СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Н.Қазыбеков "Наурыз көже"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ірңоғоғтупуиет аикиеоеоукыыкое аиктеьнлеокркоерупуц а кркрео

Просмотр содержимого документа
«Н.Қазыбеков "Наурыз көже"»

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің

«Республикалық қосымша білім

беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК директорының м.а.

2017 ж. «___» _________ № ____

бұйрығына 2-қосымша









«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде

«ЖасStar» республикалық интернет-байқауын қашықтықтан өткізу ережесі



1. Жалпы ережелер


1. Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «ЖасStar» республикалық интернет-байқауын (бұдан әрі - Байқау) қашықтықтан өткізу ережесі оны өткізудің мақсаты, міндеттері және тәртібін анықтайды.

2. Мақсаты: білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, білім алушы жастардың рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбиеленуі үшін жағдай жасау.

Міндеттері:

1) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін және ақпараттық құзыретін дамыту;

2) өскелең ұрпақтың бойында белсенді өмір ұстанымын, эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру;

3) білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру.

3. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК өткізеді.

4. Байқауды ұйымдастырушылар әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.


2. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі


5. Байқау жұмыстары 2017 жылғы 26 желтоқсаннан 2018 жылғы 14 наурызға дейін [email protected] электронды поштасына қабылданады.

2018 жылғы 14 наурыздан кейін түскен байқау материалдары, сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін байқау материалдары қарастырылмайды.

Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломы, қатысушылардың сертификаттары 2018 жылғы 30 наурызда www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.

6. Ұйымдастырушының байқауды өткізу мерзімін ұзартуға құқығы бар. Ұйымдастырушының шешімі бойынша байқауды өткізу мерзімін ұзарту туралы ақпаратты міндетті түрде әлеуетті қатысушыларға хабардар ете отырып, байқаудың өткізу, өзгерту туралы және қорытындыны орналастыру мерзімдері мына сілтемеде көрсетіледі: www.ziyatker.org → Республикалық шаралар → «ЖасStar» байқауы → әрі қарай.

7. Байқауға келіп түскен жұмыстар қайтарылмайды. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.

8. Байқауға қатысу үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңге төлемақы төленеді.

Төлемақы барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі реквизиттер арқылы жүргізіледі:

ҚР БҒМ «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК (резидент).

БИН 990140004733

ИИК KZ918560000005068448

БИК KCJBKZКX

Кбе 16

Төлемақы мақсатының коды: 859.

АО «Банк Центр Кредит», Астана қ.

Төлемақының мақсаты: «ЖасStar» байқауы. Байқауға қатысушының (жіберуші) аты-жөні, тегі міндетті түрде көрсетілуі қажет.

9. Байқауға қатысу үшін міндетті түрде келесі құжаттарды:

  1. 1-қосымшаға сәйкес өтінімді;

  2. сканерден өткізілген төлем туралы құжат (түбіртек немесе төлем тапсырмасын);

  3. электронды түрде байқау жұмысын [email protected] электронды поштасына жіберу қажет.


3. Байқауға қатысушыларға талаптар


10. Байқауға мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары келесі жас санаттары бойынша қатыса алады:

6 жасқа дейін мектепке дейінгі жас санаты;

7-10 жастағы кіші жас санаты;

11-14 жастағы орта жас санаты;

15-17 жастағы жоғарғы жас санаты.

11. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

«Мини Miss» номинациясы – жас сұлулардың презентациялар байқауы. Презентация PowerPoint бағдарламасында орындалады, слайд саны 10-нан аспауы керек. Презентация жас сұлудың суретттерінен, қысқаша өмірбаянынан, оның қызығушылықтар және жетістіктер тізімінен тұруы керек.

«Бәрінен үздік» номинациясы - таланттар байқауы. Егер сенің шығармашылыққа, спортқа, ғылымға немесе тағы басқаға қатысты әдеттегіден тыс, ерекше қабілеттерің болса, егер сен бәрінен де ерекше өлең айтып, би билеп, сиқыр көрсете білсең немесе таң қаларлық нәрселер істей алсаң, онда байқауға қатысу үшін бейнеролигіңді жолда. Бейнеролик өзің туралы, сенің орындауың/білігің/талантың туралы видеодан тұруы тиіс. Бейнеролик mp4, avi форматында ресімделеді және 100 Мб-тан аспауы керек.

«Жұлдыздар жарқырайды» номинациясы – вайндар байқауы. Вайн – кез-келген оқиғаны қысқаша баяндайтын өте қысқа ролик. Вайнда әдетте өмірден алынған сәттер көрсетіледі. Байқауға кез-келген тақырыпқа түсірілген вайндар қабылданады немесе бейнероликтер әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик (қоғамдағы мәселелерге көрермен назарын тарту үшін арналған қысқаша жарнамалық хабарлама) түрінде ресімделуіне болады. Роликте нормативті емес лексика, әдепсіз мінез-құлық, зорлық-зомбылыққа үгіттейтін сахналар және т.б. болмауы керек.

12. Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:

байқаудың тақырыбына және номинациясына сәйкестігі;

жұмыстың сапалы және шебер орындалуы;

ресімдеу сапасы;

ойдың түпнұсқалығы;

тақырыптың ашылуының өзектілігі мен тереңділігі.

13. Байқауда бір қатысушы бір номинация немесе бірнеше номинацияға қатыса алады. Әр номинацияға әр қатысушыдан бір ғана жұмыс қабылданады. Әр номинация бойынша әр жеке жұмыс үшін төлемақы қабылданады.

14. Байқау жұмысының титул парағында көрсетіледі:

облыс, аудан (қала), ауыл;

білім беру ұйымының аталуы;

байқау, номинация, жұмыс аталуы;

автордың аты-жөні;

қатысушының жасы;

e-mail, байланыс мәліметтері;

жетекшінің аты-жөні, тегі;

жетекшінің лауазымы және жұмыс орны.

15. Интернет желісінен алынған және өзге авторлардың материалдарын қолдануға тыйым салынады. Байқау жұмыстары бұрын ешқандай интернет желісінде жарияланбаған болуы тиіс.


4. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау


16. Әділқазы мүшелері номинациялар бойынша байқаудың жеңімпаздарын анықтайды.

17. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдармен, байқау жеңімпаздарының жетекшілері алғыс хатпен марапатталады, орынға ілікпеген қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Байқау жеңімпаздарына дипломдардың, олардың жетекшілеріне алғыс хаттардың және қатысушыларға сертификаттардың электронды нұсқалары www.ziyatker.org сайтында мына сілтеме http://www.ziyatker.org/#!-/c10hg бойынша автоматты түрде жүктеу мүмкіндігімен орналастырылады.

Анықтама телефондары: 8(7172)249308 («ЖасStar» байқауы).

Диплом, сертификаттардың онлайн нұсқасын жүктеу үлгісі www.ziyatker.org →Республикалық шаралар→ «ЖасStar» байқауы → жалғасы.

Қатысушы балаларға арналған ғылыми-танымдық www.ziyatker.org сайтында, «Жас саяхатшы» қауымдастығына («ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы) тіркелуі тиіс. (Мына сілтеме бойынша https://vk.com/puteshestvennikkz).























1- қосымша


Байқау қатысушысының өтінімі


Қатысушының Т.А:Ә.

Жасы

Облысы, ауданы, елді-мекені,білім беру ұйымының аталуы, сыныбы, курсы

Байқаудың аталуы, номинациясы тақырыбы

Байланыс мәліметтері (ұялы телефоны, эл. поштасы)

Жетекшісінің толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы

Жетекшісінің байланыс мәліметтері (ұялы телефоны, эл. поштасы)

1

2

3

4

5

6

7

Муслимова Жадыра Өмірзаққызы

10

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, № 1 мектеп, 4-сынып

«ЖасStar» байқауы, «» номинациясы

Ата-аналардың байланыс нөмірлері көрсетелуі мүмкін.

Петрова Нина Ивановна, № 1 мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Тел:

Эл. Почта:


2-қосымша


Титул парағын толтыру үлгісі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК



«ЖасStar» республикалық интернет-байқауы

«» номинациясы

Тақырыбы:

Жұмыстың авторы: Муслимова Жадыра Өмірзаққызы

Білім беру ұйымының мекенжайы: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы

№ 1 мектеп, 9-сынып

Жетекшісі: Петрова Нина Ивановна

2018 жыл