| Ұйымдастыру-щы ізденуші | Балалар, бүгін ерекше күн! Себебі бізге көптеген қонақтар келіп отыр, қанеки орнымыздан тұрып амандасайық. - Балалар бүгінгі оқу қызметімді сұрақ қою арқылы бастағым келіп отыр. - Айтыңдаршы топ ішінде жүгіруге болама? -Неге жүгіруге болмайды? -Үстел үстіне, терезе алдына шығуға болама? Неге шығуға болмайды? -Есікпен ойнауға болама? -Не үшін болмайды? -Дұрыс айтасыңдар, балалар. Құлап немесе қолымызды есікке қысып жарақаттанбау үшін, біз қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек. -Ендеше бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік» . «Қауіпсіздік» дегеніміз балалар, өзіңді қорғау және сақтау дегенді білдіреді. -Ал енді өзімізді қалай қорғап, сақтау керек екенімізді слайд арқылы түсінетін боламыз. Ойын:«Жақсы – жаман» Шарты:заттардың қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін айту. Мен үйдемін» көрініс - Таңертең ертесімен анасы дәріханаға кетіп бара жатып, кішкентай қызына: «Сен үйде жалғыз қала тұр, есікті ешкімге ашпа, тентек болма»- деп тапсырады. Үйде жалғыз қалған қыз шәй ішкісі келеді. Ол ас бөлмесіне барып, газ плитаға келіп, сіреңкені қолына алып, оны жағуға тырысады.Осы кезде анасының айтқаны қауіпсіздік ережесі есіне түсіде. -Балалар, бұл қандай ереже деп ойлайсыңдар, анасы не деуі мүмкін? -Кішкентай қыз сіренкені орнына қойып, шәйдің орнына сүт ішеді. -Осы кезде біреу келіп есік қағады, кішкентай қыз есікті ашуға бара жатып,есіне анасының айтқан сөзі түседі. - Ойын: «Қауіпті және қауіпсіз заттар» Шарты:Қауіпті заттарды қауіпсіз заттардан ажыратып қою. | Жоқ, топ ішінде жүгіруге болмайды, себебі, құлап жарақаттануымыз мүмкін. -Жоқ, үстел үстіне, терезе алдына шығуға болмайды. Құлап бір жерімізді ауыртып алуымыз мүмкін Балға жақсы.Онымен шеге қағады. Балға жаман қолыңды ұрып алсаң. -Шеге жақсы, онымен екі затты біріктіреді, шеге жаман, абай болмасаң денеңді жарақаттайсың. -Қайшы жақсы, керек заттарыңды қиясың.Қайшы жаман, дұрыс пайдаланбасаң қолыңды, көзіңді жарақаттауың мүмкін. -Сіренке жақсы, онымен от жағып, тамақ пісіреміз, жылынамыз.Сіренке жаман- өрт шыгуы мүмкін Балалар қызығушылық танытып ойын ойнайды |