СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен және мені қоршаған әлем

Нажмите, чтобы узнать подробности

өзі және өзі өмір сүріп отырған ортаны құрметтеу, бағалап,жалпы жаратылыс туралы түсініктерін кеңейту

Просмотр содержимого документа
«Мен және мені қоршаған әлем»



Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в среней группе

Өткізу күні / Дата проведения: 08.02.2018

Тәрбиеші / Воспитатель :

Білім беру саласы / Образовательная область:Таным

Пән / Предмет: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Қоршаған әлем

Тақырыбы / Тема: «Мен және мені қоршаған әлем»

Мақсаттары / Цели :

1. Тәрбиелік – воспитательная: өзін және өзі өмір сүріп отырған ортасын құрметтеуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: жалпы жаратылыс туралы түсініктерін дамыту.

3. Оқыту – обучающая : Балаларға адам туралы және оны қоршаған орта туралы түсінік беру. Бауырымен жорғалаушылар туралы мәлімет алу. 

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение: суреттер, табиғат құбылыстарынің суреттері, құрт-құмырсқа жорғалаушылардың суреттері, лэпбукпен жұмыс.

Билингвалдық компонент : жәндіктер-насекомые, көбелек - бабочка, ара - пчела, шыбын - муха, инелік - стрекоза, қанқызы - божья коровка, қоңыз - жук, құмырсқа - муравей, құрт - гусеница, ұлу - улитка - өрмекші - паук.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар қонаққа Дымбілмес келіпті,амандасайық.(балалар амандасады)

Тәрбиеші: Дымбілмес қайдан жүрсің?

Дымбілмес: мен балалардан көмек сұрай келдім,осы жорғалаушылар қайда кеткен?

Тәрбиеші: Дымбілмес сен дәл келдің біз осы жайында ұйымдастырылған оқу-іс әректін жүргіземіз,біздің балалардың білімдерін тамашала.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады

1.Сумаңдаған тілі бар,

Тіл ішінде уы бар. (жылан)

2. Қыс кезінде ұйықтап жатар,

Жаз мезгілі думан ашар.( Шыбын )

2.негізгі бөлім

Балалар жер бетінде адамдар мен жануарлардан басқа тірі жәндіктер бар, олар құрт-құмырсқа,бауырмен жорғалаушылар.Оларда табиғаттың бір бөлігі болып саналады.

Ұшатын жәндіктер, ұшпайтын жәндіктер,бауырымен жорғалайтын жәндіктер,сулы жерде өмір сүретін жәндіктер,құрғақ жерде өмір сүретін жәндіктер,шағатын жәндіктер,шақпайтын жәндіктер адамдарға пайдасын тигізетін жәндіктер,адамдарға кесірін тигізетін жәндіктер болып бөлінеді.

Сендер білесіңдер ме?құстар осы жәндіктерді жеп қоректенеді.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Дұрыс,қыс мезгілі.дала әлі ұйқыда жатыр.Дымбілмес сұраған жәндіктерде ұйқы да, бізге көктем жақындап келеді , Көктемде балалар, айнала құлпыра түседі, құстар ән салады, ағаштар бүршік жарады,гүлдер гүлдейді, табиғат оянып, гүлдер өседі. Күн жылынып, адамдар жеңіл киімдет киеді.құстар жылы жақтан ұшып келе бастайды

- Ал шөптің арасында нелер пайда болады?

- Мынау не?

Слайд көрсету.(гүлдермен, ағаштарда жүрген құрт, жәндіктерді көрсету)

- Гүлдерге нелер қонады?

- Ал олардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?

Жәндіктердің суретін көрсету, жеке - жеке айтқызу.

Билингвальді сыңарын айтқызу: көбелек - бабочка, ара - пчела, шыбын - муха, инелік - стрекоза, қанқызы - божья коровка, қоңыз - жук, құмырсқа - муравей, құрт - гусеница, ұлу - улитка - өрмекші - паук.

Сергіту сәті:

Қанаттары әдемі,

қызыл-жасыл көбелек

гүлге қонып қалыпты

бір ғажайып керемет балалар көбелекті қимылмен айтып, көрсетеді.

Балалар біз кәзір лэпбук пен жұмыс жасаймыз. жәндіктерді жорғалаушылар мен жүретіндер және ұшатындар болып үшке бөліп жинаймыз. аттарын атап, түстерін түстейміз. Балалар жәндіктердің атын атап, екі ге бөліп жинайды.

3.Қортынды

Балалар бізге қонаққа кім келді?

Дімбілмес бізден қандай көмек сұрады (балалардың жауабы)

біз көмектесе алдықпа? Біз немен жұмыс жасадық? Лэпбукпен жұмыс жасаған сендерге ұнады ма? балалар сендер жарадыңдар,көп рахмет.Дымбілмес саған біздің балалардың жауаптары ұнады ма?

Дымбілмес: көп рахмет, көп нәрсе біледі екенсіңдер. енді мен қайтайын. Сау болыңдар.