Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз Отанымның патриотымын
Мақсаты:
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге , патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Бүгінгі біздің алғашқы сабағымыздың тақырыбы «Мен өз Отанымның патриотымын».
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
- Отан деген не, кім қалай түсінеді?
- Патриот деген сөзді қалай түсінесіңдер?
3. «Мен өз Отанымның патриотымын» , себебі... Оқушылар әрі қарай жалғастырады.
4. Викторина
1.Қазақ халқының қалыптасуы қай ғасырда болды(14-15ғасыр).
2.«Демография»қай елден шыққан сөз(грек).
3.Олимпиада ойындарының Отаны(Грекия) және Рио қаласында өткен олимпиадада Қазақстан нешінші орында болды?.
4. 7 кереметтің қайсысының үлгісі Астана қаласында (пирамидалар).
5.Медицина атасы (Гиппократ).
6.Жер бетіндегі тірі ағзалардың формаларын және түрлерін зерттейтін тіршілік туралы ғылым(биология).
7.Адамда неше литр қан болады (5 литр).
8.Бір ұлтты ел (Жапония).
9.2011 жылы30 қаңтарда VII Қысқы Азия ойындары Қазақстанның қай қалаларында өтті.(Алматы мен Астанада).
10.Қазақстан Республикасы БҰҰ-на қашан кірді (02.03.1992жылы)
11.Жердің кішірейтілген үлгісі (глобус).
12.Қазақстандағы ең көне қала (Түркестан).
13.Қ.Р.алғашқы президенті кім (Н.Ә.Назарбаев).
14.Қ.Р.тәуелсіздігіне неше жыл болады (25 жыл).
15. ЕXPO өту уақыты және тақырыбы
16. Ата Заңымыз туралы не білесіңдер?1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
17. Мемлекеттік рәміздер ?1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.
Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.
18. «Мәңгілік Ел» туралы не білесіңдер?
Елбасымыз «Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан
2050» стратегиясының түп қазығы етіп алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен
гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен
талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жанжаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз, қазақ халқы, өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік Ел» біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Мектептерде бүкілқазақстандық құндылықтар ретінде «Мәңгілік Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек», -деп атап өткен болатын. «Мәңгілік Ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осыған байланысты, білім беру ұйымдарында Қазақстанның тұтас ұлтты ұйыстырушы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік,құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтар арқылы жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.
«Жалғасын тап» ойынын ойнайық.
Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.
Б- білімімді арнайтын
О- отанымды қорғайтын
Л- лаңкестікті даттайтын
А- адалдықты жақтайтын
Ш- шуағымды шашатын
А- асулардан асатын
Ғ- ғарыш сырын меңгергн
Ы- ынтымақты тең көрген
М- менмендікті жек көрген
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін
Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің!
Қорытынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!