СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өсімдіктермен жануарлардың адам өміріндегі рөлі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зерттеулер негізінде өз жергілікті жерінің (жер бедері,климат,өсімдік және жануарлар дүниесі,су нысандары) табиғат жағдайының қолайлы және қолайсыз жақтарын талдау

Просмотр содержимого документа
«Өсімдіктермен жануарлардың адам өміріндегі рөлі»



Пәні Дүниетану

Мектеп№140


Күні:25.04.2019ж

Мұғалім: Жүсіп Айнұр

Сынып:2"В"

Қатысқандар саны:28

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2-Б бөлімі «Бізді қоршаған орта»


Сабақ тақырыбы:


Өсімдіктермен жануарлардың адам өміріндегі рөлі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

2.2.3.2.Зерттеулер негізінде өз жергілікті жерінің (жер бедері,климат,өсімдік және жануарлар дүниесі,су нысандары) табиғат жағдайының қолайлы және қолайсыз жақтарын талдау


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындайды:

  • Өсімдіктер мен жануарлар арсындағы байланысты ажыратады.

  • Өсімдік шаруашылықтарын атайды.

  • Өнім түрлерін есте сақтайды.


Көпшілік оқушылар орындайды:

  • Өсімдік және жануарлар дүниесін сипаттап айтады.

  • Өсімдік және жануарлардың ерешелігін әңгімелейді.

Кейбір оқушылар орындайды:

  • Өсімдіктермен жануарлардың адам өміріндегі рөлін байқай білуге негіздейді.

Бағалау критерийлері

  • Өсімдіктен алынатын өнімді анықтайды

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар кеңістіктегі дүниені,қоршаған ортаны және олардың орналасуын сипаттай алады;

Негізгі сөздер,тіркестер:өсімдік-растение- plant , жануар-животные-animal.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланысқа мысал келтір.

- Адам өмірінде өсімдіктердің маңызы қандай?

- Өз жеріңде өсімдік шаруашылығы бар ма?

- Одан қандай өнім түрлерін аламыз?

- Өзің тұратын жерде мал терісін илейтін кәсіпорын бар ма?

Құндылыққа баулу

Қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді,дағдыларды,өмір салтын,жүріс-тұрысты қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану топпен жұмыста

Алдыңғы оқу:

Қоршаған ортаны бақылау туралы жалпы түсінігі бар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет


Ресурстар




Сабақтың басы

Ынтымақтастық

Атмосферасын

қалыптастыр

4 мин












Сабақтың ортасы

20мин




















































8мин



























Сергіту сәті


Сабақтың соңы

8мин
















Бағалау


1.Ұйымдастыру кезеңі.

Ширату жаттығуы: «Аукцион» ойыны

Оқушылар мұғалімнің дабылы бойынша(өсімдік түрлерін) кезек-кезек атайды.

Аукцион шарты: сөзді кім соңынан айтса,сол жеңеді.

Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау.


Өткенді пысықтау. «Кезбе тілші» әдісімен

- Егіншілікпен малшаруашылығымен айналысу үшін қандай табиғат жағдайы қолайлы деп ойлайсыздар?

-Біздің аймағымызда жер бедерінің қандай түрлері кездеседі?

-Сен тұратын жерде қандай өзендер мен көлдер бар?

-Балалар бүгін біз өсімдіктермен жануарлардың адам өміріндегі рөлі туралы білетін боламыз.


ҰЖЫММЕН ЖҰМЫС: Мозайка құрастыру.Тақырыпты ашу мақсатында жануар,өсімдік,табиғат суреттері беріледі

  1. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы қандай?

  2. Жануарлардың адам өміріндегі маңызы қандай?


Кері байланыс: «Сұрақ-жауап» әдісі

- Өсімдіктер мен жануарлардан алынатын қандай өнім түрлерін білесің?

Бағалау: «Шапалақ» әдісімен.

Топқа бөлу:

Топпен жұмыс: «Топтас,зертте» әдісі.

Әр топ өз тобындағы өсімдіктер мен жануарларды сипаттайды. Балалар оқулықтағы суреттерге қарайық. Жауап бергенде олардың назарын өз өмірлік тәжірибесін қолдануға болады.

1– топ: Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы қандай? Пікіріңді дәлелде.

1. Әр түрлі тағамдар, қорек: жеміс – жидектер, көкөністер. Бізге дәрумендер жеткізеді.

2. Дәрі – дәрмек: Шөптен жасалған дәрі – дәрмектер адамдарды емдейді.

3. Құрылыс материалын аламыз немесе үй жиһаздарын пайдаланамыз: есік, терезе, сандық, сөрелер жасалады.

4. Әдемілікке гүлдер өсіреміз. Өсірген гүліміз бөлме ауасын тазартады.

5. Мал азығы болады. Отын, жылу береді.

2 – топ: «Мен  табиғаттан  не үйрене  аламын?»

Күн – бұл риясыз сүйіспеншілік пен төзімділіктің белгісі.

Күн барлығына бірдей, ешкімді түріне, түсіне, ұлтына  қарап бөлмей, жарқырап өз жылуын төгеді.Жер – бұл өз міндетін мүлтіксіз, риясыз орындаудың үлгісі. Әр тәулік сайын жер өз білігін 360°С-қа айнала отырып, адамдарды күндіз жұмыс істеу үшін жарықпен, түнде демалу үшін қараңғылықпен қамтамасыз етіп отырады. Біз Жер мен Күннен адамдар үшін риясыз, мүлтіксіз қызмет ету міндеттерін үйренеміз.

3 – топ: Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы қандай?

1. Су буландырып, ауаны ылғалдандырады.

2. Ыстықты қайтарады, суықты бәсеңдетеді.

3. Жел жылдамдығын азайтып, желден қорғайды.

4. Қарды тоқтатады.


Дескриптор

  • Топтық жұмыс жасай алады

  • Өз пікірлеріне дәлел келтіре алады

  • Алған білімдерін өмірде қолдана алады

1-топ

Жабайы жануарлармен үй жануарларына сипаттама беріңдер. Қызыл кітапқа енген жануарлардың бірқатарын атаңдар.

2-топ

Мәдени және жабайы өсімдіктерге Венн диаграммасын құру

3-топ

Табиғаттан біз не аламыз? Сәйкестендіру әдісі жүргізіледі.Ватманда жануарлар мен табиғат көріністеріне сәйкес суреттерді жабыстырады.

Қолдану

- Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланысқа мысал келтір.


Кері байланыс:

- Адам өмірінде өсімдіктердің маңызы қандай?

- Өз жеріңде өсімдік шаруашылығы бар ма?

- Одан қандай өнім түрлерін аламыз?

- Өзің тұратын жерде мал терісін илейтін кәсіпорын бар ма?

Бағалау: «Бағдаршам әдісі»

Жұппен жұмыс: «Сәйкестендіру»

  • Жұмыс дәптермен жұмыс.

Кері байланыс:

-Адам ағзасына қажетті өсімдіктерді ата.

Бағалау: «Шапалақпен»


Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.


Жеке жұмыс: Жұмыс дәптермен жұмыс

Қорытынды: 

1.Біздің елімізде қандай көрікті, табиғаты әсем жерлері бар?

2.Туған жерімізге сүйіспеншіліктеріңді қалай білдірер едіңдер?

3.Бүгінгі сабақтан қандай құндылықты игердік, қандай қасиеттарді бойымызға дарыта алдық?

 4.Табиғатымызда жан-жануар, өсімдіктердің өсіп-өніп, көп өнім беруі үшін адамдарда қандай қасиеттер қажет? (ысырапшылдыққа жол бермеу,зиян келтірмеу, жанашырлық, тазалық)

5. Адамдар өсімдіктерге,жан-жануарларға қамқорлық жасай отырып, қандай сезімге бөленеді? 

Түйіндеме : Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті  түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы болады. Табиғатты аялап, оған еш қиянат жасамай, сүйіп, оған қамқоршы болуымыз керек. Сонда ғана  бәріміз де аман боламыз, бақытты өмір сүре аламыз. Адам үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!

Кері байланыс: «Бағалау терезесі»

Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық



Шаттық шеңбері



















Үлестірме материалдар



Оқулықпен жұмыс

































Үлестірме материалдар










Саралау

Топтық, жұптық, дара жұмыстарда қолдау көрсету.

Жоғары деңгейлі оқушыларға: Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланысқа әңгіме құрастыру.

Төменгі деңгейлі оқушыларға:

Жануарларың суреттерін салу.










Бағалау

Шапалақ арқылы бағаланады.

Кері байланыс:

«Бағдаршам», «Кезбе тілші»,

«Сұрақ-жауап» ,«Бағалау терезесі »

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуыСыныпта жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Жаттығу жасау кезінде партаның ұшынан, жазылым кезінде қаламның ұшынан сақтану қажет.













Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!