дидактикалық ойын. «Теңестір»

Шарты: Сурет арқылы мысықтың, иттің қоректерін бөліп табу керек.

4.Саусақ жаттығуы

Мынау тұрған аққала,

Айнымаған ақ бала.

Мұрны сәбіз сорайған

Көзі көмір қап- қара.

Екі қолыңның саусақтарын жазып, аққаланы ауада бейнеле. Екі саусағыңмен сәбізден жасалған мұрын көрсет.

-Балалар, біз мысықтың ізін салып, мақтақызға көмектесейік.

5.Үлгі көрсету

-Ал біз мысықтың ізін білеміз бе?

Олай болса кішкентай мысықтың көрейікші. Кәне мысықты жүргізіп көрейік.

Мысықтың ізін қағаз бетіне қарындашпен емес, бояумен саусақпен саламыз. Қолдарын жаттықтыру. Ауада көрсету.

-Кәнекей барлығымыз саусақтарымызды көрсетейік, осы саусақтады бірінші суға, содан соң бояуға салып, мысықтың ізін қағаз бетіне түсірейік.

6. Жұмыс барысы.

Ал, енді осы біріктірген саусақтарды бірінші суға, содан кейін бояуға малып, қағаз бетіне түсіреміз. Бір қолмен парақ бетін ұстау керек.

-Мысықтың ізі әдемі болсын, тап-таза етіп салыңдар.

-Балаларды жеке-жеке шақырып, жұмыстарын тексеру. Қиналған балаға көмектесу.

-Ал барлығымыз жұмыстарымызды аяқтаған болсақ қолымызды дымқыл сүлгімен сүртеміз.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Балалардың жұмыстарынан жеке үстелге жол жасап Мақта қызбен бірге жүріп, мадақтайды.

-Мына із менің мысығымның ізіне ұқсайды ғой.

-Ой ,балалар , міне ғой менің мысығым.

Ал, енді біздің кететін уақытымыз болды. Сау болыңдар!

-Балалар Мақтақызбен қоштасады.

-Балалар , біз Мақтақызға қалай көмектесті

-Ненің ізін салдық? Осы іздерден көрме ұйымдастырайық.