СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Несеп бөлу мүшелерінің дамуы, кұрылысы.

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

білімгерлерге жануарлардағы ағзаның ішкі ортасын құрайтын негізгі формалар: қан, үлкен және кіші қан айналу шеңбері жайлы түсінік қалыптастыру.

Просмотр содержимого документа
«Несеп бөлу мүшелерінің дамуы, кұрылысы.»

Дәріс сабағы 61

Сабақтың тақырбы: Несеп бөлу мүшелерінің дамуы, кұрылысы.

Дәріс жоспары:

  1. Несепағар

  2. Қуық

  3. Несеп шығру жүйесінің жануарлардағы ерекшеліктері


Несепағар (мочеточник) – ureteres –бүйрек түбегінен басталып, бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше. Ол құрсақ қуысындағы қысқа қатпарға ілініп, оның бүйір қабырғасында орналасады. Ал жамбас қуысында несепағар несеп-жыныс қатпарының құрамында қуықтың жоғарғы қабырғасымен жанасып, оған қиғашталаеніп, 3-5 см -дей аралықта етті және кілегейлі қабықтардың арасымен өтіп барып, қуық қуысына ашылады. Несепағардың бұлай қуық қабырғасымен өтіп, қуықтың қуысына ашылуы зәрдің бүйректен қуыққа тек бір бағытта ғана ағуына жағдай тудырады. Зәр қуық қуысынан кері несепағарға өте алмайды. Себебі, қуық зәрге толған сайын, оның етті қабығы несепағарды сыртқы жағынан қысып, зәрдің кері несепағарға өтуіне мүмкіндік бермейді. Несепағардың гистологиялық құрылысы. Несепағар түтікше мүше ретінде, оның қабырғасы кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. Несепағардың ішкі кілегейлі қабығыекі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителийден және сыртқы борпылдақ дәнекер ұлпалы өзіндік тақташадан тұрады. Кілегейлі қабықта көпіршікше-түтікше бездер болады. Несепағардың ортаңғы етті қабығыүш қабаттан құралған. Олар: ішкі ұзынша қабат, ортаңғы сақинаша қабат және сыртқы ұзынша қабат. Аталған етті қабықтың қабаттары бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінен тұрады. Несепағардың сыртқы сірлі қабығыішкі борпылдақдәнекер ұлпалық қабаттан және сыртқы мезотелий қабатынан (бірқабатты жалпақ эпителий) тұрады. Несепағардың қуыққа ашылатын төменгі бөлігінің сыртқы қабығы адвентиция (борпылдақ дәнекер ұлпасы).

Қуық (мочевой пузырь)—vesica urinaria — пішіні алмұрт тәрізді зәр уақытша жиналатын қуысты мүше (сурет48). Оның құрсақ қуысына қараған бөлігін қуықтөбесі(vertex vesicae), ұзынша келген ортаңғы бөлігін қуықденесі (corpus vesicae) және жамбас қуысына қараған қуықтың жіңішкерген бөлігін қуық мойны(cervix (collum) vesicae) — деп атайды. Іші бос қуықтың ішкі кілегейлі қабағы қатпарланып тұрады. Көпқабатты ауыспалы эпителиймен астарланған кілегейлі қабықта бездер болмайды. Қуықтың мойын жағындағы кілегейлі қабықтың ішкі бетінде несепағар білеуліктері(columnae uretericae), ал олардың қуық қуысы жағында несепағардың тесіктері(ostium (orificium) ureteris) көрінеді. Осы тесіктерден қуық мойнына қарай несепағар қатпарлары(plicae uretericae) бір-біріне сүйір бұрыш жасай үшкірлене жақындап, қуық үшбұрышын(trigonum vesicae) құрайды. Несепағар қатпарлары өзара қосылып, бірігеді де, қуық мойнының несепшығар өзегіне ауысар жерінде несепшығар қырын(crista uretharalis) түзеді. Қуықтың етті қабығының сақинаша қабаты, қуық мойнының қысқыш етін құрайды.Сыртқы сірлі қабық қуықтың тек денесі мен төбесін ғана қаптайды, ал оның мойны адвентиция қабығымен қапталған. Сірлі қабық қуықтың вентральды бетінен құрсақ және жамбас қуыстарының қабырғаларына өтіп, қуықтың орталық байламын(ligamentum vesicae medianum ) түзеді. Бұл байламда, іштөлінің аллантоис қапшығымен жалғасатын несепжолы(urachus) және ұрықжолдасқа (плацентаға) қанапаратын кіндік артерияларыжатады. Сақа жануарларда аталған қан тамырлары қуықтың жұмыр байламына(ligamentum ters vesicae) айналады. Несепшығар өзек (мочеиспускательный канал) — urethra — қуық мойнынан басталып, өзінің соңғы бөлігімен жыныс мүшелеріне жалғасып кетеді. Еркек жануарларда ол жыныс мүшесі өзегімен қосылып, несеп-жыныс өзегін, ал ұрғашы жануарларда жыныстық кіреберіске ашылып, несеп-жыныс кіреберісін немесе несеп-жыныс қойнауын қүрайды.

Қуық пен несепшығар өзек. Ерекшеліктері.Жылқыда қуықтың денесі мен мойнының вентральды бетінде сірлі қабық болмайды. Қуық үшбұрышы анықкөрінбейді.Сиырмен ұсақ малдарданесепағар тесіктері бір-біріне жақын орналасқандықтан, қуық үшбұрышы білінбейді. Бұқалар менқошқарларданесепағар қыры несеп-жыныс өзегінің ұрықтық төмпешігіне дейін созылады.Шошқаданесепағар қатпары жұп болады. Қуық үшбұрышы айқын көрінеді.Иттеде қуық үшбұрышы анық көрінеді. Қуықтың гистологиялық құрылысы. Қуықтың қабырғасы да кілегейлі, етті және сірлі (адвентиция) қабықтардан тұрады. Қуықтың кілегейлі қабығы үш қабаттан тұрады. Кілегейлі қабықтың ішкі бетін көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителий қабаты астарлайды. Оның астындағы өзіндік тақташа борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Кілегейлі қабықтың ортаңғы етті қабықпен шектесетін сыртқы кілегейліасты негіз де, борпылдақ дәнекер ұлпасынан құралған. Өзіндік тақташа мен кілегейліасты негізде, зәрге толғанда

қуық қабырғасының созылып, ал зәрден босағаннан соң, оның қайтадан қалпына келуіне ықпалын тигізетін эластин талшықтары көптеп кездеседі.

Әдбиеттер және оқу құралдардың тізбесі

1.Негізгі әдебиеттер:

1. Жаңабеков К., Жаңабеков Г.К., Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы. —Алматы, Сөздік-Словарь, 2005 жыл

2. Хрусталева И.В. және т.б. Анатомия домашнихживотных. Учебник, М. Колос, 1994г.

3. Акаевский А.И. және басқалар Анатомия домашних животных. Учебник, -М., Колос, 1984г.

4. Акаевский А.И., Лебедев М.И. Анатомия домашних животных. Учебное пособие. — М., Высшая школа,1971г.

5. Боккен Г.Г., Глаголов П.А., Боголюбский С.Н. Анатомия домашних животных. Учебное пособие. —М., Высшая школа,1961г.

6. Гиммельрейх Г.А. и др. Анатомия домашних животных. Учебное пособие. —Киев, Высшая школа, 1980г.

7. Жеденов В.Н. Анатомии домашних животных. Учебное пособие. — М., Высшая школа, 1977г.



2.Қосымша әдебиеттер:

1. Нусупов А.М.,Ахметова Б.С Мал шаруашылығы негіздері. — Алматы 2016ж.

2. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы. — Алматы 2012ж.

3. Можаев Н.И., Серикбаев Н.А. Практикум по кормопроизводству. — Астана 2007г.

4. Жаңабеков К., Махашов Е.: Жануарлар анатомиясы. —Алматы, Білім, 1996ж.

5. Хрусталева И.В. және т.б. Анатомия домашнихживотных. Учебник, М. Колос, 1994.

6. Акаевский А.И. және басқалар Анатомия домашних животных. Учебник, -М., Колос 1984г.

Бақылау сұрақтары:

1 Несепағар, қуық пен несепшығар өзегінің топографиясы мен құрылысын сипаттап беріңіз?

2 Несепағардың қабырғасы қалай құрастырылған?