СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен соғысты жек көрем!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабағым жаңа технология негізінде жасалған сабағымның бірі.Керектеріңе жарағай!

Просмотр содержимого документа
«Мен соғысты жек көрем!»

Пәні: Әдебиеттік оқу. Сабақтың тақырыбы: Мен соғысты жек көрем!Қ.Жұмағалиев.. Мақсаты: Авторға шолу, өлеңнің негізгі идеясын ашып түсіндіру. Оқушыларға барлық әлем халқы баларының тілегі бейбітшілік екендігін ұғындыру. Балалардың қатесіз ,шапшаң,мәнерлеп оқу технологиясын жетілдіру. Оқушыларды отансүйгіштікке баули отырып, ел, ұлт намысын қорғаған батырларды сыйлап құрметтеп, ерліктерін дәріптей білуге тәрбиелеу;
Ресурстары: Сюжетті суреттер, постер, стикер, фломастер. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Батырлар туралы слайдтар. Нәтижелері: Сыни тұрғыдан ойлана алады, өз ойын еркін жеткізе біледі. Әдіс-тәсілдер: топпен,жеке жұмыс, «Бұлт » «Өрмекшінің торы» «Көбелектер» әдісі. Жүрісі: I.Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық ахуал (бір-біріне жақсы тілектер тілейді) II.Үй жұмысын тексеру. Үй жұмысын тексеру. «Бұлт» әдісі арқылы қорытындылау.

III .Жаңа сабақ
а) Қызығушылықты ояту.
« Мен соғысты жек көрем! » өлеңін мәнерлеп оқу (мұғалім)
Автор туралы мағлұмат.
Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Бесқұдық ауылында дүниеге келген. Қаз ҰУ - ды бітірген. Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы. Іштей оқу. Шумақтап оқу. Хормен оқу. Сурет бойынша әңгіме. Сұраққа жауап алу. 1.Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды? 2.Ұлы Отан соғысының батырларын атаңдар? 3.Сенің арманың не? 4.Ұлы Отан соғысы қай жылы жеңіспен аяқталды? 5.Биыл соғыстың аяқталғанына неше жыл болды?(72ж )
Оқушыларды топқа бөлу.
1 топ: Өлеңнің мазмұнына байланысты сурет салу.
2 топ: Өлең мазмұнына байланысты мақал – мәтел ойластыру. Мағынаны ашу.
3 топ: Өлең мазмұнына байланысты шағын әңгіме құрастыру.
Өлеңді оқу. Оқи отырып түсініксіз сөздердің астын сызғызып, сөздік жұмысын жүргізу.
Сөздікпен жұмыс.
Қасірет – басқа түскен уайым, қайғы.
Жырақ – шалғай, алыс, қашық.
Ғұмыр бойы – өмір бойы.
«Әрі қарай жалғастыр» әдісін қолдану.
Әр топ мақалды жалғастырып айтады.

Батыр туса – ел ырысы,
...........................................
Жүк ауырын нар көтереді,
..............................................
Жолдас қадірін жорықта білесің,
...........................................
Ширату: «Әр қашан күн сөнбесін!» Бес жолды өлең құрастыру. «Өрмекшінің торы» әдісі. (Оқушылар жаңа сабақ бойынша бір-біріне сұрақтар қою арқылы өрмекші торын құрады.) Қорытынды.Кері байланыс: Не қызықты болды?Не түсініксіз? (Оқушылар стикерлер арқылы өз ойларымен бөліседі.)

«Көбелектер»әдісі

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу. Ұлы Отан соғысы батырлары туралы мәліметтер жинап келу. Батырларды еске алу 1минут «Рахмет» дейік бас иіп, Ардагерлерді ардақтап. Жеңіс бізге сыйлаған Майдангерлерге жыр арнап. Бағалау. «Екі жүрек,бір тілек» әдісі.

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы №9 жалпы орта білім беретін мектептің 1 санатты бастауыш сынып мұғалімі Есенова Ляиля Байтоллаевна