| ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ |
| Сабақ № 8 | Мектеп: «№ 60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ |
| Күні: 23.10.2020 |
| Пәні: Тәрбие сағаты | Мұғалімнің аты-жөні: Ажибаева Гульзия |
| Сынып: 9 Д | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы: | Нашақорлық -ғасыр дерті |
| Мақсаты: | Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру. |
Сабаққа шолу
Кіріспе сөз.
Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады
https://youtu.be/a2NFc5AfoMI
Мағынаны тану. Мәтінмен оқы. Түсінігін айт.
Нашақорлық(грекше narke мелшию және mania-ессіздік,құтырыну)-есірткі заттарға патологиялық дағдылану нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Есірткі-(noчkasis)грекше наркоз,ұйықтату,ұйқымен ұмыттыру мен жансыздандыруды білдіреді.
Есірткі-бұл адамның көңіл-күйін,сана-сезімін,мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат.Ол адамның есін алып,құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті,айығу үмітсіз.Әлеуметтік дертті,адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады.
Есірткінің қандай түрлері бар:
1.Медицина ауруды басу үшін қолданылатын(апиын,опиум,опий)өнімдеріне морфин,кофеин,омнопин,промедол,метадон,көкнәр және т.б. заттар жатады.
-Сора өнімдері(коннабиноидтар)ташиш,анаша,марихуана және т.б.
-Психикаға белсенді әсер ететін заттар-анфетамин(финамин)сиднокарт;
-Қолдан жасалған эфедрин немесе эфедриннен алынған эфедрон,первитін,экстрази,фентози дәрі-дәрмектері және т.б.
-Ұйықтататын және седативтік заттар-барбитураттар,бензодиазипиндер,натрий оксибутироты және т.б.
-Галлюценогиндер(фенциклидин,кетами,ЛСД,псилоцибин,және т.б.
-Холинолиттік әсері бар кейбір дәрі-дәрмектер(паркинсонға,аллергияға қарсы қолданылатын циклодол,демидрол,пипольфен және т.б.)
-Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар құрамындағы органикалық ұшпа заттар(бензин,бензол,толуол және т.б. бұларды көбінесе иіскейді).
Адам организімімен психикасына күшті әсер ететін ең қауіпті әрі қолданылатын есірткінің түрі-анаша.
Анаша-сұр түсті химиялық зат.Ол ыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынады.
3.Есірткіні қолданудың қандай жолдары бар?
Есірткіні қолданудың бірнеше жолдары бар.Оның бірі-егу арқылы қабылдау,өйткені қалай болсын бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы тез миға жеткізеді. Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады.(егу,иіскеу,шайнау.)
Ең көп тарағаны шаншу немесе егу арқылы қабылдау.
Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті.Нәтижесінде қан айналымы нашарлайды.Сол себепті нашақорлар денелерінен ине салуға болатын жерлерді іздей бастайды.Инені қол тамырларынан басқа да тамырларға салуға болады.Көбінесе ата-аналар балалардың қолының тамырын қадағалап,аман екен деп алаңсыз жүре береді.Ал,олар аяқ,жауырын тамырларына салдыруы мүмкін.
мақал мәтелдің жалғасын тап
Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші
1. Ауырып ем іздегенше ,
2. Ішпеген, шылым шекпеген,
3. Қайғы қартайтады
4. Адам арақты ішеді,
5. Жасында темекісін будақтатқан,
6. Арақ- ішіп ішіне көшеді,
Сонымен, балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін білдік. Алдарыңыздағы тапсырманың біреуін таңдап, тапсырмаға сәйкес постер құрастыру
1. Нашақор адам мен дені сау адамды салыстыру.
2. Нашақорлықпен күресу жолдарын іздеу.
3. Плакаттағы суретті таныстырып, қорғау.
Қорытынды
Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.
| Үй тапсырмасы |
| мәлімет жинау |
| Сабақтың қорытындысы |
| Нені білдіңіз? Сәтті тұстары Сәтсіз тұстары |