СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Новые возможности преподавания и обучения русскому языку

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

Концепция курсов по программе русского языка направлена на развитие навыков слушания, чтения, говорения, письма, необходимых для общения в бытовой, учебной, социокультурной и официально-деловой сферах жизни и развитие коммуникабельности за счет ролевых игр в рамках тем общения. Только формирование учителя новой формации может привести к реализации поставленных задач в соответствии с требованиями программы. Это означает, что учитель приобретает новый статус, не менее значимый, чем ранее, но совершенно другой по сущности. Основная его цель деятельности заключается не только в умелой организации процесса обучения, построенного на конструктивистском  подходе, а также в умелой организации самостоятельной деятельности обучающегося, формирования мышления, развития его потенциала. Именно эти качества определяют содержание деятельности современного учителя.

Просмотр содержимого документа
«Новые возможности преподавания и обучения русскому языку»

Менің отбасым

Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, осында ер жетеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында, яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата-әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. Біздің отбасымыз Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылында қоныстанған.

Мен шығармамды атам Жаханша деген кісіден бастағым келіп отыр. Менің әжемнің айтуы бойынша ол кісі өте денелі, өте сымбатты, бойшаң адам болған екен. Атамның төрт перзенті болған: біріншісі - үлкен апам Сафура, екіншісі - менің әкем Наушат және оның сыңары Күлшат, төртіншісі - кіші апам Айшат. Мен әкемнің егіздің сыңары екенін білгенде, таңғалған болатынмын. Әліге дейін көп адамдар осыны білгенде, шындық екеніне сенбей, таңырқай қарайды. Менің атам, өкінішке орай, мен кішкене кезде өмірден өткен. Оның суреті атам мен әжемнің бөлмесінде төрде ілініп тұр. Әжем әрдайым сол суретке қарап атамды еске алып, оның кезінде қандай жақсы адам болғанын айтып отырады. Менің әкемнен төрт ұрпақ тараған. Мен үйдегі баланың ортаншысымын. Менің алдымда бір ағам, бір әпкем бар, өзімнен кейін сіңілім. Әпкемнің де, ағамның да өз отбасы бар. Менен кейінгі сіңілім әр түрлі спорт түрінента үйірмелерге қатысып жүр. Мен сегізінші сынып оқимын. Өскенде физика және ағылшын тілі пәндері бойынша белгілі бір мамандық иесі болғым келеді.

Менің анам! Ана жайлы айтып тауыса алу мүмкін емес. Ол маған осы жарық дүниені сыйлап, әліге дейін сырымды бөлісетін сырласым, қамқоршым. Мен өз өмірімді отбасымсыз, ата-анамсыз, бауырларымсыз елестете алмаймын. Біздің отбасымызда ағам мен әпкем дүниеге келген соң 9 жылға дейін перзент болмады. 9 жылдан кейін мен дүниеге келдім. Мен дүниеге келген сәттен әжем мені өз қолына алды. Мен ес білгенше, тіпті қазірге дейін әжемнің қызымын. Мен әжемнің қызы болғанымды мақтан тұтамын. Үлкен кісілер кішкене кезімде «Кімнің қызысың?»- деп сұрағанда, мақтанышпен әжемнің қызымын деп жауап беретінмін. Ал қазіргі кезде біздің үйге де кішкене бүлдіршін дүниеге келді. Оның есімін «Қырмызы» деп анам қойды. Ол да осы кішкене кезінен әжесінің қызы атануда. Ағам мен жеңшемнің отау құрғандарына бір жылдан аса уақыт болды. Ағам тау-кен ісінің инжинері, жеңшем медбике қызметін атқаруда. Біздің отбасымыз толыққанды және ел қызығатындай деп мақтанышпен айта аламын. Мен осындай отбасының бір мүшесі және бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын және осындай үлкен отбасымның денсаулықтары мықты болып, бақытты өмір сүрулерін тілеймін.



Жаханшаева Хадиша


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!