СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ойыншықтар айтысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

балаларға ойыншықтардың түрлерін, жасалу жолдарын көрсету оларды күтіп ойнауға тәрбиелеу

Просмотр содержимого документа
«Ойыншықтар айтысы»

Тақырыбы: « Ойыншықтар айтысы» / тақпақтар/

Мақсаты: а)ойыншықтар туралы түсініктерін жетілдіру;сөздерді буынға бөлуге үйрету;

ә) шығармашылық қабілеттерін арттыру,ойлау қабілеттерін дамыту;сөздік қорларын молайту;

б)ұқыптылыққа,бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру:

Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені

1.Сурет бойынша жұмыс

-Балалар, не көріп тұрсыңдар?

-Ойыншықтар.

-Кімде қандай ойыншық бар?

-Қане, осы ойыншық аттарын буынға бөлейік.



2.Сурет сал

Өз ойыншықтарыңның суретін сал

2.Хормен айту:

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Солармен ойнап жүремін.

II Негізгі бөлім:

1.Өлең оқу «Менің ойыншықтарым»

Ойыншығым –күшігім,

Сүп-сүйкімді,жұп-жұмсақ.

Шіренгені болмаса,

Отырғандай ұл жұмсап.



Ойыншығым –қуыршақ,

Не берсем де жемейді.

Еркелігі соншама,

Көтермесем жүрмейді.



Ойыншығым-қонжығым,

Анасын да білмейді.

Қорбаңдаған аюды,

Түсінде де көрмейді.



Ұшағым бар ойыншық,

Ұшырмасам ұшпайды.

Айналам деп аспанды,

Шаршағанға ұқсайды.



Ойыншығым-роботтың,

Тілін өзім білемін.

Жасанды темір адамның,

Басқарамын жүрегін.



Ойын: Буындар сыйлығы

Осы ойыншық аттарын буынға бөлу

2.Тіл жаттықтыру:

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін бірдей көремін.

Жуындырып,тазалап,

Күтіп ұстап жүремін.





III. Қортындылау:

Сызба бойынша сөйлем құра:



-Балалар, бүгін не туралы айттық?

-Қандай ойыншықтармен таныстық?

-Ойыншықтарды неден жасайды?

-Ұл балалар қандай ойыншықтармен ойнайды?

-Қыз балалар қандай ойыншықтармен ойнайды?



Сахналау:Ойыншықтар айтысы



Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін бірдей көремін.

Жуындырып,тазалап,

Күтіп ұстап жүремін




Тақырыбы:

«Біздің ойыншықтарымыз». Ойыншықтардың айтысы.

Мақсаты:

  1. Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.

  2. Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.

  3. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: жұмсақ, резина, компьютер.

Көрнекіліктер: Әр түрлі ойыншықтар, көліктің түрлері, резиналы ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ертеңгілік жүздесу.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күшіміз,

Жарқырайды даламыз!

Сәлематсыздар ма? Апайлар,

Сәлем, жарқын жүзді достарым!

Балалар дөңгелене отырады.

Мотивациялық қозғаушы кезең.

Тәрбиеші:

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі туралы кім маған айтып береді?

  • Балалар күз туралы тақпақтар айтып және сұрақтарға жауап береді.

Ғажайып сәт

Әр-түрлі ойыншықтар орналасқан бұрыш, мерекелі безендірілген.

Балалар ойыншықтарды көріп таң қалады.

Ұйымдастыру, іздену кезеңі.

Тәрбиеші:

  • Балалар мына әдемі ойыншықтарды қараңыздаршы!

Көңіл күйді көтеру.

Ойыншықтарды шашамыз, шашамызда жинаймыз.

Бөлмемізді өрнектеп, мерекеге біз дайын.

Барлық балалар ойыншықтарды аралап, көріп шығады. Қолдарына алған ойыншығына байланысты тақпақтарын айтады.

  • Балалардың біреуі өзінің сүйікті ойыншығын сипаттап айтады, бірі ойыншықтар туралы өлеңдерін оқыды.





Арай:

Үлкен болдым десем де, Үлкенмін ғой, міне, мен.

Ешкім маған сенбейді. Ойыншықтарды жинаймын.

«Жалғыз жүрме көшеде, Машинаға мінер ем,

Кішкентайсың сен» — дейді. Кабинасына сыймаймын.



Жаннур:

Бар ғой менің краным, Неменені көтерем?

Кранымды бұраймын. Көтеремін тауықты,

Ілгегіне іліп ап, Көтеремін балықты.

Жүк көтеріп тұрамын. Мен көтере алмакған,

Терезені көтерем, Бір-ақ ойыншық қалыпты.

Керегені көтерем. Краныма тек қана

Үй тұрғызып болған соң, Ілінбеген доп қана.


Тәрбиеші:

  • Балалар «Ойыншықтар» деген сөзге сөйлем құрастырыңдар

Балалар құрастырған сөйлемін айтады.

Тәрбиеші:Ал, енді ойыншықтар сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.

Дыбыстық талдау жасалады балалармен бірлесіп.


«Ойыншықтар айтысы»әңгімесін балалар сахналап көрсетеді.

Әмина – қуыршақ.

Айдар – қоян.

Ұлмекен – көгершін.

Жансая – кішкентай қыз.


Ойын: «Ақ қоян»

Ойыннан соң сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекеті балалардың алған білімдері пысықталады.


Ән: «Ойыншықтар»

Қорытындылау.

Балаарды сабаққа жақсы ұйымшылдықпен қатысып, өздеріне берілген тапсырмаларды орындағандықтары туралы айтып пысықтау.












Сараптама:

Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.

Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.

Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу мақсатында өтті.

Сабақ бір-біріне жылулық сезімін сыйлаудан басталды. Ойыншықтар туралы суреттер мен ойыншықтарына қарап әңгіме құрастырды.

Ойыншықтарының атын атап неден және қалай жасалатындары туралы білді.


Балалармен бірге ойыншықтарын қалай күту және оларды қалай жыйнау керектігі туралы айтылды. Ойыншықтар айтысын сахналап, ойыншықтар туралы тақпақтарын айтты. Балалар қойылған сұрақтарға жауап беріп, әңгімеледі.

Ойыншық сөзіне дыбыстық талдау жасады.

Ойыншықтар туралы балалар өз білімдерін көрсете білді. Балалар өздерінің күнде ойнап жүрген ойыншықтарын оданда жақсы көретіндерін айтты.

Өз ойыншықтарын әдемелеп жинап ойыншықтар көрмесін ұйымдастырды.





















Жамбыл бастауыш мектебі



Тәрбие сағаты.

















Орындаған: ҚаржаубаеваА:Ж

2017 оқу жылы.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!