Ортаңғы «Ақбота » тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші: Нуридилла Б.А.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Тақырыбы: "Бауда әлде, бақшада"
Мақсаты:
Тәрбиелік: балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, балабақшаға, туған тілге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: балалардың ойлау, еске түсіру қабілеттерін және тілдерін дамыту.
Оқыту: толық, дұрыс жауап беру, 2-3 сөзден сөйлем құра білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету, әңгімелеу, түсіндіру, ойын технологиясы
Ресусртармен қамтамасыз ету: Суреттер
Көрнекіліктер, қажетті құралдар:«Балабақша» сызбасы, слайд – суреттер.
Просмотр содержимого документа
«Менің отаным - Туған өлкем»
Ортаңғы «Ақбота » тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші: Нуридилла Б.А.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: «Көркем әдебиет»
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Тақырыбы: «Менің отаным - туған өлкем!».
Мақсаты:
Тәрбиелік: Өз туған өлкемізді танып білуге, жақсы көруге, өз еліне, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімге тәрбиелеу
Дамытушылық: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін, балалардың ойлау, еске түсіру қабілеттерін және тілдерін дамыту.
Оқыту: толық, дұрыс жауап беру, 2-3 сөзден сөйлем құрай білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету, әңгімелеу, түсіндіру, ойын технологиясы
Ресусртармен қамтамасыз ету: Суреттер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Қолдарын кеуделеріне қойып, «Менің Қазақстаным» әнұранымызды шырқаймыз.
Балалардың барлығы әнұранды шырқайды.
ІІ.Негізгі бөлім:
Суретпен жұмыс.
-Балалар біздің республикамыз қалай аталады?
-Біздің отанымыздың президенті кім ?
-Қазақстан республикасының рәміздерін атаңдаршы?
- Қазақстан республикасының бас қаласы, астанасы қай қала?
Біз қай тілде сөйлейміз? -Жарайсыңдар, балалар.
Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Әнұран, Ту, елтаңба
Астана қаласы
Мемлекеттік тіл-қазақ тілінде сөйлейміз.
Сергіту сәті:
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Қолдарынмен көк тіреп,
Кигіз үйді құрайық.
Есік қағып, Білімпаз ата қонаққа келеді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
Білімпаз ата:-Балалар мен сендерді алғашқы оқу жылымен құттықтаймын. Сендер Қазақсатандай асыл тұқымды мемлекетте, өздеріңнің ана тілдеріңде білім алып жатырсыңдар. Ал сендер туған өлкелерін, өз отандарын Қазақстан республикасы жайлы не білесіңдер?
Мен сендердің ақыл мен білімдерінді тексергелі келдім!
- Келіңіз ата қонақ болыңыз.
Білімпаз ата:- Балалар отан туралы, еліміз, жеріміз туралы не білесіңдер?
-Ата біздің балалар сіздің сұрағынызға тақпақ арқылы айтып береді.
Білімпаз ата:- Қазақстан республикамыздың қандай рәміздері бар?
Білімпаз ата:- Балалар біз қай тілде сөйлейміз?
-Әркім тілін сүйеді,
Қадірлейміз мұны біз.
Қазақ тілі киелі-
Мемлекеттік тіліміз.
Білімпаз ата:- Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
-Балалар біз ұлттық ойын «Қыз қууды» ойнайық.
Білімпаз ата:- Жарайсыңдар балалар ақылды, білімді балалар екенсіңдеріне көзім жетті.
Мен сендерге естелікке жұлдызшалар сыйлаймын. Жұлдыздай жарқырап тек беске оқыңдар! Ал енді менің қайтатын уақытым болды. Қош сауболыңдар!
Мақал жаттаймыз.
Отан оттанда ыстық.
Отан сүю отбасынан басталады.
-Балалар біз отанды қалай жақсы көреміз?
-Жан-тәнімізбен, жүрегімізбен жақсы көреміз.
Ендеше балалар біз жыл жүрегімізбен туған өлкемізге отанымызға жылы сөздерді білдірейік.
Қорытынды:
.Оқу қызметке жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.