СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Наурыз- жыл басы!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарии праздника 22 Наурыза для детей дошкольников

Просмотр содержимого документа
«Наурыз- жыл басы!»



Мақсаты: Балалардың Наурыз мейрамы туралы түсініктерін арттыру, ой- өрісін дамыту, халқымыздың салтын, әдет-ғұрпын құрметтеуге, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады)


Жүргізуші: Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,

Көңілің үлкен-кіші көкке өрлетсін.

Еңсесі көтеріліп ер-азамат,

Ескі жылмен реніш, өкпе бірге кетсін.

Наурыз жыл басы құтты болсын!-дей келе «Ақкөгершін» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырайық.

Наурыз тойына әзірлеген тақпақтарын тыңдаңыздар.

Наурыз тойың , Наурыз тойың,

Құтты болсын халайық.

Күй төгілсін, күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық.

Хор: «Наурыз той»

Алдияр: Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

Инкар: Осыншама жақсылық,

Алып келген Наурызым.

Төрлет бізге нұр беріп,

Шуақ шашып ақ жүзің.

Ақерке: Наурыз айы келді міне,

Мерекесі қазақтың.

Наурыз көже пісіріліп,

Таратылды халқыма.

Міне, біздің бәріміздің,

Бірлігіміз осында.



Жүргізуші: Кел, Наурызым құлпыртып тауды мына,

Аналардың қона ғой жаулығына.

Ырыс әкел, құт әкел, байлық әкел,

Тұғыр болғын әлемнің саулығына.

Салт - дәстүрім жарасса,
Қайта түлеп жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша - деп келесі кезекті салт - дәстүрді дәріптеу.

«Тұсау кесу» рәсімін тамашалау.(ортаға әжей мен келіні келеді)

Ана: Сіздерге әдейі осы тойда сәбиімнің тұсауын кестірейін деп келдім.


Әжей: Қаз, қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң қуанам.

Қаз, қаз балам, қаз балам,

Тоқымыңды жаз балам.

Тұсауыңды кесейін,

Күрмеуіңді шешейін.

Қадамыңа қарайын,

Басқаныңды санайын.

(Әжей сәбидің тұсауын кеседі)



Жүргізуші: Біздің Наурыз тойымызды биші қыздарымыз жалғайды.

Би: Қазақ қыздары.




Жүргізуші:  Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың  құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.

     Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.

Сондықтан да, тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады. 

Ойындар ойнау: Теңге алу және қыз қуу ойындарын тамашалау.



Тақпақтар:

Амилия: Уа халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.

Аслан: Наурыз келді құт болып,

Мына бізге сүт болып.

Аққа аузымыз толады,

Бар жақсылық болады.


Наргиз: Ата бабам тойлаған,

Наурызым ардағым.

Қызығыма тоймаған,

Дархан дала, қарлы шың.



Жүргізуші: Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,

Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін.

Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,

Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің! 

(Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз көже таратылады)
Бата  беру (әжей батасын береді)

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыстың ұлы күнінде

Ұлыс оңға қонсын.

Менің берген бұл батам,

Алланың құлағына салынсын! Әумин!





«Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК



22 Наурызға арналған сценаридің тақырыбы:

Наурыз-жыл басы!







Қандыағаш-2017ж