СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен анамның көмекшісімін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Мен анамның көмекшісімін»


Ұйымдастырылған оқу қызметінің

13 технологиялық картасы


Өткізген: Жусамбаева Қ.М.

Өткізу мерзімі: 26.11.2018ж.

Жас ерекшелігі: ересектер тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Мүсіндеу»

Тақырыбы: Сәндік мүсіндеу «Табақ»

Мақсаты: Жалпақтату,созу тәсілдерін қолданып ермексаздан мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

БМ: Құсты құрастыру тәсілімен,дене бөліктердің орналасуын сақтап, мүсіндеуді үйрету; есу, жалпақтау, созу, тегістеу дағдыларын бекіту.

ДМ: Ұсақ моториканы, зейіндерін, үйлестік сезімдерін дамыту.

ТМ: Шыдамдылыққа, дербестікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Жабдықтар: торсықтың түрлері бар суреттер, мүсіндеу үлгісі, ермексаз,тақтайша,майлықтар. 

Сөздік жұмыс: Табақ.

Қостілділік компонент: ыдыс-посуда


Қызметтің кезеңдері

Педагогтың іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері: 
Шеңбер болып тұрайық, 
Алақанды ашайық. 
Күннің нұрын алайық, 
Таза ауаны жұтайық. 
Жүрекке жылу сыйлайық, 
Мейірімділік шоғын алайық. 
Жиналған жылы шуақты, 
Бір-бірімізге шашайық.

Балалар шаттық шеңберге тұрып сөздерді, қимылдарды қайталайды.



Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Қонаққа Тазша баланың келгенін айтады. 
Жұмбақ жасырады: 
Бие сүті құюлы, 
Тері қабым сыйымды. 
Оқтауым тұр пісетін, 
Көмейіне сығулы. (торсық) 
Әңгімелесу: 
Тазша бала: (суреттер көрсетеді) Ертеде адамдар топырақты, құмды пайдаланып кесе құмыра жасаған. Содан кейін ағашта өңдеп, өрнектеп тостаған, торсық, ағаш қасық, жасаған. Осы ыдыстарды күнделікті тұрмыста қолданған. 
Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойыны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Торсықты алыс жолға шыққанда, күн ыстық кезде сусын құйып алып, ыңғайлы ыдыс ретінде алып жүрген. 
Сөздік жұмыс:Торсық - сусын құюға арналған тері ыдыстың бір түрі. Бұл қымыз, айран сияқты сусын құюға, алып жүруге ыңғайлы ыдыс. Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Торсықтың түрлері: шимайторсық, өркешторсық, жанторсық, мүйізторсық. 

Біз бүгін торсықты мүсіндейміз, және сәндейміз. Жасау жолдарын көрсету.

Торсық асты үлкен кесеге ұқсайды бірақ шеттерін созып шығарамыз.

Бүйірін дөңгелектейміз. Ал ермексазды алып жайамыз жіңішке мойын, ұзындау ғып созамыз. Оны ою өрнек арқылы әшекейлейміз. Ермексазды аламыз. Домалатамыз шыққан иректен ою жасап шығарамыз.
Саусақ жаттығуы.

Бас бармағым қой бақсын

Балан үйрек ой бақсын

Ортан терек үй салсын

Шылдыр шүмек күй шалсын

Шынашағым ойнасын

Ойынға бір тоймасын

Балалардың өздеріне торсықты жасап әшекелеу мүсіндеуін ұсынады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар қонақпен амандасады.





-(торсық)


Балалар суреттерге мұқият қарайды.








Торсық туралы мәліметтерді тыңдап отырады.











Балалар жасау тәсілін мұқият қарап отырады.










Саусақ жаттығуын орындайды.







Балалар өздері орындайды.


Рефлексивті – түзетушілік


- Торсыққа қандай сусындар құямыз?

Ырым-тыйым сөздер айту:
- Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды. 
- Тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды. 

Шұбат, қымыз, айран сұйық заттардың барлығы құйылады.


Балалар тыйым сөздерді жаттайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: торсық ыдыс екенің біледі.

Игереді: ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын.

Меңгереді: ермексаздан әдемі торсық жасауды.


Меңгереді:


Тексерді:


Ескерту:

Педагогикалық қолдануына мұқтаж болған балалар:


 






Ұйымдастырылған оқу қызметінің

28 технологиялық картасы


Өткізген: Карибаева К.С.

Өткізу мерзімі: 26.03.2017жыл

Жас ерекшелігі: ересектер тобы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Заттық мүсіндеу. «Қазақ биі» ұжымдық жұмыс.

Мақсаты: қол буындары мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып мүсіндеуге үйрету.

Міндеттері:

БМ: Балаларды бөліктердің салыстырмалық шамаларын сақтауға үйрету.

ДМ: Заттардың қарапайым үйлесімін жеткізе білуге, бейненің қосымша бөлшектерін, оны сәнді бөлшектермен толықтыру іскерліктерін қалыптастыру.

ТМ: Ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар: ермексаз, мүсіндеудің үлгісі, майлықтар,

Сөздік жұмыс: қазақ биі.

Қостілділік компонент:би-танец.


Қызметтің кезеңдері

Педагогтың іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

-Балалар біз адамның мүсінің жасай аламыз.

Бүгін біз қазақ биі билеп жүрген адамды мүсіндейміз.


Қызығушылық танытады.




Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Қостілділік компонент: би-танец.

Сөздік жұмыс: қазақ биі туралы балаларға мағұмат беру.


-Бір қыздың бейнесін мүсіндейміз ол қыз қазақ биін билеп тұр.

- қандай дене мүшелерінен қыздың денесі құралған.

-Басын, денесің, қолын қалай мүсіндейміз?

Қыздың денесінің мүсіндеуін көрсетеді:

Дененің негізінде конус пішіні, оны біз ермексазды қолдарымыз бен тура қылып домалатып, бір жағына қатты басамыз. Саусақ арқылы белін, мойының жасап шығарамыз. Ал қызғылт ермексазбен басын мүсіндейміз, шар сияқты. Денесін және басын жасап шығару, бір-біріне қосу.

Ермексазды домалатып таяқшалар арқылы қоларын жасау. Оның қолын қазақ биін билеп тұрған сияқты бір қолын жоғары майыстырып, екіншісін кеудесіне тақау орналастыру. Барлық дене мүшелерін біріктіріп, көз, ауыз жасау.

Бас киімі-конус арқылы жасалған. Біз оны ермексазды қолдарымыз бен тура қылып домалатып, бір жағына қатты басамыз. Ақ ермексаздан шетін және үкісін жасау.

Сергіту сәті.

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмай жіпті де

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ


Қала салсақ, жол салсақ

Балалардың өздеріне қазақ биін билеген қызды мүсіндеуге ұсынады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар үш тілде қайталайды


Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.





Сұрақтарға жауап береді.




Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.








Тәрбиешінің іс-қимылдарын бақылап отырады.













Сергіту сәтін қимылмен орындайды.










Балалар өздері орындайды.


Рефлексивті – түзетушілік


-Жарайсындар, жақсы жұмыс жасадыңдар, оларды көрмеге қоямыз. Балалар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

Өз жұмыстарын орындарына қояды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар бөліктердің салыстырмалық шамаларын сақтай;

Игереді: ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын;

Меңгереді: Заттардың қарапайым үйлесімін жеткізе білуін.


Тексерді:


Ескерту:

Педагогикалық қолдануына мұқтаж болған балалар:
















Білім беру саласы: Шығармашылық.  

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Мысық жіп орамымен ойнайды.

Мақсаты:1. Білімділік: Саусақ арқылы жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: ермексаздың түсін ажырата білу, саусақ бұлшық еттерінің қимыл қозғалысын дамыту.

3.Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлгі сурет, ойыншықтар, жіп, мысық болып киінген адам.

Қажетті құрал-жабдықтар: ермексаз, тақтайша, су, сүлгі.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.  

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

 

 

 

Шаттық  шеңбері:

Сәлем берем үлкенге.

Көшелерден біз өткен,

Ата көрсем,

Жақын кеп.

Сәлем берем ізетпен:

«Ассалаумағалейкум!» - деп.

Алдан әже жолықса,

Бөгелемін әдейлеп:

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе әжей», - деп.

Кім кезіксе көшеде,

Аға, тәте, көкеге,

Сәлеметсіз бе!« - деймін.                                                  (Ө. Ақыпбеков)

 

 

 

 

Балалар амандасудың ретін педагогпен бірге қайталап айтады.

 

Ұйымдастыру- іздестіру

 

 

 

 

 

-Балалар, бүгін аптаның қай күні?

Тосын сәт: есік қағылады, ішке мысық (ойыншық) қолында тоқыма жібі бар болып кіреді.

-Бізге қонаққа кім келді?

мысық балаларменамандасып, қастарына отырады.

тақтамен жұмыс: тақтада мысықтың жіп орамымен ойнап жүрген суреті ілініп тұр.

-Мына суретте не көріп тұрсыңдар?

-Мсық немен ойнап тұр?

-Бізге қонаққа келген мысықтың да домалақ жібі бар.

-Жібінің түсі қандай екекн?

-Мысықтың түрі қандай?

-Балалар, бізге қонаққа келген мысыққа ермексазбен неше түрлі домалақ жіп жасап берейік..

Педагог мысықтың жасалу жолдарына балалардың назарын аударып түсіндіреді.

-Ермексазды жұмсартып, сопақтап, мысықтың денесін жасаймыз. Кішкене домалақ пішіннен басын жасап, денесіне орналастырамыз.

Төрт кішкене бөліктерді сопақшалап аяқтарын жасаймыз. Бір кішкене бөлігін есіп, құйрығын орналастырамыз. Енді құлақтарын шымшу арқылы келтіреміз, басқа түсті ермексазбен көзін, мұртын, аузын жасаймыз.

Сергіту сәті.

Бес саусақ

Бас бармағым – атам,

Балаң үйрек – әжем,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – шешем,

Титтей бөбек – мен                                             (Е.Өтетілеуұлы).

  -Дайын болған мысыққа жіп орамын жасаймыз. Жіп орамын арқан сияқты есіп, ораймыз. Мысықтың екі аяғына орналастырамыз.  

-Дүйсенбі.

 

-Мысық.

 

 

 

 

-Мысықты.

-Домалақ жіппен.

 

-Қызыл.

-Тарғыл.

 

 

 

 

Балалар орындарына отырып мүсіндеуге кіріседі.

 

Балалар үлгі суретке қарай отырып, педагогтің нұсқауымен мысықтың дене мүшелерін жасауға кіріседі.

 

Қимыл-қозғалыстар көрсетеді.

Өздеріне ұнаған түстен жіп орамдарын жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

 

Келген қонақ пен педагог балалардың жасаған жұмыстарын мадақтап, көрмеге қояды.

Ойын: «Мысық пен тышқан».

Педагог ойынның көмегімен сабақты қорытады.

Балалар жұмыстарын аяқтап, келген қонаққа көрсетеді.

Мысықпен бірге ойын ойнайды.

Күтілетін нәтижесі:  

Біледі: жануарлардың дене бөліктері мен геометриялық фигуралардың ұқсастығын;

Игереді: мысықтың дене мүшелері және жіп орамын жасауды;

Меңгереді: ермексазбен жұмыс істей білу тәсілдерін.






Ұйымдастырылған оқу қызметінің

25 технологиялық картасы


Өткізген: Карибаева К.С.

Өткізу мерзімі: 06.03.2017жыл

Жас ерекшелігі: ересектер тобы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Заттық мүсіндеу. «Әдемі көйлек киген Айсұлу қуыршағы»

Мақсаты: әдемі көйлек киген қуыршақты мүсіндеуге үйрету.

Міндеттері:

БМ: балаларды өздері ермексаздан қуыршақты жасауға үйрету, әр бір бөлшектерді мүсіндеп бір-біріне қосу дағдыларын қалыптастыру.

ДМ: Ұсақ саусақ моторикасын дамыту.

ТМ: Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар: ермексаз, мүсіндеудің үлгісі, майлықтар,

Сөздік жұмыс: әдемі көйлек киген қуыршақ Айсұлу, саукеле.

Қостілділік компонент:қуыршақ – кукла-doll


Қызметтің кезеңдері

Педагогтың іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

-Бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айсұлу келді.

-Айсұлу қалай киініп алған.

-Айсұлудың бас киімі қалай аталады?

-Айсұлу бізден көмек сұрауға келді. Ол жалғыз болып мұнайып жүр екен. Біз оған қалай көмектесе аламыз?

-Дұрыс айтасыңдар, біз оған әдемі көйлек киген қуыршақтарды мүсіндеп берейік.

Қызығушылық танытады.

Қуыршақпен амандасады.

Қуыршақты сипаттап.

Сұрақтарға жауап береді.



Достары қуыршақ жасайық.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Қостілділік компонент: қуыршақ – кукла-doll.

Сөздік жұмыс: сәукеле.

-ұлттық қазақ көйлегі немен әшекейленген?

-қуыршақтың басында не?

-қандай дене мүшелерінен қуыршақтың денесі құралған.

-Басын, денесің, қолын қалай мүсіндейміз?

Сәнді көйлек киген қуыршақты мүсіндеуін көрсетеді:

Дененің негізінде конус пішіні, оны біз ермексазды қолдарымыз бен тура қылып домалатып, бір жағына қатты басамыз. Саусақ арқылы белін, мойының жасап шығарамыз. Ал қызғылт ермексазбен басын мүсіндейміз, шар сияқты. Денесін және басын жасап шығару, бір-біріне қосу.

Ермексазды домалатып таяқшалар арқылы қоларын жасау. Барлық дене мүшелерін біріктіріп, көз, ауыз жасау.

Бас киімі-конус арқылы жасалған. Біз оны ермексазды қолдарымыз бен тура қылып домалатып, бір жағына қатты басамыз. Ақ ермексаздан шетін және үкісін жасау. Көйлегін ұлттық қазақ оюмен әшекейлеуге болады. Қуыршақты тақтайшаға коямыз.

Саусақ жаттығуы.

Бас бармағым қой бақсын

Балан үйрек ой бақсын

Ортан терек үй салсын

Шылдыр шүмек күй шалсын

Шынашағым ойнасын

Ойынға бір тоймасын

Балалардың өздеріне сәндік киім киген қуыршақты мүсіндеуін ұсынады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар үш тілде қайталайды



Сұрақтарға жауап береді.







Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.








Тәрбиешінің іс-қимылдарын бақылап отырады.













Саусақ жаттығуын орындайды.







Балалар өздері орындайды.


Рефлексивті – түзетушілік


-Жарайсындар, жақсы жұмыс жасадыңдар, оларды көрмеге қоямыз. Қуыршақ Айсұлу құрбыларын тауып мәз болады, балалардың көмегіне рахмет айтады. Қоштасады. Кетеді.

Өз жұмыстарын орындарына қояды.

Қуыршақ Айсұлумен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: сәукеленің бас киім екенің.

Игереді: ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын.

Меңгереді: ермексаздан әдемі көйлек киген қуыршақты жасауды.


Тексерді:


Ескерту:

Педагогикалық қолдануына мұқтаж болған балалар:

















Ұйымдастырылған оқу қызметінің

23 технологиялық картасы


Өткізген: Жусамбаева Қ.М.

Өткізу мерзімі: 17.02.2020ж

Жас ерекшелігі: №12 ересек топ

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Мүсіндеу»

Тақырыбы: Сәндік мүсіндеу. «Қуыршақ» (дымков ойыншығының сарыны бойынша)

Мақсаты: Халықтық ойыншықтар сарыны бойынша бейнелерді жасау іскерліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

БМ: Балаларды ермексаздан дымков қуыршағын мүсіндеуді үйрету, бұйымды ұсақ, сәндік бөлшектермен безендіру іскерліктерін бекіту.

ДМ: Зейіндерін, қиялдарын, ұсақ моториканы дамыту.

ТМ: Халық өнеріне деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Жабдықтар: дымков қуыршақтарының суреті, майлықтар, үлгі жұмыс, ермексаз.

Сөздік жұмыс: дымков ойыншығы

Көптілділік компонент: белдемше –юбка- skirt


Қызметтің кезеңдері

Педагогтың іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларды ұйымдастырған оқу қызметінің тақырыбымен таныстыру.

Балалар қызығушылық танытады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Сөздік жұмыс: Дымков ойыншықтары Киров каласында жасалған. Олар ең бірінші мүсіндеп жасап шығарады, отқа күйдіреді, одан кейін оны әдемілеп бояулармен бояйды.

Біз бүгін мына әдемі қуыршақты сәндеп мүсіндеу керекпіз.

Тәрбиеші балаларға қуыршақты мүсіндеуі конустан басталады деп түсіндіреді.

Ал басы, мойыны, денесінің ортаңғы бөлігі үстінгі жағынынан жасалады, ал белдемшесі астынғы жағынан жасалады. Үзын таяқшалардан қолын жасап шығарамыз. Қалған кішкентай заттарды дайын ермексаздан шығара салу.

Мүсіндеудің қолданатын маңызды тәсілі:

1.Белдемше (конус), домалақ жасап одан жалпақ диск жасап, одан оны ортасынан мүсіндеу таяқшамен кесіп (белдемше, бас жасау).

2. Денесін және басын жасап шығару, бір-біріне қосу.

3.Ермексаздан таяқшалар арқылы қолдарын жасау. Балалар қуыршақтарын әр түрлі қылып жасауға болады, қалпақ, белдемшені бүрмелеу.

Сергіту сәті:

Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Алақанды ұрайық.

Оң жақтағы балаға,

сол жақтағы балаға,

Шапалақта, шапалақ.

Балалар өз қалауынша белдемшені және кеудесіндезгі жейдесін сәндейді.

Сөздік жұмыс: дымков ойыншығы

Көптілділік компонент: белдемше –юбка- skirt




Балалар дымков ойыншықтары туралы әңгімені мұқият тыңдайды.






Балалар қарап, түсініп отырады.







Мүсіндеу тәсілдерін мұқият қарап орындауға кіріседі.


Балалар тәрбиеші айтқан кезден бастап орындап отырады.










Сәйкес қимылдар жасап орындайды.





Қалпағын, белдемшені мүсіндеп жасап,сәндейді.



Жаңа сөздермен танысады.

Бірнеше рет қайталайды.

Рефлексивті – түзетушілік


Ең сонында балаларға өздері жасаған қуыршақтарын көрмеге қояуды ұсынады. Ең жақсы жұмыстар аталып көрсетіледі.

Балалар өз жұмыстарын көрмеге қояды.


Күтілетін нәтиже:


Біледі: дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып мүсіндеуді;

Игереді: жасау тәсілдерін ;                                                                                  

Меңгереді: дымков қуыршағының бейнесін ермексазбен жасауды.



Тексерді:

Ескерту:


Педагогикалық қолдануына мұқтаж болған балалар:




























Ұйымдастырылған оқу қызметінің

21 технологиялық картасы


Өткізген: Карибаева К.С.

Өткізу мерзімі: 06.02.2017.

Топтың жас ерекшелігі: ересектер тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Сюжеттік мүсіндеу. «Қарлығаш құстарға жем береді».

Мақсаты: ермексаздан қыздың, құстың бейнесін жасауға үйрету.

Міндеттері:

БМ: Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін сақтай отырып мүсіндеу.

ДМ: - Мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

ТМ: бастаған істерін аяғына дейін жеткізуге, төзімділікке тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар: қыз баланың және құстың суреттері, майлықтар, үлгі жұмыс, ермексаз.

Сөздік жұмыс: бейне, жем.

Қостілділік компонент: құс-птица-birds.


Қызметтің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық



Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге тұрғызады

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз ынталы боламыз,

Істен қызық табамыз.

Балалар

Шаттық шеңберге тұрып сөздерді қайталайды.


Ұйымдастырушы-

лық – ізденістік



Тәрбиеші балалардың зейінін өзіне аударып, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне Қыз бала оның аты Қарлығаш ол бүгін құсқа жем бергенің біз ермексазбен

жасайтынын ескертеді.


-Мына суретке назар аударайықшы.

-Мынау кім?

-Ол не істеп отыр?

-Оның қолындағы не?



Сергіту сәті.

Табиғатты қорғаймыз

Шөп жұлып ағаш қимаймыз

Ұясын құстың бұзбаймыз

Қайнар көзі тірліктің-

Суды да ысырап қылмаймыз.

Аулада гүлдер баспаймыз,

Көгалды таптап баспаймыз.

Қауіпсіздік ережесі:

Ермексазды ауызыңа салма.

Жұмыс істеу кезінде ермексаз бөліктерін жерге түсірме,еденге жабысып қалады.

Киіміңді таза ұста.

Жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін арнайы тақтайша қолдану.

Жұмыс соңында қолыңды жу немесе дымқыл шүберекпен сүрт.

Сөздік жұмыс: бейне, жем.

Қостілділік компонент: құс-птица-birds.

Қызды және құсты жасау үшін:

Ермексазды екіге бөлу. Екінші бөлігін тағы екіге бөліп, оларды сопақтау етіп домалақтау. Қыздың басы және дене мүшелерін дұрыстап біріктіріп мүсіндеу. Құстың да денесін, қанатын жасап шығару.


Балалар тыңдайды.





сұрақтарға толық жауып береді.

 -Ол қыз бала.

-құсқа жем беріп тұр.


Балалар тірбиешіні тыңдай -ды. Үлгісіне қарайды.


Сергіту сәті.

Қимылмен орындайды.









Барлық балалар ойланады.









Балалар үш тілде қайталайды.


Ермексазды екіге бөлу. Екінші бөлігін тағы екіге бөліп,оларды сопақтау етіп домалақтау, біріктіру.

Рефлексиялық -

түзетушілік



Балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылау, көмектесу, мадақтау.

Хормен айтады

Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын
Қырдың қызыл гүліндей
Қолдарына ту алсын

Орындарына отырады.



Балалар қайталайды кейбіреуі жатқа біледі айтады.


Күтілген нәтиже:

Біледі: дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып мүсіндеуге үйрету.

Игереді: жасау тәсілдерін игерді.                                                                                  

Меңгереді: қыздың бейнесін ермексазбен жасауды меңгерді.


Тексерді:

Ескерту:




Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:

















Ұйымдастырылған оқу қызметінің

19 технологиялық картасы


Өткізген: Карибаева К.С.

Өткізу мерзімі: 16.01.2017.

Топтың жас ерекшелігі: ересектер тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Заттық мүсіндеу. «Тостаған».

Мақсаты: ермексаздан тостаған жасауға үйрету.

Міндеттері:

БМ: Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін сақтай отырып жүйрік атты мүсіндеу.

ДМ: - Мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

ТМ: бастаған істерін аяғына дейін жеткізуге, төзімділікке тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар: «Тостаған» суреттері, майлықтар, үлгі жұмыс, ермексаз.

Сөздік жұмыс: түсі,ою.

Қостілділік компонент: Тостаған - чаша


Қызметтің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық



Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші балаларды «Күлімде күн» атты шаттық шеңберге тұрғызады

Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын,
Қырдың қызыл гүліндей
Қолдарына ту алсын,


Балалар

Шаттық шеңберге тұрып сөздерді қайталайды.


Ұйымдастырушы-

лық – ізденістік



Тәрбиеші балалардың зейінін өзіне аударып, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне ермексазбен

Тостаған жасайтынын ескертеді.

-Мына суретке назар аударайықшы.

-Анамыз не істеп отыр?

-Оның қолындағы не?

-Атаның алдында не тұр?

-Тегенеге құйылған қымызды сапырып,тостағанға құю үшін ағаш ожау қолданады.

-Ожау : Қымыз құюға,сүт құятын, сорпа сапыруға арналған болып бөлінеді.

Қауіпсіздік ережесі:


Сергіту сәті.

Табиғатты қорғаймыз

Шөп жұлып ағаш қимаймыз

Ұясын құстың бұзбаймыз

Қайнар көзі тірліктің-

Суды да ысырап қылмаймыз.

Аулада гүлдер баспаймыз,

Көгалды таптап баспаймыз.

Ермексазды ауызыңа салма.

Жұмыс істеу кезінде ермексаз бөліктерін жерге түсірме,еденге жабысып қалады.

Киіміңді таза ұста.

Жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін арнайы тақтайша қолдану.

Жұмыс соңында қолыңды жу немесе дымқыл шүберекпен сүрт.

Тостаған жасау үшін:

Ермексазды екіге бөлу.Екінші бөлігін тағы екіге бөліп,оларды сопақтау етіп домалақтау. тостағаның басы мен жиегін жасап,біріктіру. тостағаның басы мен тұтқасын біріктіру.Қалақшамен тегістету.

Енді жасаған тостаған сәнді болу үшін безендіру.

Ширатылған кесінділер.Ыдыстың түбі.Кесінділерден құрастырылған жұмыс.Кесе.

Мүсіндеу кезінде керек жерінде жеке бөліктерін созып,саусақтардың ұшымен пішініне келтіреміз.

Сұрақтар.

1.Үйінде өзіне ұнайтын кесе бар ма?

Ол неден жасалған?Неге ұнайды?

2. әр түрлі болуы неліктен?

3.Сеніңше мереке күндері әдемі ыдыстарды пайдалану себебі не?

Оларды кім жасайды?


Балалар тыңдайды.





сұрақтарға толық жауып береді.

 



Балалар педагогті тыңдай -ды. Үлгісіне қарайды.




 

  Барлық балалар қызығушылықтарымен ойнайды.














Ермексазды екіге бөлу.Екінші бөлігін тағы екіге бөліп,оларды сопақтау етіп домалақтау. тостағаның басы мен жиегін жасап,біріктіру. тостағаның басы мен тұтқасын біріктіру.Қалақшамен тегістету.

Енді жасаған тостағанды сәнді болу үшін безендіру.

Ширатылған кесінділер.Ыдыстың түбі.Кесінділерден құрастырылған жұмыс.


сұрақтарға толық жауып береді.


Рефлексиялық -

түзетушілік



Балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылау, көмектесу, мадақтау.

Хормен айтады

Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын
Қырдың қызыл гүліндей
Қолдарына ту алсын Орындарына отырады.



Балалар қайталайды кейбіреуі жатқа біледі айтады.


Күтілген нәтиже:

Біледі: дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып мүсіндеуге үйрету.

Игереді: жасау тәсілдерін игерді.                                                                                  

Меңгереді: Ұлттық бұйымдарды құрметтеуді меңгерді.


Тексерді:

Ескерту:




Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

17 технологиялық картасы


Өткізген: Карибаева К.С.

Өткізу мерзімі: 09.01.2017.

Топтың жас ерекшелігі: ересектер тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: декоративтік мүсіндеу. «Ат» (каргопольский ойыншығы бойынша).

Мақсаты: Атты ермексаздан жасауға үйрету.

Міндеттері:

БМ: Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін сақтай отырып жүйрік атты мүсіндеу.

ДМ: - Мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

ТМ: бастаған істерін аяғына дейін жеткізуге, төзімділікке тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар: «Ат» суреттері, майлықтар, үлгі жұмыс, ермексаз.

Сөздік жұмыс: жүні, түсі.

Қостілділік компонент: ат-конь- horse.


Қызметтің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық



Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші балаларды «Күлімде күн» атты шаттық шеңберге тұрғызады

Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын,
Қырдың қызыл гүліндей
Қолдарына ту алсын,


Балалар

Шаттық шеңберге тұрып сөздерді қайталайды.


Ұйымдастырушы-

лық – ізденістік



«Түйе , жылқы, сиыр, қой – төрттүлік осы біліп қой»

Аяғым тұлпар жылқымын

Мақтанымын жұртымның.

Ерге қанат тұлпар – мен қай түлкі келер маған тең?!

Сүтім - қымыз, етім – ем.

Білесің бе оны сен?

Біздің аталарымыз күні бүгінге дейін жылқының көмегін пайдаланды, сүтін ішеді, көлік ретінде пайдаланады, бәйгеге қосады.Жылқы ең жүйрік жануар, оның сүтінен қымыз дайындалады.

1.Қоңыр түсті еремексазды алып, екіге бөліп, алақанымызға салып жылқының денесін сопақша тәріздес қылып жасаймыз.

2.Сол дене бөлігінен кескіш құрал көмегімен бөліп, шымшып созу, тегістеу арқылы аяқтарын шығарамыз.

Сергіту сәті.

Табиғатты қорғаймыз

Шөп жұлып ағаш қимаймыз

Ұясын құстың бұзбаймыз

Қайнар көзі тірліктің-

Суды да ысырап қылмаймыз.

Аулада гүлдер баспаймыз,

Көгалды таптап баспаймыз.

3.Ермексаздың бір бөлігін қиып созу, дөңестеу, сылап тәсілдері арқылы ұзартып мойнын , басын шығарамыз.

4.Бас бөлігінен шымшу арқылы жалын шығарамыз, кескішпен бедерлейміз.

5.Ермексаздың кішкене бөлігінен екі құлағын жасаймыз, бас бөлігіне жапсырамыз. Соңынан жылқының құйрығын жасаймыз.


Балалар тыңдайды.





–Қайтадалы.

 

 

Балалар педагогті тыңдай -ды. Үлгісіне қарайды.

 




Сұрақтарды қояды.

 







Бәрі бірге өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

 Бәрі бірге әрі қарай жалғастырады.

 

 




 

  Барлық балалар қызығушылықтарымен ойнайды.


Рефлексиялық -

түзетушілік



Түсінгендерін зертеу кезеңі.

-Балалар біз бүгін ненің мүсінін жасадық?

-Қандай түсті ермек сазды пайдаландық?

-Қандай тәсілді пайдаландық?

Балалар бүгінгі ұйымдастырған оқу қызметін мынандай өлең жолдарымен аяқтаймыз.

«Құлын»

Құлдырайды құлын

Желбірейді тұлым

Желігеді жүйрік

Төгіледі құйрық.

VI Балаларды мадақтау.



-Аттын,


Ақ, қара түсті.




Балалар қайталайды кейбіреуі жатқа біледі айтады.


Күтілген нәтиже:

Біледі: дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып мүсіндеуге үйрету.

Игереді: жасау тәсілдерін игерді.                                                                                  

Меңгереді: аттың адамға қандай көмегі бар екенің меңгерді.


Тексерді:

Ескерту:




Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:


















Ұйымдастырылған оқу қызметінің

16 технологиялық картасы


Өткізген: Карибаева К.С.

Өткізу мерзімі: 26.12.2016.

Топтың жас ерекшелігі: ересектер тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Заттық мүсіндеу. «Ит пен күшік».

Мақсаты: Үй жануарлары ит пен күшікті ермексаздан жасауға үйрету.

Міндеттері:

БМ: қол буындары мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып мүсіндеуге үйрету.

ДМ: - балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы мүсіндеу дағдыларын дамыту;

ТМ: үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар: Ит пен күшіктің суреттері, майлықтар, үлгі жұмыс, ермексаз.

Сөздік жұмыс: жүні, түсі.

Қостілділік компонент: ит – собака-dog; күшік-щенок-puppy.


Қызметтің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық



Жұмбақ жасырылады:                         –Адамға серік,     күзетке берік.                                        –Балалар, ит қандай жануар түріне жатады?

–Иттің баласын не деп атайды?          –Күшік қандай  дыбыс шығарады?            

–Бәріміз  қайталайықшы.

Балалар сабаққа әзірленеді.


Ит.

Үй жануары.


Күшік.

Үреді.


Әуп-әуп.

Ұйымдастырушы-

лық – ізденістік



–Балалар, қандай күшіктің  суреті ? әңгімелесейік. 

–Педагог күшіктің бейнесін үлгі бойынша талдау жасайды.

–Күшік туралы әңгіме айтуды ұсынады;

– Күшік  кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді, әдемі.

Педагог балаларға иттің одан кейін күшікті ермексаздан жасауға ұсынады. Ең біріншіден педагог үлгі ретінде балаларға жасалу жолдарын көрсетеді.

Барлық балаларғы ақ парақ қарғаз  беріледі. Ол қағазда күшіктің бейнесі берілген. Енді ол бейнені ақ, қоңыр, қара ермексазды алып басы тәсілі арқылы кішіктің бейнесін толықтырамыз.

Сергіту сәті:

Қолғабысы  күшіктің,                    Тақиясын ұшырып,                               Жел  інімді  жылытты.                     Бірақ  оның  күшігі,                               Әкеп  беріп  жұбатты.

Балалар педагогпен әрі қарай жұмыстарын жалғастырады.                               

–Қане,оған  ат қойып көрейікші?      

–Үйді күзететін қандай жануар?             

Балалар  ит- жеті қазынаның бірі, адамның досы, қорғаушысы.

Ойын «Дауысынан тап». Педагог балаларға белгілі аңдардың дауысын тыңдатады. Ал балалар болса тыңдап болған соң кімнің дауысы екенін тауып айтып беру керек.

Балалар тыңдайды.

–Күшік  кішкентай, сүйкімді.

– «Досын, анасын жоғалтып алды, мүмкін ауырып тұрған  шығар, сондықтан көңілсіз»         


–Ит-досымыз.

 

 

Балалар педагогті тыңдай -ды. Үлгісіне қарайды.

 




Сұрақтарды қояды.

 


Бәрі бірге өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

 Бәрі бірге әрі қарай жалғастырады.

 

 



 –Ақтөс, Барбос, Құтжол т.б.                     

Ит.                                                      

 

  Барлық балалар қызығушылықтарымен ойнайды.


Рефлексиялық -

түзетушілік



Біз  күшікке  жылы сөздер айтайық. Сонда күшік біздің адал досымыз, серігіміз болады.  Сұрақ-жауап әдісі  арқылы сабақтың тақырыбын қалай  меңгергенін тексереді.

–Күшігім менің, кішкентайым менің, Ақтөсім менің.                    –Ит-жеті қазынаның бірі.

Күшік сүтті, етті (сүйекті) ұнатады. Т.б.


Күтілген нәтиже:

Біледі: дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып мүсіндеуге үйрету.

Игереді: Жылы  сөздер мен тілектер айтып  жұбатуды 

игерді.                                                                                  

Меңгереді:Ит-адамның досы, жеті  қазынаның бірі екенің  меңгерді.


Тексерді:

Ескерту:




Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:




















Ұйымдастырылған оқу қызметінің

13 технологиялық картасы


Өткізген: Карибаева К.С.

Өткізу мерзімі: 05.12.2016ж

Топтың жас ерекшелігі: ересектер тобы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Заттық мүсіндеу. «Үйрек».

Мақсаты: балаларға ермексаздан үйректі жасауға үйрету.

Міндеттері:

БМ: Балаларға белгілі ретпен үйректі мүсіндеуге үйрету.

ДМ: ермексазды дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру.

ТМ: әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар: тақтайшалар, майлықтар, үлгі жұмыс, үйректің суреттері.

Сөздік жұмыс: үйрек.

Қостілділік компонент: үйрек-утка.

Қызметтің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық


Шаттық шеңбері.

Күн дидарлы арайлы,

Нұрын төгіп тарайды.

Барлық бала шаттанып,

Қуанышпен қарайды.

Балалар шеңберге тұрып сөздерді айту.

Ұйымдастырушы-

лық – ізденістік



Бүгін біз үйректі мүсіндейміз.

Тақтаға үй құстарының суретін ілу тауық, әтеш, үйрек, қаз.

Көлде жүрген көп сиыр,
Жетіп барсаң, жоқ сиыр.


-Үйректің қандай ерекшеліктері бар?

-үйректің дене мүшелерін ата?

Үйректі мүсіндеу реттілігі:

-ермексазды жұмсарту.

-ермексазды домалату.

-ермексаздың бір шетін қыса отырып,үйректің басын шығарту;

-Үйректің бас жағын шымшып отырып,тұмсығын жасату

-ермексазды мүсіннің оң жақ шетін жоғары қарай шымши отырып,құйрығын шығару.





"Ұшты-ұшты" ойыны.

Тәрбиеші ұшатын затты айтса балалар қолдарын сермейді, ұшпайтын затты айтса қозғалмайды.

Балалар қызығушылықпен қарайды.

Балалар үй құстарын атайды.

/Үйрек/.



Балалардың жауаптары.


Тәрбиешіні мұқият тыңдап, мүсіндеу жолын түсініп алады.

Ермексазды жұмсартады.

Ермексазды домалатады.

Ермексаздың бір шетін қыса отырып,үйректің басын шығарады.

Үйректің бас жағын шымшып отырып тұмсығын жасайды.

Ермексазды мүсіннің оң жақ шетін жоғары қарай шымши отырып, құйрығын шығарады.


Қимыл-қозғалыстар жасайды.

Рефлексиялық -

түзетушілік



-Мінеки балалар біздер, үйрек ермексаз арқылы мүсіндеуге үйрендік.

-Жарайсыңдар балалар, сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар, сол себепті сендер әрқашан көңілді жүрсін деп, ешқашан мұңаймасын деп сендерге осындай смайликтер тарту етемін.

Балалар сұрақтарға жауап береді.






Тәрбиешінің берген сыйлығына қуанады.


Күтілген нәтиже:

Біледі: үй құстарын бір бірінен ажырата біледі.

Игереді:сопақша, дөңгелек пішіндерді біріктіріп, үйрек мүсінін мүсіндеуді.

меңгереді:ермексазды домалату, мыжу, шымшу тәсілдерін.


Тексерді:


Ескерту:




Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:





























































Ұйымдастырылған оқу қызметінің

21 технологиялық картасы


Өткізген: Жусамбаева Қ.М.

Өткізу мерзімі: 03.02.2020ж

Топтың жас ерекшелігі: №12 ересек топ

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Сәндік мүсіндеу. «Үйрек» (калинин ойыншығының сарыны бойынша)

Мақсаты: Бейнелілік бейнені жасау үшін мүсіндеудің таныс тәсілдерін (созу, жымқыру, саусақтармен тегістеу) қолдану іскерліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

БМ:Балаларды үйректі тән ерекшеліктерін көрсетіп мүсіндеуді үйрету: сопақша дене кішкентай құйрықпен,ұзын мойын және кішкентай басы тұмсықпен; затты соғумен безендіру іскерліктерін, қанаттарында әдемі өрнекті салу іскерліктерін бекіту.

ДМ: Шығармашылықтарын, қиялдарын, көркемдік талғамдарын дамыту.

ТМ: Шыдамдылыққа, мүсіндеу сабақтарына деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Жабдықтар: тақтайшалар, майлықтар, үлгі жұмыс,құстардың,үйректің суреттері.

Сөздік жұмыс: үйрек.

Көптілділік компонент: үйрек-утка-duck


Қызметтің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық


Шаттық шеңбер: Көк аспанда күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

Ұл қолында ту жүрсін,

Қыз қолында гүл жүрсін.



Балалар шаттық шеңберін жақсы, көтеріңкі көңіл-күймен орындайды.

Ұйымдастырушы-

лық – ізденістік



Суретпен жұмыс.

Балалар, сендерге бір сурет көрсетемін, сол бойынша сендер маған әңгіме құрап айтаыңдар.

-Мына суретте сендер нені көріп тұрсыңдар?

-Бұлар қандай құстар?

-Бұл суретте қандай үй құстары бар?

-Олар қайда жүр?

-Қарандаршы мына әдемі үйректін достары жоқ екен. Оның көңіл күйі жоқ. Ал сендердің достарын бар ма?

Олармен көңілді ме?

Олай болса үйрекке достарын тауып берейік.

-Балалар үйрекке көмектесемізбе?

Сөздік жұмыс: үйрек.

Көптілділік компонент: үйрек-утка-duck


Сергіту сәті

Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Алақанды ұрайық.

Оң жақтағы балаға, сол жақтағы балаға,

Шапалақ та, шапалақ.

Балаларға үйректі мүсіндеу жолын түсіндіреді.

Жұмысты орындаудың реті:

-Ермексаздың қажет түстерін іріктеу.

-Ермексазды жұмсарту.

-Ермексазды шар тәріздес етіп домалату.

-Ермексаздың бір шетін қыса отырып,үйректің басын шығарту;

-Үйректің бас жағын шымшып отырып,тұмсығын жасату

-Ермексазды мүсіннің оң жақ шетін жоғары қарай шымши отырып,құйрығын шығару.

Ал қанаттарын әдемі өрнектермен әшекейлейміз.

"Ұшты-ұшты" ойыны.

Тәрбиеші ұшатын затты айтса балалар қолдарын сермейді, ұшпайтын затты айтса қозғалмайды.


Балалар қызығушылықпен қарайды.



-Құстарды

-Үй құстары

-Қаз,тауық,балапан,үйрек

-Үйдің ауласында



-Иә, бар

- Көңілді




Балалар бірнеше рет қайталайды.





Сәйкес қимылдар жасап, орындайды.







Тәрбиешіні мұқият тыңдап, жұмыстың орындау ретін түсініп, үйректі мүсіндейді.













Қимыл-қозғалыстар жасап,ойнайды.

Рефлексиялық -

түзетушілік



Мінеки балалар,үйрек досымызға көмектестік.Ендеше жалғызсырап тұрған үйректің қасына жаңа достарын апарып қондырайық.

-Жарайсыңдар балалар, сендер үйректің көңілін көтердіңдер.


Балалар жасаған жұмыстарын тамашалап,қуанысады.




Күтілген нәтиже:


Біледі: үй құстарын бір бірінен ажыратуды;

Игереді:сопақша, дөңгелек пішіндерді біріктіріп, үйрек мүсінін мүсіндеуді;

Меңгереді:ермексазды домалату, мыжу, шымшу тәсілдерін.


Тексерді:

Ескерту:


Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:
































Ұйымдастырылған оқу қызметінің

9 технологиялық картасы


Өткізген: Карибаева К.С.

Өткізу мерзімі: 07.11.2016ж

Топтың жас ерекшелігі: ересектер тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Сюжеттік мүсіндеу. «Үй қояндары».

Мақсаты: балаларға ермексаздан үй қояннын жасауға үйрету.

Міндеттері:

БМ: Балаларға белгілі ретпен үй қоянның мүсіндеуге үйрету.

ДМ: ұсақ қол моторикасын дамыту, ермексазды дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру.

ТМ: талғампаздыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар: тақтайшалар, майлықтар, үлгі жұмыс, үй қоянның суреттері.

Сөздік жұмыс: үй қояны.

Қостілділік компонент: үй қояны- кролик


Қызметтерінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық


Күлімдеп күн бүгін, Қарады маған да. Күлімдеп күн бүгін, Қарады саған да. Күлімдеп күн бүгін, Қарады баршаға.

Балалар шеңберге тұрып күнге мына сөздерді айту.

Ұйымдастырушы-

лық – ізденістік



-Бізге қонаққа үй қояны келді.

Үй қоянымен амандасу.

Ермексаздан сендермен үй қоянның жасап үйренеміз.

Дене мүшелерінің негізгі пішінін талдау.

Үй қояннын мүсіндеу.

  1. Ермексаздың (ақ) бір кесегін алып, ширатып есеміз.

  2. Оны үшке бөлеміз.

  3. Бірінші бөлігінен есу және жағу тәсілімен басы мен мойнын мүсіндейміз.

  4. Екінші бөлігінен денесін мүсіндейміз және иеміз.

  5. Үшінші бөлігінен аяғы мен құйрығын мүсіндейміз.

  6. Мүсінді көзбен, тұмсықпен, мұртшамен және т.б. толықтырамыз.

Саусақ жаттығуы.

Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр – қойыңа бар!
Сен тұр – жылқыңа бар!
Сен тұр – ешкіңе бар!
Сен тұр – сиырыңа бар!
Сен тұр – түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап, үйде жат.

Ал енді мүсіндеуге кірісейік.

Ермексазды алақанысызбен уқалап, тақтайшада ысып, саусақтарымызбен қысқылау арқылы жұмсартып ұзын, сопақша жасаймыз. Осы біртұтас сопақшадан қысқылау арқылы қоянның дене мүшелерін жасаймыз.

    Енді басына көзін, мұрнын орналастырайық. Аяғына табанын жабыстырайық. 

Балалар қызығушылықпен қарайды.

Амандасады.


Дене мүшелерін атайды.


Мұқият қарап отырады.

















Балалар саусақ жаттығуды орындайды.















Үй қояннын мүсіндеуге кіріседі.

Тәрбишіні тыңдау және көру, дұрыс жұмыс жасау.

Рефлексиялық -

түзетушілік



Жұмыстарды ұжымдасып тамашалау. Жұмыстарды талқылау, жақсы орындаған балаларды атап өту керек.

Балалар өздері жасаған жұмыстарын тамашалайды.

Талқылайды.


Күтілген нәтиже:

Біледі: дене мүшелерін біледі, домалақ басын жасауын;

Игереді: ұқыпты, таза жұмыс жасауын;

Меңгереді: үй қояны ермексазбен жасауда біраз элементерді.


Тексерді:

Ескерту:




Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:
















Ұйымдастырылған оқу қызметінің

15 технологиялық картасы


Өткізген: Жусамбаева Қ.М.

Өткізу мерзімі: 24.12.2018ж.

Топтың жас ерекшелігі:№12 ересек топ

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Сәндік мүсіндеу. «Тегене»

Мақсаты: Мүсіндеудің әртүрлі тәсілдерін (соғу, тереңдетілген бедер) қолданып ермексазбен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру.

Міндеттері:

БМ: Балаларды сәндік мүсіндеумен таныстыру; дайын затты кескіштің көмегімен тереңдетілген бедермен безендіруді және де кескішпен өрнекті салуды үйрету; алақандар-дың айналма қозғалысымен есу, жалпақтау,созу, шымшу тәсілдерін қолданып ермексаздан мүсіндеуді әрі қарай үйрету.
ДМ: Шығармашылықтарын,қиялдарын,көркемдік талғамдарын, жұмысты шығармашылықпен жасау іскерліктерін дамыту.
ТМ: Ыдысқа ұқыптылықпен қарауға, қазақ халқынынң дәстүрлеріне деген құрметтерін тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар: тегене суреттері,тақтайшалар, майлықтар, үлгі жұмыс.

Сөздік жұмыс: ою, өрнек, әшекейлеу.

Көптілділік компонент: тегене-чаша-bowl.


Қызметтің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық



- Балалар, бүгінгі сабақты бір - бірімізге жақсы тіліктер айтудан бастайық.

Балалар шеңберге тұрып, оң жақтағы көршісіне жағымды жақсы сөздер айтады.

Ұйымдастырушы-

лық – ізденістік



Тәрбиеші балалардан қандай ыдыс - аяқ түрлерін білетіндерін сұрайды.
Балалармен тегенені қарастырады.
- Балалар, мына суретте не көріп тұрсыңдар?

-Тегене

Тегене дегеніміз ыдыстардың ішіндегі үлкен түрі.
- Тегенені әр түрлі тағам түрлерін дайындауға пайдаланады.
Сондықтан тегене әр үйде болу керек.
- Тегене қандай пішіндерге ұқсайды?
- Тегенені қалай әшекейлеуге болады?
- Балалар,біз бүгін тегенені сәндеп жасаймыз.
Ертеде ыдыстарды, тұрмыс бұйымдары түрлі ою - өрнектермен безендірілген.

Сөздік жұмыс: ою, өрнек, әшекейлеу.

Көптілділік компонент: тегене-чаша-bowl.

Тәрбиеші ермексаздан тегене жасау әдісін көрсетеді.

Шар етіп домалақтап, жалпақтау, шеттерін созу. Жиектерін тегістеп, шеттерін әсемдеу.

Сергіту сәтті

Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Алақанды ұрайық.

Оң жақтағы балаға, сол жақтағы балаға,

Шапалақта, шапалақ.

Тәрбиеші балаларға өздігімен жұмысқа кірісулерін сұрайды.

Тәрбиеші балалардың жұмыстарының көрмесін ұйымдастырады.

- Кесе, тәрелке, тегене,

шәйнек,қасық.



Балалардың жауабы








- Дөңгелекке.

- Гүлдермен, домалақтар -

мен, сызықтармен.













Балалар мұқият қарайды.




Сергіту сәтін орындайды.







Балалар жұмыс реттілігі бойынша тегене жасауға кіріседі.

Рефлексиялық -

түзетушілік



Сабақтың соңыңда төрт - бес үздік жұмыс балалардың көмегімен таңдап алынуы және мына сұрақтар бойынша талдау өткізілуі тиіс:
- Жұмыс ұқыпты орындалған ба?
Балалардың жауаптарын қорытындылап, барлық жұмыстарды мадақтайды.

Балалар бір-бірінің жұмысын қарап талдауға тырысады.



Күтілген нәтиже:


Біледі: тегене туралы түсінік алады және маңызын;

Игереді: тегене жиегінің үстіне ермексаздан ою, өрнек жасауын;

Меңгереді: тегенені ою - өрнекпен әшекейлеуді.


Тексерді:

Ескерту:


Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:

















Ұйымдастырылған оқу қызметінің

7 технологиялық картасы


Өткізген: Карибаева К.С.

Өткізу мерзімі: 24.10.2016

Топтың жас ерекшелігі: ересектер тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Заттық мүсіндеу. «Жемістер» (алма, алмұрт).

Мақсаты: Пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету,

Міндеттері:

Б.М:Балалардың мүсіндеуге деген қызығушылықтарын дамыту.  
Д.М.Үзіп алу әдістерін пайдаландырып,алақан ортасына салып есу арқылы мүсіндеуге үйрету.  
Т.М.Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Ұқыптылық.

Қолданатын құралдар: ермексаз, жемістердің суреттері, тақтайшалар, майлықтар, үлгі жұмыс.

Қостілділік компонент: алма –яблоко, алмұрт – груша.


Қызметтерінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық



- Балалар, бүгінгі сабақты бір - бірімізге жақсы тіліктер айтудан бастайық.

Балалар шеңберге тұрып, оң жақтағы көршісіне жағымды жақсы сөздер айтады.

Ұйымдастырушы-

лық – ізденістік



-Балалар , мына суретте қай мезгіл бейнеленген ?

-Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

-Жемістің біздің ағзамызға қандай пайдасы бар екенін білесіңдер?

-Не піседі?

Жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейміз.

Жасау тәсілі.

Басбармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз. Сабағын ағаш бұтақшасынан жасаймыз. Енді, жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлшегін алып, алақанға салып домалақтаймыз, тақтайшаға қойып жалпақтау әдісі арқылы сопақша пішінге келтіреміз. Пышақтың ұшымен кесу арқылы жапырақтың бейнесін жасаймыз. Жапырақты алманың сабағына орналастырамыз. Алмамыз дайын болды.

Сергіту сәті : Кәне, кімнің бойы ұзын ? Паравозы ол пойыздың. Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

-Енді алмұртты жасауға кірісеміз. Сары түсті ермексазды алып, алақанға салып жұмсартамыз. Сопақ пішін жасаймыз. Сопақшаның жоғарғы жағын кесу арқылы алмұрттың пішініне келтіреміз. Басбармақпен басу арқылы сабақ ойығын оямыз. Алманың сабағын жасағандай ағаш бұтақшасын орналастырамыз. Жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлігін алып, домалақтап жалпақтаймыз. Арнайы пышақпен жапырақ пішінін кесіп алып, сабағына орналастырамыз. Тәрбиеші балалардың жұмысын аралап көріп, мадақтайды.

-Күз.

Балалардың жауаптары.



Балалардың жауаптары.


-Жемістер, көкөністер.



Тәрбиешіге мұқият қарау.

Жасау тәсілін үйрену.

Балалар орындарына отырып, жұмысқа кіріседі. Затқа қарай отырып, алма мен алмұртты мүсіндейді.












Сергіту сәтін орындайды.





Алмұрттың жасау тәсілін үйренеді.

Рефлексиялық -

түзетушілік



-Балалар қараңдаршы, біз жасаған алма мен алмұрт сондай әдемі болып шықты.

Ендеше осы мүсіндеген алма мен алмұртты сипаттап беріңдерші.

-Денсаулыққа пайдалы, көптеген дәрумендер бар.

-Алманың дәмі тәтті,түсі қызыл,дөңгелек пішінді. -Алмұрт сары түсті, сопақша пішінді.



Күтілетін нәтиже :

Біледі :жеміс-жидектер – табиғаттың сыйы екендігін ;

Игереді : пайдасын түсіне отырып, заттарды мүсіндеуді.

Меңгереді : жемістердің өзара айырмашылығын ажыратуды.





Тексерді:


Ескерту:



Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:













 



Ұйымдастырылған оқу қызметінің

1 технологиялық картасы


Өткізген:

Өткізу мерзімі:

Топтың жас ерекшілігі: № 14 ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы: «»

Мақсаты:

Міндеттіері:

БМ.

ДМ:

ТМ:

Қолданатын құрал - жабдық:

Сөздік жұмыс:

Қостілділік компонент:

Алдын-ала жұмыс:


Қызметтерінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық




Ұйымдастырушылық-ізденістік




Рефлексиялық- түзетушілік





Күтілетін нәтиже:

Біледі: (Нені білу керек)

Игереді: (Нені игереді)

Меңгереді: (Нені біледі)



Тексерді:

Ескерту:


Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар: