Просмотр содержимого документа
«"Менің мысығым"»
Кіші жас «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Абишева Б. А.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Аппликация
Өтпелі тақырып: «Ғажайыптар әлемінде»
Тақырыбы:Менім мысығым
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәриелеу.
Дамытушылық:Орналастыру заңдылықпен жабыстырудың дағдыларын қалыптасыру.
Оқыту: Дайын пішіндерден мысықтын бейнесін жасауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар:Дамыту технологиясы Ресурстармен қамтамасыз ету: мысық, д\о «мысық нені жақсы көреді?»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңберіне тұрғызып ұйымдастыру.
Топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн!
Жаса , жаса жарқын күн!
2.Негізгі бөлім:
Балалар, мен балабақшаға келе жатқанымда сиқырлы қалта тауып алдым. Онда хат бар екен. Хатта: «Өлең не туралы екенін білсендер ішінде не барын білесіңдер»-деп жазылған
«Мысық» (Ә.Баубеков)
Мышым,мышым, мысығым,
Екі көзді қысығым,
Ол ақылды, ол батыр,
Көрдім талай қызығын.
-Балалар, өлең не туралы айтылған?
-Мынау қандай ойыншық?
-Дұрыс айтасыңдар, бұл-мысық.
-Мысық қалай дыбыстайды?
-Суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Мынау не?
-Мысық қандай екен?
-Бәріміз қайталайық. Үлкен мысық.
-Мысық үй жануарына жатады.Мысықтың баласын «марғау» деп атаймыз, оның түсі ақ, қара, сары,ала болады.
-Үлкен мысықтың жанында қандай мысық ойнап жүр? (суретте мысық доппен ойнап жүр).
-Мына мысықтың баласы сүтті төгіп қойыпты, оны біз тентек мысық деп айтамыз.
-Екінші мысық не істеп жатыр?
-Ол ұйықтап жатыр, оны ұйқышыл мысық дейміз.
-Ал үшінші мысығымыз не істеп тұр?
-Ол доппен ойнап тұр. Оны ойынпаз мысық деп атаймыз
Мысық сүтке тояды
Қарнын сипап қояды.
Жүрісі оның баяу
Дейді мысық мияу-мияу.
Балалар ендеше мысығымызды тамақтандырайық. Ол үшін біз мысыққа ыдыс жасап берейік.
Менің қолымдағы карточкалар арқылы топқа бөлінеміз. Түстерді таңдау арқылы.
Д\о «Мысық нені жақсы көреді?»
Шарты: Мысықтың нені жақсы көретінін қыстырғыш арқылы қыстырып көрсетеді.
Д\о «Байқағыш»
Шарты: көздерін жұмып, еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.
-Мысықта неше аяқ бар?
-Мысықтың құлағы ұзын ба, әлде құйрығы ұзын ба?
-Мысықта неше құлақ бар?