Мотивациялық- қозғаушылық | Бүгін біз сендермен оттың пайдасы мен зияны,өрттен қалай қорғану керектігімен,өрт сөндірушілердің еңбегімен танысамыз. Сендердің бұл туралы не білетіңдеріңді «Жақсы-жаман» ойыны арқылы тексереміз. | Балалар оттың пайдасы мен зияны туралы білетіндерін айтады. «От-біздің досымыз».От үйді жылытады,тамақ пісіреміз. От-символ,мәңгілік алау арқылы ардагерлердіеске аламыз.Олимпиада алауын спортшылар алып жүгіреді. Алау жағып,айналасында адамдар ән айтып,көңілді отырады. «От-біздің жауымыз».Отты дұрыс пайдаланбасаң,өрт шығады.Өрттен адамдар көп зардап шегеді.Отты дұрыстап өшірмесең,ормандағы ағаштар өрттеніп кетеді.Аңдар, құстар зиян шегеді. |
Ұйымдастырушы- лық-ізденістік | Бингвальды компонент: Өрт сөндіруші-пожарник,от-огонь,өрт-пожар,өрт қауіпсіздігі-пожарная безопасность. Өте ерте заманда адамдар тас үңгірлерде өмір сүріп,аң терісін жамылып жүргенде,оларға от қажет болды.Сөйтіп,олар отты тұтатуды үйренді. -От адамға не үшін қажет? -Бірақ оның кейде бізге зияны тиетін кезі де болады.Қандай зиян тигізуі мүмкін? «Жанады,жанбайды» дидактикалық ойыны. 1.Педагог әртүрлі заттардың атауын айтады. 2.Педагог орманның суретін көрсетеді. -Балалар,орманда көп аңдар өмір сүріпті.Олардың қожайыны аю болыпты.Ол орманда өрт қауіпсіздігін бақылапты.Өйткені олардың біреуі қауіпсіздік ережесін бұзса,орманда өрт шығуы мүмкін.Онда аңдар қайда өмір сүреді?Аю бәріне сұрақ қойып,білімдерін тексеріпті.Аю қандай сұрақтар қоюы мүмкін? Бірақ оның айтқанын ормандағы жалмауыз кемпір тыңдамапты. Ол үйіне от жағып,өзі көрші үйге кетіпті Пеш қараусыз қалыпты.Үйіне қарай келе жатқанда терезеден от жалыны шығып жатқанын көреді.Жақан жерде су да жоқ.Ол енді не істеуі керек? -Ол үшін қандай нөмірге хабарласу қажет? -Не айту керек? Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізу. Эстафеталық жарыс ұйымдастыру. Балалар екі топқа бөлінеді. Екі топтың арасында жарыс ұйымдастырылады. Ойын аяқталғаннан кейін,балаларға «Жас өрт сөндірушілер» деген төсбелгі таратылады. | Балалардың мүмкін жауаптары: -От адамдарға тамақ пісіру, Үйін жылыту үшін керек. -Отты дұрыс қолданбасаң,өрт шығуы мүмкін. Балалар қайсысы тез жанатынын,қайсысы жанбайтынын айтады. Ойынана кейін балалар мынадай қорытынды шығаруы тиіс: «Судан басқа нәрсенің,негізінен,барлығы жанады». Балалар мұқият тыңдайды. Балалар бір-біріне сұрақ қойып,жауап береді. -Өрт сөндірушілерге талафон соғуы керек. -101-ге хабарласу керек. -Аты-жөніңді,үйдің мекенжайын. Тапсырмаларды орындайды Балалар бастарына өрт сөндірушілердің каскасын Киіп,қолдарына шелек ұстайды.Бұйрық берілгеннен кейін,конустардың арасынан ирек жолмен жүгіріп,шығыршық арасынан өтіп,суды «төгеді» (өртті сөндіреді). Кері қайтқанда тура жүгіріп, Шелекті келесі балаға ұсынады. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог заттардың атын атайды және суретін көрсетеді.Егер ол өрт туғызатын қауіпті зат болса,балалар қол шапалақтайды. 1.Шырақ.2.Теледидар.3.Текшке.4.Үтік. 5.Қарындаш.6.Компьютер.7.Сіріңке. 8.Конструктор.9.Газ.10.Бояу.11. 12.Жанармай. | Балалар қауіпті зат аталғанда,қол шапалақтайды және неге қауіпті екенін Айтады. |