СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін"

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

бұл біздің дана,аса құрметті де  ақылгөй бабамызға арналған. еліміздің ақылшысы деуге де болады.

Просмотр содержимого документа
««Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін"»

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің

А.М.Горький атындағы гимназиясы»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бекболатова Айгүл Адамбекқызы


Қазақ әдебиеті

6 сынып.


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Өтілген сабақтың тақырыбы бойынша оқушылардың алған білім, сөз қорларын пысықтау.Оқушыларға Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы түсініктерін кеңейту. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу,өлеңнің көркемдігін, құрылысын меңгерту. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жан-жақты талдау,мәнерлеп оқу, оқушылардың пікірін мен көзқарасын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Шәкірттердің ой-өрісін, әдеби тіл байлығын дамыту және қазақша сауатты сөйлеу,жазу шеберліктерін арттыру. Өзінше қазақ тілінде ой түюге баулу, танымдық түсініктерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Ұлы ақынның шығармашылығын бағалауға,құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды «Ғылым таппай мақтанба» деген өлең мазмұны арқылы ғылым-білімге,ізеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімді жинақтау, жаңа сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Оқу арқылы сын тұрғысынан ойлау стратегиясын дамыту, түсіндіру, сұрақ-жауап, қазақша мәнерлеп оқу,әңгімелеу,талдау

Сабақтың құралдары: Қазақ әдебиеті оқулығы, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі, Абай портреті, презентация, тапсырмалар,тірек сызба,текшелер, техникалық құрал,компьютер, электрондық тақта,жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан географиясы, дүниетану, қазақ тілі,философия

Қосымша материалдар: Абай Құнанбаев туралы қосымша материал мен мәліметтері.

Технологиялар: педагогика, сын тұрғысынан, компьютерлік, дамыта оқыту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (слайд)

1.Амандасу.

2.Оқушыларды түгелдеу

3. Сабақтың мақсаттарын айту.

4. Үй тапсырмасын сұрау

ІІ. Ой қозғау.

-Балалар, бүгінгі сабақты «Кім жылдам?» деген ойынмен бастаймыз.

Ойынның шартты мынандай.Мен сендердің назарларыңа сұрақтарды қоямын, ал сендердің міндеті тез жауап табу. ( слайд)

Сұрақтар:

  1. Қазір қай сабақ басталды? (қазақ әдебиеті)

  2. Ертегілер қандай әлем ? (нағыз ғажайыптар әлемі)

  3. Сөз өнері дегеніміз не?(Асыл сөз дегеніміз не?) (әдебиет)

  4. «Ерте,ерте,ертеде...» деген сөйлемдерден көбі не басталады?(ертегілер)

  5. Батырлар жыры қазақ әдебиетінің қай түріне кіреді? (халық ауыз әдебиеті)

  6. Батырлық ертегілердің кейіпкер кім ? (Ертөстік)

  7. Қорқыт атаның туған жері? (Сырдария өзені)

  8. Қобыздың атасы кім? (Қорқыт ата)

ІІІ. Қазақ әдебиетінің өтілген сабақтың тақырыбын пысықтау.

Шоқан Уәлиханов туралы мәліметтер ( слайд)

  1. –Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

  2. - Шоқан Уәлиханов туралы не білесіңдер?

  3. - Шоқан Уәлихановтың шын есімі?

  4. – Ұлы ғалым туралы не білесіңдер?

  5. –Ол қайда білім алған?

  6. –Шоқанның достары кімдер болған?

IV. Жаңа сабақ:

Кiрiспе сөз:

-Балалар, Абайдың қазақ халқына арналған өлеңі бір жолын оқығым келеді.Экранға назар аударыңдар! ( слайд)

«Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» деп жырлаған Абай жүрегі туған халқымен бірге соқты. Себебі «Абай таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

-Бүгінгі қазақ әдебиеті сабағында Абай Құнанбайұлының өмірі мен «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңмен танысамыз.

Сабақтың мақсаты: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің ойы мен идеясын ашып, жан-жақты талдау жүргізу. ( слайд)

- Балалар, қазақ халқы Абайды «Ұлы ақын» деп атап кеткен. Абай қазақ әдебиетіне бас ақын, қаламгер,философ,данышпан,аудармашы, дарынды тұлға, қазақ лирикасының тұлғасы ретінде үлкен үлес қосқан.

Электрондық тақтаға назар аударыңдар!(слайд)

-Кімнің портреті бейнеленген? Ол кім? Абай туралы қайдан білесіңдер?

(Оқушылардың жауаптарын қабылдағаннан кейін төменгідей тапсырмалар беріледі ).

1.Ең біріншіден, инсерт кестесін бергім келеді.Себебі сендер сабақтың үстінде берілген үш қатардағы сұрақтарға жауап,мәліметтерді жазып отырсыңдар.

Insert картасы.

1.Не білемін?

2. Білгім келеді

3. Не білдім?





2.Оқулықпен жұмыс. Оқылым.

  • Кітаптағы 41 бетте Абай Құнанбайұлы туралы мәлімет

  • Кітаптағы 42-43 беттері бойынша жаңа сөздермен танысу және «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі қазақша мәнерлеп оқу,жан-жақты талдау жүргізу.


Сөздік жұмыс:

Өсиет-завещание , ең үлкен қазына - самое главное сокровище,

Ғылым-наука, мақтанба-не хвастай,

ойнап босқа күлуге –время нельзя безтолку проводить,

баптанба- не успокаивайся, қашық бол –остерегись,

асық бол-спеши, стремись, өмірің алдында-вся жизнь впереди,

терең ой –глубокая мысль, талап-стремление, требование,

қанағат-довольствоваться малым,скромность,

болмасаң да ұқсап бақ-стремись быть похожим,

жамандықтан жиренсең-если отречешься

(слайд)




3.Жаңа сабақтың тақырыбына қосымша мәліметтерді беру.

  • Қазақ халқы Абайды «Қазақ әдебиетінде бас ақын» деп атап кеткен. Себебі ол қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан. Қазақ әдебиеті ұлттық сөз өнерін лирикалық бейне,әндермен де,беделімен де, жанрлық қырларымен, көркем әлемімен байытты.

  • Абай арабша кітапты молда оқып,түрікше аударып бергеннен соң,естігенін кітапқа қарамай жатқа айтатын зерек болған.

  • Абай араб,парсы,шағатай(ескі өзбек) тілінде жазылған кітаптарды көптеген ақындардың өлеңдерін жатқа білген.

  • Абай бала жасынан-ақ салмақты,пысық,әр нәрсеге қызыққыш,еліктегіш, зерек бала болған. (слайд)

4.Дәптермен жұмыс:

1.Балалар, төмендегі сөздердің орнын анықтап, дұрыс сөйлем құрып шығыңдар

  • Абай, күні,әңгіме,бір әжесінен,сұрады,айтуды.

  • Жырын, «Қобыланды батыр» , Барлас, піскенге ас, шейін,жырлады.

  • Қымыз, болып,қонақтар,ішіп,қоштасты,қонақтар.

2. Абай Құнанбайұлының туралы тірек сызбаны толықтырып орындауға беремін

Ассоциация құру .( слайд)


Абай Құнанбайұлы


V.Сабақтың бекіту:

Топпен жұмыс: Келесi сұрақтар арқылы сабақты бекiтемiн. ( слайд)

  1. Абай Құнанбаев тақырыбы бойынша арнайы сұрақтар қою.

І-қатар

  • Абай Құнанбаев ненің салушысы?

  • Абай Құнанбаев қай жерде білім алған?

  • Оның қандай жазған белгілі шығармаларын білесіңдер?

ІІ-қатар

  • Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі не туралы айтылады?

  • Ғылым, өсиет дегеніміз не?

  • Ақын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды неге шақырады?

ІІІ-қатар

  • Абай қандай нәрселерден қашық бол деп үйретеді?

  • «Ғылым таппай мақтанба,Орын таппай баптанба» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Абай білім жолында қалай ізденді?

  1. Инсерт кесте бойынша сабақты бекіту.

Не білемін?

Не білгім келеді ?

Не білдім?




VІ.Үйге тапсырмасы:

  • Кітаптағы 41бетте Абай Құнанбаев туралы берілген мәліметтерін білу,мазмұндау.

  • Кітаптағы 42бетте Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі жатқа алу.

VІІ.Сабақтың қорытындысы:

1.Бағалау. 2.Мадақтау 3. Қорытын айту 4.Қоштасу.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!