СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқу бағдарламасы

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

6-11 сынып оқу бағадарламасы.Дүние жүзі тарихы

Просмотр содержимого документа
«оқу бағдарламасы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ












ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ


Негізгі орта білім беру деңгейінің 6-9-сыныптарына арналған

оқу бағдарламасы




























Астана



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.




Дүниежүзі тарихы: Негізгі орта білім беру деңгейінің 6-9-сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2013. – 25 б.































© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына

41-қосымша




Жалпы орта білім беру деңгейінің 6-9 сыныптары үшін

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Пәнді оқытудың мақсаты: оқушыларды ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзат тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен таныстыра отырып, жүйелі білім негіздерін қалыптастыру.

  3. Пәнді оқытудың міндеттері:

  1. оқушыларға дүниежүзi тарихы бойынша маңызды оқиғалар мен үдерiстер және олардың өзара байланысы мен хронологиялық сабақтастығы жөнiнде жүйелi бiлiмдi меңгерту;

  2. тарихи қалыптасқан мәдени, дiни және ұлттық салт-дәстүрлермен танысу барысында құндылық бағыт-бағдарды қалыптастыру;

  3. алған тарихи бiлiмiн күнделiктi өмiрде қолдана бiлу дағдысын қалыптастыру;

  4. оқушылардың тарихи даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіне отырып, қоғам дамуындағы өзінің бағыт-бағдарын, көзқарастары мен ұстанымдарын айқындау қабілетін дамыту;

  5. дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілікке, бір-біріне құрметпен қарауға, толеранттылыққа, адам құқығы мен еркiндiгiн, демократиялық ұстанымдарын құрметтеуге тәрбиелеу;

  6. тарихи танымның бастапқы әдiс-тәсiлдерiн меңгерту, әртүрлi дерек көздерiмен өз бетімен жұмыс iстеуге үйрету;

  7. оқушыларды дүниежүзілік мәдени жетістіктерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;

  8. қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық проблемаларды талдауға тарихи білімін қолдана алу қабілетін жетілдіру.

  1. Оқу жүктемесінің көлемі:

6 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;

7 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;

8 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;

9 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат.

5.«Дүниежүзі тарихын» оқыту барысында төмендегідей пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:

  1. Қазақстан тарихы:

Ежелгі Қазақстан тарихы. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Қазақстанның жаңа заман тарихы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер.

  1. География:

Тарих қоғамды уақыт аясында ғана емес, сонымен қатар кеңістік аясында да қарастырады, осы тұрғыдан алғанда тарихи пәндер географиямен тығыз байланысты болады. Дүниежүзінің саяси картасында болған өзгерістерді оқытуда оқушылардың географиялық кеңістік туралы білімдері пайдаланылады

  1. Әдебиет:

Ғылым мен мәдениет тарихы­ның негізгі мәселелерін түсіндіргенде оқушылардың шетел, орыс және қазақ әдебиетінен алған білімдерін пайдалану қажет. Сонымен қатар оқытылып отырған кезеңнің саяси және әлеуметтік бейнесін ашатын әдеби көркем шығармалар да пайдаланылады.

  1. Қазақ, орыс, шет тілдері:

Тарихи түсініктермен және терминдермен жұмыс істегенде оқушылардың ана тілі мен шеттілдерінен алған білім, білік, дағдылары пайдаланылады.

  1. Химия және физика:

Мәдениет, ғылым және техниканың даму тарихын оқыту барысында оқушылардың атомдық-молекулалық ілім, бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы білімдері және әлемнің физикалық құрылымы туралы физика мен химия пәнінен алған түсініктері пайдаланылады.

  1. Математика: Оқушыларға хронологиялық және синхрондық кестелер жасату барысында олардың математика пәнінен меңгерген абстракциялау дағдыларын пайдалану қажет.


2. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны


6. Кіріспе –1 (сағат). Ежелгі дүние тарихы туралы түсінік. Ежелгі дүние тарихының кезеңдері. Ежелгі дүние тарихының әлем тарихындағы орны.

7. Ежелгі Қосөзен мемлекеттері – 3 (сағат):

Шумер және Аккад мемлекеттері. Ежелгі Қосөзен. Шумерлік қала-мемлекеттері. Аккад пен Ур тұсындағы Қосөзен;

Ежелгі Вавилон. Ежелгі Вавилонның өркендеуі. Вавилон - әлемдік сауда мен мәдени орталық. Хаммурапи заңдары. Ежелгі Вавилонның құлдырауы;

Ежелгі Қосөзен халықтарының мәдениеті. Жазудың пайда болуы. Әдебиет пен өнер. Гильгамеш туралы дастан. Сәулет өнері. Алғашқы күнтізбе. Діни наным-сенімі.

8. Ежелгі Египет – (3 сағат):

Египетте мемлекеттің қалыптасуы. Ніл алқабының табиғат жағдайы, халқы. Египеттегі алғашқы мемлекеттер. Патшалар билігі заманы. Перғауындар;

Ежелгі Египеттегі әлеуметтік құрылым. Египеттегі үстем тan өкілдерінің билігі. Құлдар және олардың шаруашылық өмірдегі ролі. Эхнатон реформалары;

Египеттегі ғылым мен мәдениет. Египеттегі жазу. Дін. Аңыздар. Әдебиет. Ғылыми білімдердің дамуы. Бейнелеу өнері. Сәулет өнері. Египеттіктердің тұрмысы мен діни нанымы.

9. Азияның Оңтүстік-Батысындағы ежелгі мемлекеттер – (4 сағат):

Ежелгі Ассирия. Ассирия мемлекетінің құрылуы мен дамуы. Урарту мемлекеті. Ежелгі Ассирия мәдениеті;

Ежелгі Хетт патшалығы. Кіші Азияның табиғаты. Хетт патшалығының құрылуы. Хеттердің өмірі мен тұрмысы. Мәдениеті;

Ежелгі Финикия мен Палестина. Финикиядағы қала-мемлекеттерінің дамуы. Израил-иудейлік мемлекет. Шығыс Жерорта теңізі халықтарының ежелгі мәдениеті;

Ежелгі Парсы патшалығы. Пар­сы патшалығының құрылуы. I Дарийдің ел басқаруы және оның жорықтары. Заратуштра ілімі.

10. Орталық Азиядағы ежелгі мемлекеттер – (6 сағат):

Ежелгі Бактрия. Бактрияда мемлекеттің қалыптасуы. «Мың қала елі». Тәуелсіздік үшін күрес. Мәдениеті;

Кушан патшалығы. Кушан патшалығының құрылуы және басқа елдермен сауда қарым-қатынасы. Патшалықтың күшеюі. Басқыншыларға қарсы күрес, мемлекеттің ыдырауы. Кушандық өнер мен мәдениет. Діни наным-сенім;

Парфия патшалығы. Парфия патшалығының құрылуы, басқару жүйесі. Көшпелілер мен парфиялықтардың қарым-қатынасы. Рим - Парфия соғысы;

Орта Азия халықтарының грек-македон басқыншыларына қарсы күресі. Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайынның) Орта Азияға басып кіруі, оған қарсы күрес. Спитаман - даңқты басшы. Орта Азия халықтарының басқыншыларға қарсы күресінің тарихи маңызы;

Қайталау – (1 сағат).

11. Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия – (5 сағат):

Ежелгі Үндістан. Ежелгі қалалар мен елді мекендер. Үнді мемлекетінің құрылуы. Әлеуметтік қатынастар. Шаруашылығы;

Ежелгі Үнді мәдениеті. Ғылыми білім негіздері. Әдебиет пен өнер. «Махабхарата» және «Рамая­на» дастандары. Ману зандары. Будда діні;

Ежелгі Қытай . Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы. Қоғамдық кұрылысы мен шаруашылығы. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және маңызы; Басқыншылық жорықтар мен халық көтерілістері. Ежелгі Қытай мемлекетінің ыдырауы;

Ежелгі Қытай мәдениеті. Жазуы мен әдебиеті. Кон­фуций ілімі. Сыма-Цянь - Қытай тарихының атасы. Ғылыми білім мен өнер табыстары.

12. Ежелгі Грекия – (5сағат):

Грекиядағы алғашқы өркениет ошақтары. Ежелгі Грекияның географиялық жағдайы. Крит-Ахей мемлекеттері. Грекияның қала-мемлекеттері;

Афины мемлекеті. Аттикадағы басқару. Афиныдағы саяси-әлеуметтік қатынастар. Грек-парсы соғысы. Грекияда Македония билігінің орнауы;

Ежелгі Спарта. Спарта мемлекетінің құрылуының себептері мен ерекшеліктері. Илоттар. Мемлекеттік биліктің қалыптасуы;

Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым. Ежелгі Грекиядағы ғылыми білім. Әдебиет, математика, медицина, тарих, философия. Грек тарихшылары мен философтары. Грек мектептері;

Ежелгі Грекия мәдениеті. Грекиялық мерекелер. Олимпиялық ойындар. Гректердің діни наным-сенімі. Грек аңыздары мен мифтері. Ежелгі грек театры. Сәулет өнері. Грек мүсіндері;

Ежелгі Македония. Жері мен халқы. II Филипп патша. Александр Македонскийдің Шығысқа жорығы.

13. Ежелгі Рим – (5 сағат):

Патшалық және республикалық билік кезеңіндегі Рим. Апенин түбегінің табиғи-географиялық жағдайы. Қоғамдық басқару жүйесі. Римнің жаулаушылық соғыстары. Римдік және провинциялық ақсүйектер;

Рим империясы. Императорлар билігі. Бағынышты аймақтардағы басқару жүйесі. Шаруашылық пен тұрмыс салты. Империядағы дағдарыс;

Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және Батыс Рим империясының құлауы. Империядағы ішкі қайшылықтардың шиеленісуі. Ғұндардың Батысқа жорығы. Готтар мен ғұндардың империя территориясына басып кіруі. Батыс Рим империясының құлауы;

Ежелгі Рим мәдениеті. Римдегі білім. Рим поэзиясы мен шешендік өнер. Құкықтық жүйе. Рим қалалары және сәулет, мүсін өнерлері. Христиан дінінің шығуы. Рим мәдениетінің құндылықтары;

Қорытынды қайталау – (1 сағат).


3. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны


14. 7-сынып, «V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін». Барлығы – 34 сағат (аптасына 1 сағаттан).

15. Кіріспе – (1 сағат). «Орта ғасырлар» ұғымы және оның мәні. Орта ғасырлар тарихының кезеңдері мен хронологиялық шеңбері.

16. I бөлім. Ерте орта ғасыр (V – X ғғ.) – (6 сағат).

17. V–X ғасырлардағы Батыс Еуропа – (1 сағат):

Герман корольдіктерінің құрылуы. Остготтық Италия. Франктердің Галлияны жаулап алуы. «Сали ақиқаты». Франктердің христиан дінін қабылдауы.Ұлы Карл империясы. Империяның ыдырауы. Империя мәдениетінің дамуы.

18. V-Х ғасырлардағы Византия империясы және Таяу Шығыс – (4 сағат):

Византия империясының құрылуы. Императорлар билігі. Юстиниан және оның зандары. Славяндардың, арабтардың империя территориясын басып алуы және олардың орнығуы;

VI—X ғасырлардағы арабтар. Араб тайпалары және олардың географиялық орналасуы. Мұхаммед пайғамбар. Ислам дінінің пайда болуы және таралуы. Араб халифатының құрылуы. Халық көтерілістері. Халифаттың ыдырауы. Ислам дүниесіндегі мәдениеттің дамуы. Білім беру ici. Әдебиет. Философия. Өнер;

Ерте орта ғасырлардағы Орталық Азия жеріндегі феодалдық қатынастар. Эфталит мемлекеті. Шаруашылық пен мәдениеттің дамуы. Эфталит мемлекетінің ыдырауы. Ерте орта ғасырлардағы түркі халықтары. Түркі мемлекеттері, шаруашылығы. Көне түркі жазба ескерткіштері;

Ерте орта ғасырлардағы славяндар. Батыс, оңтүстік славяндар, олардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылығы. Ежелгі Киев Русі. Ярослав Мудрый. Киев Русінің мәдениеті. Сәулет өнері.

19. Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері және ерекшеліктері–(1 сағат).

Феодалдық құрылыстың ерекшеліктері. Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері. Натуралды шаруашылық. Феодалдық бытыраңқылық. Ерте орта ғасырлардағы феодалдар. Феодалдардың замогы. Орта ғасырлардағы шаруалар, олардың тұрмысы. Феодалдық қанауға қарсы күрес.

20. ІІ Бөлім. орта ортағасыр ( ХІ-ХV ғғ.) – (17 сағат).

XI—XV ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері – (7 сағат):

Орталықтанған монархиялардың құрылуы. Орталықтанған монархиялық мемлекеттердің құрылу алғышарттары. Мемлекеттік басқару аппаратының құрылуы. Король өкіметі, оның қызметі. Дворяндық сослови;

Франция. Француз жерлерінің бірігуі. Жүз жылдық соғыс. Жанна д` Арк. XI Людовик. Бас штаттар қызметі. Франциядағы абсолюттік монархия;

Англия. Ағылшын парламенті. Англиядағы Алқызыл және Ақ раушандар соғысы. Шаруалар көтерілісі. Бір орталыққа бағынған күшті мемлекеттің орнығуы. Тюдорлар әулетінің билікке келуі;

Германия. Герман жеріндегі саяси бытыраңқылық. Герман серілігі. Еркін қалалар. Германиядағы шіркеу орталықтары;

Испания. Италия. Арабтармен күрес. Реконкиста. Испанияның бірігуі. Католиктік шіркеу. Инквизиция. Италиядағы қала-мемлекеттер. Венеция мен Флоренция. Медичидің банктік қызметі;

XI—XIII ғасырлардағы Русь. Феодалдық қатынастардың дамуы. «Русская правда». Владимир Мономах. «Бағзы замандардың хикаясы»;

XI—XV ғасырлардағы шаруашылық және әлеуметтік өмірдегі өзгерістер. Шаруашылықтағы даму. Қолөнер. Еуропада орта ғасырлық қалалардың пайда болуы. Сауда ісі. Еуропадағы қала өмірі. Әскери өнер;

XI—XV ғасырлардағы Еуропадағы ағарту ici мен ғылыми білімнің дамуы;

Ғылыми білім. Ортағасырлық мектептер. Жылнамалар. Әдебиеттің дамуы. Поэзия. Орта ғасырлардағы бейнелеу, сәулет және мүсін өнері.

21. XI–XIII ғасырлардағы христиан шіркеуі. Крест жорықтары – (1 сағат):

Шіркеу және дін қызметкерлері. Крест жорықтары. Шіркеу – шығысқа жорықты ұйымдастырушы. Кедейлердің және рыцарьлардың Шығысқа жорығы. Кейінгі крест жорықтары. Крест жорықтарының нәтижесі мен салдары.

22. Орта орта ғасырлардағы Азия елдері – (4 сағат):

Жапониядағы феодалдық құрылыс. Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы және дамуы. Қалалардың дамуы. Біртұтас мемлекеттің қалыптасуы. Оқшаулану саясаты;

Қытайда феодалдық құрылыстың орнауы. Қытайды біріктіру. Қытай империясының кұрылуы. Шаруашылық пен қолөнер. Дін. Ғылым мен білімнің дамуы. Медицина. Мәдениет пен өнер. Кітап басу ici;

Үндістандағы феодалдық құрылыс.Үндістанда феодалдық құрылыстың орнауы. Гупта мемлекеті. Феодалдық бытыраңкылық. Дели сұлтандығы. Ұлы Моғолдар империясы. Қолөнер мен сауданың дамуы. Діни наным сенім. Ғылым мен өнер. Астрономия. Медицина. Мүсін өнері. Храмдар мен кесенелердің салынуы;

Орта ғасырлардағы Түркия. Осман империясының құрылуы. Сұлтандар билігі. Халықтардың осман жаулап алушыларына қарсы күресі. Түрік мәдениеті. Әдебиет. Ғылыми білімдер. Қолөнер. Түрік саяхатшылары.

23. XI-XV ғасырлардағы Орта және Орталық Азия – (2 сағат):

Хорезмшах мемлекеті. Хорезмшах мемлекетінің қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы. Бұхара мен Самарқандағы көтерілістер. Хорезмшах мемлекетінің әлсіреуі. Орта Азия қалалары. Қалалардың мәдени және ғылы­ми орталыққа айналуы;

Ғылыми білімдердің дамуы. Көрнекті ғұламалар. Әдебиеттің дамуы. Ұлықбектің астрономиялық мектебі. Әбу-Райхан Бируни. әл-Хорезми. Әбу-Әли ибн-Сина. Әдебиет. Ә. Фердоуси. А. Рудаки. Ә. Науаи. Омар Хайям. Рашид-ад-Дин. «Жылнамалар жинағы». Әбу Насыр әл-Фараби, А. Иассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағұн, М. Дулати, Қ. Жалайыри. «Манас» эпосы. Сәулет, сурет өнері және көркемөнер.

24. Монғол-татар шапқыншылығына қарсы халықтардың күресі–(2 сағат):

Монғол-татар шапқыншылығы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылық. Русьтегі феодалдық бытыраңқылық. Жеке князьдіктердің құрылуы. Орта Азия жеріндегі мемлекеттердің бірте-бірте әлсіреуі;

Монғол-татар шапқыншылығы. Монғол мемлекетінің құрылуы. Қоғамдық-саяси құрылысы. «Жасақ». Шыңғыс хан әскерлерінің Қазақстан, Орта Азия және Закавказьеге басып кіруі. Батый әскерлерінің Руське шабуылы. Алтын Орданың құрылуы. Халықтардың жаулап алушыларға қарсы күресі;

Қайталау – (1 сағат).

25. ІІІ Бөлім. Кейінгі орта ғасыр (XV—XVII ғасырлардың ортасы) – (10 сағат).

26. Еуропа мемлекеттері – (5 сағат):

XVI—XVII ғасырдың ортасындағы Англия. Өндірістің дамуы. Мануфактура. Ағылшын абсолютизмі. Тюдорлар билігі. Ирландияны отарлау;

XVI—XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Франция. Экономикалық дамуы. Өнеркәсіп және сауда. Азамат соғыстары;

XVI—XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Германия. Экономикалық жағдайы.Реформа­ция және шаруалар соғысы. Князьдар арасындағы қырқыстар. Ауссбург бітімі;

Кейінгі орта ғасырлардағы Испания, Нидерланды, Италия. Мемлекеттік құрылымы мен экономикалық жағдайы. Нидерланд буржуазиялық революциясы. Савонарола;

XV ғасырдың аяғы — XVI ғасырдың басындағы географиялық ашулар. Географиялық ашулардың алғышарттары. XV ғасырдағы Америка халықтары. Майялар, Ацтектер және Инктердің мәдениеті. Колумбтың Американы ашуы. Васко да Гама.Ұлы географиялық ашулардың нәтижелері.

27.Орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы және Алтын Орданың құлауы (XV-XVI ғғ.) – (2 сағат):

Орыс жерлерінің Мәскеу төңірегіне бірігуі. Орыс жерінің экономикалық және саяси дамуы. Алтын Орданың әлсіреуі. Куликово шайқасы. Ресейде орталықтанған мемлекеттің құрылуы. Опричнина. IV Иван Грозный;

XVII ғасырдағы Ресей. Ресейдің ішкі және халықаралық жағдайы. Борис Годуновтың таққа келуі. К. Минин мен Д. По­жарский. Романовтардың таққа отыруы. XVII ғасырдағы орыс халқының мәдениеті. Әдебиет пен өнер. Мүсін және бейнелеу өнері.

28.XV ғасырдың аяғы – XVII ғасырдың алғашқы жартысын­дағы Еуропа халықтарының мәдениеті – (2 сағат):

Батыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің тууы. Ита­лия - қайта өрлеу мәдениетінің орталығы. Леонардо да Винчи. Микеланджело. Рафаэль Санти. Бейнелеу өнеріндегі гуманизм. Альбрехт Дюрер. Рембрандт. Диего Веласкес;

Еуропа халықтарының ағарту ici мен әдебиеті. Ақсүйектік білім беру. Гуманист жазушылар: Томас Мор, Франсуа Рабле, Вильям Шекспир, Ми­гель Сервантес. Ғылыми білімнің дамуы. Джордано Бруно. Николай Коперник. Галилео Гали­лей;

Қорытынды қайталау – (1 сағат).


4. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны


29. 8-сынып (1640-1914жж). Барлығы – 34 сағат (аптасына 1 сағаттан)

30. Кіріспе – (1 сағат):

Жаңа тарихтың негізгі мазмұны. Жеке елдерде өндірістің капиталистік жолмен дамуының ерекшеліктері. Өнеркәсіп төңкерісі: мәні, маңызы. Еуропалық мемлекеттердің отарлық басқыншылығы.

31. I – Бөлім. ХVІІ-ХVIII ғғ. Еуропа және Америка елдері – (8 сағат).

ХVІІ-ХVIII ғғ. Англия – (1 сағат):

Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуы. Азаматтық соғыс. Левеллерлер және республиканың құрылуы. О.Кромвельдің протектораты. Екінші республика және Стюарттарды қалпына келтіру. ХVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Англияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. Наполеондық Франциямен соғыс. Конституциялық парламенттік монархия. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері. Отарлық басқыншылық.

32. ХVІІ-ХVIII ғғ. Франция – (1 сағат):

Француз абсолютизмінің дағдарысы. Ұлы Француз буржуазиялық революциясы (5 мамыр 1789 ж.–10 тамыз 1792 ж.). Француз революциясына дайындық алдындағы ағартушылық және оның рөлі. «Азамат және адам құқығы туралы Декларация». Республиканың жариялануы. ХVI Людовикті жазалау. Якобиншілер блогының ыдырауы және якобиншілер диктатурасының құлауы. Директорияның ішкі және сыртқы саясаты;

Наполеонның ішкі және сыртқы саясаты. Францияның басқыншылық соғыстарының басталуы. Наполеонның Ресейге басып кіру жорығы. Француздарға қарсы коалициялар. Вена конгресі және Бурбондарды қалпына келтіру. Қасиетті одақ.

33. ХVІІ-ХVIII ғғ. Германия – (1 сағат):

Германдық мемлекеттердің экономикалық жағдайы. Шаруалар қозғалысы. Бранденбург-Пруссия. Халықаралық қатынастардағы германдық мемлекеттер. Наполеон соғыстары жылдарындағы германдық мемлекеттер. Германдық одақ. Либералды және демократиялық қозғалыстар. Германиядағы революция. Бисмарктың конституциялық шиеленісі. Солтүстік герман одағының құрылуы.

34. ХVІІ-ХVIII ғғ. Италия – (1 сағат):

Елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. ХVІІ ғасырдағы Италия. Италиядағы революция. Әлеуметтік-экономикалық даму. Ымырашыл либералдардың қызметі. Италияның бірігуі үшін күрес. Рисорджиментоның шешуші шайқасы. Итальян королдығының құрылуы.

35. ХVІІ-ХVIII ғғ. Австрия – (1 сағат):

Вестфаль бейбіт бітімінен кейінгі Австрия. Габсбургтер империясы құрамындағы Венгрия. Түркиямен соғыс. Австрия мұрасы үшін күрес. Жетіжылдық соғыс. «Ағартушылық абсолютизм» саясаты. ІІ Иосифтің «ағартушылық абсолютизмнің» аяқталуы. Феодалдық-абсолюттық реакция кезеңі. Наполеон соғыстары жылдарындағы Австрия империясы. Империяның әлеуметтік-экономикалық дамуы. «Ұлттық қайта гүлдеу» дәуірі.

36. ХVІІ-ХVIII ғғ.Солтүстік Америка – (1 сағат):

Солтүстік Америкадағы Британ отарлары. Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы. Тәуелсіздік үшін күрес және Америка Құрама Штаттарының құрылуы. «Тәуелсіздік Декларациясы». Американдық революцияның сипаты мен ерекшелігі. Екіпартиялық жүйенің құрылуы. Азамат соғысының маңызы және Оңтүстікті қалпына келтіру.

37. ХVІІ-ХVIII ғғ. Ресей – (1 сағат):

І Петр дәуіріндегі Ресей. Алдыңғы қатарлы еуропалық мемлекеттерден Ресейдің артта қалуының себептері. Ішкі қайта құрулардың алғышарттары. І Петрдің реформалары. Солтүстікке соғыс және оның қорытындылары. XVIII ғасырдың ортасы мен соңындағы Ресей. Феодалдық-кіріптарлық шаруашылықтың басталуы. Шаруалар көтерілісі. Халықты жаппай қанаудың күшеюі;

Қайталау – (1 сағат).

38. II – Бөлім. ХVІІ-ХVIII ғғ. Азия және Африка елдері – (8 сағат).

ХVІІ-ХVIII ғғ. Жапония – (1 сағат):

Токугава әулеті сёгундарының билігі. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы: жоғары көтерілу және төмен түсу циклдары. Сегунаттың ішкі және сыртқы саясаты. Жапон қалалары және олардың сауданың дамуындағы рөлі. Жапонияның сыртқы байланыстары. ХVIII ғасырда орыстар мен еуропалықтардың Жапонияға келуі. Саяси дағдарыс. Азамат соғысы. Мэйдзи исиннің революциялық төңкерісі. Бірінші буржуазиялық реформалар.

39. ХVІІ-ХVIII ғғ. Қытай – (1 сағат):

Маньчжурлардың Қытайды басып алуы. Цин династиясы билігі кезіндегі Қытайдың мемлекеттік, әлеуметтік-саяси және экономикалық құрылымы. Цин династиясының аграрлық саясаты. Цин династиясының басқыншылық соғыстары және сыртқы байланыстары. Халықаралық жағдай. Ресей және басқа көрші мемлекеттермен қарым қатынасы. Тайпиндердің шаруалар соғысы. Қазақ-қытай қарым-қатынасы.

40. ХVІІ-ХVIII ғғ. Үндістан – (1 сағат):

Моғолдар державасының пайда болуы. Моғолдар империясының құрамына кіретін халықтар мен княздықтардың әлеуметтік-саяси жағдайы. ХVII ғасырдағы Үндістанның солтүстік-батысындағы сикхтардың діни қозғалыстары. Сикхтар мемлекетінің құрылуы. Маратхтар мемлекетінің құрылуы. ХVIIІ ғасырдың ортасындағы сепаратизмнің күшеюі және Моғолдар империясының құлауы. Үндістанда қала, қолөнер және сауданың дамуы. Ағылшындардың отарлық басқыншылығы. Еуропалық державалардың Ост-Инд компаниясы. Үндістандағы Англияның отарлық саясаты.

41. ХVІІ-ХVIII ғғ. Иран – (1 сағат):

ХVII ғасырдағы Иранның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Саяси құрылымның ерекшелігі. Сефевидтер династиясының билігі. Ирандағы діни топтардың әсері. ХVIII ғасырдың басындағы Сефевидтер династиясы билігінің әлсіреуі. Надир шахтың билігі кезіндегі Иран. Иранда Каджар әулеті билігінің орнауы. Бабид көтерілісі. Ирандағы ықпал аймағы үшін Англия және Ресей бақталастығының күшеюі.

42. ХVІІ-ХVIII ғғ. Осман империясы – (1 сағат):

Осман империясының құрамына кірген мемлекеттер мен халықтар. Империяның саяси, әлеуметтік-экономикалык даму ерекшеліктері. Осман империясындағы дағдарыс. «Шығыс мәселесі» және провинциялардың жағдайы. ІІІ Селим және ІІ Махмудтың жүргізген реформалары. Танзимат реформасы: мақсаты және нәтижесі. Осман империясының құрамына кірген халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстары. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Осман империясының жүргізген соғыстары, оның салдары.

43. ХVІІ-ХVIII ғғ. Азия және Африка елдері – (1 сағат):

Голландияның отарлық саясаты. Индонезия мен Цейлоңды голланд отаршылдарының басып алуы. Ағылшындық Ост-Индия компаниясының отаршылдық әрекеттері. Капиталистік державалардың Азия және Африка елдерін отарлау мен ықпал аймақтарына ие болу үшін күресі. Толық және жартылай отарлыққа түскен Шығыс елдерінің жағдайы. Африканы отарлық бөлшектеудің аяқталуы. Отар және тәуелді елдерге капитал енгізу. Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар.

44. ХVІІ-ХVIII ғасырлардағы ғылым мен мәдениеттің дамуы – (1 сағат):

Капитализмнің жаңа, прогрессивтік идеялары және олардың мәдениеттің дамуына ықпалы. Қоғам дамуындағы жеке қайраткерлердің рөлі. Ғылым және ағарту ici. Фрэнсис Бэкон, Галилео Галилей, Иоганн Кеплер, Рене (Картезий) Декарт, Исаак Ньютон және олардың ашқан жаңалықтары.

XVIII ғасырдағы классицизм. Халықтың тұрмысы, салты және әдет-ғұрпы. Ғылым және мәдениет. Әдебиет пен өнер. Шығыс мәдениеті мен ғылымының дамуы. Шығыс өркениеттері. Шығыстық философиялық ақыл-ой және оның көрнекті өкілдері. Шығыс әдебиеті мен өнері;

Қайталау – (1 сағат).

45. III – Бөлім. XIX – XX ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері – (8 сағат).

46.Ұлыбритания – (1 сағат):

Ұлыбританияның конституциялық құрылымы. Ағылшын иеліктерінің статусы. Вильям Гладстон және Бенджамин Дизраэли. Ирландиядағы бүлік. Социализм және жұмысшылар қозғалысы. Лейбористтік партияның алғашқы қадамы. Дэвид Ллойд Джордждың ішкі саясаты. Екіпартиялық жүйе және оның қоғамның саяси дамуындағы рөлі. Парламенттік реформа үшін күрес. Жұмысшылар қозғалысы. Соғыс қарсаңындағы дағдарыс.

47.Франция – (1 сағат):

Францияның экономикалық дамуы. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшелігі. Бурбондардың конституциялық монархиясы. Шілде революциясы. Екінші империя. Француз-прусс соғысы. 1870 жылғы 4 қыркүйектегі революция және Үшінші Республиканың орнауы. Саяси жағдайдың шиеленісуі. Париж Коммунасы. Монополиялық капитализмнің ерекшелігі. Францияның сыртқы саясаты. ХХ ғасырдың басындағы Франция.

48. Германия – (1 сағат):

Германияның бірігуі. 1871 жылы империя және конституцияны жариялау. Саяси партиялар. Культуркамп. Социалистерге қарсы заң. ІІІ Фридрих және ІІ Вильгельм. Бисмарктың отставкаға кетуі. Капривидің «жаңа бағыты» және Гогенлоэнің канцлерлігі. «Әлемдік саясатқа» көшу. Ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуы. Германияның милитаризациялануы. Милитаризмді насихаттау. Таяу Шығысқа басқыншылық жасау.

49. Италия – (1 сағат):

Италияның бірігуі. Итальяндық патшалықтың мемлекеттік құрылымы. «Оңшылдар» билігі жылдарындағы Италияның саяси дамуы. «Солшылдар» билігі тұсындағы Италия. Криспидің авторитарлық билігі. Ғасыр шебіндегі Италия. Экономикалық даму. Джолиттидің «либералды дәуірі». 1911-1912 жылдардағы италия-түрік соғысы. «Либералды дәуірдің» ақыры. Джолитти. Католиктер қозғалысы.

50. Австрия-Венгрия – (1 сағат):

1867 жылғы келісім және екібірлік монархияның құрылуы. Әлеуметтік-саяси және экономикалық даму. Қоғамдық-саяси қозғалыстар аясында ұлттық мәселелерді шешудің жолдары. Габсбургтер монархиясы және чех ұлттық қозғалыстары. Екібірлік дәуіріндегі Венгрия. Екібірліктің дағдарысы.

51. Ресей – (1 сағат):

Әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1861 жылғы реформа және оның маңызы. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшелігі. Индустриаланудың ерекшеліктері. Халық еріктілерінің қозғалысы. Марксизмнің таралуы. Жұмысшы қозғалысы. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы.

52. АҚШ – (1 сағат):

АҚШ территориясының кеңеюі. Англиямен соғыстан кейінгі АҚШ экономикасы. «Джексондық демократия» және екіпартиялық жүйе. Республикалық партияның құрылуы. Республикандықтардың билік басына келуі және құл иеленушілердің бүлігі. Өнеркәсіптің өрлеуі және әлеуметтік-экономикалық даму. «Монро доктринасы». Теңіз күшінің дамуы. Испания-америка соғысы. «Доллар дипломатиясы». Қиыр Шығыстық саясаты. Елді индустрияландырудың ерекшеліктері.

Қайталау – (1 сағат).

53. IV – Бөлім. XIX – XX Ғ. басындағы Азия және Африка елдері – (9 сағат).

54. Жапония – (1 сағат):

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Елдің модернизациялануының жалғасуы. Мейдзи революциясы және оның маңызы. Жапониядағы капиталистік қатынастардың дамуы. ХІХ ғасырдың соңындағы әскери-феодалдық қатынастың дамуы. 1894-1895 жылдардағы жапон-қытай соғысы. Алғашқы саяси партиялар. XIX-XX ғасырдың басындағы жапон империализмінің дамуы. Орыс-жапон соғысы. ХХ ғасырдың басындағы Жапонияның әлеуметтік-саяси жағдайы.

55. Қытай – (1 сағат):

Жапон-қытай соғысы және ихэтуандар қозғалысы. Опиум соғыстары: себебі және нәтижелері. Француз-қытай соғысы. «Ықпал аймағы» үшін Қытайды бөлшектеу. «Реформаның жүз күні». Жартылай отар Қытайдың әлеуметтік-экономикалық эволюциясы. Қытай бұржуазиясы. Ихэтуандардың дағдарысы және үкіметке қарсы күштің өсуі. «Жаңа саясат» және династияның әлсіреуі. Шенді оппозицияның пайда болуы. 1911-1913 жылдардағы Синьхай революциясы. Цин династиясын жою. Монархияның құлауы және республиканың жариялануы.

56. Үндістан – (1 сағат):

ХІХ ғасырдың басындағы Үндістандағы тәуелсіз мемлекеттер. Отаршылдарға қарсы Сикх, Маратх, Майсур мемлекеттерінің күресі. Үнді ағартушылары – ұлт-азаттық қозғалыстардың дем берушілері. 1857-1859 жылдардағы Ұлы халық көтерілісі, (сипайлар көтерілісі). Реформациялық қозғалыстар, Үндістан Ұлттық конгресінің құрылуы. «Сварадж» және «свадеш» қозғалыстары.1905-1908 жылдардағы отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар. Балгангадхар Тилак және оның қызметі.

57. Иран – (1 сағат):

Иранның әлеуметтік-саяси жағдайы. Еуропалықтардың Иранға ене бастауы. Англия мен Ресейдің Ирандағы саясаты. Иранның жартылай отар елге айналуы. Елдің саяси дамуы: реформалар және олардың салдары. Иранда ұлттық буржуазияның қалыптаса бастауы. Ұлтшылдық идеялардың дамуы. Діни қозғалыстар, олардың сипаты. 1905-1911 жылдардағы Иран революциясы және оның нәтижелері. XX ғасырдың басындағы Иранның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы.

58. Осман империясы – (1 сағат):

Әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Балқандағы ұлт-азаттық қозғалыс. «Шығыс мәселесінің» жаңадан шиеленісуі. 1853-1856 жылдардағы Қырым соғысы, оның нәтижесі. Түркияның жартылай отар елге айналуы. ХІХ ғасырдың соңында Түркияда ұлттық-патриоттық сананың оянуы. «Жас түріктер» қозғалысы және олардың мақсаты. 1908 жылғы «Жас түріктер» революциясы, оның маңызы. ХХ ғасырдың басындағы Түркияның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы.

59. Араб елдері – (1 сағат):

XIX ғасырдағы Мысырда Мұхаммед Әли паша билігінің орнауы. Оның жүргізген реформалары, ішкі және сыртқы саясаты. XIX ғасырдың 50-70 жылдарындағы Мысыр. Еуропалық капиталдың Мысырға енуі. Суданның XIX ғасырдағы даму сипаты;

Арабия түбегі елдері, олардың саяси дамуы. Ирак, Сирия, Магриб елдері. Араб ағартушылары, олардың көзқарастары.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы араб елдерінің дамуы. Ұлт-азаттық қозғалыстар. XX ғасырдың басындағы Мысыр, Судан, Арабия түбегі елдері, Магриб елдері, Ирак, Сирия елдері.

60. Мәдениеттің дамуы – (1 сағат):

Ғылым мен техника. Әдебиет және өнер. Мәдениеттің өркендеуіне үлес қосқан көрнекті түлғалар: Дж.Байрон, В.Гюго, Г.Гейне, О. де Бальзак, Ч.Диккенс, Б.Шоу, Г.Ибсен, Э.Золя, А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой, Р.Тагор, И.Франко, Ян.Райнис, Х.Хакимзаде, С.Айни, Т.Сатылганов, М.Ахундов. Мәдениет саласындағы жаңа ағымдар. Декаденттер.

61. Халықаралық қатынастар – (1 сағат):

Еуропа мен АҚШ-та жұмысшы қозғалысының дамуы. Жұмысшы қозғалысының өрлеуіне коммунистік идеялардың әсері. Коммунистер одағының құрылуы. Бірінші Интернационал және жұмысшы қозғалысы.

Ұлы державалардың дүние жүзін бөлісудің аяқталуы және олардың арасындағы қайшылықтардың тереңдеуі. Әскери-саяси блоктардың құрылуы. XIX ғасырдың соңындағы империалистік соғыстар. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы дипломатиялық саясат.

Қорытынды қайталау – (1 сағат).


5. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны


62. 9-сынып (1914 ж- бүгінгі күнге дейін). Барлығы – 34 сағат, (аптасына 1 сағаттан).

63. Кіріспе. Қазіргі заман тарихының мазмұны. Қазіргі заман тарихының мерзімдік шектері. Индус­триалдық қоғам. Постиндус­триалдық қоғамға өту. Ақпараттық қоғам.

64. I бөлім. Еуропа және Америка елдері 1918-1945 жж. – (9 сағат).

65. Бірінші дүниежүзілік соғыс – (1 сағат):

ХХ ғасырдың басындағы саяси дағдарыс. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.1914-1918 жж. соғыс қимылдарының негізгі кезеңдері. Германияның «қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Ресейдің соғыстан шығуы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Соғыстың соңғы кезеңі. Үштік одақтың жеңілуі. Компьен уақытша бітімі. Соғыстың зардаптары.

66. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесі– (1 сағат):

Париж бейбіт конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық жүйе. Германия және оның одақтастарымен жасалатын бітім жобаларын талқылау. Вашингтон кон­фе­ренциясы. Төрт мемлекеттің аралдық иеліктері туралы келісімі. Бес держава келісімі. Қытай мәселесі. Тоғыз держава келісімі. Версаль-Вашингтон жүйесі: мәні және қайшылықтары.

67. Ұлыбритания – (1 сағат):

Ұлыбританияның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Д. Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары. Екіпартиялы жүйенің дағдарысы. Жұмысшы қозғалысы. Ағылшын экономикасы тұрақтануының ерекшеліктері. Ұлыбритания дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында. Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясаты. У.Черчилль және сыртқы саясаттағы өзгерістер.

68. Франция – (1 сағат):

Францияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. «Солшыл одақ» үкіметі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы зардаптары. Фашистік қозғалыс. Халықтық майдан және оның парламенттік сайлаудағы жеңісі. Францияның сыртқы саясаты.

69. Германия – (1 сағат):

Соғыстың зардап­тары, экономикалық және саяси дағдарыс. 1918-1919 жж. революция. Веймар республикасы. Фашистік партия және нацистердің өкімет басына келуі. Германияның өнеркәсіптік қуатының қалпына келтірілуі. Тоталитарлық режим орнату. Нацистік диктатураның әлеуметтік-экономи­калық саясаты. Үшінші Рейъхтің сыртқы саясаты. Соғысқа дайындық.

70. Италия – (1 сағат):

Италия соғыстан кейінгі кезеңде. Фашистік ұйымның құрылуы. Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. «Маттеотти дағдарысы». Фашистік үкіметтің төтенше заңдары. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға әсері. Корпоративтік мемлекет. Б. Муссолини үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.

71. КСРО – (1 сағат):

Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Уақытша үкіметтің құрылуы. Саяси күштердің күресі. Большевиктердің өкімет басына келуі. Жер және бітім туралы Декреттер. Ресей халықтары құқықтарының декларациясы. Азамат соғысы және интервенция. КСРО құрылуы. 1924 ж. конституция. И.В. Сталин және тоталитаризм. Индустриаландыру. Ұжымдастыру. Жоспарлы экономиканың құрылуы. 1937-1938жж. жаппай жазалаулар. ГУЛАГ жүйесін құру. 1936 ж. конституция. Кеңес өкіметінің сыртқы саясаты.

72. Америка Құрама Штаттары – (1 сағат):

АҚШ-тың соғыстан кейінгі экономикалық және саяси дамуы. «Просперити» кезеңі. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның АҚШ-на әсері. Г. Гувер әкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы. 1932 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісі. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты». Дүниежүзілік соғыстар аралығын­дағы АҚШ-тың сыртқы саясаты;

Қайталау – (1 сағат).

73. II-Бөлім. Азия және Африка елдері 1918-1945 жж. – (6 сағат).

74. Жапония – (1 сағат):

Жапонияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және әлеуметтік - экономикалық дамуы. Танака үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Танака меморандумы және сыртқы саясаттағы бетбұрыс. «Антикоминтерндік пакт» мен «Үштік пактіге» қол қою. Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқыншылық әрекеті.

75. Түркия – (1 сағат):

Осман империясының ыдырауы. Сұлтандық режимнің дағдарысы және шетел интервенттеріне қарсы күрес. Мұстафа Кемаль Ататүрік реформалары. Саяси, экономикалық және мәдени қайта құруларды іске асыру. Түркия Республикасының ХХ ғасырдың 30 – 40-жылдардағы дамуы.

76. Қытай және Монғолия – (1 сағат):

Қытайдың соғыстан кейінгі жағдайы. Шаньдун мәселесі. Гоминьданның қызметі. Азамат соғысы. Чан Кайши үкіметінің саясаты. Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық әрекеттері және біртұтас майдан мәселесі;

Монғолияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. 1921 жылғы революция. Д. Сухэ-Батор. Монғол Халық Республикасының құры­луы. Әлеуметтік өзгерістер және олардың салдары. Х. Чой­балсан және саяси жазалаулар. Монғол-кеңес және монғол-қытай қатынастары.

77. Ауғанстан және Иран – (1 сағат):

Жас ауғандықтар қозғалысы. Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялау. Аманолла-хан. Реформалар. Нәдір-хан билігі тұсындағы Ауғанстанның дамуы;

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иран. 1921ж. мемлекеттік төңкеріс. Дүниежүзілік соғыстар аралығын­дағы Иранның саяси және экономикалық дамуы. Сыртқы саясаты.

78. Үндістан – (1 сағат):

Үндістан халқының Британ билеушілерінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі. Үнді Ұлттық Конгресі. М.К. Ганди және зорлықсыз қарсылық идеясы. Сатъяграха науқаны. Мұсылман Лигасы. Британ билеушілерінің Үндістандағы әкімшілік реформалары. Джинна және Пакистанды құру туралы идея.

79. Азия және Африкадағы араб елдері – (1 сағат):

Осман империясы ыдырағаннан кейін Азияда араб мемлекеттерінің құрылуы. Араб мемлекеттерінің дамуы. Азиядағы араб елдері халықтарының азаттық күресі;

Африкадағы араб елдері және олардың дамуы. Магриб елдері дүниежүзілік соғыстар аралығында. Араб халықтарының отаршылдыққа қарсы күресі. Египеттегі ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Судан және Ливия.

80. Екінші дүниежүзілік соғыс – (1 сағат):

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы. Фашистік «Оғаш соғыс». Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Балкандағы, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Антигит­лерлік одақ. Ф.Д. Рузвельт, И.В. Сталин, У. Черчилль. Ленд-лиз. Тегеран конференциясы. Фашистер басып алған жерлердегі «жаңа тәртіп». Холокост. Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы. Еуропада екінші майданның ашылуы. Ялта, Қырым конференциялары. Соғыстың қорытындылары мен сабақтары. Потсдам конференциясы. БҰҰ құрылуы;

81. Қайталау – (1 сағат).

82. ІІІ-бөлім. ХХ ғ. ІІ жартысы – ХХI ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері – (8 сағат).

83. Ұлыбритания – (1 сағат):

Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. К. Эттли үкіметі­нің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Британ отарлық империясының ыдырауы. Англияның Еуропалық Эконо­микалық Одаққа қосылуы туралы мәселе. Ұлыбританияның ҒТР жағдайындағы дамуы. Солтүстік Ирландиядағы жағдайдың шиеленісуі. М. Тэтчер үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Тэтчеризм. Сыртқы саясат. Ольстер мәселесі. Елдің ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Т. Блэр үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Жаңа лейборизм. Дж. Г. Браун үкіметі. Англия-Қазақстан қатынастары.

84. Франция – (1 сағат):

Францияның азат етілгеннен кейінгі экономикалық және саяси жағ­дайы. Уақытша режим. Францияның Төртінші республика кезіндегі дамуы. Отарлық мәселенің шиеленісуі. Алжирдегі соғыс және оның елдегі саяси ахуалға әсері. IV респуб­ликаның дағдарысы және құлауы. 1958 ж. Конституция және Бесінші республиканың құрылуы. «Голлизм». «Миттеран дәуірі». Сыртқы саясат. Францияның ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Н. Саркози билігі тұсындағы Францияның дамуы. Конституциялық реформа. 2012жылғы сайлау және социалистердің жеңісі. Франция-Қазақстан қатынастары.

85. Германия Федеративтік Республикасы – (1 сағат):

Германиядағы оккупациялық режим. Экономи­каны қалпына келтіру мәселесі. Елді жіктеу және екі герман мемлекетінің пайда болуы. Германия Федеративтік Республикасының Конституциясы. К. Аденауэр үкіме­ті­нің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Неміс «экономикалық ғажайыбы». НАТО құрамына ену. В. Брандт үкіметі. Г.Коль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. 80-жылдардың екінші жартысындағы экономикалық өрлеу. Берлин қабырғасының құлатылуы. Германияны біріктіру. ГФР біріккеннен кейінгі дамуы. Шығыс жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселе. Социал-демократтар үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. ГФР XXI ғ. басындағы дамуы. А. Меркель үкіметі.

86. Италия – (1 сағат):

Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 50-жылдарда. Демократиялық қайта құрулар. Республиканың жариялануы. Экономиканы қалпына келтіре бастау. Аграрлық реформа. 70-жылдардың ортасындағы экономикалық дағдарыс және оның зардаптары. Лаңкестік және неофашизм. Италия ХХ ғ. 80-жылдарында. Итальян неоконсерватизмі. Саяси тұрақсыздық. Коррупциямен күрес. Италиядағы екінші республика. Италия XX-XXI ғғ. тоғысында.

87. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері – (2 сағат):

Аймақ елдерінде кеңестік үлгі бойынша социализм орнату. Югославиядағы «өзін-өзі басқару социализмі» және экономикалық реформалар. ГДР-ғы 1953 ж. оқиғалар. Венгриядағы 1956 ж. қазан оқиғалары. Чехословакиядағы 1968-1969 жж. дағдарыс. Польшадағы қоғамдық-саяси және экономикалық дағдарыс. Ереуілдер және «Ынтымақ» ұйымының құрылуы. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы революциялар. Польша мен Венгриядағы саяси ахуал. Чехословакиядағы «мақпал революция». Румыниядағы Чаушес­ку режимінің күйреуі. Шығыс Германиядағы саяси өзгерістер. Югославия федерациясының ыдырауы және Балканда қарулы қақтығыстың басталуы. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық-экономикалық жүйенің өзгерісі.

88. КСРО және кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері – (1 сағат):

Соғыстан кейінгі экономикалық даму. Саяси жағдай, жазалаулардың жаңа толқыны. «Хрущев жылымығы». Тың жерлерді игеру кезеңі. Л.И. Брежневтің билік құру заманы. Кеңес экономикасын реформалаудың сәтсіздігінің себептері. 1960-1980жж. кеңестік жүйенің дағдарысы. 1977 ж. Конституция. Корруп­цияның күшеюі. М.С. Горбачев және қайта құру саясаты. Қоғамдық өмірді демократиялан­дыруға бағыт ұстау. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО ыдырауы. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттер. ТМД құрылуы. Орталық Азия мемлекеттері. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі егеменді мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары.

89. Америка Құрама Штаттары – (1 сағат):

Елдің соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Г. Трумен. Маккартизм. Дж. Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты. Кариб дағдарысы. Вьетнамда соғыс бастау. Неоконсер­ватизм. АҚШ-тың ХХ ғ. соңғы онжылдығы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Б. Клинтон әкімшілігінің ішкі және сыртқы саясаты. Кіші-Джордж Буштың және Б. Обама. билігі кезеңіндегі АҚШ-ның дамуы. Америка-Қазақстан қатынастары.

90. ІV-Бөлім. ХХ ғ. ІІ жартысы – ХХI ғ. Азия және Африка елдері – (6 сағат).

91. Жапония – (1 сағат):

Американ оккупациясы және Жапонияны демилитарландыру мен демократияландыру шаралары. Саяси партиялар. Жаңа конституцияның қабылдануы. Аграрлық реформа. Жапон экономикасының қалпына келтірілуі. Сан-Франциско бітім шарты және қауіпсіздік келісімі. ХХ ғ. 60-жылдардағы жапон «экономикалық ғажайыбы». Ғылыми-техникалық прогресс және оның жапон қоғамы мен экономикасына әсері. Жапонияның ХХ ғ. соңғы онжылдықтары – XXI ғ. басындағы ішкі және сыртқы саясаты. Жапон-Қазақстан қатынастары.

92. Түркия – (1 сағат):

Соғыстан кейінгі кезеңдегі елдің саяси және экономикалық дамуы. Кемализмнің қағидаларын жаңаша түсіндіру. Демократиялық партияның билікке келуі, оның ішкі және сыртқы саясаты. Ұлттық бірлік комитеті және оның қызметі. 1970-1980жж. саяси дағдарыс. Көппартиялық жүйенің дамуы. Саяси либералдандырудың басталуы және әлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдату шаралары. Түркия және Қазақстан қатынастары.

93. Ауғанстан. Иран – (1 сағат):

Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда. Жаңа конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы әскери төңкеріс және оның зардаптары. Кеңес әскерлерінің енгізілуі және Ауғанстандағы азамат соғысы. ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ ғасырдың басындағы Ауғанстан;

Ирандағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Мосаддык үкіметі және мұнай мәселесі. 1978-1979 жж. ислам революциясы. Иран ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. Иран-Қазақстан қатынастары.

94. Қытай. Моңғолия – (1 сағат):

ҚХР құрылуы. Мао Цзэдунның жеке басына табынушылық. «Ұлы секіріс». «Мәдени революция». КХР мен КСРО арасындағы қатынастардың шиеленісуі. Қытайдағы саяси өзгерістер. Дэн Сяопин және экономикалық реформалар. Қытай – Қазақстан қатынастары;

50-80 жылдардағы Моңғолиядағы қайта құру, қайшылықтары. 90-жылдардағы экономикалық және әлеуметтік даму. ХХ ғ. аяғы –XXI ғ. басындағы Моңғолия. Моңғолия-Қазақстан қатынастары.

95. Үндістан. Пакистан – (1 сағат):

Британдық Үндістанның бөлінісі және екі доминионның құрылуы. Үндістанның республика болып жариялануы. «Неру бағыты». И. Ганди және оның «Нерудің бағытын» жалғастыру жолындағы күресі. Сыртқы саясаты. Үндістан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында;

Пакистан республикасының жариялануы. Азаматтық үкіметтердің тұрақсыздығы және әскери биліктің орнауы. Пакистан-Ислам республикасы. ХХІ ғасырдың басындағы Пакистан. Бангладеш Халық Республикасы.

96. Араб елдері – (1 сағат):

Араб елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттары. Египеттегі 1952ж. революция және оның араб әлемі үшін тарихи маңызы. Суец каналын национализациялау. Г.А.Носердің бағыты. Магриб елдеріндегі ұлт-азаттық күрес. Араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. Араб-израиль қайшылықтары және Палестина мәселесі. Кэмп-Дэвид келісімдері. ХХ ғасырдың соңы- ХХІ ғасырдың басындағы араб-израиль қатынастары.

97. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар – (1 сағат):

Соғыстан кейінгі жылдардағы халықаралық мәселелерді реттеу жолдары. «Қырғи қабақ соғысы» және әскери қақтығыстар. Еуропа мен Азияда әскери-саяси блоктардың құрылуы. Біріккен Ұлттар ұйымының құрылуы. НАТО мен ВШҰ құрылуы. Жанталаса қарулану. Еуропалық интеграция. ЕҚЫҰ құрылуы. АСЕАН құрылуы. Таяу Шығыстағы қақтығыстар. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Әлемдік сыртқы саясаттағы Қазақстанның орны.

98. ХХ – ХХI ғасырдың басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы – (1 сағат):

Ғылым мен мәдениеттің дамуындағы негізгі бағыттар. ХХ ғасырдағы жаратылыстану, қоғамдық ғылым саласындағы, техника мен өндірістегі маңызды ашылулар мен жетістіктер. ҒТР. Халықаралық мәдени орталықтардың құрылуы. ЮНЕСКО-ның қызметі. Дамушы елдердегі мәдени-техникалық эволюцияның ерекшеліктері мен заңдылықтары. Шығыстағы қоғамдық ой. Мәдениеттің ғаламдану жағдайындағы дамуы.

Қорытынды қайталау – (1 сағат).


6. Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар


99. Пәндік нәтижелер

100. 6-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

  1. ежелгі дүние тарихының негізгі кезеңдерін;

  2. тарихтағы жыл санау жүйесін;

  3. ежелгі дүниедегі алғашқы қоғамдық құрылыс мен мемлекеттер тарихының өзіндік ерекшеліктерін;

  4. алғашқы өркениет ошақтарын, олардың маңызын;

  5. Қосөзен, Египет, Азияның оңтүстік-батысындағы, Орта және Орталық Азиядағы, Оңтүстік және Шығыс Азиядағы ежелгі мемлекеттердің, қалыптасу, даму ерекшеліктерін, қоғамдық құрылысын, мәдениеттегі жетістіктерін;

  6. Орта Азия халықтарының грек-македон басқыншыларына қарсы күресін;

  7. ежелгі дүние тарихында болған аса маңызды оқиғаларды;

  8. мәдени-экономикалық дамудағы Ұлы Жібек жолының сауда жолы ретіндегі маңызын;

  9. Ежелгі Грекия мен Римде мемлекеттің пайда болып дамуының өзіндік ерекшеліктерін, мәдени өмірін және антик мәдениеттің әлемдік мәдениетке қосқан үлесін;

  10. әр түрлі халықтар мен этностардың мифтерін, аңыздарын және шежірелерін;

  11. әлемдік діндер мен философиялық ағымдарды (конфуцийлік, буддизм, христиандық) білуі тиіс.

  1. Меңгеруі тиіс:

  1. жылдар мен ғасырлардың арақатынасын, оқиғалардың реті мен өту мерзімін баяндай білуді;

  2. ежелгі дүниенің табиғи-климаттық жағдайындағы ерекшеліктерді және оның адамдардың өмір сүруіне әсерін сипаттай білуді;

  3. ежелгі дәуірдегі уақыттық және кеңістіктік өлшемдерді;

  4. ежелгі дүние тарихы шеңберіндегі тарихи оқиғалардың негізгі себептерін түсіндіре білуді;

  5. ежелгі адамдардың еңбек құралдарын, баспанасын, киімдерін, сыртқы келбетін сипаттай білуді;

  6. оқыған мәтініне жоспар құра білуді меңгеруі тиіс.

102. 7-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

  1. орта ғасырдағы дүние жүзі тарихының негізгі кезеңдерін;

  2. ортағасырлық қоғамның негізгі белгілері мен ерекшеліктерін;

  3. феодалдық қатынастардың мәнін;

  4. орта ғасырлардағы қоғамның әлеуметтік құрамын;

  5. орта ғасырлардағы жер иеленудің, салықтың негізгі түрлерін;

  6. орта ғасырлардағы мемлекеттік құрылыс пен билік түрлерін;

  7. V-X ғасырлардағы Батыс және Орталық Еуропада, Таяу Шығыста орталықтанған мемлекеттердің құрылуының алғышарттары мен хронологиясын;

  8. VІ-Х ғасырлардағы арабтардың орта ғасырлық тарихын, ислам дүниесіндегі мәдениеттің ерекшеліктерін;

  9. ХІ-ХVғасырлардағы Еуропа мемлекеттері дамуындағы ерекшеліктерді;

  10. крест жорықтарының нәтижелерін;

  11. ортағасырлардағы Шығыс әлемінің тарихи көрінісін;

  12. ХІ-ХV ғасырлардағы Орта және Орталық Азия мемлекеттерінің әлеуметтік дамуын;

  13. моңғол-татар шапқыншылығы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылықты;

  14. орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы мен Алтын Орданың құлауын;

  15. орта ғасырдағы тарихи тұлғалар мен ғылымның, мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін;

  16. орта ғасырдағы өркениет аймақтары және олардың маңызын білуі тиіс;

  1. Меңгеруі тиіс:

  1. тарихи оқиғалар мен фактілерді талдау және салыстыруды, тарихи үдерістің маңызды белгілерін анықтауды;

  2. тарихи оқиғалар желісінің тарихи уақыт пен тарихи кеңістікте жүйелі дамуын көрсете алуы және оның себеп-салдарын анықтауды;

  3. әр түрлі деректерден тарихи ақпараттарды таба білуді;

  4. тарихты оқып-үйренуде қосымша деректерді пайдалануды;

  5. оқытылған кезеңдегі түрлі аймақтардағы болған тарихи оқиғаларды салыстыра білуді;

  6. тақырыпқа байланысты тарихи картаны пайдалана білуді;

  7. орта ғасырдағы дүние жүзі тарихынан алған білімін басқа пәндерді оқығанда және күнделікті өмірде қолдануды меңгеруі тиіс.

104. 8-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

  1. жаңа замандағы дүниежүзі тарихының хронологиялық шеңберін, негізгі кезеңдерін;

  2. Англиядағы капиталистік өндірістің дамуындағы ерекше белгілерді;

  3. ағартушылық дәуірдің еуропа қоғамының дамуына әсерін;

  4. отарлау саясатының мәнін, отаршылдыққа қарсы қозғалыстарды;

  5. Солтүстік Америкадағы отарлық жүйенің негізгі белгілерін, тәуелсіздік үшін соғыстың тарихи маңызын;

  6. Француз буржуазиялық революциясының себебі мен нәтижесін;

  7. ХVІІІ ғасырдағы Ресейдің даму ерекшеліктерін;

  8. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Үндістан, Осман империясы, Қытай, Иран, араб елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын;

  9. Азия мен Африка елдеріндегі отарлық езгінің зардаптарын;

  10. ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы дүниежүзі мәдениетінің негізгі жетістіктерін, мәдениеттің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғаларды;

  11. ХІХ ғасыр–ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі елдерінің дамуында болған негізгі белгілер мен ерекшеліктерін;

  12. капитализмнің пайда болуы мен дамуын; революциялық және эволюциялық жолдармен қоғамдық қатынастардың өзгеру мүмкіндіктерін;

  13. революциялардың себептері мен реформалардың қоғам дамуындағы баламалы жолын;

  14. қоғамдағы жаңа әлеуметтік құрылымды және оның реформалардағы қарама қайшылықтарды шешу құралы ретіндегі рөлін;

  15. ХІХ ғ.–ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі елдерінің даму үдерісін және негізгі ерекшеліктерді;

  16. халықаралық қатынастардың өзекті мәселелерін;

  17. ХІХғ.-ХХ ғасырдың басындағы мәдениеттің дамуын, әлемдік ғылым мен көркем мәдениеттің маңызды жетістіктерін және оның жеке тұлғаның дамуына әсерін білуі тиіс;

  1. Меңгеруі тиіс:

  1. жаңа замандағы тарихи оқиғалардың даму заңдылықтарын және себеп-салдарлық байланыстарын анықтай білуді;

  2. саяси тарихтағы негізгі өзгерістерді талдай білуді;

  3. тарихи деректерді жинақтап қорытындылауды және оларды талдай білуді;

  4. тарихи үдерістер мен оқиғаларға, тарихи тұлғаларға сипаттама беруді;

  5. тарихи оқиғаларға байланысты өз пікірін ашық айта білуді;

  6. картамен және картографиялық, хронологиялық материалдармен жұмыс істеуді;

  7. ғылыми-танымал және анықтамалық әдебиеттерден қосымша материалдарды пайдалана білуді меңгеруі тиіс.

106. 9-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

  1. шетелдердің қазіргі заман тарихындағы негізгі оқиғалар мен құбылыстарды;

  2. ХХғ.–ХХІғ. басындағы дүние жүзінің саяси картасындағы өзгерістерді;

  3. ақпараттық қоғамға өту үдерісінің динамикасын анықтайтын негізгі факторларды;

  4. ХХғ.–ХХІғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің маңызды жетістіктерін;

  5. ХХғ.–ХХІғ. басындағы маңызды әлеуметтік және ұлттық қозғалыстардың сипаты мен бағыттарын және саяси партиялар мен күштердің әлеуметтік негіздерін;

  6. ХХғ.–ХХІғ. басындағы әлемнің негізгі аймақтары мен елдер топтарының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы маңызды бағыттарды;

  7. дүниежүзінің әртүрлі елдеріндегі саяси режимдердің ортақ белгілерін және жеке елдердің даму ерекшеліктерін;

  8. дүние жүзінің ірі елдерінің экономикалық дамуының ортақ белгілерін сипаттау және жеке елдердің даму ерекшеліктерін;

  9. ХХғ.–ХХІғ. басындағы халықаралық қатынастар дамуының негізгі бағыттарын білуі тиіс;

  1. Меңгеруі тиіс:

  1. ХХғ.–ХХІғ. басындағы шетелдердің саяси және экономикалық дамуына сипаттама беруде тарихи карта мәліметтерін пайдалана білуді;

  2. қажетті ақпараттарды тарихи деректерден өз бетімен іздей білуді;

  3. тарихи білімдерін қазіргі қоғамның әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерін талдауда қолдануды;

  4. ХХғ.–ХХІғ. басында халықтар мен елдердің тағдырларына елеулі түрде әсер еткен саяси және қоғамдық қайраткерлерге, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға баға беруді;

  5. шетелдердің қазіргі заман тарихындағы маңызды оқиғалардың бірізділігін анықтауды;

  6. тарихи құбылыстарға тән белгілерін анықтауды, тарихи оқиғалар мен фактілерді салыстыру және жіктеуді;

  7. ХХғ.–ХХІғ. басындағы шетелдердің тарихындағы оқиғалар, құбылыстар және процестерге жазбаша сипаттама беруді, өзекті мәселелер бойынша баяндама мен рефераттар дайындауды меңгеруі тиіс.

108. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:

  1. Отандық және әлемдік тарих пен дәстүрлерге, адам құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық өмірдің демократиялық принциптеріне құрметпен қарауынан;

  2. өз халқының және әлемнің басқа халықтардың тарихын, рухани мұрасын құрметтеу, қоғамның мәдени және саяси өміріне белсенді түрде араласуға дайын болуынан;

  3. жеке тұлғаның құқығын құрметтеу, демократиялық құқықтар мен бостандықтарды дұрыс пайдалана білу, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуінен;

  4. қайырымдылық, әділеттілік, ар-намыс, борыш пен толеранттылыққа негізделген құндылықтар мен нормаларды білуінен;

  5. көпмәдениетті мен көпконфессиялы ортада басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасай білуі, басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тұлға аралық қатынастағы тіл табысушылықты көрсетуінен;

  6. оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешім қабылдай білуі, қоғам дамуының мәселелеріне сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығына белсенді түрде бейімделу қабілетін көрсетуінен көрініс табуы тиіс.

109. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың:

  1. әр түрлі кезеңдегі адамдардың өмірі мен тұрмысына, тарихи тұлғаларға, оқиғаларға, үдерістерге салыстырмалы сипаттама беруінде;

  2. тақырыптық синхрондық таблицалар жасап, оқиғалар мен фактілерді, құбылыстарды заманның нақтылы кезеңімен байланыстырып ұштастыра алуында;

  3. мемлекеттік, тарихи құжаттар, ғылыми-көпшілік және анықтамалық әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеп, соның негізінде шығармашылық жұмыстар, жобалар, рефераттар, шағын баяндамалар дайындауында;

  4. қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, жаңа ақпараттар ала білуінде;

  5. тарихи оқиғалардың себеп-салдарын түсініп, өз көзқарасы тұрғысынан баяндауында, өз бетімен ізденуінде;

  6. тарихи талдау әдістерін меңгеруінде (тарихи деректер, болжамдар мен дәлелдерді зерделеу;

  7. ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана алуында;

  8. халықтардың тарихи мұралары туралы өз пікірлерін айта білуде;

  9. ұлттық және діни өзгешеліктері бар өзге мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасағанда халықтардың салт-дәстүрлері мен тарихы жайлы білімдерін;

  10. тарихи деректерді саралау және талдау, өз бетінше тарихи құбылыстарға баға беру, өз пікірін білдіруде;

  11. көпмәдениетті, көпэтникалық және көпконфессиялы қоғамда тарихи тұрғыда қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен өмірлік құндылықтар жүйелері туралы білімдерін қолдану, мәдениетаралық өзара іс-әрекетке қатысу, өзге халық өкілдеріне толеранттық қарым-қатынасты қолдануы тиіс.