Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация
Пән/Предмет: Сауат ашу
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Техника және біз»
Тақырыбы/Тема: «Оо» дыбысы және әріпі
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Балаларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Ойын арқылы балалардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін, ой - өрісін, тілін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: О дыбысы және әрпімен таныстыру. О дыбысының сөздердегі орнын ажырату. Сөздерді оқу мен жазуға, топпен жұмыс жасауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулықты сақтау бойынша педагогикалық технологиялар, ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: суреттер, «Сауат ашу» дәптері.
Көптілділік/Полиязичие: от - огонь - fire, орындық - стул - chair, орман - лес - forest , орамал – платок – handkerchief
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, айту. Анар– А, тарақ –Т, парта – П, нан – Н, лақ – Л, йод-Й, ғарышкер – Ғ т.с.с.
Қызықты сәт: Балалар, елестетіп көріңідерші, біз аралда қалып қойдық. Алдымен таң қаламыз: О! Содан кейін мұңайамыз: О-о-о-о! Кемеге қарап, қуаныш сезінді: О-о-о-о-о-о-о-о-о-о-о-о! Балалар мимикамен әр түрлі эмоционалдық жағдайды білдіреді.
Балалар біз қандай дыбысты жиі айттық?
Ендеше біз бүгін «Оо» дыбысы және әріпімен танысамыз.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
О дыбысының артикуляциясын меңгерту, әріпті таныту. Аузымызды дөңгелек етіп алға созамыз,тіліміз ашық,тілімізді төмен түсіріп артқа тартамыз. Айнаға қаратып айтқызу.
О жуан дауысты дыбыс.
Сөздер ойлату.
- от, орындық сөздерінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
- от, орындық, орамал, орман сөздерінде барлығында бірдей бар дыбыс қайсысы?
Көптілділік: от - огонь - fire, орындық - стул - chair, орман - лес - forest , орамал – платок – handkerchief
Тіл ұстарту жаттығуы.
Ос-ос-ос
Бірге бірді қос.
Дәптермен жұмыс.
О әрпінің бас және кіші түрін ауада, тақтада жазу. Үлгі бойынша бастырып жазу.
Жеке жұмыс: Айлинге әріпті ұқыпты бастыруды үйрету.
«Орнын тап» ойыны.
О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Буындап оқу.
Жұмбақтар жасыру.
1. Аналар оны бастарына тартқанда,
Сұлуланып кетеді.(Орамал)
2.Ол болмаса столда,
Отыра алмаймыз біз дастарханға.(Орындық)
3.Жабайы аңдардың мекені,
Білесіңбе сен оны.(Орман)
«Не артық?» ойыны.
Суретте заттардың ішінен О әріпі жоқ сөздерді алып тастау.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
О дыбысы қандай дыбыс?
Әріп таңбасы неге ұқсас?
О дыбысынан келетін сөздер айту.
Балаларды мадақтау.