СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің ұстазым 1-сағат

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Оқушылардың  ұстаз еңбегін бағалау мен жанашырлық сезімін қалыптастыру.

Әрбір оқушыны ұстаз қауымын құрметтеуге, сыйлауға дағдыландыру.

Оларға сыйластықпен қарауға тәрбиелеу

Просмотр содержимого документа
«Менің ұстазым 1-сағат»

Пәні:

Өзін –өзі тану

Сыныбы:

2-сынып

Уақыты:

19.10.16

Сабақтың тақырыбы:

Менің ұстаздарым 1сағ

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық құзіреттілік:


Оқушылардың ұстаз еңбегін бағалау мен жанашырлық сезімін қалыптастыру.

ә) коммуникативтік құзіреттілік:

Әрбір оқушыны ұстаз қауымын құрметтеуге, сыйлауға дағдыландыру.

б) проблеманы шешу құзіреттілігі:

Оларға сыйластықпен қарауға тәрбиелеу

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын педагогика-лық технологиялар:

Білім беруді ізгілендіру,түсіндіре отырып оза оқыту,АКТ

Сабақтың әдісі:

Түсіндірмелі иллюстративті,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу,дүниетану

Оқыту құралдары:

Оқулық,түрлі түсті қарындаш

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру

Бөлімі













































































Әңгімелесу

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отыры-ңыздар.

- Көңіл-күйіміз қалай? Сыныптың сабаққа дайындығын тексереді. Қажетті көрнекіліктермен құралдарды дайындайды.

Тыныштық сәті

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтіну. Арқаларын тік ұстауын қадағалау. Жайлы, баяу музыка қою).

- Көздеріңізді жұмыңыздар және бірнеше рет терең тыныстаңыздар; денелеріңізді бос ұстаңыздар. Теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(бірнеше секунд үнсіздік).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Ойын.

«жас тілші»атты рөлдік ойында балалар «Айгөлек» журналының жас тілшілері рөлінде мұғалімнен сұхбат алады.

Мұғалім өзінің ұстаздық еңбек жолы , оқытқан шәкірттері,олардың жетістіктері мен оқушылары арасындағы сыйлы қарым қатынасты бейнелейтін алдын ала жасаған фотомонтажын тақтаға іледі.

Әрбір бала тақтадағы фотомонтаж бойынша мұғалімге өзі қалаған сұрақтарын қояды, мұғалім жауап береді. Мұғалім ойын соңында осы мамандықты не үшін таңдағаны туралы айтвп береді.


- Амандасады. Отырады.


-жақсы.сабақтағы жұмыстарға дайындалу,оқулықтар мен жұмыс дәптерін және қажетті құрал – жабдықтарды дайындайды.


Мұғаліммен бірге тыныштық сәтіне дайындалады.







































































Ойын.

«жас тілші»атты рөлдік ойында балалар «Айгөлек» журналының жас тілшілері рөлінде мұғалімнен сұхбат алады.

Мұғалім өзінің ұстаздық еңбек жолы , оқытқан шәкірттері,олардың жетістіктері мен оқушылары арасындағы сыйлы қарым қатынасты бейнелейтін алдын ала жасаған фотомонтажын тақтаға іледі.

Әрбір бала тақтадағы фотомонтаж бойынша мұғалімге өзі қалаған сұрақтарын қояды, мұғалім жауап береді. Мұғалім ойын соңында осы мамандықты не үшін таңдағаны туралы айтвп береді.


Жақсы көңіл – күймен сабаққа назарын аударады.













Тыныштық сәтін өткізу кезінде денелерін бос ұстап,тыныштықта сезімді, жағымды ішкі өзгерістерге жету үшін,өзіне-өзі сұрақ қоюда қиялын белсендіреді.Өзін-өзі ұстай біледі, жақсылық пен жамандықтың аражігін ажыратуға үйренеді.

Ұстаз еңбектің мәнін рөлдік ойын арқылы ашады. «жас тілші»атты рөлдік ойында балалар «Айгөлек» журналы-ның жас тілшілері рөлінде мұғалімнен сұхбат алады.Мұғалім өзінің ұстаздық еңбек жолы , оқытқан шә-кірттері,олардың жетістіктері мен оқушылары арасындағы сыйлы қарым-қаты-насты бейнелейтін алдын ала жасаған фотомонтажын тақтаға іліп қояды да,әрбір балаға тақтадағы фотомонтаж бойынша қойылған сұрақтарға, мұғалім жауап береді. Мұғалімі оқушыларына осы мамандықты не үшін таңдағаны туралы айтып береді.

ІІ. Үй тапсырма-

сын тексеру.


Үлкенге құрмет- кішіге ізет тақырыбы бойынша «Рахмет,ата!» әңгімесін оқып, «кішілік- кісілік» жаттау.


«кішілік-кісілік»

Көп ойланып есебі,

Келсе керек белгісі.

Сөз сұрапты деседі

Қариядан бір кісі:

-уа, қария, данамыз,

Алайық бір түсініп.

Үлкендік деп не ұғамыз?

Дейміз нені кішілік?

-ағайынмен, досымен,

Тату болса ісімен.

Санаспай –ақ жасымен,

Сыйлас болса кісімен:

Кезек күтіп сөйлесе,

Көрсетсе ізет,білгендік.....


Үй тапсырмасына дайындық деңгей-лері анықталады.

өлең арқылы оқушы бойындағы кешірімді болу, кішіпейіл болу сияқты жақсы қасиеттерді қолдау,дәріптеу

Оқушылар өздері айтқан ойларымен адамдарды ренжетпеу керектігін ұғыну . ойлау арқылы білімдері шыңдалады.

III. Жаңа мате-риалды меңгерту.













Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жа-дын жазайық. Әдемі, таза етіп жазамыз.

Менің ұстаздарым


« Ұстазы жақсының,

ұстамы жақсы» Мақал

Оқушылар дәптерге күннің жадын жа-зады.

Менің ұстаздарым


Дәптерлеріне дәйек сөздерді мағынасын ашып жазып алды


Жаңа тақырып бо-йынша мәлімет жинақтайды.

















































Мәтінмен жұмыс

Ұстаз А.Сопыбеков

Күлімдеген,

Күнім деген,

Қамқор болған ұстазым.

Жаны жайсан,

Жайдары жан,

Ұғындырған сөз сазын.

Бәрін білген,

Білім берген,

Жас ұрпаққа талмастан.

Әрбір жастын

Қарлығаштың

Көңіл сырын дәл тапқан.

Талаптанып,

Қанаттанып...

Өмір сырын ұғамыз.

Білім алып,

Тұлғаланып...

Азамат болып шығамыз.


Өлеңде ұстаз бойындағы қандай жақсы қасиеттері айтылған?

.




1.Суретке қарап ұстаздық еңбек туралы айтып беріңдер.

2. «Менің ұстазым» тақырыбына әңгіме құрастыр

Жаңа ақпарат

Ұстаз мектепте білім-тәрбие беріп,адамгершілік нұрын төгеді.Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін,тәжірибесін,білімін үйретеді.адамдардың айналаға,достарына,табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады.Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады,өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.



Мәтінмен жұмыс

Өнерлі жігіт (аңыз)

Әл-фараби бір күні базарға барса,бір жас жігіт тісімен шеге суырып,әр түрлі өнер көрсетіп тұр екен.оны көрушілер риза болып,тиын-тебен тастап кетіп жатады.Әбунасыр одан:

-Күніне қанша табасың?-деп сұрайды.

-Екі дирхемге жетер-жетпес қана.

-Онда сен бұл өнеріңді таста.Маған ер,мен саған оқу үйретемін,күніне төрт дирхем беремін,-деп оны ертіп алады.Мұны естіген саудагерлер:

-Мына диуана,дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып,әрі оған төрт дирхе төлегені енесі?-деп күліпті.

Кейін сол бала ғалым болыпты деген сөз бар.




Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді?

*Шәкіртінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қандай еңбек сіңірді деп ойлайсыңдар?

*Білім адамға не үшін қажет?

Ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр адамның бойындағы жақсы қасиеттерді байқап,оның болашақта өз орның табуға көмектеседі сол үшін аянбай еңбек етеді.


Оқушылар үнтаспаға қосылып, «жарқын жүзді ұстазым» әнің бірге айтайық.

Жарқын жүзді ұстазым

Сөзін жазған:Ш.Смаханұлы

Әнін жазған:И.Нүсіпбаев

Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

«Әліппені» ұсындың.

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

Мейір толы көзіңде,

Кім бар сенен шыдамды.

Шалыс басқан кезімде,

Кешірерсің кінамды.


Ұстаз деп кімдерді айтамыз?

Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар?

Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер?

Дұрыс айтасыңдар. Тәрбие, білім, ақыл, беретін адамдарды біз ұстаз дейміз. Ата ана ұстаз, мұғалім ұстаз, үлкендер ұстаз, кітап ұстаз.олар біздің жақсы адам болып өмір сүруімізге көмектеседі.


Мәтінмен жұмыс

Ұстаз А.Сопыбеков

Күлімдеген,

Күнім деген,

Қамқор болған ұстазым.

Жаны жайсан,

Жайдары жан,

Ұғындырған сөз сазын.

Бәрін білген,

Білім берген,

Жас қрпаққа талмастан.

Әрбір жастын

Қарлығаштың

Көңіл сырын дәл тапқан.

Тлаптанып,

Қанаттанып...

Өмір сырын ұғамыз.

Білім алып,

Тұлғаланып...

Азамат болып шығамыз.


Шәкірттеріне қамқор болуы, білімін аямай беруі, қанатандыратыны,тұғаландыратыны.


















Оқушылар ұстаздық еңбек туралы өз ойларын ортаға салады жіне шағын әңгіме құрастырады.









Оқулықта берілген Жаңа ақпаратты талдау арқылы ұстаздың адам өміріндегі маңызын түсінеді.











Мүғалім мен бірге мәтіннің мазмұны талданады.

Өнерлі жігіт (аңыз)

Әл-фараби бір күні базарға барса,бір жас жігіт тісімен шеге суырып,әр түрлі өнер көрсетіп тұр екен.оны көрушілер риза болып,тиын-тебен тастап кетіп жатады.Әбунасыр одан:

-Күніне қанша табасың?-деп сұрайды.

-Екі дирхемге жетер-жетпес қана.

-Онда сен бұл өнеріңді таста.Маған ер,мен саған оқу үйретемін,күніне төрт дирхем беремін,-деп оны ертіп алады.Мұны естіген саудагерлер:

-Мына диуана,дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып,әрі оған төрт дирхе төлегені енесі?-деп күліпті.

Кейін сол бала ғалым болыпты деген сөз бар.

Сұрақ жауап

Оқуды білімді болуды.

Шәкірті болашақта ғалым иесі болады.бар білімін шәкіттінен аямады.

Болашақта үлкен мамандық иесі болу үшін.





«жарқын жүзді ұстазым» әнің мұғаліммен бірге айтады.

Жарқын жүзді ұстазым

Сөзін жазған:Ш.Смаханұлы

Әнін жазған:И.Нүсіпбаев

Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

«Әліппені» ұсындың.

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

Мейір толы көзіңде,

Кім бар сенен шыдамды.

Шалыс басқан кезімде,

Кешірерсің кінамды


Білім тәрбие ақыл беретін адам.

Баутауыш сынып мұғалімін

Жоғары мамадық иесі болып, жақсы жақтарынан көрініп, үлкен жеңістікке жетуі






оқушылар ұстаз еңбегіне деген құрметін арттыра түсу.өлеңді оқып,ондағы негізгі ойға мән беріп,берілген сұраққа жауап береді.

Тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар қойылады. Өз ойларын айту арқылы сабақтың мазмұның ашып,қызығушылықпен қарайды.жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды.






Оқушылар өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді өз қарым – қатынасын дәйектейді.













Оқушылар шығармашылық қасиеттерін қалыптастырады.ұстаздық еңбек туралы өз ойларын айтып, шағын әңгіме де құрастырады.

оқушыларды ұстаздарын сыйлау барысында шығармашылық жұмыспен жұмыстанады.

Балалар жауаптарын оқулықтағы жаңа ақпаратпен байланыстырды.


Жаңа ақпаратты талдау балалардың өзіне, болашағына деген сенімдерін қалыптастырады.









Балаларға ұстаз еңбегінің маңыздылығын мен мән мағынасын түсіндіру үшін «өнерлі жігіт» аңызын оқыту.




Сұрақтарға өз ойларын айтады.

Мұғалімді оқушылар мұқият тыңдады.











Аңыз бойынша сұрақтарға жауап береді.











Ән айтады.

Мұғалімнен бірге өлең жолдарын қайталады


Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, бір біріне жақсы тілектерін білдіреді..

Оқушылар шаттық шеңберге тұрып,өлең жолын мұғаліммен қайталай отырып,қимылмен көрсетеді.






Сұраққа қызығушылықпен жауап береді.өздері еркін, өз ойларын анық жеткізуге дағдыланады.

IV. Жаңа материалды бекіту.

« күннің көзін бұлттан арылту»

Алдын ала беті бұлтпен жабылған күннің макетін дайындайды.бұлттың артқы бетіне сұрақтар жазылады


Ұстаз:

1.біліммен сусындатады;

2.тәлім-тәрбие береді;

3.өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;

4.табиғатты танып білуді меңгертеді;

5.адамдарды түсінуге үйретеді;

Жүректен жүрекке

  • Білім бергеніңіз үшін рақмет!

  • Оқуға үйреткеніңіз үшін рақмет!

  • Ақыл-кеңесіңіз үшін рақмет!

  • Жылы жүрегіңіз үшін рақмет!

  • Жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рақмет!


Сонымен, біз бүгінгі сабақта мұғалімдерді сыйлап, қадірлеу туралы түсінік алдық. Тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыс,мәтіндер оқып, өз ойларымызды айттық.


Кез келген бұлтты алып, сұраққа жауап береді.





Ұстаз:

1.біліммен сусындатады;

2.тәлім-тәрбие береді;

3.өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;

4.табиғатты танып білуді меңгертеді;

5.адамдарды түсінуге үйретеді;

Жүректен жүрекке

  • Білім бергеніңіз үшін рақмет!

  • Оқуға үйреткеніңіз үшін рақмет!

  • Ақыл-кеңесіңіз үшін рақмет!

  • Жылы жүрегіңіз үшін рақмет!

  • Жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рақмет!


Оқушылар барлық

сұраққа жауап беріліп біткенде күн сәулесін шашады.


Оқушылардың бүгінгі тақырыпқа деген қызығушылықтары байқалады.


Ұстаз туралы толық мәлімет алады және ұстазға хормен рахмет айтады.

V. Үйге тапсырма.

Дәптерде берілген тапсырмалар бойынша өз ойларыңды жазыңдар.

Тапсырма ( төменде айтылған ойларды түсіндіріңдер)

*Мұғалім- білім беруші.

*Мұғалім-көмекші.

*Мұғалім –қамқоршы.

*Мұғалім-ақылшы.

*Мұғалім-сенімді дос.

өз ойларын жазып келу

тапсырма «менің ұстазым » тақырыбына шағын әңгіме жазу.

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырмаларды жазып алды.

Балалардың қстазды құрметтеу туралы түсініктерін бекіте түсу үшін үй тапсырмасы беріледі және оның орындалу жолы түсіндіріледі.



VI. Бағалау.

Қорытынды.

Тыныштық сәті

-Балалар, ынғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бүгінгі өткен сабамызға ойша қорытынды жасайық.

Сабақтан алған әсерлеріңді бойға сіңіріңдер

1.2.3.......

Сабақ барысында белсене қатынасқан оқушыларды бағалау.

- Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!




Балалар тыныштық сәтіне көздерін жұмып, ынғайланып отырады.

Сабақтан алған әсерлерін қорытындылайды.



Күнделіктеріне баға қойғызады.

- Сау болыңыз




Оқушылар керемет сезімге бөленеді және өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуді үйренеді.


Сабақ қорытынды-ланады.