СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Өмір сүру қандай керемет!"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Өмір сүру қандай керемет!" тақырыбында жазылған мақала. Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Жас-Ұлан" орталығында өткізілген спорттық түрлі іс-шаралар жайлы айтылған. 

Просмотр содержимого документа
«"Өмір сүру қандай керемет!"»

«Өмір сүру қандай керемет!»

Өмір сүру бақытын әр адам өзінше түсінеді. Менің ойымша өмір сүру – бұл өмірден бақытты сәттерді сезіну, әр атқан таңымызға қарап шүкіршілік ету, егемен елде, бақытты елде өмір сүру, сол елдің тарихымен, мәдени, рухани құндылықтарымен мақтану, еңсесі биік елде өмір сүру, өйткені біз «Мәңгілік ел»-дің ұрпағымыз. Елбасы елдің ертеңі, болашағы дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың қолында екенің жиі айтса, осы мақсатта «Жас-Ұлан» орталығының атқарып жатқан игі жұмыстары ұшан -теңіз.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында біздің орталықта оқушыларға арналған 2 жүзу бассейні, арнайы спорттық жаттығу залдары, теннис, скаладром, спорттық-туристік орталық жұмыс жасайды.

«Жас-Ұлан» орталығында ашылған мұндай скаладром үйірмесі облыста ғана емес, тіпті республика көлемінде аз кездеседі. Қазіргі таңда бұл үйірмеге келушілер саны көбейіп келеді. Қазіргі таңда үйірме мүшелері республикалық дайындық жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар қала, ауыл, арнайы мектеп оқушылары арасында спорттық турнирлер, марафондар өтіп тұрады.

Орталыққа келген әрбір бала осы үйірмелерге келуге асығып тұрады, себебі қаламызда спортқа бет бұрған жастар көбейіп келеді. Әрине бұл қуантарлық жағдай.

Елбасы арманы – келешегі баянды, әр жастың бойында патриоттық құндылықтары жоғары, ертеңгіге сеніммен қарайтын бақытты ел болу. Олай болса келешек жастардың бойында осы аталмыш қасиеттерді қалыптастыру үшін «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы әрқашан алдыңғы қатарда көрініп жүр және көріне береді.


Қоңқышова Наргиз

«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы

«Ботақан» балалар телестудиясының мүшесі

Арқалық қаласы