Мектепішілік олимпиада тапсырмаларының мазмұны
5-сынып
І тур. Жазылым.
Эссе тақырыптары:
«Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді» дегенді қалай түсінесің?
Уақыт - бізге берілген үлкен сый
Қыран жетпеген жерге қиял жетеді
ІІ тур. Оқылым
Мәтінді оқып астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз
(5 тапсырма)
Арыстан мен түлкі
(Ертегі)
Арыстан қартайып, аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды амал-айламен аулағысы келді, Өзі үңгірде жатты да;
-Аурумын, жүрүге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты, Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келе бастады, Арыстан олардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні арыстанның халін білуге түлкі келді. Ол үңгірде алысырақ тұрды да;
-Халің қалай? – деп көңілін сұрады,
-Халім нашар, неге жақынырақ келмейсің? – деді арыстан. Түлкі:
-Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ, - деп жүгіріп кетіпті.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
1. Мәтінде қандай антонимдер бар ?
А)арыстан, түлкі В)алысырақ, жақынырақ
С)амал-айламен Д) бастады, таратты Е)жүгіріп, кетіпті
2. Мәтінде түлкі қандай?
А)ақылды В)мақтаншақ С)әдемі Д)сабырлы Е)төзімді
3. Мәтінде кім қартайды?
А)түлкі В)аңдар С)арыстан Д)қасқыр Е)кірпі
4. Мәтіндегі «жануарлар» сөзінің синонимі
А)үңгір В)хабар С)құстар Д)аңдар Е)арыстан
5. Арыстан барлық аңдарға қандай хабар таратты?
А) - Халің қалай?
В)- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да,
шыққан із жоқ
С) -Халім нашар!
Д) -Неге жақынырақ келмейсің?
Е) – Аурумын, жүруге әлім жоқ...
ІІІ тур. Лексикалық-грамматикалық тапсырмалар (20 сұрақ)
1. Тәуелді септеуде тұрған сөзді табыңыз
А)отбасың В)әкем С)көршімен Д)оқушылар Е)мейірім
2. Бітеу буынды сөздерді анықтаңыз
А)достар,дәстүр В)әпке,арман С)әдепті,қонақ Д)қуаныш,төр Е)құпия,жағдай
3. Көптік жалғаулы зат есімді табыңыз
А) дастарқан В) төр С) інілер Д) бала Е)адам
4. Сынып жабдықтарын белгілеңіз
а) әке,шеше,ата,әже в) табиғат,орман,өзен, с) гүл,өсімдік,шырша
д) тақта карта,парта е) қол, бас, аяқ
5. «Әдемі» сөзінің синонимін анықтаңыз
а) жаман в) үлкен с) кеш д)сұлу е) биік
6. Қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз
А) т,с,в В) п,р,м С) п,с,т,ш Д) р,м,н Е) ә,у,е
7. Зат есімді көрсетіңіз.
көмектесу B) мектеп C) қалың D) нешінші E) қарсы алу
8. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз
А) ұ В) ү С) ы Д)қ Е)а
9. «Менің атым- Қожа» повесінің авторы кім?
А) М.Жұмабаев В) М.Әуезов С) Ш.Уәлиханов Д)А. Құнанбаұлы Е)Б.Соқпақбаев
10. «Қазақстанның Қызыл кітабы» алғаш рет қай жылы шықты?
А)1948 В) 1978 С)1938 Д)1988 Е)1958
11. Қазақ тіліне ғана тән неше дыбыс бар?
А)5 В) 7 С)42 Д)37 Е)9
12. Бердібек Соқпақбаев кім?
А)жазушы В) әнші С)ақын Д)ойшыл Е)философ
13. – м, -ң, -ым, -ім ненің жалғаулары?
А) көптік жалғауы В) тәуелдік жалғауы С) жіктік жалғауы
Д) септік жалғауы Е)жұрнақ
14. «қызғалдақ» сөзінің аудармасын табыңыз
А)подснежник В)роза С)тюльпан Д)ромашка Е)астра
15. Жалқы есімді анықтаңыз
А)оқушы В)кітап С)қызғалдақ Д)ана Е)Қожа
16. Сөзде неше буын бар,көрсетіңіз: мерекелері
А)4 В)5 С)3 Д)2 Е)6
17. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорына жатпайтын қатарды көрсетіңіз?
А) аяқ, қол, бас В) ағаш, бұтақ, жапырақ С) фото,сурет, касса Д) табақ,шелек, қасық
Е) әке, нағашы, жиен
18. Берілген сөздердің қай атауға мысал бола алатынын табыңыз
Домбыраның құлағы, адамның құлағы, қазанның құлағы...
А)синоним В)омоним С)тура мағыналы сөздер Д)көп мағыналы сөздер
Е) антоним
19. «жүреді» сөзінің синонимін анықтаңыз
А)айтады В)барады С)шақырады Д)тыңдайды Е)аулайды
20. «Шырақ» сөзінің тура мағынада қолданылған нүсқасын табыңыз
А) Шырағым-ау, кешігіп қайда жүрсң?
В) Үміт шырағы сөнбесін
С) Сөредегі шырақты алып кел
Д) Білім – өмір шырағы
Мектепішілік қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша олимпиада жұмысының тапсырмалары (7-сынып)
I кезең
І тур. Жазылым.
Эссе тақырыптары:
Достық баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты...
Әлеуметтік желінің әлегі
Табиғат пен адам өмірі бірлікте
ІІ тур. Оқылым
Мәтінді оқып астындағы тапсырмаларын орындаңыз
(5 тапсырма)
Еліміздің экологиялық проблемалары
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсер етуінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарылауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп, индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне-өзі шек қою. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!
Экологияның нашарлауына не
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
себеп?
Климат өзгерісі неге әкеліп
соқтырады?
Ненің салдарынан құрғақшылық
болады?
Топан су қаптауы мүмкін бе?
5 Табиғат байлықтарын қалай
тұтынуға болады?
ІІІ тур. Лексикалық-грамматикалық тапсырмалар (20 сұрақ)
7-сынып
I нұсқа
1.Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Құлақ салды.
B) Құлақ етін жеді.
C) Баспасөз – қоғамның құлағы, тілі.
D) Құлағым ауырып жүр.
E) Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді.
2.Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз.
А) Күн сәулесі нұрын шашады.
B) Терезеден күн түсіп тұр.
C) Күнсіздерге күн болған.
D) Күнде-күнде осы жаттығуды қайталайды.
E) Күн ыстық екен.
3.Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.
Өзі бір жүзіктің көзінен өткендей пысық жігіт екен.
А) Жүзіктің.
B) Көзінен.
C) Өткендей.
D) Пысық.
E) Жігіт.
4.Омоним болатын қатарды көрсетіңіз.
А) Жігер, күш.
B) Сыр, шық.
C) Терезе, есік.
D) Оқтау, тұтқа.
E) Түбір, түн.
5.Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Еңбек - өмір ажары.
B) Жақсы ұл – елдің туы.
C) Айна - айна емес, халық- айна.
D) Көпке күл шашпа.
E) Мал сақтама, ар сақта.
6.Антонимдері бар қатарды белгілеңіз.
А) Ар жазасы бар жазадан ауыр.
B) Малсыз болсаң да, арсыз болма.
C) Шеберден - олжа, шешеннен - сауға.
D) Еңбек – дәулет, бедел – сәулет.
E) Ағайын бір өліде, бір тіріде.
7.Тұрақты тіркесті анықтаңыз.
А) Халық мұнша жиылады деген есте жоқ.
B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.
C) Хорымыз жамырап жақсы шықпады.
D) Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз.
E) Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады.
8.Дауысты дыбыстардың жақ қатысына қарай бөлінуін көрсетіңіз.
А) Жуан, жіңішке.
B) Жіңішке, ашық.
C) Ашық, қысаң.
D) Еріндік, езулік.
E) Езулік, жуан.
9.Түбірдің ережесін анықтаңыз.
А) Негізгі ойды білдіретін бөлшек.
B) Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.
С) Жаңа мағына тудырушы бөлшек.
D) Қосымша жалғанған бөлшек.
E) Қосымша қосуға болмайтын бөлшек.
10.Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
А) Қасиеттер, парасат.
B) Сөздік, малақай.
С) Әділет, дәреже.
D) Шұңқыр, домалақ.
E) Бөлшек, жақсылық.
11.Күрделі зат есімді табыңыз.
А) Тарихшы Әбілғазының шежіресінде жазылған пікірді негізге алды.
B) Күнұзын аттан түспей, өзге жүргіншілерді бақылады.
С) Біз сапарға шығар алдында жазушы кітапханасын ақтарып, біраз кеңескен едік.
D) Біраздан кейін көзге түспей ғайып болды.
E) Жанын жеген әлдебір ішкі күйзелісін жасырғандай.
12.Тәуелденген зат есімді көрсетіңіз.
A) Үйлерге.
B) Қонақтар.
C) Атыңыз.
D) Темірсің.
E) Таумен.
13.Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз.
A) Ажарлы.
B) Шашыраңқы.
C) Күллі, тегіс.
D) Әкелді.
E) Келді.
14.Сапалық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім.
B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыратын сын есім.
C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім.
D) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық екендігін білдіретін сын есім.
E) Заттың мезгіл-мекенге қатыстылығын білдіретін сын есім.
15.Дұрыс жазылған реттік сан есімді көрсетіңіз.
A) 23 қатар.
B) 105-мектеп.
C) 10 мектеп.
D) X
E) XX-ғасыр.
16.Жіктеу есімдігін табыңыз.
A) Мен.
B) Сол.
C) Мынау.
D) Кім?
E) Барлық.
17.Есептік сан есімнің күрделі түрін анықтаңыз.
A) Он төртінші.
B) Он төрт.
C) Төрт-төрттен.
D) Он-оннан.
E) Оннан екі.
18.Туынды сын есімді атаңыз.
A) Қара.
B) Көк.
C) Биік.
D) Таза.
E) Ашық.
19.Күрделі сан есімдер қалай жазылады?
А. Біріккен түрінде
В. Бірге
С. Бөлек
Д. Үтір арқылы
Е. Қысқарған түрде
20.Есім сөзден жасалған сын есімді көрсетіңіз.
A) Ұрысқақ.
B) Білгіш.
C) Айтқыш.
D) Денелі.
E) Көргіш.
7-сынып II нұсқа
1.Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Бұл іс менің қолым екен.
B) Өз қолымен берді.
C) Әділ, Шалабайлар – байдың қол шоқпары.
D) Қолдың қысқалығынан бұл жолы да мардымды ештеңе бере алмады.
E) Көкеңе айтарсың, қолы ұзын адам емес пе?
2.Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.
А) Қолымен істегенді мойнымен көтереді де...
B) Бала-шағаға мойын-сойын да тамақ.
C) Аққудың мойнындай мойын көз алдынан кетер емес.
D) Компьютер алдында көп отырғандықтан, мойным қарысып қалыпты.
E) Күнде-күнде мойнына массаж жасатады.
3.Көп мағыналы сөзді табыңыз.
Жақындаса, обаның басында жалпиған бір адам отыр.
А) Жақындаса.
B) Обаның.
C) Басында.
D) Жалпиған.
Е) Адам.
4.Омоним сөзді көрсетіңіз.
А) Мектепті бітіруге бір жыл қалып еді.
B) Өзің кездескеннен өзгерген жоқ.
С) Мөңкенің үйі таң атқанша кісіден құр болмады.
D) Андрей тірліктен әлі үміт үзген жоқ.
E) Жүрегі анық бір жаманшылықты сезіп алқынып барады.
5.Синоним болатын қатарды табыңыз.
А) Еріншек, сараң.
B) Ауыл-аймақ, ағайын.
C) Күйзелу, сүйсіну.
D) Келемеждеу, мазақтау.
E) Тоңу, шаршау.
6.Антонимді бар қатарды белгілеңіз.
А) Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп келе жатқан бір бейбақ.
B) Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынады.
С) Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты.
D) Бірақ миына сіңіп қалған дағдыдан әлі арыла алмай жүр.
E) Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті.
7.Тұрақты тіркесті анықтаңыз.
А) Немересі алдындағы асын тауысып ішті.
B) Таяуда әкемізге ас береміз.
C) Ас дайындау – сенің міндетің.
D) Ас алдында жеңіл сусын пайдалы.
E) Бұл дәмханада ыстық ас берілмейді екен.
8.Дауысты дыбыстардың тіл қатысына қарай бөлінуін көрсетіңіз.
А) Жіңішке, ашық.
B) Жуан, жіңішке.
C) Ашық, қысаң.
D) Жуан, ашық.
E) Еріндік, езулік.
9.Түбір сөзді табыңыз.
А) Ақтау.
B) Дидар.
С) Орманшы.
D) Қосымша.
E) Бөлгіш.
10.Туынды түбірлерді анықтаңыз.
А) Негізгі, мекені.
В) Өнім, жолдастық.
С) Тәрбие, сөздер.
D) Береке, көрімдік.
E) Елдік, баласы.
11.Туынды зат есімді табыңыз.
А) Тымақ – қысқы бас киім.
B) Ғасырлар сырын шерткен халық даналығы көңіліне ой салды.
С) Таңертең Батырбек көзін ашып, дереу сағатына қарады.
D) Мұндай шарт-шұрт қимылдар ұзаққа созылмайды да.
E) Жетектерінде жеңіл-желпі жүгін артқан жалғыз тайынша.
12.Жіктік жалғауының екінші жағында тұрған зат есімді табыңыз.
A) Баласын.
B) Жиенсің.
C) Студентпіз.
D) Келгенбіз.
E) Адаммын.
13.Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз.
A) Тарихи.
B) Әуесқой.
C) Өнерпаз.
D) Бойшаң.
E) Бітік.
14.Қатыстық сын есімнің анықтамасын табыңыз.
A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім.
B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыратын сын есім.
C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім.
D) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық екендігін білдіретін сын есім.
E) Заттың сынын білдіретін сын есім.
15.Дұрыс жазылған топтау сан есімді көрсетіңіз.
A) 10-оннан.
B) 10-15 тен.
C) 20-20-дан.
D) Бес бестен.
E) Жүз жүзден.
16.Жіктеу есімдігімен тіркесіп тұрған сөзді табыңыз.
A) Сіз келесіз.
B) Атаның баласы.
C) Қалаға бару.
D) Көзбен көру.
E) Болат келді.
17.Жинақтық сан есімді табыңыз.
A) Үш-үштен.
B) Жиырма екі.
C) Бесеу.
D) Оннан үш.
E) Жүз.
18.Сөйлемдегі сын есімді көрсетіңіз.
Әсем сабақты жақсы оқиды.
A) Әсем.
B) Сабақты.
C) Жақсы.
D) Оқиды.
E) Жоқ.
19.Орынбасар сөзді көрсет?
А. Зат есім
В. Үстеу
С. Есімдік
Д. Сан есім
Е. Сын есім
20.Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз.
A) Оқыр, кеткіз.
B) Берекелі, оқырман.
C) Қазандай, торсықтай.
D) Оқытқыз, жаздыр
E) Табиғат, әлемде
Мектепішілік қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша олимпиада жұмысының тапсырмалары (6-сынып)
I кезең
І тур. Жазылым.
Эссе тақырыптары:
Не жетсін өзің туған мекеніңе?
Судың да сұрауы бар
Менің ойымдағы жеті керемет...
ІІ тур. Оқылым
Мәтінді оқып астындағы тапсырмаларын орындаңыз
(5 тапсырма)
Қаныш Сәтбаев – 1950 жылдары аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болған геолог ғалым. Ол Қазақ Ғылым Академиясының құрылтайшысы, ал 1945 жылы оның тұңғыш президенті болады. ХХ ғасырдың орта шенінде минерология ғылымдарының докторы Қаныш Имантайұлы Қазақстанның орталық бөлігіндегі табиғи қазба байлықтар шоғырланған ірі кен орындарын ашады. Көп уақыт өтпей оның аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болады. Әйгілі ғалым соғыс кезінде немістер Украинадағы жез кендерін басып алған кезде,
Қазақстанның орталығынан жез өндіретін кен орындарын ашады. Орыс ғалымдары оның жетістігіне таңдана қарайтын. Қаныш Сәтбаевтың топонимикалық білімі жоғары еді. Қаныш Сәтбаев жастайынан этнографияға қызыққан. Бала кезінен әртүрлі жер-су атауы туралы аңыз әңгімелерді тыңдап өседі. Ер жеткен соң геология ғылымы саласына қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. Дегенмен өзінің топонимикаға деген қызығушылығын да жоғалтқан емес. Кейіннен мұның оған орасан зор пайдасы тиеді. Яғни жер атауларына байланысты ірі кен орындарын қысқа мерзімде анықтап, қоғамды жаңа ресурс көзімен қамтамасыз етеді.
Қаныш Имантайұлы Қарағанды облысында өмір сүретін ақсақалдардан топонимикалық атаулардың шығу тарихы туралы деректер іздейді. Нәтижесінде атабабаларымыздың мыс, қола, темір сынды пайдалы қазбаларды көне заманнан бері пайдаланғаны анықталады. Себебі бұл жер-су атаулары көне заманда қолданысқа енген. Айта кетсек, ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Қаныш Сәтбаев кім?___________________________
Оның жетістігінің сыры неде? ___________________________
Ғалым жастайынан неге қызығып өсті? ___________________________
Сәтбаевтың еңбектері неге арналған? ___________________________
Ол қандай картаны жасауда көп еңбек етті? ___________________________
ІІІ тур. Лексикалық-грамматикалық тапсырмалар (20 сұрақ)
6 сынып
II нұсқа
1. Екі буыннан құралған сөзді анықтаңыз.
A) Бүгін
B) Кіріспе
C) Қаламгер
D) Бояушы
E) Оқушы
2. Антоним жұпты анықтаңыз.
А) Әдейі- жорта
B) Тоқпақ- қол ағаш
C) Татуласу- жарасу
D) Ащы- тұщы
E) Тынығу- жату
3. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
A) Қара сиялы қалам
B) Қисық бұтақ
C) Қоңыр дауыс
D) Білімді оқушы
E) Қызыл гүл
4. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Терезенің көзі
B) Жуан аулы
C) Істің төркіні
D) Адамның басы
E) Жұмысқа мінез
5. Антоним бола алмайтын сөзді табыңыз.
A) қара
B) ірі
C) сары
D) осал
E) қас
6. «Ә» әрпінің емлесіне байланысты
сөздің дұрысын көрсетіңіз.
A) күман
B) күмән
C) күмен
D) күмөн
E) құман
7. Қай сөзде «П» дыбысы жазылатынын көрсетіңіз.
A) Та...у
B) Ке...у
C) Қағы...- соғу
D) До...ы
E) Тара...ы
8. Буынға қате бөлінген сөзді көрсетіңіз.
A) Жұ-мырт- қа
B) Ки- е- лі
C) Құ- мыр- сқа
D) Ба- ла- лық
E) Қо- ңыр
9. Омонимдес сөздерді көрсетіңіз.
A) Шана, келін
B) Алты, жеті
C) Арықтан суару
D) Кел, оқып отыр
E) Бәрі, тегіс
10. Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз.
A) Затты атап білдіретін мағынасы
B) Біркелкі дыбысталып айтылатын сөз
C) Мағынасы басқа-басқа сөздер тобы
D) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы
Е) Мағыналары бір-біріне жақын сөздер тобы
11. Түбір сөзді көрсетіңіз.
A) Кемпірқосақ
B) Ағайын-жұрт
C) Көк жүзі
D) Тау
E) Тау-тас
12. Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Мектеп, орта
B) Кітап, дос
C) Есіл, Іле
D) Астана, көрініс
E) мұғалім, мектеп
13. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Тұмау аяғы-құрт, тұман аяғы-жұт.
B) Самат аяғын ауыртып алды.
C) Ол науқасынан айығып кетті.
D) Жел күшейе түсті.
E) Ол аяғын созып жатыр.
14. Буынға бөлінетін сөздерді анықтаңыз.
A) Дала, бала
B) Қала, нан
C) Сарт-сұрт
D) Қаңқ, қора
E) Қақ, тарт
15. Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.
A) Күшті, мықты
B) Шелдену, қоңдану
C) Бағалы, құнды
D) Әлді, қарулы
E) Қайратты, қажырлы
16. Жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
A) Ы, І, Ә
B) О, Ұ, Ү
C) Ө, Е, І
D) Ұ, Ү, Ы
E) А, Е, Ы
17.Туынды етістікті тап.
A) көзде
B) арқа
C) төбе
D) әлді
E) күт
18. Жалаң сөйлемді табыңыз.
A) Дидар гимназияда оқиды.
B) Ұлпан ұйықтады.
C) Балнұр жақсы оқиды.
D) Ауылымызға ағаш ектік.
E) Мұғалім сыныпқа кірді.
19.Бірыңғай қатаң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.
A) Өп-өтірік
B) Қос тігу
C) Хош иісті
D) Қолы ашық
E) Өсек-аяң
20. Бірыңғай түбір сөздері бар қатарды көрсетіңіз.
A) Кітап, тасымал, аулы
B) Дана, даналық, ауылға
C) Отанды, өміршең, айшықты
D) Ыдыс, әңгіме, терезе
E) Балажан, әкесі, кенші
6 сынып Iнұсқа
1.Дауыстары дыбыстары бірыңғай емес сөзді тап:
А) арбалар
В) әсемпаз
C) кешкілік
D) таста
E) кісі
2. Екі буыннан құралған сөзді анықтыңыз.
А) Бүгін
В) Кіріспе
С) Қаламгер
D) Бояушы
E) Оқушы
3. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.
A) Жетеу
B) Үштен екі
C) Мың
D) Оңдаған
E) Бесінші
4. «Ұжымдастыру» сөзіндегі ұяң дауыссыз
нешеу екендігін көрсетіңіз.
A) 2
B) 1
C) 5
D) 4
E) 3
5. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Тұмау аяғы құрт, тұман аяғы жұт.
B) Самат аяғын ауыртып алды.
C) Ол науқасынан айығып кетті.
D) Жел күшейе түсті.
E) Ол аяғын созып жатыр.
6. Сөздің тура мағынасын табыңыз.
A) Сүт таңертең ұйып қалды.
B) Оң қолым ұйып қалды.
C) Әңгіме ұйып тыңдалды.
D) Олар сүттей ұйып отыр.
E) Сүттей ұйыған жанұя.
7. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.
Бұлақтың көзін ашу- игі іс.
A) Бұлақтың
B) Көзін
C) Ашу
D) Игі
E) Іс
8. «Ұ»дыбысы қай сөзде жазылатынын көрсетіңіз.
A) С...мке
B) ...стаған
C) Жая...лан
D) Т...сін
E) Т...скен
9. Төрт буыннан тұратын сөзді көрсетіңіз.
A) Төзімді
B) Саңырауқұлақ
C) Шаруашылық
D) Жақсылық
E) Орта
10. Омонимдес сөзді көрсетіңіз.
A) Гүлнәр мектепке барады.
B) Ол ақылды бала.
C) Айт болды.
D) Уақытты бағала.
11. Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.
A) Күшті, мықты
B) Шелдену, қоңдану
C) Бағалы, құнды
D) Әлді, қарулы
E) Қайратты, қажырлы
12. Омонимдес сөздерді көрсетіңіз.
A) Шапан, келін
B) Алты,жеті
C) Арықтан суару
D) Кел, оқып отыр
E) Бәрі, тегіс
13. Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Тыным, тыныштық таппаған.
B) Бұраң бел, алма мойын.
C) Ара гүлге қонды.
D) Жақсылық пен жамандық- болды егіз.
E) Сөз атасы- құлақ.
14. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.
Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.
A) Ниетің
B) қисық
C) болса
D) ағайынға
E) өкпелеме
15. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.
A) қарындашын ұштау
B) найзаны ұштау
C) қайланы ұштау
D) шеберлікті ұштау
E) Таяқты ұштау
16. «Биік»сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.
A) Биік сезім
B) Биік тау
C) Биік ой
D) Биік тұлға
E) Биік сөз
17. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.
A) Жабаевта
B) Жабаевтің
C) Жабаевте
D) Жабаевті
E) Жабаевіңіз
18. Түбір сөзді көрсетіңіз.
A) маңдайша, ана
B) Әке, әсемпаз
C) бала, дос
D) білім, ілім
E) өнерпаз, білгіш
19. Жайылма сөйлемді тап.
A) Мөлдір Балнұрды ойнатты.
B) Ділданы алып келді.
C) Кәмшат танымады.
D) Әкесі келді.
E) Ән айтты.
20. Үнді дыбысқа аяқталған сөзді көрсет.
A) жарық
B) шырақ
C) шам
D) боз
E) бос
E) Айгүл-зерек оқушы