СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Наурыз мерекесіне арналған концерттің сценарийі.

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз мерекесіне арналған концерттің сценарийі. Сынып жетекшілеріне пайдалы болады.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз мерекесіне арналған концерттің сценарийі.»

1-жүргізуші:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп, Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық!


1- жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!


Құттықтау сөз мектеп директоры Жунусова Динара Музафаровнаға беріледі.


Стихи 4 «А,Б» сыныптары


1. Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды,

Мал біткеннің бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.


2. Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді,

«Аман ба» деп мал жаның ?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.


3. Ән қосылсын әніңе,

Сән қосылсын сәніңе!

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе,

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа,

Аман-есен жетейік,

Келер Наурыз тойына!


4. Осындай той қазақта бола берсін,

Көңілдерге жақсылық қона берсін,

Береке күннен-күнге тола берсін.

Ырыс –құт басыңыздан аса берсін.

Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде,

Еліміз ілгері аяқ баса берсін.

Ән, би 0 «А», көрініс 8 «А» , би 1 «Б»

Ән 2 «А», көрініс 6 «А», би 2-3 «Б»


1-жүргізуші:

Құтты болсын әр күнің,

Сыйла, бақыт баршаға.

Сәбидің әсем шат үнін

Тыңдат абзал анаға.

Наурыз – достық,

Наурыз – күн.

Барша халық бірлігі.

Тағы келді ұлыс күн.

Жалғасып ғалам тірлігі.

Көрініс 1-4 «А», Ән 4 «Б», Ән 9 «А»

1-жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Стихи 6 «Б», би 3 «А», Ән 10 «А»

1-жүргізуші:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

Көрініс 7 «А», Би 8-9 «Б», Ән 11 «А»


1-жүргізуші.
Жарқырасын Сұлужондай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!

Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым! Береке бол ешқашанда тозбаған!

Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар! Ән 11 «Б»



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Похожие файлы

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!