Сабақ тақырыбы: Мұражайға саяхат
Сабақ мақсаты: оқушыларды мұражайымен таныстыру; жаңа сөздерді меңгерту;
Мұражай туралы білімдерін кеңейту; ой-өрісін дамыту; сөздік қорын молайту;
Мәдениеттілікке баулу; қоғамдық орында өздерін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: саяхаттау сабағы
Негізгі түсініктер: Надеждин аулының мұражай тарихы, кешен, экспонаттар
Сабақта қолданылатын материалдар: интерактивті тақта, тірек сөздер жазылған қима қағаздар, парақшалар, маркерлер
Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Сәттілік тілеу» тренингі, «Тірек сөздер» стратегиясы, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы
Дереккөздері: мұражай, сөздік
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұражайға келу, кіру, шешіну, өздерін ретке келтіру
Мұражайда өзін-өзі ұстауы туралы әңгіме өткізіледі
«Сәттілік тілеу» шеңбері. Оқушылар шеңберге тұрады.
Балалар, қазір бізде қандай сабақ? (Қазақ тілі сабағы)
Дұрыс, қазақ тілі
Қазақ тілі сабағы сыныпта өте ме? (Жоқ)
Қайда өтеді? (Мұражайда)
Дұрыс, мұражайда. Мұражайдың өз тәртібі бар, соны ұмытпайық.
Жаңа сабақ:
Сабағымызды бастаймыз. Бүгінгі сабақ – ерекше сабақ. Бір-бірімізге жақсы көңіл сыйлап, сәттілік тілейік.
Қазір біз мұражайды аралаймыз. Алғашқы тапсырма: экскурсия бойы барлығына назар аударып, зейін қоя тыңдап, есте сақтаңдар. Себебі, кім ең мұқият екенін анықтаймыз. (Балалардың қызығушылығын тудыру)
ІІ. 1) Гид экскурсиясы – түсіндіру. (2019 жылы 8 мамырда обелискпен бірге ашылды)
2) Мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы – сұрақ-жауап
3) «Фотограф» ойыны. Шарты: Барлық оқушыға бірдей тапсырма беріледі. Өздері тұрған бөлменің заттарын мұқият қарап, есте сақтап алады. Бір оқушы ортаға шығып, теріс қарап тұрып есінде қалған заттарды атайды. (1-2 оқушы)
Оқушылар сыныпта жұмыстарын жалғастырады. Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу.
«Мұқият оқушы» ойыны. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Біз қайда келдік?
Мұражай қай жерде?
Мұражай нешінші қабатта?
Қазір біз нешінші қабаттамыз?
Гид апай ма, ағай ма?
Біз барған бөлмеде нелер бар?
Біз кіруге не алдық?
Билет неше теңге?
Мұражайда гүл өсе ме?
«Ой шақыру» әдісі арқылы «Мұражай» сөзіне ассоциограмма құрғызу. Әр топқа қимақағазға жазылған 15 сөз беріледі. Белгіленген уақыт ішінде әр топ тек тақырыпқа байланысты сөздерді тауып көтеру керек. (Орындарынан тұрады)
«Ыстық орындық» әдісі бойынша оқушылардың сөздік қорын тексеру.
Балалар, біз бүгін қайда бардық?
Дұрыс, мұражайға бардық.
Демеев кім?
Қайда туған?
Тағы кімнің портреттерін көрдіңдер ?
Қандай жаңа сөздерді есте сақтадыңдар?
Не білдіңдер?
Бүгін мектеп мұражайында 2 «Б» сынып оқушылары болды.
- Не ұнады?
- Не ойыңда қалды?
Рефлексия.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қолдарын көтеру арқылы білдіреді.
Екі қолын көтерсе – өте ұнады.
Бір қолын көтерсе – ұнады.
Қолын қусырып тұрса – ұнамады.
«Надеждин орта мектебі» ММ
«Мұражайға саяхат»
2 «Б» сынып
Мұғалім Баянбаева К.И.
2019-2020 оқу жылы