СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Менің Отаным Қазақстан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың өз отаны, туған жерлері туралы түсінік беру"

Просмотр содержимого документа
«"Менің Отаным Қазақстан"»

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 28.11.2018 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Тарихқа саяхат»

Топ: ересек топ

Тақырып: «Менің Отаным-Қазақстан!» атты әңгіме құрап «Ауыл» шығармасын оқып, әңгімелеу.

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Елжандылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Отан сүйгіштікке білімдерін кеңейту.

Оқыту: балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан" туралы түсініктерін кеңейту

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер отан туралы

Билингвалдық компонент: Отан-Родина

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.                

Отан деген-атамекен,                   

Отан деген-туған жер.            

Отан-ана, Отан-үлкен,                 

Қазақстан-туған ел

Негізгі бөлім:

Отан-біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, аулымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.

Біздің Отанымыз Қазақстан.        

-Қазақстан  Республикасының астанасы қалай аталады? -         -Рәміздерді атаңдар. -        

-Қазақстан Республикасының Президенті кім?

-  Қазақстан картасын білесің бе? -       

 -Сендер қайқалада тұрасыңдар?

–Т.Молдағалиевтің «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау. Анау Жайық өзені,

анау жатқан Атырау,

Бәрі сенің өз жерің,

суларың батыр-ау,

Туған жердің тынысын ұққын орман нуымен,

Алтынды Алтай шығысың, қыран ұшқан шыңынан... Тәрбиеші баларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Туған  жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша!   Көзімізді ашамыз. Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз.

Сергіту сәті.           

  Төскейден жел еседі,           

  Төбемнен бұлт көшеді.      

  Туған жерім  мен үшін,       

 Көк майсасын төседі.

 Дидактикалық ойын: «Қай қала екенін тап?»

Ойынның шарты: ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі.  Үлгі: Астана –Бәйтерек, Алматы-Қазақстан қонақ үйі. т.б 

Қорытынды: Қазақстан Республикасы біздің сүйікті Отанымыз! Қазақстан - өте үлкен, бай республика. «Жері байдың елі бай». Балаларды мадақтау.