СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отбасы бақыт бастауы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы мерекесіне орай,отбасы туралы ашық сабақтың сценарийі

Просмотр содержимого документа
«Отбасы бақыт бастауы»

«Сам мектеп-балабақша кешені» КММ











Сынып сағаты

Тақырыбы: «Отбасы-бақыт бастауы»









Сынып: 5-сынып

Мұғалім: Сатканова Б.Д.



















    1. жж.

Сыныбы: 5

Күні: 06.09.2017

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы-бақыт бастауы»

Сабақтың мақсаты:

  1. «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.

  2. Отбасының негізгі өмірдің ұйытқысы, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту.

  3. Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, құрметтеуге баулу.


Сабақтың әдісі: ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап, жазбаша тапсырмалыр


Көрнекілік: плакаттар, үлестірме қағаздар, даналық сөздер


І Ұйымдастыру кезеңі

-Саламатсыздар ма, оқушылар?! Бүгін отбасы тақырыбына арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Алдымен отбасы дегеніміз не екен осыған тоқтала кетейік. Отбасы адамзат баласының ең асыл, ең қымбат қазынасы. Тәлім-тәрбие бастауы. Бала отбасында әкеден-ақыл, анадан-мейір алады. Отбасы дегеніміз ғылыми түрде айтатын болсақ, бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Ал сіздер отбасы дегенді қалай түсінесіздер?


ІІ Негізгі бөлім

Сен бақытты ұлансың!

Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең- өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың.

Бәрі саған қуансын!


Әжең-асыл ардағың,

Атаң-дана қорғаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!


Ағаң-қамқор асқарың,

Інің-мөлдір аспаның.

Сен бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын!


Қарындасың- қанатың

Ел-Отаның-жаннатың

Сен бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын!


Әкемізге еркелеп,

Анамызды тыңдаймыз.

Әжем айтар ертек көп

Атамызды сыйлаймыз.


Біздің үйде ән тарап,

Думандатар өмірді

Біздің үйде салтанат

Біздің үйде көңілді.



«Құндылық құнын ұғындыр» карточкамен жұмыс


Отбасымда ең сыйлы______________________________________________

Ең қымбатты_______________________________________________________

Ең ақылды_______________________________________________________

Ең сүйкімді_______________________________________________________

Ең құрметті_______________________________________________________



Өте жақсы оқушылар, енді тақтадағы суреттерде берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табайық.

  1. Қыз өссе елдің көркі,...

  2. Ұядан не көрсе,....

  3. Ағасы бардың жағасы бар,....

  4. Өз өнерін көрсету

  5. Ананың сүті бал,...

  6. Әке-асқар тау,...

  7. Әке көрген оқ жонар,...

Бәрекелді оқушылар.

Сергіту сәті:


Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар,

Саусақтармен ойнаңдар

Қолдарыңды сермеңдер

Денелерің шынықсын

Саналарың тынықсын.


Сергіп қалдық па оқушылар?! Ендеше сабағымызды одан әрі жалғастырамыз.

Мына сиқырлы сандығымызда отбасымызға байланысты ақыл кеңестер

бар екен. Сол ақыл-кеңестерді алып оқып, жадымызға түйіп алайық.


  • Ата-анаңды өмір бойы сыйла!

  • Ата-анаңа ауыр сөз айтпа!

  • Ата-анаңның қателігін бетіне баспа;

  • Өзгелердің ата-анасымен салыстырма;

  • Оларды қалай жақсы көретініңді жиі айтып отыр;

  • Күнде таңертең амандас;

  • Үй шаруасына қолқабыс ет;

  • Алыста жүрсең жиі хабарласып тұр;

  • Өзің есейгенде рухани, материалдық жағынан қарасып тұр!

  • Ата-анаңның достарын сыйла;

  • Қартайған шақта көңілдерін аула!

  • Ауырып-сырқағанда қабақ шытпай бақ!

  • Олар қандай жағдай да сен үшін ең асыл жандар екенін ұмытпа!

  • Олардың сені қатты жақсы көретінін ұмытпа;

  • Жаман қылық жасап оларды ренжітпе!


Ал оқушылар айтылған ақылдарды естеріңізге сақтадыңыздар ма? Олай болса мына жүрекшені алып менің отбасым деген сөйлемді аяқтай отырып отбасымызды сипаттайық. Мысалға, менің отбасым менің асыл қазынам.


Сабақты бекіту:


Оқушылар енді ата-анамызға, отбасмызға деген жылы лебізімізді, қаншалықты жақсы көретінімізді қағаз бетіне түсірейік. Содан соң мына конверттерге салып үйдегі ата-анамызға оларды жақсы көретінімізді айтып беретін боламыз.


Қорытынды:


Абайдың қара сөздерінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады, біреуі- ішсем,жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді. Бұл жанның құмары». Осы қара сөзде айтылғандай мінездің қалыптасуы отбасыдан бастау алады. Сол мінездердің тек жақсысын бойымызға сіңіріп, ата-анамыздың тек мақтанышы бола білейік.









«Құндылық құнын ұғындыр» карточкамен жұмыс


Отбасымда ең сыйлы______________________________________________

Ең қымбатты_______________________________________________________

Ең ақылды_______________________________________________________

Ең сүйкімді_______________________________________________________

Ең құрметті_______________________________________________________





«Құндылық құнын ұғындыр» карточкамен жұмыс


Отбасымда ең сыйлы______________________________________________

Ең қымбатты_______________________________________________________

Ең ақылды_______________________________________________________

Ең сүйкімді_______________________________________________________

Ең құрметті_______________________________________________________