Қосымша 5-1
Сабақтың тақырыбы: «Бас киімдердің түрлері. Ою туралы жалпы түсінік»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бас киімдерінің ерекшеліктері, түрі, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы білімін тереңдете отырып, қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне түсінік беру және олардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, бас киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Бас киімдерге байланысты жөн – жоралығынларды мән мағынысын, ырым – тиымдардың тәрбиелік мәнін аша отырып, өз қолымен жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, дайын бұйымдар, буклет.
Керекті құрал-жабдықтар: Мультимедиа,ою қиылған үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың жоспары:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру
Техника қауіпсіздік ережесін пайдалану.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
ІV. Оқушы білімін пысықтау
1. «Көп оқыған, көп білер» мақал-мәтелдер сайысы
2. «Мұны білу пайдалы» бас киімдерге қатысты ырым-тыйым сөздер
3. «Кім жылдам?» қалаған 1 бас киім макетін жасап, ою ойып, жабыстыру.
4. «Жеті жұрттың тілін біл...»
Қорытындылау
1.Тест сұрақтарына жауап беру.
V. Сабақты бекіту
1. «БҮҮ» бойынша бекіту
VІ. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру:
III Жаңа сабақ
Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аяздан, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа аса үлкен мән берген ата-аналарымыз баскиімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, щыдамды барқыт, драп секілді маталарды пайдаланған. Бас киім екі топқа бөлінеді. Ерлер және әйелдер бас киімі. Ер адамдардың бас киімдеріде әр түрлі. Олар тақия, жаздық және қыстық баскиім киген. Жазда ақ киізден бастырылған қалпақ киген. Ал даулетті адамдардың баскиімі қымбат жіпттермен кестеленген. Ерлердің қыстық бас киімі терімен тысталған. Ер адамдар негізінен, малақай, түйе терісінен тігілген баулы жалбағай киген. Ол шаң тозаңнан, күн өтуден,жаңбыр мен қардан қорғайтындықтан, басқа баскиімнің сырттарынан киеді. Қыздар жазда ашық түсті жібек матадан немесе барқыттан тігілген төбесі жайдақ, көбіне кәмшәт терісімен көмкерілген тақия киген. Тақияға тіл көзден сақтасын деп үкі таққан. ХХ ғасырдың аяғында қыздарға қызыл орамал «шәлі» тағу сәнге айналған.
Қыз балалар тұрмысқа шыққанда басына киетін сәукеле-ғажап қолөнер туындысы. Сәукеленің ою-өрнектерін құйып, соғып, шебер тігінші, зергерлер жасаған. Бір сәукеленің тігіудің өзіне жылдан астам уақыт өткен. Ерте кезде сәукелеге қарап қыз балалардың әлеуметтік жағдайын анықтаған. Ал әйел адамдар кимешек киген. Әжелер жаулық киген.
Осы бас киімдердің барлығына зер салып қарайтын болсақ бәріне де қазақ халқы ою басып тігетін болған.
Ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу, бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.
Өрнек дегеніміз – кез келген бұйымның сыртына түсірілген біртұтас байланысты әшекей.
Қазақ халқының ою-өрнекке деген ынтасы және сұлулыққа деген көзқарасы өте жақсы дамыған. Ою-өрнекті жан-жануардың дене мүшесінің бір бөліктеріне байланысты оюлар ойлап шығарған. Ай, күн, жұлдызға арналған, көк әлемге байланысты ою-өрнектер және табиғатқа байланысты ою-өрнектер де көптеп саналады. «Ою-өрнекті» мағынасы бір-біріне жақын сөздер. Қазақтар көбінесе бір өрнекке салынып, қиып алынған үлгіні, үлгіге сай кескен сырмақтың қиығын сондай-ақ, мүйіз тектес ою-өрнекке қосылатын барлық «қошқар мүйіз» ою-өрнектерін де ою деп атайды.
Ал, ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Әсемдеудің кең таралған бір түрі – жан-жануарлар, өсімдіктер немесе геометриялық фигура элементтерімен үнемі ырғақты қайталанып келуі десе болады. Ою өрнек өнеріне тұрмықтық жабдықтар мен қатар аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажет құрал-жабдықтар да кіреді. Қазақ ою-өрнек атауларын халықтың мәдени-әлеуемттік өміріне байланысты өзгеріп отырады. Қазақ халқының қол өнерінде ою-өрнек салмай жасаған бұйымдарды көре алмайсың. Оларды киіз басудың өзінде киіздің үстіне басқа түсті жүн жабыстыру арқылы басқан. Ши тоқудың өзінде ою-өрнекті қолданған немесе киіз бетіне басқа матамен ою салып сырып тіккен. Кесте өнеріндегі текемет, аяққап, қоржын сияқты бұйымдарды кестелеудің өзінде ою-өрнек қолданамыз. Ою-өрнек салып жасалған бұйымдар көздің жауын алады, өте әдемі көрінеді.


Әр ою-өрнектің астарында мағына болады. Мысалы, «қошқар мүйіз» ою молышылқты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақты, бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді, «гүл» оюы барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып 12 жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі. «Жапырақ» оюы ағаштың барлық өсімдіктердің жапырақтарын тұспалдайтын ою-өрнек. «Балдақ» оюы бүркіт ұстаған қолдың білегіне киіліп тұратын жоғары басы балдақ сияқты жарты шар формасына келеді. «Қазмойын» оюы құстың мойнын тұспалдауынан шыққан. «Түйетабан» түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек. «Төртқұлақ» төрт тармағы зооморфты немес өсімдік оюларынан құралған. «Ботагөз» оюы сыртық пішіні ботаның көзіндей ромб тәріздес геометриялық ою-өрнек. «Өркеш» оюы түйенің қос өркешін бейнелейді. Қазақ ою-өрнектерінің ішіндегі ең көп кездесетін түрі зооморфты оюлар. Ертедегі көшпенділердің шаруашылығы мал болғандықтан, олардың дүниетанымы осы кәсіппен тікелей байланысты.
ІV. Оқушы білімін пысықтау
1.«Көп оқыған, көп білер» мақал-мәтелдер сайысы
Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.
Бас болмақ оңай,
Бастамақ киын.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса,
Бас жарады.
Адам көркі – шүберек,
Тал көркі – жапырақ.
Қолында алтыны бар,
Ақылыңды емес шапаныңды сыйлар.
Кісі аты тершіл,
Кісі киімі кіршіл.
2. «Мұны білу пайдалы» бас киімдерге қатысты ырым-тыйым сөздер
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді.
Тозбаған киімді тастауға болмайды.
Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан улы жәндіктер болса, ұшып түседі.
Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Жаман ырым.
Киімнің жағасын басуға болмайды.
Бас киімді теріс киюге, лақтыруға болмайды. Бас киімді әрқашанда таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.
Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі болып саналады.
Садақаға кім берсе, оның түймесін қиып алады.
3. «Кім жылдам?» қалаған 1 бас киім макетін жасап, ою ойып, жабыстыру.
Қорытындылау
4.«Жеті жұрттың тілін біл...»


1.Тест сұрақтарына жауап беру.
| Сұрақтар | Жауаптар | Дұрыс жауабы |
| 1.Ою-өрнектің неше түрі бар? | А) 300 Б) 400 С) 500 | |
| 2.Гүл оюы нені бейнелейді? | А) бейбітшілік Б) қуаныш С) дархан | |
| 3. “... аузынан шөп алмайтын момын” теңеуі қай түлікке арналған ою-өрнекте кездеседі? | А) итқұйрық Б) сынық мүйіз С) қошқар мүйіз | |
| 4.Жануар тектес ою-өрнек. | А) иттіс Б) ботагөз С) құмырсқа | |
| 5. Найман руының оюы? | А) жебе Б) босаға С) үш айырық алау | |
| 6.Геометриялық ою-өрнек? | А) құсмұрын Б) сүйір С) жауқазын | |
| 7. Кесте өнерінде көп қолданылатын ою? | А) жылан Б) қырықшақа С) алтын жіп мүйіз | |
| 8. Бас-аяғы жоқ ою? | А) итқұйрық Б) тарақ С) сұлама | |
| 9.Үзілмес бағыт, мәңгілік нышаны қай оюмен өрнектеледі? | А) өткізбе Б) төртүшкіл С) дөңгелек | |
| 10 Көне әлемге байланысты өрнектер? | А) шұғыла Б) тышқан С) көбелек | |
V. Сабақты бекіту
1. «БҮҮ» бойынша бекіту
| Білгенім | Үйренгенім | Үйренгім келеді |
| | | |
VІ. Үйге тапсырма беру
Қорытындылау.
Қазақтың ою-өрнектерін неше топқа бөлуге болады?
Композициялық құрылымына оюлар неше топқа бөлінеді?
Қазақ ою-өрнектерінің ішіндегі ең көп кездесетін оюлар.
Бағалау. Жұмысты саралап, сараптау, жұмысқа баға беру.
Үйге тапсырма:
Қосымша 5-2
Сабақтың тақырыбы: «Мата түрлерімен жұмыс, Құрақ құрау әдісі»
(7 сынып қыз балаларына)
Сабақтың мақсаты: құрақ құрау әдісін үйрету,құрақтың түрлерімен танысу.
Білімділік: құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру, жалпы көрпе-жастықтың қажеттілігіне тоқталу.
Дамытушылық: құрақ өнерін жетілдіру, дамытуды үйрету.
Тәрбиелік: құрақ құрау өнері арқылы қыз баланың әсемдікке, кез келген затты қиюластыра білуге, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
Мазмұнға байланысты міндеттер: құрақ көрпешенің жасалу жолы, түрлері, қолданысы жайлы түсінік алады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттер: мәтінмен жұмыс жасай отырып, талдау жасайды, зерттейді, салыстырады, өз көзқарасын білдіріп, пікір айтады.
Топтық жұмысқа байланысты міндеттер: бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады, өзгенің пікірімен санасуға, бағалай білуге үйренеді.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, математика, дүние тану, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: құрақтың түрлі үлгілері, түрлі маталар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, бор, өлшегіш, ине, жіп, дәптер, қалам т.б.
Сабақтың әдісі: зерттеу, жүйелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Сабақтың эпигрофы:
Әжелер киім тіккенде,
Тастамапты қиықты.
Әр алуан қиып түскенде
Дорбаға салып жиыпты,
Көп киім тігіп біткенде,
Қиықты сәндеп тіккенде,
Құрақ көрпе болыпты.
II. Жаңа сабақты түсіндіру
а) шығу тарихы;
ә ) құрақ түрлері;
б ) қолданылуы;
в ) құрақ құрау әдісі;
Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье»деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Америкада әр түрлі ұлт өкілдер тұрғандықтан құрақ құрау өнері пайда болған.
Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріліп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Хас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек.
Қолөнерінің алатын орны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті , шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.
Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар. Соның ішіндегі төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиық құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, майда құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған. Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді:
АҚШ ,Германия, Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Мұндай қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бірқатар бұйымдар Қастеев мұражайына да қойылған. Материалдардың түстер үйлесімділігін, геометриялық шешімін тауып орналастырып, қайталанбас колорит алуға болады.Құрақтардан жасалған заттар өзінің ерекшелігімен, түстерінің әр түрлі болуымен бізді өзіне ерекше тартады. Құрақ құрау технологиясы тұрмыс бұйымдарын дайындауда қолданылады. Құрақтан жасалған бұйымдар: жастық тыс, көрпе (орыс, қазақ, ағылшын), дастарқан, майлық, ұстағыш қолғап, жапқыш, кілем, дорба, баскиім, киімдер, сувенир немесе аксессуар ретінде –сәнді сөмке, кошелек т.б
Құрақ құрау (құрақ мозайкасы)
Жапсырмалау (аппликация).
Құрақ құраудың түрлері:

Құрақ көрпешелер. әр түрлі жолмен тігілген құрақшалар


Қосымша 5-3
Тақырыбы: «Түрлі пішіндегі тұмарларды ою-өрнек, тесьмамен безендіру»
Мақсаты: Ою-өрнек туралы қысқаша түсінік беру. Ұлттық өнер түрлерімен
таныстыру.
Ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін, білімін жан-жақты дамыту. Халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнеріне жақын болуға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: Практикалық, сұрақ жауап
Көрнекіліктер: қол өнер бұйымдары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Тренинг жүргізу.Оқушылар назарын тақырыпқа аудару, даярлықтарын тексеру.
Тренинг: «Ғажап ұйқы»
Тренинг мақсаты: Қатысушылардың бойын босансыту, қажу шаршауды басу.
Жүргізу барысы: Жүргізуші ойынды жүргізу барысында қатысушылардың көздерін жұмуын сұрайды.
Кірпігімізді төмен түсірейік көзіміз жұмылады. Енді еркін демалайық. Ғажап қана ұйықтасақ шаршағанымыз ұмытылып денеміз босансиды.
Шөпте жатқандай сезінейік. Жасыл жұмсақ шөпте жатырмыз. Күн нұры бізге төгіп тұр. Қолымыз біздің жып жылы. Күн ыстық.
Таза ауада тамаша тыныстадық.Біз еркін тыныстадық. Ғажап ғана ұйықтадық. Оянатын сәт келді. Көзімізді ашамыз.
Өткенді қайталау. Сұрақ –жауап.
Тұмардың қандай түрлерін білесіндер.
Тұмарды не үшін пайдаланады.
Тұмар неше бөліктен және қанадай пішіндерден тұрады.
Өткен сабақтарда тұмарды қалай жасап дайындадық.
Жаңа сабақ.
Мұғалім :Бүгінгі сабақта тұмарымызды ою-өрнекпен безендіріп әшекейлейміз.
Ою-өрнек қазақ даласына оқу-сызу пайда болмай тұрғанда дүниеге келді деседе болады. Ою-өрнекті белгілі бір адам немесе қолөнер шеберлері ойлап тапқан жоқ. Оны халық ойлап тапты. Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған айнала дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім кешектеріне, қолданатын бұйымдары мен ыдыстарға қарапайым сурет ретінде салған, осылай бірте бірте ою-өрнек пайда болды. Ал біздің халқымыздың тұрмыс тіршілігінде ою-өрнектің алар орыны үлкен. Әр шебер бұл өнері өз үлгісінде, әр түрлі дамытқан, өзі жасаған оның астарына өзінше терең ұғым сыйғызған, сондықтан ою-өрнектің тілін, сырын, тарихын сол шеберден артық ешкім білмейді.
Қошқармүйіз тәріздес оюы-мал шаруашылығы мен айналысқан қазақ халқымыз көшпелі өмір салтына байланысты туған. Мысалы бұйым ортасына қошқармүйіз салып, шет-шетіне «шаршы » немесе «су» оюлары салынады. Мағынасы туған жер төсін толтырған отар-отар қой болсын деген мағынаны білдіреді. Қошқар мүйіз оюы молшылықтың нышаны ретінде қолданады.
Бүгінге дейін қазақ ою-өрнектерінің екі жүзге жуық түрі анықталған. Біз бүгін халық арасында көп тараған мүйіз тектес оюлары.
Оюлар түрлері мән-мағынасына қарай 4-ке бөлінеді.
Өсімдік тектес.
Жан-жануарлар
Геометриялық оюлар
Аспан әлеміне қатысты оюлар
Сарамандық жұмыс:
Оқушыларға алдында тұрған тұмар бұйымын, өздері дайындаған ою-өрнектерін қалай орналастыру және безендіру жолдарын көрсету.




Бекіту сұрақтары жүргізіледі.
Қорытынды:
Мұғалім : Қазақта өнері асқан Тайжан ағаң,
Оюды жаңа үлгідегі түрін ашқан.
Өрнектеп қалпақ пен зер шапанды,
Қадірлі ел басыға сыйға тартқан.
Олай болса осы сияқты аға, ата жолын жалғастырушы, сегіз қырлы бір сырлы, білімді ұрпақ болайық. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.
Қосымша 5-4
Сабақтың тақырыбы: «Тігін машина түрлері. Тiгiн машинасы және машина тiгiстерi. Қоса тiгу»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Машинаның шығу тарихы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ой өрістерін, ойлау қабілеттерін, икем дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Аралас
Сабақтың көрнекілігі: машина түрлері көрсетілген плакаттар.
Сабақтың барысы:
1. Ұымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен амандасады, түгендейді
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Жаңа сабақ.
Тігін машинасы. Тігін машинасының қол машина, аяқ машинажәне электр машина деп аталатын түрлері бар. Конструкциялық орындалуы жағынан тігін машиналары астында тұғыры бар қақпақты машина, сандыққапты машина, стол-шкафты машина , жазылмалы столы бар машина деп бөлінеді. Тігін машинасының үш класы шығарылды: тск тура тігісті- 2М, тура және бір және екі жіпті инемен ирек тігіс жүргізетін -132 класты, бір немесе екі жіпті инемен тура немесе ирек сызықты тігіс жүргізетін және арнайы тігіс тігетін 142 класты машиналар. 2 М класты тігін машиналары киім детальдарын бір сызықты тура тігіспен тігуге, шілтері немесе таспа баулы киімді бастыруға, киімнің шеттерін бүгуге, бүрме тігіс тігуге, «ришелье» әдісімен кестелеуге, бір тегіс етіп кестелеуге, жамау жапсыруға арналған. 132 класты машина бұған қосымша ілгектерді торлауға, түйме қадауға, сәндік тігіс түсіруге, бау тігуге, матаның шетін жөрмеуге, ирек сызықты тігіспен бір-біріне түйістіре тігуге болады. 142 класты машинамен жоғарыда көрсетілген жұмыстың бәрін орындап, оған қоса жағдайда ең әуелі оның дұрыс сақталуына көңіл бөліп, содан кейін жіп өтетін серіппелі қысқаштың бұрандасын солға қарай бірнеше рет айналдырып, жіптті қатты тарту қажет. Шөлмектегі жіп қатты тартылып тұрған жағдайда қайықтың сырт жақ бүйіріндегі пружинаның реттеу бинтін сәл босатады. Сондай-ақ қайық ішіндегі катушка тым тез айналып кеткен кезде де (мұндайдажіп түйіліп, түйін пайда болады) жіптің үзіліп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда шөлмектің астына қалың мата төсмеп қою қажет. Шөлмек қайыққа тығыз болған кезде де жіптің үзілуі мүмкін. Сонда шөлмекке жіп қажеттегіден артық оралады. Шөлмекке жіп орағанда оның шөлмек жиегіне 1,5-2 мм жетпей тұруын қадағалау керек. Тігіс дұрыс түспесе онда иненің дұрыс орналасуын тексеру (ине түбінің тегіс, жылтыр –беті кейінгі жаққа, ал инедегі кішкене өзекше алдыңғы , жұмыс істеп отырған адам жаққа қарайды) қажет; ине мен жіп нөмірлерінің сәйкес келуін тексеріп, егір ұшы мұқалып немесе майысып қалса инені ауыстырады. Ал машина табаны матаны тартқыш тісті қажетті деңгейде келтіреді (егер олар тиісті деңгейде шығып тұрмаса) немесе ретруіш винт арқылы машина табанын қатайтады. Жұқа маталарды (мәселен керосин тамызу керек, сосын машинаны біраз жүргізіп барып жақсылап сүртеді де тігін машинасына арналған маймен майлайды.Машиналық белдігі (айналдыру таспасы) айналып кетсе, онда оны сәл қысқартқан жөн. Егер машина бұзылып, тігіс дұрыс түспесе онда машинаны шеберханада жөндетеді.
Тігін машинасының тарихы
XV – ғасыр – Ленардо да Ванчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.
1755 жыл – Англия, Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
1834 жыл – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады.
1900- Ресейде Подальск қаласында «Зингер» зауытын ашты
1900- Ресейде Подольск қаласында «Зингер» зауытын ашты.
Тігін машинасы қол жетегінде , аяқ жетегінде және электр жетегіндегі машиналар болып бөлінеді. Заманауи тұрмысьтық машинасы негізінен электр тоғының күшімен жүргізіледі. Тігін машинасы қол жетегіндегі , аяқ жетегіндегі және электр жетегіндегі болып бөлінеді. Жетек – бұл машинаның жұмысшы бөлігін қозғалысқа келтіру қондырғысы.
Заманауи тұрмыстық электр жетегіндегі тігін машинасы өте шағын, оны жұмысқа тез дайындай аласың.
Тігін машинасының құрылысы: Көңіл аударсақ бірінші бөлшегі- жең деп аталады. Оның ішінде машинаның құйып жасаған басты вал бөлшегі орналасқан.
Жеңнің оң жағында өзара жалғасқан бірнеше бөлшектен тұратын аяқты беріліс орналасқан. Бұл түйін деп аталады. Машинаның әрбір түйіні қандай да бір жұмысты атқарады. Аяқты берілсі- бұл машинаны қозғалысқа келтіретін түйін.
Аяқты берілістің педальін аяқпен тербетеді. Бұл тербеліс шатунның және қисықшиптің көмегімен айналмалы қозғалысқа ауысады да жібергіш дөңгелек беріледі. Жібергіш дөңгелектің науасына тұйық белдік кигізілген. Белдік жібергіш дөңгелекті машинаның басты валына қондырылған маховик дөңгелекке жалғайды.
Әрі қарай машинаны бос жүріске қойып жаттығу орындалады.
Тігін машинасын жұмыс орнында жарық сол жақтан түсіп тұратындай етіп орналастырады.
Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ.
(Слайдпен машина құрылысын көрсету.)
1- шөрнек құрылысы; 2-басу табаны; 3-мата жылжытқыш; 4-жіптартқыш; 5-жіп бағыттағыш; 6- жеңқап; 7-жіп орағышқа арналған өзек; 8- жіп орағыш;9-айналма дөңгелек; 10- тігіс ұзындығын көрсеткіш; 11-кері жүргіш тетігі; 12- тегіс адымын реттегіш тұтқа; 13- жеңқап тіреуі; 14- тұғыр; 15- жіп бағыттағыш; 16- ысырмалы пластина.
Тігін машинасының инесі.
Ине – тігін машинасының ең маңызды жұмы органы. Ине конструкциясын Америкада 19 ғасырдың 30- жылдарында ойлап тапқан.
Тігін машинасының инесінің құрылысы
1- колба
2- қысқа және ұзын сызық
Ойық сызықшалары
3- алмас
4- көзі
5- ұшы
III. Бекіту сұрақтары.
1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина, аяқ машина, электрлі машина, арнайы машина)
2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім (Леонардо до Винчи).
3.Мата неден тұрады (Талшықтан)
4. Тігін машинасынң қандай түрлері бар?
5. Тігін машинасы қандай бөліктерден тұрады?
6. Тігін машинасың ине бөліктерінің құрлысын атаңыздар?
IV. Қортынды
Бағалау.
Қосымша 5-5
Сабақтың тақырыбы: «Тігін машинасының түрлері»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: жаңа сабақты меңгере отырып , білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.
ә) Дамытушылық: оқушылардың ой- өрісін, көргендерін есте сақтап, оны қайьта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Б) Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету.
1. Ұымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Бастапқы шикізат түріне қарай химиялық талшықтар неше түрге бөлінеді?
2. Синтетикалық талшықтарды қалай алады?
3. Тұңғыш рет химиялық талшықты алғсан кім, қай жылы?
4. Вискозалы талшыққа жалпы сипаттама
5. Капронды маталардың кемшілігі.
6. Лавсан дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ.
Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабыдықтардың ең маңыздысы – тігін машинасы
Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымыныа, құрылысына тоқтала өтейік.
XV – ғасыр – Ленардо да Ванчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.
1755 жыл – Англия, Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
1834 жыл – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады.
1844-1845 жылы – Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды
1850-1851 жылы – Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге келді.
1870 жылы- АҚШ та Исаак Зингер – «Зингер» фирмасын аштыъ
1900 жылы – Ресейде Подальск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизаиндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды
1850-1851 жылы-Ален Уилсон мен Исаак Зингер, қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі.
Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттелуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасыңы қол машина, аяқ машина, және электр машина деп аталатын түрлері бар.
JANOME SW – 24 тігін машинасы.
1. Кері жүріс тетігі
Тігісті реттейтін құрылғы
Тігістің ұзындағын реттеуші
Тігістің енін реттеуші
Жіп орағшы стопор
Жіп орағыш шпиндель
Катушкалыөзек
Жіп орағышты бағыттауы
Жіп бағыттағыш
Жіп тартқыш рычағы
Алып жүруге арналған ұстау тетігі
Қосу тетігі
Бос жеңқап
Қысу табанын көтеру рычагы
Жіп берілсін реттреуіші
Алдыңғы бөлік
Жіп кескіш
Жіп бергіш
Пластина
Қысу табанын ұстаушы
Инелі өзектің винті
Ине
Қысу табаны
Қосымша бөлік (аксесуарларды сақтау орны)
Айналма дөңгелек
Электр желісіне қосатын бөлік
Түймелік рычагы
Тігін машинасымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелері.
1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
2.Шашты жинап, жеңді қайыру.
3. Машинада тікеғ орындыққа толық жайғасып, деніні жай ғана еңкейтіп басмты алға қарай иіп отыру керек.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек
5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
6. Машина мен жұмыс орындаушысының ара қашықтығы 20-30 см.
7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығу керек.
8. Машина үстінде артық заттар жатпауы керек.
9. Машина тігісін бастарда бұйыда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келеме)
11. Матаны қойып табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды
12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.
(слайд) Тігін машиналары

Сарамандық жұмыс.
Машина тігістерін тігу. Жұмысты ұқыпты тігістерді түзу тігу.
IV.Сабақты бекіту.
1. Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?
2. Тігін машинасы не үшін қажет?
3. Тігін машинасымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін ата?
4. Қандай машина тігістерінің түрлері бар?
V.Үйге тапсырма
| Тігістің атаулары | Шарттың бейнеленуі | Сипаттамасы |
| Айыра тігу | | Бірдей өлшемді екі немесе одан көп бөліктерді біріктіруге қоланылатын біріктіруші тігіс түрі. Пішілген матаны ортасынан өң беттерін беттестіріп бүктеп, кесіктерін теңестіріп тігеді. Қосымшаны екіге айырып үтіктейді. |
| | | |
Қосымша 5-6
Сабақтың тақырыбы: «Алжапқышты модельдеу»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды алжапқышты ретімен дайындауды үйрету. жұмыстың сипатына байланысты матаның түсін және суретін, формасы бойынша бір бірін үйлестіретін бөлшектерін таңдай білуді үйрету.
Дамытушылық; Оқушылардың кеңістіктік, шығармашылық ойлау қабілетін, эстетикалық сезімталдығын дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнелілк құралдары:
Құрал-жабдықтар: картоннан жасалған қыздың суреті, сызғыш, қарындаш, қайшы, қағаз, мата, желім, кружево, лента, жіп, фартуктың шаблоны
Сабақтың барысы:
Қайталау сұрақтары:
- Өлшемді не үшін алады?
- Өлшемдерді қалай жазады?
- Бұйымды пішу қандай өлшемдералынады?
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Типтік пішу негізінде кез-келген үлгідегі әдемі алжапқышты тігуге болады.
Ол үшін алжапқыш бөлшектерінің формаларын өзгерту және өңдеулер жүргізу керек. Осының барлығы киімді модельдеу болып табылады.
Киімді дайындау және модельдеу барысында бірнеше мамандар жұмыс жасайды, олар:
Суретші-модельер – киімді модельдейді. Мұндай жұмысты жасау үшін адам фигурасын, оның пропорциясы және пластикасы туралы білуі керек. Сонымен қатар, тігу ісінің технологиясы, костюмді құрастыру заңдылықтары және де крой мен отделканың сызықтары туралы білуі керек.
Конструктор – сызулар мен пішім бөліктерін дайындайды.
Технолог – сызуларға байланысты киімдерді дайындау ретін жасайды.
Кез-келген модельердің жұмысы келесі формуладан басталады: «Кім үшін – не үшін – неден»
Алжапқыш – киімді лас болудан қорғану үшін қолданылады. Осыдан алжапқыштың формасы мен материалы жасалатын жұмысқа байланысты болады. Мысалы жұмыс жасайтын зауыттың дәнекерлеуіші үшін алжапқыш мықты және айтарлықтай жабық формада болуы тиіс. Мұндай алжапқыштарды теріден немесе брезенттен тігеді.
Ал үй жұмысы үшін және оқушылар үшін де алжапқышты әр түрлі формада және де кружевадан, лентадан, тесьмадан, вышивканы қолдану арқылы жасауға болады. Ол үшін табиғи матаны (мақта, лен) қолданған дұрыс. Олар ауа жіберетін, гигроскопиялық, санитарлы-гигиеналық талаптарға сай болып келеді.
Алжапқыштың сызықтарын өзгерту барысында бір нәрсені есте ұстау керек: ол бөлшектердің формасы әр түрлі болмауы тиіс. Егер де алжапқыштың төменгі жағы жартылай шеңберлі, үшбұрышты немесе тік төртбұрышты формада болатын болса, онда қалталары немесе кеудесі де сондайформада болуы тиіс.
Модельдеу ережесі.
Егер де алжапқыш қатты матадан тігілетін болса, онда өңдеуді бір түсті ету керек.
Негізгі матаның суреті ашық түсті және ірі болған сайын, оның өңдеуі ұсақ болуы керек.
Ашық түсті маталарды аздап ашық, ақ, қара немесе сұр түспен байланыстыру керек.
Өңіашықтүссізматалардыашықөңдеуменжасағандұрыс.
Практикалық жұмыс
Тапсырма: Алжапқыштың моделін дайындау.
Практикалық жұмыс орындамас бұрын, қайшымен және матамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережесімен таныс болуымыз керек.
Матамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережесі:
Инелерді белгілі бір жерде сақтау
сынық немесе датт инелер мен түйреуіштерді қолданбау;
Инемен тек қайып тігу
Қайшыларды қаптарында сақтау;
Жіпті тіспен үзбей, қайшымен қию керек;
Алжапқыштың лекаласын қолдана отырып, қағазға алжапқыштың контурлық сызығын сызу керек.
Жұмысымызды ең алдымен бастағандықтан А3 форматқа сызбасын (эскизін) салып аламыз.
Үлгі суреттер
Таңдалған модель бойынша болашақ алжапқышқа модельдік сызықтарды жүргізіңдер.
Алжапқыштың жаңа моделінің үлгісін жасаңдар
Алынған үлгіні матаға қойып, екі қабатқа бүктелген арқау жіп бойынша қайырып, оң бетін теріс қаратып, алынған үлгіні мата бетіне орналастыр.
5.Үлгінің контурын жүргізіңдер. Тігуге артық сызықтар беріп, бұйымды пішіңдер.
6.Төс бөлігін, жанындағы қалта сызықтары мен алжапқыштың төменгі бөлігін қайырыңдар.
7. Төс пен қалтаға тесьманы тігіңдер, тесьмадан аспа бау жасаңдар.
Алжапқыштың төменгі жағына қалтаны тігіңдер.
9. Белбеудіпішіңдер (матағатүсіріңдер), қиықшеттерібіржақбеттеорналатындайетіп, ұзындығыбойыншаекіқайырыңдар. Көктеңдер.
10.Бел сызығыбойыншаалжапқыштыңтөменгіжағынақымтырмажасаңдар. Алжапқыштың ортасынасәйкес, белбеудіорналастырыңдар. Белгілеп, тігігіңдер.
11. Көктегенжіптіалып, үтіктеңдер
Дайын алжапқышты шақтап көреміз. Жіберілген қателерге түзетулер енгіземіз.
13. Сабақты қорыту, бекіту кезеңі
14. Жұмысты бағалау
15. Үй тапсырмасы: Бұйым бөліктерін біріктіріп, қол тігісімен тігу.
Қосымша 5-7
Тақырыбы: «Белдемшенің күрделенген үлгiсi, Белдемшені пішуге
дайындау Тік белдемшені модельдеу»
Мақсаты: Оқушылардың киім модельдеу жөніндегі білімдерін толықтыру және кеңейту. Модельдеу әдістері мен техникасын, бұйым пішімінің сызбасында қажетті өзгерістер енгізуге. Пішімді жинауға, жаңа модель дайындау кезінде лекалаларды қолдана білуге үйрету. Жұмыс атқару кезінде зейінділікке, жауапкершілкке, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, машықтық.
Пәнаралық байланыс: сызу, математика, қазақ тілі
Оқыту формасы: фронтальдық, жеке
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу.
ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
б) сабаққа даярлығын байқау
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақ.
«Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек». Әр халықтың өз ұлттық киімі болады.
Олардың әрқайсысы өзінше әдемі, өзінше қызықты болып көрінеді.
Белгілі бір фасонды бұйым тігу үшін пішімнің бөліктерін өзгерту, яғни модельдеу процесін бұйым үлгіснің суретіне сәйкес атқару керек. Бұл арқылы жаңа модель пайда болады.
Модель – түрі, формасы, материалы және өңделуі жағынан жаңа бұйым дайындауға арналған үлгі. Үлгі сурет, фотосурет, дайын бұйым түрінде болады.
Фасон – формасы, пішуі , өңдеуі және басқа да ерекшеліктері бойынша киімдердің бір тобына жататындардың ішіндегі айырмашылқытар.
Модельдеу бірнеше әдістер арқылы жүзеге асырылады.
Формасы тар тік белдемше. Таспа – сылдырма ілгегі бар. Белдемшенің етегі біржақты бүрмелі.
Етек жағы кеңейтілген тік белдемше. Артқы бойы мен алдыңғы бой бөлігінде үш-үштен қарама қарсы келген бүрмелі үстеме. Ілгегі бүйір тігісінде орналасқан.
Етек жағы кеңейтілген белдемше. Белдемшенің етегі бүрмелі өңделген.
Қортындылау.
Модельдеу дегеніміз не?
Модельдеумен кім айналысады?
Фасон дегеніміз не?
Белдемшенің қандай түрлері бар?
Үйге тапсырма
Белдемшенің модельдеуді аяқтау.