СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отаным деп ән саламын

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім алушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа  ана тіліміздің тұғырының мықты болуының негізін қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқыта отырып өз ана тліне, ұлтына деген құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту.

Просмотр содержимого документа
«Отаным деп ән саламын»

Отаным деп ән саламын

Мақсаты: оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуының негізін қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқыта отырып өз ана тліне, ұлтына деген құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту.

Әдісі: Сахналық көрініс, әдеби музыкалық монтаж, әңгімелеу, ән, жыр, тарихи дәйектемелер

Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер, газеттер, слайд, тақырыпқа байланысты сөздер жазылған плакаттар және кітап.

Барысы.

Ашылу салтанаты: “Көңілашар” күйі ойнап тұрады.


«Желтоқсан желі»


Мұғалім: Құрметті ұстаздар қауімі, оқушылар! Бүгін сіздер мен біздер үшін өте қуанышты да үлкен мереке. Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні. Олай болса еңсесі биік еліміздің құрметті де қасиетті қазақ деген халқының сіздердей азаматтары мен азаматшаларын мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз!

Бүгін сіздер әдеби-музыкалық кешті қызықтап ән қанатында қалықтап, шат сезіммен шарықтап көтеріңкі көңіл күймен отырыңыздар!

Енді оқушыларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздік күніне арналған «Отаным де ән сламын» атты мерекелік кешімізді бастаймыз.

















2 - жүргізуші: Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елің алды егемендік теңдігін.


1-жүргізуші: Құттықтау сөз колледжі директорына беріледі.


2-жүргізуші: Қазақ хандығы ХY ғасырда, яғни 1465 жылы құрылса, арада 545 жыл өткеннен кейін Қазақстанның нағыз тәуелсіз мемлекет екендігі қайтадан жарияланды.

1991 жылы 16-желтоқсан күні 18 сағат 14 минутта біздің еліміздің Тәуелсіздігі жарияланды. Біз жаңа өмірдің есігін аштық.


1 - жүргізуші: Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.

Көрініс.


2-жүргізуші: Райымбек, кішкене ғана бүлдіршіндеріміз не істеп жатыр?


1-жүргізуші: Қызық екен көрейік, тамашалайық. Балалар скакалкамен, доппен ойнап жүреді. (капри, футболка, кепка)

Оқушылар мен мұғалім арасында диалог болады.

  • Балалар, не істеп жатырсыңдар?..

  • Балалар, біз кай елде тұрамы?

  • Қазақстан деген елде тұрамыз

  • Ендеше, келіңдер, қиықшаларды құрастырайықшы.

Президентіміз кім?

Еліміздің астанасы қай қала?

  • Бүгін қандай мереке?

  • Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалар, қараңдаршы, сонымен біз не құрастырдық? (ұшақты көтеру)

Таппақ оқылады.

  • Балалар, біз жұлдызға қай ұшақпен ұшамыз?

  • “Қазақ” деген ұшақпен ұшамыз.

  • Қанекей, “Қазақ” сөзін құрастырайық.

  • Ендеше, балалар, бейбітшілік пен ынтымақтың негізін қалаушы сіздер боласыздар.


2 - жүргізуші: Біздер бүгін Отан жайлы жырлаймыз,

Мерекенің қарсаңында қарсаңында текке қарап тұрмаймыз.

Бәріңізді, бәріңізді құттықтап,

«Қазақтай ел қайда!» әнін сыйлаймыз.

Орындайтын: Қарқын Ережеп, Алпысов Арман.

Ән: «Жаса Қазағым» орындайтын: Нұрғалиев Болатхан



















Ән: «Жаса Қазағым» орындайтын: Нұрғалиев Болатхан


1 - жүргізуші: Қырмызы қыздар,

Қызғалдақ қыздар құлпырған.

Өздерің жайлы кеудеде біздің жыр тұнған.

Қазақтың биін билеңдер қане майысып,

Отырған халқым сүйсініп қалсын сыртыңнан.

Халық биі «Салтанат»

2 - жүргізуші: Құдірет бар батырлықта, ерлікте,

Тіршілік бар бұзылмаған елдікте.

Жауларменен жалғасып сынға түскен сәттерде

Елімізді, жерімізді сірә қолдан бердік пе?


1 - жүргізуші: Айтып кеткен ақылдылар

Өз Отанын сүйерін.

Жазып кеткен жазушылар

Тілге арнаған тілегін.

Енді Отан, тіл туралы нақыл сөз өлең жолдарына кезек берейік.


1- оқушы: Отаным – алтын анам бас иетін,

Өлшенер өзіңменен қасиетім.

Кәдеге жатпаса асып бұл өмірде

Бқл жердің керек десеі тасы жетім.

Отаным – асқар тауым, күнімдейсің,

Анамның аялаған гүлімдейсің.

Арқамнан әкем болып қағасын сен,

Сен маған анам болып күлімдейсің.

Мен сенің сарқылмайтын ақ бұлағың,

Мен сенің секілдімін бақ-құрағың.

Кең байтақ өлкем маған қуат берер,

Келеді құлының боп шапқылағым.


2 - оқушы: О, туған тіл!

Өз тілімдей тіл қайда еркін басар,

Тілім барда еркіме кім таласар?!

Туған тілім күрмеліп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып сиқым қашар.

Батар, кетер келмеске күнім менің,

Қалар бірақ киелі тілім менің.

Қасіретті шақтардан түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


Жұбан Молдағалиевтің “Мен қазақпын” өлеңінен үзінді оқылады.

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде таныстым мен тіліммен

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен

Құрсағыма сыйдырған даланы мен!

Пәк сәбимін, бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен

Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын.

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың

«Мен қазақпын» дегенді айта тұрдым.


Ән: «Отан Ана» орындайтын: Алпысов Арман.


Күй «Ата толғау» орындайтын:Сержан Тоқтарханұлы

















2 - жүргізуші: Еркіндік пен азаттыққа қол жеткізген Тәуелсіз елдің ұлы істерінің бірі – Еуразияның жүрегінде еліміздің байтағы Астанамыз салынып, Ақордамыздың тігілуі.

1 - жүргізуші: Атырау мен Алтай арасында жатқан құрыш білекті, жолбарыс жүректі Қазақ елі – бар қазақтың табанын тірер тұрағы, арқа сүйер асқары болса, Астана сол елдің жүрегі сияқты.

«Астана кеші» әні. Орындайтын жас шебер: Елубаева Гулзада Ержігітқызы

2 - жүргізуші: Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан жұрты бар.

1 - жүргізуші: Міне, бүгін сол азаттық таңның арайлап атқанына 21 жыл толды. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышты күн бола берсін! Еліміздің көк байрағы желбіресін.

«Көк тудың желбірегені» Орындайтын:Сейдуллаева Зауреш Бермағанбетқызы

















2 -жүргізуші: Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты күші – рух пен білім. Өз Отанының патриоты болу. Оның жеріне деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Ендеше, еліміздегі соңғы жақсы жаңалықтармен бөлісейік!


1 - жүргізуші: Еліміз тәуелсіз ел болып қалыптасып, бүгінгі күнге дейінгі еліміздің Қауіпсіздігі және тәуелсіздігі, өркендеп дамуы үшін қаншама жұмыстар атқарлуда. Атап айтсақ:


2 - жүргізуші: 2010 жылы 1 – 2 желтоқсанда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. Бұл ұйымға Қазақстан – қазіргі таңда ТМД аумағында төраға болған бірден – бір мемлекет.

1 – жүргізуші: Күні кеше гана елімізде Ақ Азиада ойындары өтті. Азияда – жарты әлемнің байрақты бәсекесі болды. Атап айтқанда, Қазақстан құрамасы 70 медальға ие болды. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс пен 17 қола медаль бар. Елбасы «бұл жеңіс – қазақстандық спортттың нағыз триумфы» - деп атап көрсетті.

2 - жүргізуші: Бізді әлемге әйгілі еткен – Тәуелсіздігіміз. Астана - болашақтағы ЭКСПО-2017 көрме өткізуге арналған мінсіз қала. Бұл Астананың үлкен мүмкіндіктерін мойындау. Осының барлығы біздің еліміздің халықаралық аренадағы үлкен беделін, Елбасымыздың беделін көрсетеді.

1 – жүргізуші: ЕХРО-ның бір жарым ғасырлық тарихы бар. Алғашқы көрмені 1851 жылы Лондон бастады, Париж қостады, Германия жалғастырды, сосын АҚШ, Қытай, Жапония, Испания, Италия, осылай жалғаса береді. Бұл тізімді мұқият бастан-аяқ қарап шықсаңыз, анау-мынау емес, экономикасы мығым мемлекеттерді ғана байқайсыз. Сол мықтылардың арасына енді біздің ел де ілікпек. Астана халықаралық көрмені өткізгелі отырған 64-ші қала. Халықаралық көрмелер бюросына біздің ел 1997 жылы мүшелікке енді, 2005 жылдан бастап қатыса бастады. 

2 жүргізуші:

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кеңін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

1 жүргізуші:

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты десең егер,Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсын ба,

Ойланбай – ақ кел – дағы от ал менен –

деп әдеби іс – шарамызды «Қазақстан»деп аталатын әсем әнмен аяқтаймыз.

Кездескенше әр күніміз нұрлы, таңымыз шуақты болғай.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!