СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Моносахаридтер. Глюкоза.

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Моносахаридтер ж?не глюкозаны? ??рылысы, таби?атта т?зілуі, алынуы, жалпы ?асиеттері, ма?ызы мен ?олданылуы туралы т?сінік беру ж?не білімдерін ке?ейту;

Просмотр содержимого документа
«Моносахаридтер. Глюкоза.»



Пән: химия

Сынып: 11

Тақырыбы: Моносахаридтер. Глюкоза
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Глюкозаның құрылысы, табиғатта түзілуі, алынуы, жалпы қасиеттері, маңызы мен қолданылуы туралы түсінік беру және білімдерін кеңейту;
Дамытушылығы: Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, ой өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды сабақтың мазмұнына бойынша алғырттыққа, өз бетінше ізденуге, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: ақпаратты - комплексті, түсіндірмелі , сұрақ – жауап,
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабақ
3. Химиялық диктант
4. Топтық тапсырма
5. Үйге тапсырма
Күтілетін нәтиже:
Есептер мен жаттығуларды өз бетімен орындай алады. Танымпаздық іс - әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы артады.
1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабақ




Сn (Н2О) m - ге сәйкес келді. Бірақ кейін бұл формулаға сәйкес келмейтін, ал қасиеті жағынан заттардың осы класына жататын қосылыстар табылды.
Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жеміс-жидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады. Глюкоза — моносахарид тобындағы көмірсутек. Тамақ өнеркәсібінде, медицинада және аналитикалық химияда реактив ретінде қолданылады. Өсімдік жемістерінде және жануар организмдерінде болатын жүзім қанты. Сахароза, лактоза құрамына кіреді және крахмал, гликоген, целлюлоза түзеді. Глюкоза маңызды зат алмасу азығы болып есептеледі, тірі тіндерді энергиямен қамтамасыз етеді.

Глюкозаның табиғатта түзілуі мен алынуы
1. Табиғатта глюкоза фотосинтез реакциясы нәтижесінде түзіледі.
2. Қантты заттарды, ең алғаш A. M. Бутлеров (1861 ж.) кальций гидроксиді қатысында формальдегидтен синтездеді:
Химиялық қасиеттері
Глюкоза құрамында альдегид тобы бар көпатомды спирт болғандықтан, альдегидтерге және көпатомды спирттерге тән екі жақты қасиет көрсетеді.
Альдегид тобына тән реакциялары
Глюкоза жақсы тотықсыздандырғыш, жұмсақ тотықтырғыштардың әсерінен, мысалы, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен альдегид тобы ғана тотығып, глюкон қышқылына айналады:
Мыс (II) гидроксидімен қыздырғанда, альдегид тобы тотығып, карбоксил тобына айналады және мыс (І) оксидінің қызыл түсті тұнбасы түзіледі: Тәжірибе:
Жаңа даяланған мыс гидро тотығына бірнеше тамшы жүзім және алма сөлін не аптека гюкозасымен араластырамыз. Қыздырамыз.
Глюкоза адам организмінде зат алмасу процесіне қатысады. Тамақ арқылы қабылданған крахмал, қант сияқты күрделі көмірсулар ферменттердің әсерінен ас қорыту жолдарында глюкозаға ыдырайды. Адам организмінде глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады. Тірі организм клеткаларында глюкоза оттекпен бірнеше саты арқылы біртіндеп тотығады.
Көмірсулар тез ыдырап, организмді тез арада қажет болатын энергиямен қамтамасыз етеді. Ас қорыту каналында полисахариттер моносахариттерге дейін ыдырап, ішек бүрлерінің капилляраларындағы қанға өтеді. Егер қанттың қандағы мөлшері азайса (гипогликемия) организм шаршап, бас айналып, көз қарауытады. Бұл жағдайда қанға немесе тері астына глюкозаның ерітіндісін жіберсе, не кәдімгі қант жесе, аз уақыттың ішінде - ақ гипогликемиялық шок деп аталатын жоғарыда аталған жағдайдың барлығы жойылады.
Фруктоза (левулоза, жеміс қанты) - моносахаридтер тобына жататын глюкозаның изомері. Фруктоза сахароза мен инулиннің құрамдас бөлігі болып табылады. Фруктозаның жеміс қанты деп аталу себебі, ол табиғи күйінде барлық жеміс - жидектердің құрамында кездеседі. Балдың негізгі бөлігі фруктозадан тұрады.Фруктозаның негізгі қасиеттерінің бірі – оның тәттілігі, ол сахарозадан 1, 5 - 1, 7 есе тәтті. Фруктозаны қолдану арқылы қанттың қабылдау мөлшерін 30 - 50 %- ға азайтуға болады. Фруктоза адам организмінде өте сіңімді, қорытылу кезінде инсулиннің қатысуын қажет етпейді. Сондықтан да, фруктоза диабеттерге арналған препараттар жасауда, диеталық тағамдар даярлауда және басқа да тамақ өнімдерін даярлауда кеңінен қолданылады.
Сонымен қатар, фруктозаның басқа да ерекше қасиеттері бар. Ол қандағы алкогольдің ыдырауын күшейтеді және де тамақтануда кәдімгі қантты фруктозамен алмастыру – тіс ауруларының алдын алуға септігін тигізеді.
Фруктозаны алудың өндірістік маңызы бар көздеріне инулин құрамдас өсімдіктер жатады. Мұндай өсімдіктерге жататындар: топинамбур, шашыратқы, түйежапырақ, георгин, бақбақ т. б.

Химиялық диктант.
1. Моносахаридтер..................... қарапайым қантты заттар.
2. Қантты заттарды, ең алғаш рет.............. 1861ж. кальций гидрооксиді қатысында.................... гидролиздеп алды.
3. Ашытқы ферменті әсерінен ашып,............. этанол түзіледі.
4. …................ – жеміс қанты деп атайды.
5. Көмірсулардың жалпы формуласы………………………
6. Дисахаридтер..............., моносахаридтердің.... молекуласына ыдырайды...........- сүт қантты.
7. Глюкоза ……….. - крахмалды өндірісте …………ерітіндісінде қайнатып алу.
8. Сахарозаны балқытып қатырса............ мөлдір масса түзіледі.
9. Глюкоза артық мөлшерде............. айналып,........... қор болып жиналады.
10. Глюкоза адам организмінде …………… процесіне қатысады.
Топтық тапсырма
I топ
1. Глюкоза молекуласының құрамындағы көміртегінің массалық үлесі қандай?
2. 400 г 20% – тік ерітінді дайындау үшін қажетті фруктоза мен су мөлшерін анықтаңдар.
3. Егер өнімнің практикалық шығымы 82% құрайтын болса, 171 г сахарозаның гидролизі нәтижесінде түзілген фруктозаның массасын есептеңдер.

II топ
1. 85. 5 сахароза гидролизінде алынатын фруктозаның массасы қандай?
2. 30 г глюкозаны 130 г суда ерітті. Алынған ерітіндідегі глюкозаның массалық үлесі қандай?
3. Глюкоза спирттік жолмен ашығанда 299 г этил спирті алынды, ол шығым 85 - ті құрайды. Ашуға алынған глюкозаның массасын есептеңдер.

Үйге тапсырма
Көмірсулар. Моносахаридтер. Глюкоза
№ 4- 5 есеп “Адам организміндегі глюкозаның маңызы” реферат жазып келу