СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ойыншықтар" тақырыбында ұйымдастырылған сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы топ балаларына араналған ұйымдастырылған оқу сабағы.

Просмотр содержимого документа
«"Ойыншықтар" тақырыбында ұйымдастырылған сабақ»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Технологическая карта организованной учебной деятельности


Топ /Группа: Ортаңғы топ

Күні /Дата:

Білім беру саласы: Комуникация. Қазақ тілі

Тақырыбы: «Ойыншықтар»

Мақсаты: Ойыншықтарды қазақша дұрыс атауға үйрету.Сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата білуге жаттықтыру. Ойыншықты таза ұстауға тәрбиелеу.

Құралдар: Ақпараттық-қатынастық технологиялары, дорба, ойыншықтар

Педагогикалық технологиялар: ойнау, Монтессори, денсаулық сақтау технологиясы

Көптілділік:

Қазақ тілі:Текше, зырылдауық, мәшина, піл, мысық(тар), менің, сал.

Русский язык:кубик, юла, машинка, слон (ы),кошка (и), мое, положи.

English: Cube, car, elephant, cat.

Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Балалардың қызметі

Мотивациялық – қозғаушылық

Балалармен сәлемдесу.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Балалар сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?

-Біз бүгін ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығамыз.

-Ол үшін біз қайталайық

Бір,екі,үш,төрт,бес

Ойыншықтар әлеміне түс

  • Немен барамыз? /музыка ойнатылады/

Балалар амандасады.


  • Иә


Саяхатқа шығатынын айтады




  • Автобуспен


Ізденушілік -

ұйымдастырушылық


1.Балалар жолда автобуста ән айтуға болады, мен сендерге ән айтуға шақырамын «Қазақ алфавиті»/видео ролик/


2. «Ғажайып қоржын» ойыны

Жаңа сөздермен танысу

Мынау текше

Мынау қасқыр

Мынауқоян

Мынау піл

3. Д/ ойын «Айтқанды орында»

Балалармен қимыл - әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру.

(айту – көрсету)

кел – подойди

отыр-садись

тұр-встань

бар-иди

ал-возьми

әкел-принеси

апар - отнеси

Музыкалық сергіту сәті: «Сылдырмақ»


4.Тақпақ жаттау

«Доп»тақпақ:

Доп, доп

Топ,топ

Доп жоғалды

Доп жоқ

Қап, қап,

Тап, тап


5.Флипчарт «Ойыншықтар»

«Ойыншықты көрсет» ойыны.

(Мұғалім атайды, бала ойыншықты

көрсетеді).

-Мынау не? -деген сұраққа жауап береді.

Жұмыс дәптері

«Ойыншықтарды сана, сәйкес сандарды тап»


7. Балалар ойыншықтар әлемінде сендерге арналған ойыншықтар бар екен. Таңдап калайық

Ойыншықтармен қимыл-әрекеттерді білдіретін сөздерді орындайды.

-Саша, қоянды ал.

-Миша, допты апар. т.б.

«Қазақ алфавиті»

Әнін орындайды.




Балалар ойыншықтарды алады, атайды





Балалар мұғалімнің талаптарын қимыл арқылы орындайды.Балалар сұрақтарға жауап береді.







Сергіту сәтін орындайды.


Балалар тақпақтарды қайталайды








Балалар ойын ойнап, ойыншықтарды көрсетеді.

Қимыл - әрекеттерді орындайды.



Жұмыс дәптерінен тапсырмаларды орындайды

Ойыншықтарды санап сәйкес санмен сызық арқылы қосады


Балалар ойыншықтарды алады, айтады.

  • Мен доп алдым.

  • Мен қоян алдым.

Рефлексивті-

түзетушілік


Балалар біз қайда бардық?

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Кездескенше күн жақсы,

Сау саламат боламыз!

Балалар жауап береді

-Біз ойыншықтар әлеміне бардық.


Сөздерін қайталап

қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: ойыншықтардың атауларын, ойын ойнағанда кейбір ойыншық атауларын;

Түсінеді:ойыншықтарды білдіретін сөздерді айту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атауды;

Қолданады: кел, отыр, тұр, бар, ал, әкел қимыл -әрекеттерді орындауды.