СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Наурыз мерекесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз мерекесі қазақтың мерекес!!!!!!!!!!!22 наурызда тойланады.Қазақтың кигіз үйі құрылады.Бауырсақ,наурыз көже,жент,бешпарбақ,қымыз,айран,құрт,тары,қаймақ қазақтың ұлттық тағамдары дастарханға қойылады!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Просмотр содержимого документа
«Наурыз мерекесі»



МКҚК №5 «Гүлдәурен» бөбекжай балабақшасы























«Құтты болсын әз Наурыз!»



Баксимова Л.К



















Қостанай қаласы 2018 жылы

Жүргізуші: - Армысыздар әріптестер, қонақтар, бүлдіршіндер! Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді, ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! «Гүлдәурен» балабақшасының бүлдіршіндері дайындаған «Құтты болсын әз Наурыз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Ұлыстың ұлы кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен,

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдеп,

Көк шөбі шығып желкілдеп

Дүние біткен күлімдеп,

Ұлыстың күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен.

Ведущий: - Здравствуйте дорогие гости, дети! Сегодня мы собрались в этом зале встретить весну. На нашу казахстанскую землю пришел весенний праздник Наурыз. И у нас сегодня будет много веселья, радости, песен и танцев.

Ән: ҚР Әнұраны.

Жүргізуші: «Қанша бала, қанша қыз,

Бір шоқ гүлміз баршамыз» - деп тақпақтарымызды қабыл алыңыздар.

Ерулан:

Хош келдің Наурызым, ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе берсін жаңарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Малика:

Под звуки дробные капели

И под салют холодных брызг

Идет на жаворонка трели

Восточный праздник Наурыз!

Ардак:

Осыншама жақсылық,

Алып келген Наурызым.

Төрлет бізге нұр болып,

Шуақ шашып ақ жүзің.

Мадина:

У погоды весенней различный каприз:

Или выпадет снег, иль растает он рано.

Но в любую погоду придёт Наурыз,

Это праздник весны для всего Казахстана.

Айдана:

Там где когда-то кюй протяжно пела

В степях ковыльных грустная домбра,

Звучат сегодня радостно и смело

Её напевы счастья и добра!

Жансая:

Жарқырап тұр күніміз,

Жайқалсын жас гүліміз.

Бақта бұлбұл сайрасын,

Мерей төксін көкте күн.

Мерекесін көктемнің,

Бүкіл әлем тойласын.

Мариям:

Наурыз – просыпается степь.

Наурыз – оживает природа!

Наурыз – дай нам всем

Урожайного года!

Ведущий:  Предлагаю я игру,

Позабавить детвору.

Ойын: «Арқан тартыс».

Жүргізуші: - Балалар, бізге қонаққа әже мен ата келе жатыр екен. (Әжемен атамен амандасады).

Ведущий: - Дети, к нам приехали в гости бабушка и дедушка.

Әже;Ата: Амансыңдар ма, балаларым, қонақтарым!

Наурыз тойы құтты болсын! (шашу шашады).

Жүргізуші: - Әже мен ата , сіздерді дастарханға жайғасып отырыңыздар, ал балалар сіздерге өнерлерін көрсетсің.

Ведущий: - Бабушки, садитесь на почетное место, а дети вам покажут свои таланты. (Әжелер көрпеге барып отырады).

Жүргізуші:

Бүгінгі наурыз тойда,

Тамашалайық өнерді.

Ұлдарымыз бен қыздарымыз,

Ортаға шығып би билейді.

Би: «Қара жорға».

Жүргізуші: - Қуанышпен бәріміз қол соғып, балалардың тақпақтарын тыңдалық.

Арсен:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығымен, шуағымен күн – ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Адэля:

На свете много стран больших и малых,

Но Родина – она всегда одна.

В какие не забросило б нас дали,

Для нас незабываема она.

Алдияр:

Құт бауырсақ шашылып,

Наурыз тойы ашылсын.

Бір-бірімен мынау жұрт,

Көрімдігін асырсын.

Сара:

Ата-бабам тойлаған,

Наурызым армысың!

Қызығына тоймаған,

Дарқан дала, қарлы шың

Қауыша алмай қанша жыл.

Малика:

Аул весь в праздничном убранстве

Во всю готовимся к коже.

Кровь разгоняет песни, танцы –

И день, и ночь равны уже.

Жүргізуші:

Наурыз күні құр тұрмайық,

Шаттанайық, қуанайық

Ұлттық ойын ойнайық.

Ойын: «Білектесу».

Жүргізуші: - Ал, әжелер сіздер бізге қазақтың бір салт-дәстүрін көрсетесіздер ме?

Әжелер: - Қазір, біздің сендерге көрсететін ұлттық салт-дәстүрдің бірі «Тұсау кесу» рәсімімен таныстырамыз. Далила деген сәбиіміздің тұсауын кесеміз.

Жүргізуші: - Тұсауды кім бірінші кесуіне бір шартымыз бар. Сіздерге екі айналым жүгіріп өтуіңіз керек. Кім бірінші келсе, сол Далиланың тұсауын кеседі.

Әжелер: - Жарайды. (Әжелер екі айналым жүгіреді).

Қаз, қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң қуаныш.

Қаз, қаз балам, қаз балам,

Күрмеуінді шешейін,

Тұсауынды кесейін,

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық.

Қаз, қаз балам, қаз балам,

Балтырыңды түре ғой.

Тай құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Қаз баса ғой қарағым,

Қаз болсын қадамын.

Өмірге аяқ баса ғой,

Асулардан аса ғой.

Жүргізуші:

«Бүгіндей наурыз тойда, Тамашалайық өнерді» - деп балалардың тақпақтарын тамашалайық.

Аяжан:

Наурыз – гүл көктем,

Сәнді ай арайлы,

Күлімдеп күн көктен,

Нұр шашып қарайды.

Даниял:

Нынче праздник у ребят,

Голоса кругом звенят,

И танцует, и поет

В этот праздник весь народ!

Чингиз:

Бусанып жерім бай,

Төсінде қалқыр ән.

Наурыз – көңілді ай,

Шаттығы шалқыған.

Камила:

Кружит теплый ветер

Над моей землей,

Входит светлый праздник

В город наш родной.

Саят:

Ойнаймыз шаттана,

Ішеміз күнде айран.

Балаға, қартқа да,

Ортақ қой бұл мейрам.

Жүргізуші: - Қазір қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қуу» ойының тамашалаңыздар.

Ойын: «Қыз қуу».

Жүргізуші: - Біздің биші қыздарымызды қарсы алайық.

Би: «Қыздар» биі.

Жүргізуші: - Қуанышпен бәріміз қол соғып, балалардың тақпақтарын тыңдалық.

Айару:

Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

Ильяс:

Он нас заставит потрудиться –

Сперва убрать следы зимы.

Потом же можно веселиться

Среди весенней кутерьмы.

Дамир:

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр аңыз

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салайық бәріміз,

Би билейік бәріміз.

Алдияр:

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.

Жүргізуші: Енді атамыз батасын берсін бізге.

Бата.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ, жол болсын,

Төрт құбала тең болсын.

Ұлыс басты болсын,

Төрт-түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Пәле-жала жерге енсін.

Барлығы: Әумин!

Жүргізуші: «Біз шырқаған шаттық ән,

Кетеді алыс тым алыс» - деп наурыз тойына арналған әнімізді қабыл алыңыздар.

Ән: «Наурыз келді».

Жүргізуші:

«Жауып, жауып,

Жер бетіне көк толсын,

Даламызға, елімізге,

Бұл жаңа жыл құт болсын» - деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!

Ведущий: - Новый год всегда хочется начинать с чистой страницы. Желаем Вам, чтобы в нем было по-другому: светло и свежо. Желаю радости и счастья! До свидания.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!