Просмотр содержимого документа
«Менің көшем. 2 сынып»
Сабақтың тақырыбы: Менің көшем.
Сабақтың мақсаты:1. Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру.
Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде
қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Көптік жалғау туралы түсінік
беру.
2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын, есте сақтау, қисынды ойлау
қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту.
3. Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс
істеуге бағыттау, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көшеде жүру тәртібін
сақтауға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жаңа сөздер жазылған парақтар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау. Модульдің құрамын түсіндіру.
ІV.Сөздік жұмысы.
көше-улица, адамдар-люди.
Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
Оқушылар жаңа сөздерді топпен айтып шығады.
Жаңа сөздерді қатыстырын сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.
V.Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Тақырып бойынша берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестері бойынша жұмыс жасау.
2- тапсырма. Өтіліп отырған тақырып бойынша мәтінді сөйлесім әрекетінің барлық түрлерімен іске асыру.
3- тапсырма. Ережемен жұмыс. Көптік жалғауы туралы ережені егжей-тегжейлі түсіндіру. Көрнекілік бойынша бекіту.
Сергіту сәті.
Аппақ болып таң атты,
Түтін көкке шығады.
Торғай қағып қанатын,
Самғап биік ұшады.
4-тапсырма. О.Асауовтың өлеңімен мәнерлеп оқу сайысын өткізу.
5-тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.
6-тапсырма. Тапсырма бойынша оқушыларды тілдесімге баулу.
VI. Сабақты қорытындылау.
«Дұрысын тап» ойыны. Тақтаға сөздер жазылған парақшалар ілінеді, оқушылар оларға дұрыс көптік жалғауын жалғау керек. (Мақсаты: көптік жалғауын бекіту)
VII.Оқушылардың білімін бағалау.
VIII.Үй тапсырмасын беру.
93-бет, 4-тапсырма. Өлеңді жаттау.