Екінші кіші «Жұлдызша»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:13.04.18ж
Тәрбиеші:Абенова М.К
Білім беру саласы:»Әлеумет»
Өтпелі тақырып: Ғарышқа саяхат
Пән: Экология негіздер.
Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын байыту. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.
Оқыту:Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы,дамыту технологиясы
Ресустармен қамтамасыз ету:суреттер
Блингвальдық компоненті : ғарышкер-комонавт
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?
-Көктемнің неше айы бар? Айларын атаңдар.
-Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?
-Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп аталады.
-Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?
-Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.
-Балалар аспаннан нелерді көруге болады?
Тосын сәт.
Аспан әлемінен қонаққа Жұлдыз келеді.
Жұлдыз балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарады.
Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.
-Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.
-Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
-Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсету). Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз.
Ең бірінші адамдар айға ұшпас бұрын тірі дененің баруы үшін Лайка деген итті ғарышқа ұшырған екен. Жерге қонғаннан кейін оның денесіне, қанына тексеру жүргізіп, ғарышқа адамның да баруға болатынын білген.
Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы ол Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.
Ол Мынау ғарышқа дайындалып жатқан кезі.
1991 жылы Қазақстаннан алғаш ғарышқа ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ұшты. Екінші болып ғарышқа қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ұшты. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары, еліміздің мақтанышы.
Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ол Қазақстанның Қызылорда облысында Қармақшы ауданы деген жерде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады.
Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол скафандр деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады екен.
-Балалар, біз ғарыш, ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттап едік қой. Кәне, есімізге түсірейікші.
1.Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа.
Мен аспанға қараймын,
Мен ғарышкер боламын.
-Балалар, сендер ғарышкер болғыларың келе ме?
Сергіту сәті:
Аспан,аспан арайлым,
Саған жие қараймыз
Сені көзбен шоламыз,
Біз ғарышкер боламыз
Ойын: «Жұлдызды аспан әлемін құрастыру»
Ойын шарты: балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.
Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Зымыран құрастыру.
Әртүрлі геометриялық фигуралардан зымыран құрастыру. Зымыран туралы әңгімелеу.
Жаңылтпаш.
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер,
Айтшы, ғарыш алыс па?
Қорытындылау.
-Балалар бүгінгі күн қалай аталады?
-Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?
-Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?
-Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?
-Қазақ елінен кім ғарышкерлер ғарышқа ұшты?
-Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?
-Неге арнайы киім киеді?