СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ойынды дыбыспен сүйемелдеу

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар. Бұл құжат мектепте сабақ өткізетін мұғалімдерге, практикант студенттерге арналған құжат.

Просмотр содержимого документа
«Ойынды дыбыспен сүйемелдеу»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.3В-бөлім. Компьютерлік ойынды құру

Мектеп: №4 ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қайроленов Шыңғыс

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Ойынды дыбыспен сүйемелдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.1. – ойын ортасындағы программалау сценарийін жасау және жүзеге асыру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ойын ортасында программалау сценарийін іске асыру барысында дыбыспен сүйемелдеу

Оқушылардың басым бөлігі:

Компьютерлік ойын ортасында қажетті дыбысты жүктеп орната алу.

Кейбір оқушылар:

Ойынның бастапқы бетін құру және жасалған сценарийді жақсартуды білу.

Бағалау критерийлері

  • программалау сценарийін дыбыспен сүйемелдеуді жасайды.

  • ойын ортасында қажетті дыбысты жүктеп өз бетінше мысал құра алады.

  • Ойынның бастапқы бетін құрады және жасалған сценарийді жақсартуды біледі.



Тілдік мақсаттар

Дыбыспен сүйемелдеу ұғымы туралы түсінік алады.

Пәндік лексика мен терминология:

Sound effect- дыбыстық әсер

Voiceover – дыбыстау

Диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер.

Құндылықтарға баулу

Құндылықтарға баулу арқылы тәжірибелік жұмыста шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады. Өз бетімен АКТ-ны қолдана алатын, шығармашыл, инновациялық өзгерістерге бейім, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.


Пәнаралық байланыс



Үш тілділік мақсатында терминдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару.

Алдыңғы білім

Сценарийді жүзеге асыру



Сабақ барысы:



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығулар түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

4 мин



















8 мин

Ұйымдастыру

Сыныппен сәлемдесу. Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу, аудторияны қалыпқа келтіру)


«Өз орныңды тап» әдісі бойынша, орындықтағы скриптер қарап қолдарындағы жазылған парақшадағы құрылғыны тауып отыру арқылы 2 топқа біріктіремін.

1-топ «Дыбыстық әсер»

2-топ- «Дыбыстау»

Топ басшысы сайланады. «Бағалау парақшасы» топ басшысына үлестіріледі. Әр оқушының алған түсіне қарап бағаланады.

Жасыл (өте жақсы), сары(жақсы), қызыл (әлсіз).

«Жақсыны- үйрен, жаманнан- жирен» мақалына сүйене отырып, біз сабағымызды психологиялық көңіл – күймен бастаймыз.

Оқушыларға кәмпит таратылады. Кәмпитті жеп, қағазына өз бойларындағы жаман қасиетті жазады. Жазылған парақты жыртып тастау керек яғни, жаман әдеттен арылу.


Өткен тақырыпты қайталау мақсатында "Микрофон"  ойынын ұйымдастырамын (бір оқушы журналист болып, өткен тақырып бойынша қалған оқушыларға сұрақ қояды, оқушылар жауап беру керек).

Сұрақтар:

1. Ойын сценарийі қалай жүзеге асырылады?

2. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

Күнделікті өмірден мысал келтіріңдер.

3. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?

Күнделікті өмірден мысал келтіріңдер.

4. Циклдік алгоритм дегеніміз не?

Күнделікті өмірден циклдік алгоритмге

мысал келтіріңдер.

5. Блок-сызба дегеніміз не? Блок-сызбаға кіретін

қандай блоктарды білесіңдер?








Таратпа парақтар













Сабақтың ортасы

4 мин













5 мин



























15 мин

Жаңа сабақтың тақырыбын түсіндіру мақсатында «Ойынды дыбыспен сүйемелдеу» таныстырылымын көрсетемін.

Жаңа сабақты түсіндіру барысында көрсетілген видеороликтен

Sound effect - сөзі латын тілінен аударғанда, «дыбыстық әсер» деген мағынаны білдіреді.

Voiceover - сөзі латын тілінен аударғанда, «дыбыстау» деген мағынаны білдіреді.

1-тапсырма: Топтық жұмыс.

«Автобус аялдамасы» әдісі байланысты оқушылардың білетін мәліметтерін әр топтың топбасшысы, өз тобының атауын басқа топ мүшелеріне барып баяндап, түсіндіріп кетеді. Бұл әдіс екі топтың өз ара білімдерін алмасуын, топтардың аузбіршілік қатынастарын күшейтеді.


Дескриптор:

-тірек сөздерді біледі.

-ойын ортасын дыбыспен сүйемелдеу туралы түсінік алады.

-командалар қызметін түсінеді.


Сергіту сәті


«Танграм » әдісін қолданамын.

Берілген геометриялық қиындыларды құрастырып, бір мүсін шығару.



2- тапсырма. Жұптық жұмыс.

  1. Дыбысты кітапхана қорынан таңдап алып, ойынды дыбыспен сүйемелдеңдер.

  2. Жаңа дыбыс жазу батырмасын қолданыңдар.

  3. Дыбысты файлдан еңгізіңдер.

Дескриптор:

- Дыбысты кітапхана қорымен жұмыс жасай алады.

- Жаңа дыбысты жазу батырмасын қолданып дыбыс жаза алады.

- Дыбысты файлдан еңгізе алады.


3- тапсырма. Топтық жұмыс

1. А)Компьютерлік ойынды дыбыспен сүйемелдеу сипаттамасын келтіріп, кестені толтырыңдар.

Дыбыстық әсер

Музыка

Дыбыстау




Ә)Стикерледің тағайындауларын сипаттаңдар.

Кітапханадан дыбысты таңдау

Жаңа дыбысты жазу

Дыбысты файлдан жүктеу




Дескриптор.

- Керекті дыбыстық сүйемелдеу сипаттамасын

таңдай алады.

- Жапсырмаларды тағайындауды сипаттай алады.

2. Мына батырмалар не үшін қолданылады?

Дескриптор.

- Скриптілердің қажетті сипаттамаларын таңдай алады.

- Скриптілерді қолдана алады.

3.Ойындарыңды дыбыспен сүйемелдеуді жүзеге асырғаннан кейін скриптілердің жұмысын тексеріңдер. Орындалған жұмысты талдаңдар.

Дескриптор.

- Скриптілердің жұмысын тексере алады.

- Орындалған жұмысты талдай алады.

4. Өздеріңнің компьютерлік ойындарыңның дыбыстық сүйемелдеуіне сәйкес сызбаны дәптерлеріңе толтырыңдар.

Дескриптор:

  • өз бетінше компьютерлік ойын құра алады;

  • дыбыстық сүймелдеу жасай алады;

  • дыбыстық сүйемелдеу сызбасын құра алады

Сабақты бекіту.

1.Ойындарыңа қажет дыбыстық әсерлерді қосыңдар (программалаудың ойын ортасындағы кітапхананы пайдаланыңдар).

Дескриптор:

-ойынға қажетті дыбыстық әсерлерін қоса алады.

- ойын ортасында кітапханадан пайдалана алады.

2. Дыбыстық сахна қосыңдар (дайын музыкалық композицияны пайдаланыңдар немесе интернеттен жүктеп алыңдар).

Дескриптор:

-дыбыстық сахнаға дайын музыкалық композиция қоса алады.

- дыбыстық сахнаға интернеттен музыкалық композиция жүктей алады.



Компьютер


Дәптер









Үлестірме қағаздар


























Үлестірме қағаздар






Сабақтың соңы

4 мин


Кері байланыс. Оқушылар сабақ барысы туралы «Даму ағашына» жасыл, сары, қызыл түсті стикерлерге өз әсерлерін жазып тақтаға іледі.

Бағалау: Сабақ соңында оқушылардан бағалау парақшаларын жинақтаймын. Әр оқушының жинаған түсіне сәйкес топ басшының қойған бағалау парақшасына қарап ауызша бағалаймын.

Үй жұмысы: Өз ойынларыңнан спрайттар диалогтарының дыбыстауын жазып келу.

Оқулық,

Үлестірме қағаздар,









микрофон











Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК











Қысқа мерзімді жоспар


Тақырыбы: Ойынды дыбыспен сүйемелдеу







Өткізген: Қайроленов Ш.Т.

Сыныбы: 6

Мерзімі: _________

Бекітемін: _________

Әдіскер: Мусаев К.Г.

Келісемін: ______

Пән мұғалімі: ________

Бағасы: _____________










Семей 2020


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!