А) Тақырып ашу. - Оқушылар,қазір мен сендерге мазмұнды сурет көрсетемін.Сіздер зер салып қарап отырыңыздар. -
Сонымен суреттен не көрдіңіздер? -
Бұл суреттер арқылы не айтуға болады? -
Қандай болжам жасайсыздар? -
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: -
«Мен елімнің ертеңімін» деп аталады. -
Бұл тақырыпты алу отырған себебім, Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылытаным белсенділіктерін арттыруға бағыттау арқылы Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласымен таныстыру. -
Ал,енді сіздер рухани жаңғыру дегенді естігендерің бар ма? -
-Рухани байлық деген не? -
Мұның не екенін тағы да білу үшін білімімізді толықтырып,осы сұрақ төңірегінде ой өрбітеміз. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын кеңінен насихаттау болып табылады. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады.Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Қазір сіздердің назарларыңызға осы мақала туралы бейнероликті ұсынамын. Ә) Оқушыларға бейнеролик көрсетіледі.https://www.youtube.com/watc Б)Топтық жұмыс -Оқушылар биыл астана қаласында өткен халықаралық көрме не деп аталды? -Осы көрмеге барған оқушылар қызыл шармен белгіленген топқа барып шарға бекітілген қолжетімді тапсырмасын алып орындайды. - Қалған оқушылар,сіздердің ішіңізден кім өзін арманшылмын деп есептейді бұлар көк шарға ,ал кім өзін қазақтың ұлттық салт-дәстүрін жақсы білемін дейді олар үшінші топтағы қызыл шарға шоғырланып тапсырмасын алып орындайды. Тапсырмасы: 1-топ: «ЕХРО-дағы ғажайыптар» қабырға газетін шығару. 2-топ:«Болашақ Қазақстан»10 жылдан кейін менің көзіммен. Жоба қорғау. 3-топ:«Ұлттық құндылықтарымызды қастерлейік» жарнамалау. В) (Есік қағылады) Ішке Білім патшасы кіреді. -Оқушылар бізге алыстан қонақ келген екен. -Төрлетіңіз! Білім патшасы: -Сәлеметсіздер ме ,оқушылар!Мен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордаларын аралап Рухани жаңғыруға байланысты жарғы таратып келемін.Сол себепті сіздерге сұрақ қойғым келіп тұр. - Партиот адам кім?Ол өзін қалай көрсетуі керек? - Өздерің білетін ірі тұлғаларды атаңыздаршы? -Жақсы. -Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар! *Әлемдік өркениетті елде еркін өмір сүру үшін өз ана тіліңді қастерлей отырып,орыс,ағылшын тілдерін жетік меңгеріңдер! *Өз тарихыңды,ата тегіңді ұмытпа! *Сен «қазақ» деген ұлы халықтың ұрпағысың! *Сен ең мықты болуға тиіссің! -Келесі кездескенше сау болыңыздар! |