СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Менің отбасым және достарым»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Менің отбасым және достарым»«Менің отбасым және достарым»

Просмотр содержимого документа
««Менің отбасым және достарым»»

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Дүниетану

ҰМЖ бөілімі: «Менің отбасым және достарым»

Күні: 13.06.2017

Сынып: 1





Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтын тақырыбы:



«Менің Отбасым»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

1.1.1.3. Отбасы мүшелерінің арасындағы өзара

қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал

келтіру.

Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар:

отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықтың маңызын біледі;


Көптеген оқушылар:

-отбасы мүшелерінің арасындағы бір-біріне қамқорлық жасау маңызын түсіндіре алады;


Кейбір оқушылар:

өз отбасындағы қарым-қатынас, қамқорлық туралы мысал келтіре отырып, әңгімелеп береді;



Ойлау дағдыларының деңгейі:

білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийлері:

·отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықтың маңызын біледі;

· қамқорлықтың маңыздылығын түсіндіретін мысалдар келтіреді;


Тілдік мақсаты

Тақырып бойынша сөздік қорын дамыту:

«Ана», «әке», «әже», «ата», «аға», «іні», «әпке», «сіңілі», «отбасы»

Құныдылқты дарыту:

Қамқорлық, сыйластық, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар:

Әдебиеттік оқу

АКТ пайдалану дағдылары:

Видео, презентация

Бастапқы білім:

“Дос болайық бәріміз!» атты тақырыпта адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынас туралы білді. Өмірде қарым-қатынас ережесін қолдануға үйренді.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері















кезеңдеі

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



































































Сабақтың ортасы





































































































Сабақтың соңы

















Рефлексия







Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, жалпы жан- жақты дайындығын тексеру. Сабаққа назарын аудару.

Психологиялық дайындық: Оқушылар менімен бірге мына өлең шумақтарын қайталайықшы.

Анаң – күнің, жүрегің, 
Әкең – өмір тірегің. 
Әжең – асыл ардағың, 
Атаң – дана қорғаның. 
Ағаң – қамқор асқарың, 
Інің – мөлдір аспаның. 
Қарындасың – қанатың, 
Ел-Отаның – жаннатың. 

Сен бақытты ұлансың, 
Бәрі саған қуансын! 

Ширату жаттығуы

Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.
- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
- Ал, киіз үйде кімдер тұрады?
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.
Жұмбақ:

Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар? (отбасы)
- Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

-Жарайсыңдар, ендеше бүгінгі сабақта біз не жайында өтеміз?

–«Менің Отбасым».

Алдыңғы білім тексеру.

-Адамдар арасындағы қарым-қатынас қандай болуы мүмкін?

- Қандай қарым-қатынас ережесін білесіңдер?

Оқушылар өздері ұнататын 4 түске байланысты (сары, ақ, жасыл, қызыл) 4 топқа бөлініп отырады.

Топ ережесі:

1.Тәртіп сақтау; 2.Уақытты тиімді пайдалану;

3.Басқаның пікірін тыңдау; 4.Ұйымшылдық көрсету.

Жеке жұмыс

«Сұлбасын тап» әдісі. (жеке жұмыс) Қағазда ата, әже, әке, ана, сәби, апа, аға суреттері сұлбасымен беріледі. Балалар отбасы мүшелерін сұлбасымен дұрыс сәйкестендіреді және атын тұсына жазады.

Тақтадан дұрыс жауабын қарап өздері тексеріп, алдарына берілген смайликті толықтырады.

ҚБ тапсырмасы:

1 тапсырма. Сурет бойынша отбасы мүшелерінің аттарын жаз.

Отбасы дегенді қалай түсінесіз?

Дескриптор: Білім алушы

- отбасы мүшелерінің аттарын жазады;

- отбасы деген сөздің мағынасын түсініп ой қорытады.

Сергіту сәті:

(Мұғалім қолына отбасы мүшелерінің бейнесі тігілген қолғап киеді, сосын бәрі бірге қайталайды)

Бас бармағым - атам,

Балан үйрек – апам.

Ортан терек – ағам,

Шылдыр шүмек – мен.

Кішкентай бөбек – сен,

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

«Сұхбат» әдісі (жұппен жұмыс) Әр бала өз отбасы жайлы фотосурет бойынша әңгімелеп береді. (алдын ала берілген отбасы жайлы коллаж жасап келу) Екі бала шығып бір-бірімен сұхбаттасады (интервью алады).

Мұғалім: -Балалар, енді сендерді «Баламен бетпе-бет» студиясына шақырамын. Бұл студияда өз отбасыларың туралы қысқаша әңгімелейтін боласыңдар.

– Бұл фотосуретте кімнің отбасы?

– Бұл – менің отбасым.

– Мынау кім?

– Мынау – менің анам.

– Отбасында бір-бірлеріңе қандай қамқорлық жасайсыңдар?

-Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, көмектесу т.б.

– Сен отбасыңмен қайда қыдырып жүрсің?

– Мен отбасыммен саябақта қыдырып жүрмін.

– Қандай керемет! Рахмет! – деген сияқты сұрақ-жауап бойынша екі бала арасында интервью әдісі жүреді. Фигура арқылы бір-бірін бағалау.

ҚБ тапсырмасы:

Суреттерге мұқият қараңыз. Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін суреттерді белгілеңіз.


Қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесіз? Жұпта талқылаңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін

суреттерді көрсетеді;

- қамқорлық жасау туралы ой қорытады.


«Тату-тәтті отбасы» әдісі. (топтық жұмыс) Тақтадан отбасындағы қарым-қатынас туралы видео (бейнебаян) көреді.

1 топ бір шумақ өлең.

2 топ сурет салу.

3 топ отбасының жақсы қарым-қатынасын сақтау ережесін құру.

4 топ сахналап көрсету.

Топ бір-бірін бағалау «баспалдақ» әдісі арқылы күлегештермен бағалайды.

ҚБ тапсырмасы:

Суреттерге мұқият қараңыз. Кімнің, кімге және қалай көмектесіп жатқаны туралы әңгімелеңіз.

Өз отбасыңызда бір-біріңізге қалай көмектесесіздер? Мысал келтіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы

- сурет бойынша ой бөліседі;

- өз отбасындағы қарым-қатынас туралы мысал келтіре отырып,

әңгімелейді.

«Баспалдақ» әдісі. Бұл әдіс бойынша оқушы өзін-өзі бағалауы қандай деңгейде, сабақта жұмыс жасау қандай деңгейде болды. Т.с.с анықтайды. Ол үшін оқушыға өзін белгілету күлегештермен қандай деңгейде жұмыс жасадың? Өзіңді қай баспалдақтан көрсетесің деп сұрау.





Интеракт тақта








































түстер







смайлик,қима қағаз































Отбасы мүшелері бар қолғап













Микрафон



Отбасы коллажы























Фигуралар























Бейнебаян





























Баспалдақ суреті


Қосымша ақпарат.

Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?



Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланысы