Өзін-өзі тану
Мерзімі:
Мұғалім: Г.Жакенбаева
Сынып: 1
Тақырып: ІІ ТАРАУ. ЫНТЫМАҚТЫ ОТБАСЫ. 9-10 САБАҚТАР
Менің үйім
Бұл сабақта сабақтың тақырыбына сәйкес сүйіспеншілік құндылығы туралы тереңірек ұғынуға жағдай туғыза отырып, жауапкершілік, тәртіптілік, татулық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік жасалады.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларға отбасы ұғымының мәнін ұғындыра отырып, жауапкершілік қасиеті туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушыларды отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікпен қарым қатынас жасауға баулу арқылы татулық қасиетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды отбасын құрметтей отырып, жауапкершілікке, тәртіптілікке, татулыққа тәрбиелеу.
«Менің үйім» сабағының 1- сағатында төменде берілген әдіс-тәсілдер арқылы жарасымды отбасы және оның татулығының сүйіспеншілік құндылығына негізделетінінұғындыруды мақсат етуі керек. Сондықтан да оқулықтағы сабақтың келесі мәтінге дейінгі аралығындағы оқу сатериалы тату отбасы, отбасындағы бірлік туралы, оның сүйіспеншілік құндылығының негізі екендігіне бағдарланады.
«Тәртіп», «талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін естеріне түсіріп, барлық ойымыз, сөзіміз, ісіміз осы ережеге бағыну керектігін айту.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
«5Т» ережесін хормен оқып, қайталау.ТӘРТІП, ТАЛАП, ТЫНЫШТЫҚ, ТАЗАЛЫҚ, ТАТУЛЫҚ.
ТЫНЫШТЫҚ СӘТІ. НҰРҒА БӨЛЕНУ
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: ескертулер
ІІІ. Дәйексөз
ДАНА СӨЗДЕР
Оқулықтағы «Дана сөздер» айдарымен ұсынылған сабақтың дәйексөзімен таныстыру.
«Отан - отбасынан басталады» деген мақал екі сабаққа ортақ дәйексөзө болып табылады. Дәйексөзді оқу. Балаларға бірге дауыстап айтуды ұсыну. Бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды, содан соң қыз балалар қайталап оқиды. Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрау. Оқушылардың жауаптары тыңдалып болған соң, қорытынды жасау.
IV. Әңгімелеу
БІРГЕ ОҚИМЫЗ
Оқулықтағы «Бірге оқимыз» айдарында ұсынылған «Отбасы татулығы» аңыз әңгімесі алдын ала оқу бойынша үйде оқып келуге тапсырылған. Жаңа сабақты әңгімелеу үшін тақырыпқа сай өз сыйымды әкелемін. Оқушылардың мәтін мазмұнын үйден оқып, қалай түсінгендерін байқау үшін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, балалармен әңгімелесу жүргізу.
«Себеттегі жемістер» ойыны.
Мақалды жалғастыр: «Шаңырақ сәні-......... (сыйластық)»
Сіз деген-әдеп, біз деген-..... (көмек)
Сұраққа жауап: Адамның сыпайылығын қалай білуге болады?
«Үлкенді құрметтеп сыйлау, тыңдау үшін не істеу керек?»
Қандай сыпайы сөздерді білесің?
Мейірімділікті .......(анадан) үйрен.
Сүйіспеншілік- .....(сый) талап етпейді.
Өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы кім?
Әдепті бала- арлы бала, әдепсіз бала-.....(сорлы) бала.
Ана, әке, әже, ата туралы қандай өлең білесің?
Сабақта мәтінмен жұмыста отбасындағы татулық, бірлікке баса назар аударылады.
ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫ (аңыз әңгіме)
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар дайындап, оқушыларға әңгімелету және төменде «Әңгімелесейік» айдарында берілген сұрақтар брйынша мәтіннің рухани тереңдігін ашып, өмірмен байланыстыра отырып, талқылау.
V. ӘҢГІМЕЛЕСЕЙІК
Отбасының татулығы, бірлігі қайдан келеді? Ол кімге, неге байланысты? Әрбір адам оған жауапты ма? Неліктен?
Отбасыңда қандай бала, аға, іні, әпке, қарындас?
Сендердің отбастарыңның татулығы мен бақыты қандай құндылықтар мен қасиеттерден құралған?
VI. Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма
ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙЫҚ
Бұл айдардың мақсаты шығармашылық іс-әрекет арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту болып табылады.
1-тапсырма. Балалар суреттерге қарап, отбасы мүшелерінің арасындағы ізгі қарым-қатынастарды тауып, әңгімелеп береді. Өз отбасыларын да мысалға келтіреді.
Бұл тапсырманың мақсаты оқушыларды байқай білуге, сезімталдыққа үйрету.
2-тапсырма. Оқушылар әрқайсысы өз отбасындағы мінез-құлық ережесін жасайды. Бұл тапсырманың мақсаты отбасындағы әрбір адамның өз міндеттері мен парыздарын дұрыс орындауға үйрету. Оларға қарапайым ереже жасатып, ол ережеге үнемі , жүйелі түрде бағынып отыру арқылы жақсы іс –әрекеттің дағдыға, әдетке айналуына мұрындық болу мақсат етіледі. Күнделікті өмірде ата-аналар балаларға үлгі болуы тиіс. Өзге адамдардан тек жақсылықты көруге үйрету керек және олармен өздеріне басқалардың қандай қатынас жасағанын қаласа, өздері де сондай қатынас жасауға тиіс екенін үйрету керек. Ата –аналар отбасында мінез-құлық ережесін жасауы керек және оны өздері де бұлжытпай орындап, сол ережеге бағынып отыруы керек.
3-тапсырма. Суретте берілген гүл, ара, күн, ай, кітап, жеміс ағашына қарап, олардың қайсысын өз отбасы мүшесіне теңейтінін және неліктен екенін айтып беру тапсырылған.
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар өз отбасы мүшелерінің іс-әрекетін, өздеріне деген қамқорлығын естеріне түсіре отырып, суреттегі бейнелермен салыстыруға ғана мүмкіндік алмайды, оларға деген ризашылығымен қатар, айнала қоршаған ортаға деген сезімталдығы, жауапкершілігі, риясыз сүйіспеншілігі оянып, арта түседі.
VII. Үй тапсырмасы ретінде келесі Әли Ысқабайдың «Ғажайып» өлеңін үйге оқуға беру.
VIII. Тыныштық сәті.
Осы тақырыптағы екінші сабақта отбасындағы үйлесімді, ізгі қарым-қатынасты құрудағы оның әрбір мүшесінің бойындағы сүйіспеншілік құндылығы мен қасиеттерді негізгі мақсат етіп қою.
Сабақтың басында сыныптағы «тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін естеріне түсіріп, барлық ойымызды, сөзімізді, ісімізді осы ережеге бағындыруға шақыру.
БІРГЕ ОҚИМЫЗ
Оқулықтағы «Бірге оқимыз» айдарында ұсынылған Әли Ысқабайдық «Ғажайып» өлеңін алдын ала оқу бойынша үйде оқып келу тапсырылған. Жаңа сабақта әңгімелеу үшін тақырыпқа сәйкес өз сыйымды ұсынамын. Оқушылардың өлеңді қалай түсінгендерін байқау үшін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, балалармен әңгімелесу жүргіземін. Сабақта мәтінмен жұмыста отбасының әрбір мүшесінің бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен, сыйластықпен, түсіністікпен, өз парыздары мен міндеттерін ұғына отырып жасаған қарым-қатынастарына баса назар аударылады.
«ҒАЖАЙЫП» Әли Ысқабай өлеңін оқу
ӘҢГІМЕЛЕСЕЙІК
Оқушылардан мәтіннің желісі бойынша сұрақтарға жауап алған соң, ондағы құндылықтар мен қасиеттердің мәнін ашатын төмендегідей сипаттағы сұрақтар қойып, талдау жұмысы жүргізіледі.
Өз отбасыларыңда қандай адамгершілік қағидаларың бар?
Өлеңде неліктен ата, әже, ана, әке, аға, әпке, інінің іс-әрекеттерін ғажайыпқа теңейді?
Өз отбасыңда сен үшін не ғажайып?
ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙЫҚ
Бұл айдардың мақсаты шығармашылық іс-әрекет арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту болып табылады.
Бұл тапсырманы үйге беруге болады.
1-тапсырма. Балалар өздерінің жақындарын қалай қуантатынын үлкендермен бірге жазады. Тапсырманы орындау барысында оқушы өз жақындарының жақсылықтары мен қамқорлықтарын ой елегінен өткізіп, өз шамасына қарай қолынан келетін жақсылықтарын жазу барысында, оларды қуаныш сезімі билеп, өздерінің де басқаларға жақсылық жасап, қамқор бола алатынын сезіне түседі. Оқушыларға отбасындағы адал қызмет, парыз және жауапкершілік туралы естеріне түсіріп кеткен абзал. Өзімізді біреуге арнай отырып, біз толығып, кеңейеміз, ал өзімшіл болып, өзімізді ғана ойласақ, барымыздан айырылатынымызды да естеріне салу керек.
Риясыз қызмет ету- бұл отбасылық өмірдің іргетасы. Әрбір отбасы мүшесінің өз құқығы мен міндеттері бар, ол оны байыппен орындауы тиіс.
2-тапсырма. Оқушылар оқулықта берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, дәптерде берілген кестені толтырады. Оқулықта тапсырма былай берілген: кімге қандай құндылықтар мен қасиеттер маңызды.
Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: сүйіспеншілік, сыпайылық, нәзіктік, тәртіптілік, батылдық, жанашырлық, қамқорлық.
Тапсырманы орындату барысында ұл бала мен қыз баланың табиғаты бойынша ерекшеліктерін айта отырып, мысал келтіріп кетуге болады. Мысалы: Риясыз сүю ананың табиғатынан берілген қасиеті. Ананың шынайы таңғажайыптығы оның мейірімді мінез-құлқында ғана қыз балаға сыпайылылық, ибалылық қажет. Онсыз қыз бала сұлулықтан, әдеміліктен, мәдениеттен де жұрдай болады. Әке отбасында ең басты орынды иеленеді. Әке-білімнің, даналықтың, тәртіптің іске асырушысы. Әке- отбасын, балаларын қорғаушы, отбасының барлық мұқтаждығын өтеуші, олардың денсаулығына, білім алуына кепілдік беретін адам. Бүгінгі ұлдар мен қыздар ертеңгі аналар мен әкелер екенін де айтып кетуге болады.
3-тапсырмада отбасы мүшелеріне алғыс хат жазу тапсырылған. Бұл тапсырманы орындату барысында баланың өз парызы алдындағы адалдығын сезіндіруге жағдай жасау. Ең негізгі міндет- оқушыға ата-аналарын құрметтеу балалардың ең бірінші міндеті екенін ұғындыру.
Өз ата-анасына, жақындарына ризашылық сезіммен қарауға тәрбиелеу мақсаты қойылады. Берілген тапсырмаларды бір сабақта орындауға үлгермеген жағдайда келесі сабақта өткізуге болады.
ЖАҢАНЫ БІЛЕМІЗ
Бұл сабақта екі сабаққа бір оқу ақпараты берілді. Оқу ақпаратын берудегі мақсат сабақ бойы үйренгендерін түйіндеп, алған білім, біліктерін қорытындылау.
Күнделікті өмірде отбасында бір-бірімізге үлгі болуымыз керек. Отбасы мүшелерінен тек жақсылықты көріп, кешірімшіл болсақ, татулық, береке болады.
Жақсы бала отбасындағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезініп, байқап бағалайды.
Отбасының татулығы мен бірлігіне отбасының әрбір мүшесі жауапты.
Отбасындағы бақыт пен тыныштық- олардың бір- біріне сүйіспеншілік, жанашырлық, түсіністікпен құрмет танытуында.
ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ
Бұл бөлім топпен ән айтуға арналған. Оқушыларға «Мен әдепті баламын» атты рухани құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің мәнін ашып беретін Әбдірахман Асылбековтың сөзіне жазылған Ибрагим Нүсіпбаевтың әнін топпен айту ұсынылады.