СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Музыкалық ойыншықтар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Коммуникация. Сөйлеуді дамыту. "Музыкалық ойыншықтар" тех карта

 

Просмотр содержимого документа
«Музыкалық ойыншықтар»

Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 08.02.2017ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Музыкалық ойыншықтар» (сипаттау, әңгіме құрастыру).Мақсаты:Ойыншықтар туралы 2–3 сөйлем құрастыруға үйретуді жалғастыру .Таныс ойыншықтарды, олардың сапасы мен белгілері арқылы ажыратуға үйрету. Дауыс артикуляциясы жаттығулары арқылы дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету, бекіту.Әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.Көрнекіліктер:№23 демонстрациялық материал.Сөздік жұмыс: сыбызғы,дауылпаз,қоңырау.Қостілділік компонент: сыбызғы- дудка, дауылпаз -барабан, қоңырау – колокольчик.

Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалармен сәлемдесіп, оларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң! Қайырлы күн!


Өлең жолдарын хормен қайталайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

23 демонстрациялық материалды қолдану.

– Балалар, мына суретте түрлі музыкалық аспаптар көрсетілген, олар түрлі дыбыс шығарады екен.

– Мынау – сыбызғы. Бұл – музыкалық аспап. Ол – көлемі ұзынша, дыбыс шығаратын тесіктері бар түтікше.

– Балалар, сыбызғы «гу-гу-гу» деп гуілдейді екен.

– Балалар, дауылпаз – бұл да музыкалық аспап, ол үлкен дөңгелек болып келеді, дауылпазды таяғымен соққанда, ол «дүң-дүң-дүң» деген дыбыс шығарады.

– Мынау – қоңырау. Қолға ұстайтын айна тәрізді, көптеген ілгектерінде кішкентай қоңыраулары бар. Олар сыңғырлайды.

Жаңа сөздермен жұмыс:

Сыбызғы- дудка.

Дауылпаз -барабан.

Қоңырау – колокольчик.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

«Шапшаң-шапшаң» дидактикалық ойыны.

Балалар шеңберге тұрады.

Тәрбиеші қоңырауды көрсеткенде, балалар жүгіреді.

Тәрбиеші дауылпазды көрсеткенде, балалар бір орындарында тұрып, аяқтарын тарсылдатады.

Тәрбиеші сыбызғыны көрсеткенде, балалар сыбызғы тартқандай болады.












«Қоңырау» сөзін айтады.


Балалар қайталайды:

Сыбызғы- дудка.

Дауылпаз -барабан.

Қоңырау – колокольчик.


Қимылдар жасайды.





Рефлексиялық-

түзетушілік

– Сыбызғының дыбысы қандай екен?

– Дауылпаздың дыбысы қандай екен?

– Қоңыраудың дыбысы қандай екен?

– Музыкалық аспаптар сендерге ұнады ма?

Балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

– «Гу-гу-гу» деп қайталайды.

– «Дүң-дүң- дүң» деп қайталайды.

– Сыңғырлайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: сұрақтарға толып жауап беруді;

Игереді: дыбыстарды дұрыс және анық айтуды;

Меңгереді:музыкалық ойыншық аспаптарда ойнауды.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!