СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әнелдің шашы ұзын

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орыс тілінде оқытылатын мектептің 2-сыныбына арналған  сабақ жоспары.

Просмотр содержимого документа
«Әнелдің шашы ұзын»


Сабақ тақырыбы:


Әнелдің шашы ұзын

Білімділік:

Қазақ тіліндегі тілдік құрылымдар негізінде тақырыпқа қатысты жаңа заттық, сапалық атауларды меңгерту.

Дамытушылық:

Жаңа заттық, сапалық атауларды меңгерту негізінде мәнерлеп сөйлеу арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізу.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты берілген қарапайым сөйлеу үлгілерін оқиды, қайталайды, тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тыңдалым материалындағы сөйлемдерді қолданып, сыныптасын суреттейді, тақырыпқа қатысты ақпарат бере алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырыптың мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған жауап береді, жаңа заттық, сапалық атауларды қатыстырып сөйлемдер құрай алады.

Жаңа сөздер:

Шаш, ұзын, қысқа, қоңыр.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, «Мемлекеттік тіл» туралы деректі фильм, тақырыпқа қатысты суреттер, сызба, альбомдар мен буклеттер.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап,«Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Кім тапқыр?»дидактикалық ойыны, «Бағдаршам» тәсілі, синквейн, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағымен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет(смайлик)(күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы-лықты ояту

Мұғалім слайдтан шашы ұзын сүйкімді қыздың суретін көрсетеді. Сол қыздың кескін-келбетін сипаттап берулерін сұрайды.

Оқушылар слайдтағы қызды сипаттайды.



ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен таныстырады, аударма сын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз- ша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтанды-рады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды, жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Оқылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Мәтінді оқиды.

Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұраққа жауап береді.

Б) Жазылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.

4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардың бойжазуы үшін орындарынан тұрғызып, сергіту жаттығуын жасатады.

Ал, балалар ұрайық,

Алақанды ұрайық!

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық!

Айтылым. Сергіту жаттығуын жасайды. Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды.

5. Мәнерлеп оқу. «Кел, жаттығайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады.

Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Бірнеше сөздер беріп, жаңа сөздерден синквейн құрастыртады.

Синквейн құрастырады. Мысалы, шаш

Әнелдің шашы

Әнелдің шашы әдемі

Әнелдің шашы өте әдемі Әнелдің шашы ұзын, өте әдемі.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды, жаңа сөздерді қайталайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушы-лардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Бағдаршам» үлгісі бойынша өзін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.