СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ойыншықтар әлемінде »

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың cөздік қорын жетілдіру,сөйлей білуге,әңгіме айта білуге дағдыландыру.Ойыншық туралы алған білімдерін,есте сақтау қабілеттерін кеңейтіу  Артикульяциялық және дауыс апаратын дамыту.Ойыншықтардың атын,түсін және қандай заттан жасалғанын сипаттап ,сапасын ажыратып, топтастыру, олармен ұқыпты ойнап,достарымен бөлісуге тәрбиелеу.                                                                                          

Просмотр содержимого документа
««Ойыншықтар әлемінде »»

Жетекші жалпы орта білім беру мектебі Қаниева Бибігүл Даулетпаковна Сабақтың тақырыбы: «Ойыншықтар әлемінде » Білім беру саласы:Қатынас,таным,шығармашылық. С.мақсаты: Балалардың cөздік қорын жетілдіру,сөйлей білуге,әңгіме айта білуге дағдыландыру.Ойыншық туралы алған білімдерін,есте сақтау қабілеттерін кеңейтіу Артикульяциялық және дауыс апаратын дамыту.Ойыншықтардың атын,түсін және қандай заттан жасалғанын сипаттап ,сапасын ажыратып, топтастыру, олармен ұқыпты ойнап,достарымен бөлісуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсіл: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,мақал-мәтел,жұмбақ, ,тақпақ Көрнекіліктер:Әртүрлі ойыншықтар(резинадан,темірден,пласмассадан, ағаштан, жұмсақ матадан)суреттер,тірек сызба, мнемокесте,бүктемелі топтама,шартты белгілер. Сөздік жұмыс:Жақтауында,Велосипед. Сабақтың жүрісі: Балаларды ұйымдастыру.Сәлемдесу

(Мнемокесте) -Күзде қандай өзгерістер болады? - Күзде жел соғып,жапырақтар сарғайып жерге түсіп,құстар жылы жаққа ұшып барады,күн бұлттанып жаңбыр жауады,адамдар жеміс жидектер жинады.Күн қысқарып, түн ұзарды

Балалар бүгін біз «Ойыншықтар әлеміне»саяхатта боламыз.

Кенеттен есік тарсылдап, хат тасушы кіреді

-Мына ғажайып дорбаны сендерге Перизат (Фея) беріп жіберді.

-Алақай,алақай кәне қарайық,хатты оқиық. «Сәлеметсіңдерме балалар! Мына ойыншықтардың сипаттап сарын ашатын болсаңдар,сендерді үлкен сыйлық күтіп тұр».


–Балалар,ойыншықтарды сипаттап сырын ашып силықты аламыз ба?

-Иә. -Ой балалар, қараңдар Перизат бізге не беріп жіберген? .

-Ойыншық.Бүнда көп ойыншық екен ,қалай айтамыз көп ойыншық болғанда? -Ойыншықтар

-Ойыншықтар ғой ,қандай әдемі (шығарып қою) Ойыншық -ойыншықтар

-Ал орышша қалай? (игрушка –игрушки)

Ағылшынша ше?(той-тойс)

-Балалар ойыншықтар бізге керек пе?-Не үшін керек? -Балалар біз ойыншықтар туралы қандай тақпақ жаттап едік? Кәне есімізге түсірейік.(тірек сызба арқылы )

Іші толған бөлмемнің, Ойыншығым мол менің. Босқа тізіп қоймайық. Келе ғой, дос ойнайық. 1-Балалар мынау қандай шартты белгі,не істейміз? - Әңгіме айтамыз Ендеше мен сендерге «Ойыншықтар айтысы»туралы әңгіме айтып беремін.Сендер жақсылап ,мұқият тыңдаңдар

Сәнияның туған күніне көп ойыншықтар жиналды.Бір күні үйдегілер ұйқыға кеткенде,ойыншықтар бір-бірімен айтыса бастады.Әңгімені әдемі сары шашты қуыршақ бастады -Сәния мені өте жақсы көреді,себебі мен әдемімін. (Топтамалы бүктеме. қуыршақ суреті) –Жоқ, мені жақсы көреді ,мен мамықпын–деп ақ қоян келіспеді(Қоян)Сонда аю тұрып, мені жақсы көреді.Менің үлкендігім соншалық,кейде мені жастанып та жатады. (Аю ) - Неге сонша дауласасыңдар,біздер арқылы оның ой-өрісі дамиды,-дейді түрлі-түсті текшелер жамырап.( түрлі-түсті текшелер ) Сөзге велосипед кіріседі. -Маған тең келетін ештеңе жоқ.Мен арқылы ол денсаулығын шыңдайды,деп мақтанады. (велосипед ) Бұл әңгімені терезенің жақтауында отырған көгершін естиді. - Ойыншықтар неге сонша дауласасыңдар? Ал сендердің қайсыларың Сәнияны өте жақсы көресіңдер?-деп сұрады Мен,мен,-деп бәрі жамырай жауап қатты -Міне, көрдіңдер ме,Сәнияда бәріңді бірдей жақсы көреді. Оған сендер керек болмасаңдар, сендерді лақтырып тасаушы еді.Тек бәріңмен бірдей бір мезгілде ойнауға оның шамасы келмейді. 2-Балалар мынау қандай шартты белгі,не істейміз? Сөздік жұмыс.Терезенің жақтауы деген-терезенің шеті. (көрсету,түсіндіру) бүктемелі топтамадағы сурет бойынша. Не деді?- деген сұраққа жауап алып ,әңгімені балаларға әңгімелету. - Балалар,суретке қараңдаршы -Кімнің туған күні болды? -Сәнияның алдында не тұр? –Велосипед тұр. -Артында,оң жағында,сол жағында қандай ойыншықтар бар? - Велосипед неден жасалған,дөңгелектері ше? -Велосипед темірден ,дөңгелектері резинадан жасалған. Велосипед сөзін буындайық.Ве-ло-си-пед 3–Мында не істейміз? ( ?!-тапсырманы орында) -Сәнияның туған күніне кім қандай ойншық сыйлады? Әкесі-жатын арба.Анасы-қуыршақ. Ағасы-қонжық.Әпкесі-піл силады. 4-Мынау қандай белгі, бұнда не істеуші едік? С. сәті: Добым менің,добым менің.Өзің неткен көңілді едің Зымырайсың,қутыңдайсың ,Бірақ менен,құтылмайсың -Қараңдаршы, қандай әдемі, әсем ойыншықтар. Барлығы да бізге қарап қуанып отыр.Мына ойыншықтардың бәрі де ,балалар үшін жасалған. -Балалар айтыңдаршы,осы ойыншықтар неден жасалған? -Ойыншықтар пластмассадан, резинадан,ағаштан,темірден, және жұмсақ матадан жасалады 5- Ал қазір не істеуші едік?(ойнаймыз.кел ойнайық) Ойын: «Адасқан ойыншықтар»Ойыншықтар өз ортасын таба алмай жүр,көмектесейік. Кәне бес топқа бөлінейік,әр топ ойыншықтардың арасынан пластмасса,темір,ағаш,резина,жұмсақ ойыншықтарды өз ортасына сапасына қарай апарады. -Балалар осылардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз? - Ойыншықтар. –Ал біреу болса не дейміз? -Ойыншық -Ойыншықтар өз ортасын тауып қуанып тұр -Бал-р сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме? -Иә. 6-Балалар мынау қандай шартты белгі,не істейміз? -Әңгіме құрастырамыз. -Кім өз ойыншығы туралы әңгімелеп береді.(Неден жасалғаны ,түсін, ерекшеліктерін айтады) -Ойыншықты қалай ұстаймыз? (сындырмаймыз,лақтырмаймыз,жинап,ұқыпты ұстаймыз) 7-Мынау қандай белгі? -Ақыл қалта -Онда қандай жұмыс жасаймыз? (Жаңылтпаш,тақпақ, жұмбақ, мақал) -Кәне ойыншықтар туралы жаңылтпаш айтайықшы Жаңылтпаш Көп доп дөңгелек Көк доп дөңгелеп Келеді дөңгелектер дөңгелеп Тақпақ Бип-бип,бип-бип.Жолдан былай тұр дейді Жүйткіп,жүйткіп,жүйткіп,Жолда келем мен дейді Т:Жарайсың, машина жүріп келе жатқанда қандай дыбыс шығады? -в-в-в Кане бәріміз айтайық

. Жұмбақ:Орғыған қорқақ ,көзі қыли.Қыс пен жазда, екі түрлі тон киеді -Бала-р осы ойыншықтарды жасау оңай емес.Оның бәрі үлкен еңбектің арқасында жасалады.Сендер де өз ойларыңды айтып,тақпақ айтып,жұмбақ шешіп еңбектеніп жатырсыңдар. Сендер сондай жақсы,ақылды ,білімдар балаларсыңдар. Сендер туралы мақал бар екен соны жаттап алайық Мақал жаттату: «Жақсы бала еңбекшіл» Жәй дауыспен.Орташа д-н.Көтеріңкі д-н 8-Мында не істеуші едік? -Тапсырманы орындаймыз Тақпақ жаттату:Ойыншықтарым көп менің,Бәрін жақсы көремін. Кешке дейін жалықпай,Олармен ойнап жүремін. 1.Әр топпен қайталау.2.Басын мен айтам,сендер жалғастырыңдар.3.Барлығымыз ҚорытындылауБалалар бүгін біз қайда болдық? -Ойыншықтар әлемінде. -Онда қандай ойыншықтар айтысты? (қуыршақ,қоян,аю,текшелер,велосипед) Көгершін балаларға қандай ақыл айтты.Көгершін қайда отыр еді? Көгершін жақсы іс істеді ме,жаман іс істеді ме? . Балалар ойыншықтардың сырын аштыңдар ма? Ойыншықтар неден жасалады? Ойыншықтарды қалай ұстаймыз? Ойыншықтарды күтіп үстаған жақсы ма ,әлде жаман ба ? Рефлексивті-түзетушілік.Ойыншықтар бізге не береді?Білім,қуаныш ,достық,жылу. Білім-текше,мазайкалармен ойнап ақылымыз толады Қуаныш-көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Достық-ойыншықпен ойнап өсеміз, достасамыз Жылу-шаттық,мейірімділік беред

Жылу Білім

Ойыншықтар

(күн) (кітап)



Достық Қуаныш

(Қол) (смайльики)



Мадақтау.Өздерін бағалау.Жақсы қатыстым деген балалар қолын қатты шапалақтайды,жәй қатыстым- ақырын шапалақтайды.катыса алмадым -қолын партаның астына салады. Балалар сендер Перизаттың хатына жақсы жауап беріп ойыншықтардың сырын аштыңдар, ғажайып қоржындағы ойыншығы бар тәтті силықтарды алайық.

«Ойыншықтар» өлеңін бір шумағын айтып сабақты аяқтау.

Не білу керек :Дыбыстарды анық айтып,сөйлем құрастырып,әңгіме айтуы Нені игерді Ойыншыктардың аттарын атай отырып, сипаттай білуді Нені біледі Ойыншықтарды ұқыпты ұстап, достарымен бөлісуді.