Мотивациялық-
қозғаушылық
|
Салеметсіздерме балалар,тәрбиешілер!
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
|
|
Іздестіру-
ұйымдастыру
|
-Балаалар,бүгінгі күннің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Мен өз Отанымның патриотымын!»
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды.
Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің
халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.
Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған.
Сергіту:
Біз ақылды баламыз
Бақшамызға барамыз.
Көңілді боп жүреміз
Ақылды болып өсеміз.
Үстел-үсті жұмыс:
«Суретт құрасьыр»
«Әсем жалаулар»
|
- Қазақстан Республикасы.
-Астана
-Қазақ тілі
- Олар: ту, елтаңба, гимн.
Балалар,өз жұмыс орындарына отырып жапсыру жұмыстарын орындайды.
|
Рефлексивті-
түзетушілік
|
- Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Жарайсыңдар, балалар,ҰОІӘ-тіне белсенді қатысқандарыңа рахмет.
Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
|
Балалардың дербес әрекеттері.
|