Оқып үйренейік

Категория: Литература
Тема: Часть 1.

2 сыныпқа арналған авторлық жұмыс. Әдебиеттік оқу пәнінен

Просмотр содержимого документа
«Оқып үйренейік»

Түсінік хат.

Бұл бағдарлама 2 сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама баланың оқу шеберлігін бірден дамыту мүмкін емес болғандықтан қызықты тапсырмалар арқылы қызығушылығын, жапшаңдық оқу мүмкіндіктерін қалыптастырып, бір жүйеге келтіруге бағытталған.

Берілген құрал екінші сынып оқушыларының оқу қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады, ақыл-ой деңгейін қалыптастырады. Оқу кезінде баланың бойындағы сенімділік пен тұрақтылық дамиды.

Сабақ кестесінен арнайы уақыт бөлінген. 40 минут өткізіледі. Практикалық өзіндік жұмыстар баланың ойлау қабілетіне, бақылау жұмыстарына, сонымен қатар оның танымдық белсенділігінің артуына бағытталған. Бұл тапсырмаларды орындағанда ең алдымен жеткілікті көлем және жүйелілік пен мақсаттылық болу керек.

Тапсырмалар баға қоюға емес, оқыту мен дамытуға арналған. Сол себепті қызықты тапмысмалар мен шығармашылық жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Яғни, назар аудару, елестету, есте сақтаудың түрлері, сұрыптау, зейінді дамыту және ойша тұжырымдама жасау.

Құрылған тапсырмалар мазмұны жағына бір-біріне ұқсамайды. Бұл баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйретіп, әрі оны жалықтырмайды. Әрі жапшаң оқуға, мазмұндауға, сұрақтар құрастыруға, пікір бөлісуге үйретеді.

Балалардың қызығушылығы артып, оқуға , шығармашылықпен шұғылдануға машықтанып танымдылығы қалыптасады және шығармашылық қабілеттері дамиды. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады.

















Бағдарлама мақсаты:

  • ой-өрісін дамыту

  • оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету;

  • сөйлеу дағдыларын дамыту;

  • ақыл парасат, мәдени тілін, адамгершілік қасиеттерді бала бойын қалыптастыру;

  • дүниетанымын кеңейтіп, ықыласын арттыру;

  • ойлау қабілетін дамыту.

Міндеттері:

  • назар аудару, елестету, есте сақтаудың түрлері, сұрыптау, зейінді дамыту

  • ойша тұжырымдама жасау

  • жұмыс дәптеріндегі әрбір тапсырманың дамытушылық мақсатын түсіне біліп, сауатты практикалық жұмыс жасау.

  • ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

  • оқушылардың бойында адамгершілік, эстетикалық сезімдерді қалыптастырып, тәрбиелеу.

Білім, білік дағдылары:

  • ой-өрісін дамыту;

  • байқағыштық қасиетін бойны сіңіру;

  • шапшаңдыққа үйрену;

  • өз ойын дәлелдеуге үйрену;

  • сурет бойынша сөйлем құрау дағдысын жетілдіру;

  • сөйлеу әдептілігін қалыптастыру;

  • сұраққа жауап беру, пікір алмасу, ойды жалғастыру;

  • өз ойын дәлелдей алуға, қорытынды жасай білуге үйрету;

  • іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдыру;








«Оқып үйренейік» курсының бағдарламасы


2-сыныпқа

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.

 


№ №


Сабақтың тақырыбы


Сағат

саны


Мерзімі


Күтілетін нәтиже

1

Абайдың қарасөздерінен.

Жиырма жетінші

сөзінен.

Орындалған арман.


1



Пікір бөлісі, сұрақтар құрастырып үйрену.

2

Тыйым сөздер.

Көз, құлақ, мұрын және ауыздың айтысы.

1


Өз ойын жинақтауды, тапсырмаларды талдауды үйренеді.

3

Ан Аңдар айтысы

(рөлді сомдау)

1









Шығармашылық қабілеттерін дамыту

4

Үйшік

(орыс ертегісі)






Суреттегі заттарды салыстыруға үйренеді, балалардың еркін ойлауына мүмкіндік береді

5

Шеше мен қыз бала

1


Диалог құрастырып үйрену

6

Айгүлдің әңгімесі.


1



Ұқсастығы мен айырмашылығын көруді үйренеді 

7

Ең қымбат нәрсені ұмытпа

1


Танымдық қабілеттерін дамыту

8


Бірлік

1



Ой бөлісу, өз пікірін еркін жеткізуге машықтандыру

9

  • Екі дос

  • (Ел аузынан)





Өз ойларын жүйелеп, қорытындылауды үйренеді,

оқушылардың ойлауы, байқампаздығы артады 

10

Көк кептер

1


Қамқорлық , жанашырлық қабілеттерін дамыту

11

Абайдың қарасөздерінен.

Он екінші, қырық

төртінші сөзінен.

Оқығанның - көзі ашық


1



Берілген тапсырмалардың қарама-қарсы мағыналарын тауып орындауды үйренеді

12

Күн шыққанда.

1


Мәнерлеп, түсініп оқуға машықтандыру

13


Жыртық кітап жылады

1



Жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйрету


14

Тасымал

1


Танымдық қабілеттерін дамыту

15


Буфетте

1



Талдап қорытындылауды үйренеді, ой-өрісін қалыптастыру 

16

Абайдың қарасөздерінен.

Он жетінші, он тоғызыншы сөзінен.

Сағыныш сазы


1


Танымдық қабілеттерін дамыту

17

Қарабатыр

(ертегі)

1



Өз ойларын қорытындылап, жүйелеуді үйренеді

18

Жүйіткіш пойыз келеді

1


Мәнерлеп оқу, шапшаңдықты дамыту

19

Алтын бесік

1



Өз ойларын сұрыптап, жүйелеуді үйренеді

20

Абайдың қарасөздерінен.

Он сегізінші сөзінен.

Өзім тойдым

(мысал)


1



Өз ойларын қорытындылап, жүйелеуді үйренеді

21

Самат қалай ауырды?

1


Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру

22

Тайбурыл

1


Танымдық қабілеттерін дамыту

23

Жаман әдет

1



Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді

24

Не жаман?

1


Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді

25

Тісі ауырған бегемот

(ертегі)

1


Сахналау, рөлге сомдауды үйрету

26

Абайдың қарасөздерінен.

Алтыншы сөзінен.

Арнау өлеңдер


1


Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге

үйренеді

27

Қаламақтар

1


Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді

28

Айтыс ойыны

1


Диалог құру, танымдық қабілеттерін дамыту

29,30

Ұр тоқпақ

(ертегі)

2


Сахналау, рөлге сомдауды үйрету

31

Аңыздар

1


Өз ойларын жүйелеп, қорытындылауды үйренеді,

оқушылардың ойлауы, байқампаздығы артады

32

Өтірік өлеңдер

1


 

33

Ертегілер.

Түйе мен тышқан.

1


Өз ойларын жүйелеп, қорытындылауды үйренеді,

оқушылардың ойлауы, байқампаздығы артады 

34

Құмырысқа мен көгершін

1


Танымдық қабілеттерін дамыту



















Құрастырған екінші санатты бастауыш сынып мұғалімі

Сейтбай Елканың 2 сыныпқа арнап

«Оқып үйренейік» қолданбалы курс бағдарламасына.



Рецензия



Ұсынылған жинақта бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып , тереңдете оқыту тәсілдерін үйретуге бағытталған бағдарлама құрастырылған. Бағдарлама оқушылардың оқу қабілеттерін дамыту, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше тапсырма түрлерін түрлендіруге машықтандыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Бағдарлама бойынша оқушылар білімдерін пысықтауда әртүрлі тапсырмалар, сөзжұмбақтар, басқатырғыштар шешу арқылы тілдерін дамытады, проблемаларды шеше білуге үйретеді.

Жинақта Бастауыш 2 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспары берілген.

Бастауыш сыныбына арналған бағдарлама 34 сағатқа негізделген , аптасына 1 сағат. Жинақта бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша әдістемелік құрал сабақтан тыс сабақ ретінде қолдануға болады.





Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі: Белова.Е.В.















«Ақсу қаласы Достық с/о Пограничник ауылының

Б.Момышұлының атындағы орта мектебі» КММ













Тақырыптық – күнтізбелік жоспар

2017-2018 оқу жылына

«Оқып үйренейік» қолданбалы курсы



2 «А» сынып







Сағат саны : 34

Аптасына : 1

Б.с. мұғалімі: Сейтбай Е

Білімі: арнайы орта

Пед. өтілі: 9 жыл

Санаты: ІІ






Скачать

Рекомендуемые курсы ПК и ППК для Вас