СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Орманға саяхат (көлем)

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Күні:20.12.17

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: Орманға саяхат (көлем)

Мақсаты: 3-4 сандарын салыстыру, үлгі бойынша санауға үйрету

Міндеттер:

Төрт көлеміндегі заттарды санау дағдыларын бекіту.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Қысқы орман суреті, шырша жаңғақтары, себет, аю ойыншығы, текше

 

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

       -

Мотивациялық -қозғаушы

 

 

-Қайрлы таң! Ұлдар, қыздар,

мен сендерге  тақпақ оқимын, сендер мұкият тыңдандар

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады,

Жып- жылтыр боп жатады

Тақпақ не туралы?

Дала бәрі аппақ,ағаштар да, машиналар да, үйлер де, жер де, жолдар да , далада не көп?

Ал, орманда одан да көп,  қысқы орманға барамыз ба?  Орманға бару үшін, екі топқа бөлінейік:  кімде ағаштың суреті І топ- шығармашылық  орталығына барады,  кімде  аңдар суреті ІІ топ- дамыту орталығына

Орманға немен барамыз?

- балалар,  жолды қар басып тастапты, жаяу барайық.

 «Омбы  қармен жүреміз,

 Жоғары аяқты көтеріп,

Тік жүреміз, бұрылыс,

 Орманға біз жетеміз»

 

 

 

 

 

 

Қыс

 

Қар

Орманға баруға келіседі

І-ІІ топка бөлінеді

 

 

Өз ойларын айтады,

 

жаяу баруға келіседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру іс-әрекеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, орманға да келіп калдық. Керемет,  әдемі.

- Орманда қандай ағаштар бар?

Олар туралы айтайықшы.

-Жапырақтары бар ма?

-  Шыршалардың көлемі   қандай?

-Қандай жол  биік шыршаға апарады?

 

-Қандай жол  шыршаға алыс жатыр?

 

- Орманда біз  нені кездестіреміз?

-Аласа шыршаның астында не отыр?

-Қоянның тоны қандай ?

-Балалар,  қоянға бөкебай сыйлайық, оған жылы болсын.

Дидактикалық ойын « Қоянның  бөкебайың безендір»

       

Жақсы,  біз орманның   бір аңын көрдік.

 Биік шыршаның астында омбы қар бар екен.

Онда ненің тығылып жатқанын қарайық:

Жұмбақ шешу

 «Қорбаң- қорбаң етеді,

Орманда өзі тұрады.

Өзі үлкен және маймақ

 Алақанын  ұнатады сорғанды,

 Ал қыста ол  ұйықтайды»

Аю қыс бойы ұйқыда.

 -Кім маған ұйқы бермей жүрген?(дауысын шығарады)

Балалар, аюды ұйқысынан оятып алдық-ау!

Аю, бізбен бірге  ойнайсың ба?

Дидактикалық ойын « Жанғақ әкел»

Ия, олай болса  мен сендерге  қанша  сан көрсетемін, сонша жаңғақ әкелесіңдер

Ал енді қолдарыңдағы жаңғақты алып, алақан арасына қойып  домалатыңдар.Не сезінесіңдер, ол қандай?

Себетте қанша жанғақ бар? 

Жақсы , ал аюға ұйықтау керек , аюды жатқызу, -Аюдың тонының түсі қандай?

«Орманда біз жүреміз

Алға басып келеміз,

асықпаймыз, қалмаймыз,

бақшаға жол табамыз »

Балабақшаға қайтып келдік.

-Орманда сендерге ұнады ма?

- Орманда қандай шыршалар өседі?

- Орманда нені кездестірдіңдер?

- қоянның құлағы қандай?

-ал аюдың құлағы ше?

-Қанша жаңғақ жинадық?

Дәптермен жұмыс

«Сана да, бейнеле»   

Сұрак-жауап:

- орманда қанша құстар болса, сонша дөңгелек қарды саламыз

-Қанша дөңгелек салдындар?

-Неге?

Қолға арналған жаттығу

«Қолымызды жылы суға жуамыз»- қолды жуудағы қимылды келтіру.

«Қолымызды жылытамыз»- қолды ұқалағанды көрсетеміз.

Әр саусақты созу.

Қарындашты алақан арасына қойып дөңгелетеміз, алдымен жай содан кейін тез дөңгелетеміз

 « Дұрыс қос»

Көлеміне қарай шыршалар мен аққаланы  қосып шығайық.

 

 

 

Шыршалар

 

Жоқ, олардың жапырақтарының орнында  инелері бар.

Біреуі биік, біреуі аласа

Ұзын -Алыс

Қысқа -жақын

-қоянды, қасқырды, түлкіні, аюды.Қоян

Ақ,  үлпілдек, жұмсақ

 

 

Бөкебайдың үстіне кезектестіріп  шаршы мен дөңгелекті қояды        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақ шешуін табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрсетілген санға сәйкес жаңғақ жинайды

 

 

 

 

Алақан арасына   жаңғақты алып домалатады.Қадалғыш.кедір-бұдыр.

Көп

 

Қоңыр

 

 

 

Ия,

-Биік аласа,жасыл

 

- аңдарды: қоян, аю

-ұзын

-қысқа, кішкентай

көп

 

 

Тапсырманы тындап, орындап, белгілейді

балалар құстарды санап , дөңгелек қарды салады

-төрт дөңгелек

Себебі. Төрт біреуге артық үштен

 

Қимылдарын жасайды

Көлеміне қарай  шыршалар мен аққаланы  сызып қосады

 

Рефлексивті-түзетуші

Кубизм әдісімен корытындылау

Балалалар  түскен сурет бойынша  алған мағлұматтарын бекітеді.

 

 

Нені білу керек:

Алыс- жақын,  аласа- биік ұғымдарын біледі

Нені игереді:

Төрт көлемінде заттарды санау дағдыларын игереді

Нені біледі:

Үлгі бойынша санауды біледі

Күтілетін нәтиж

 

 

 

 

Қорытынды:

Просмотр содержимого документа
«Орманға саяхат (көлем)»

Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі ағаштан болыпты.
Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине, бірден еріп кетті. Жаураған түлкі қоянға келеді.
— Қоян, қоян! Мені үйіңе кіргізші, жылынып алайын!
Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады.
Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді.
— Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?
— Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім…
— Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз! Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді.
— Ау, ау, ау! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!
— Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой! Барлығыңды быт-шыт қыламын! — деді түлкі қорқытып.
Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрды.
«Үйі жоқтың — күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағы да жы¬лай бастайды. Алдынан аю шығады.
— Қоян-ау, не болды? Сонша неге жылайсың?
— Жыламағанда қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
— Жылама! Мен оны қуып шығамын.
— Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады.
— Көресің, қуып шығамын. Аю үйшіктің алдына келіп:
— Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін! — деп ақырады. Түлкі болса пеш үстінен:
— Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылу¬ды ойлады.
Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.
— Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? — деп сұрады.
— Жыламай қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
— Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!
— Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сен де қуа алмайсың!
— Жүр, көрерсің! Қуамын!
Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады.
— Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын!
Түлкі қорқып кетіп: «Қазір шығамын. Киініп жатырмын», — дейді.
— Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпа¬са, оны да шалғынша шабамын! — деп Әтеш қайта әндете бастайды.
Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» -дейді. Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді. Аман-сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!