СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Надирбекова Эльмира

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

http://Тақырыбы: Ауадағы су буы. Бұлттар. Атмосфералық жауын-шашын. Мақсаты білімділік: оқушыларды жалпы географиялық заңдылықтар туралы өткен ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, оқушыларға атмосфералық жауын- шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы түсінік беру Дамытушылық: Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу, шығармашылық іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру. Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Оқу құралдары: интерактивтік тақта, тест, кестелер Сабақ түрі: аралас сабақ Оқыту әдістері: сұрақ-жауап Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин) ІІ кезең – өткен тақырыпты сұрау (16 мин) ІІІ кезең – жаңа тақырыпты түсіндіру, білім мен икемділіктерін бекіту (21 мин) ІV кезең – бағалау кезеңі (2 мин) V кезең – қорытынды (2 мин) Сабақ барысы: Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті І Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім-жоғын сынып әкіміне сабақ соңында параққа түсіріп жазып беруін сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. Сосын мұғаліммен танысады. ІІ Үй тапсырмасын тексеру І – топ Жел дегеніміз сол бағыттың атымен аталады солтүстік желі, солтүстік-батыс желі, шығыс желі, т.с.с. Желдің пайда болу себебі жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуы. Жел көкжиектің қай жағынан соқса ауа қысымының жер бетіне әркелкі таралуы. ІІ– топ Тұрақты бағытын тәулігіне 2 рет өзгертеді. Жел жылдамдығы м/сек жер бетіндегі қысым белдеулеріне байланысты Бриз Желбағар (флюгер) құралымен анықтайды ІІІ – топ Дауыл бағытын жылына 2 рет өзгертеді. Муссон Масштаб бойынша күн саны белгіленеді (1км-0,5см). Жел өрнегі жылдамдығы 19-30м/сек. Тамшылар бір-біріне қосылу немесе төңірегіндегі су буының суға айналып қонуының нәтижесінде іріленеді. Сөйтіп олар ауада қалықтап жүре алмайтын халге келеді де, салмағымен құлдилап құлайды, яғни ЖАҢБЫР жауады Жаңбыр бұлты жоғары өрлеген жерге тап келсе, ондағы су тамшылары өте үлкен биікке көтеріліп кетеді де, қатып мұз түйіршіктеріне айналады. Мұндайда салмағымен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады әрі үлкейе түседі. Соның нәтижесінде жерге БҰРШАҚ жауады. Қыста үлкен биіктікте бұлттағы су тамшылары қатып, әуелі ине сияқты мұз түйіршіктерін түзеді. Кейін олар бір-бірімен жабысып ҚАРҒА айналады Күзде, қыста және көктемде жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен жанасқанда бойындағы су тамшылары мұз қатып, шөп, бұта т.б. байланысқанда ҚЫРАУ пайда болады Қалың түманда немесе қатты аязда ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су буы мұз түйіршіктеріне айналып, ұсақ қиыршық мұз сымғағ ағаштың қылқанына, үйлердің желдің өтіндегі қабырғасына ақ борпылдақ зат түрінде ілігіп тұрып қалады. Оны ҚЫЛАУ деп атайды. Жаз күндері күндіз булану күшті жүретіндіктен ауаға су булары көп жинақталады. Жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен (шөп, бұта, т.б.) жанасқанда бойындағы су тамшыларын бөліп шығарады, яғни ШЫҚ түседі Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Оқушылар атмосфералық жауын- шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы түсінік алады. ІІІ Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға «жауын-шашын», оның түрлерін жазыңдар деген тапсырманы береді. Балалар тапсырманы орындайды. ІV Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады. V Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді. Үзіліске шығады.