СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Отбасы мен оқу орны арасындағы қарым - қатынас"

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныптан тыс сабақ 

тренинг

Просмотр содержимого документа
«"Отбасы мен оқу орны арасындағы қарым - қатынас"»

«Мектеп пен отбасы арасындағы қарым – қатынас»

Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектебінің

әлеуметтік педагог Қайпханова Мейрім.


Әлеуметтік тренинг

Мақсаты: Өскелең жас ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісінде мектеп пен отбасының өзара тығыз қарым – қатынасын жоғарылату, ата –аналар мен ұстаздардың үнемі байланыста болуы, бала тәрбиесінде ерекше маңызды екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

  • Ата – аналар мен мұғалімдердің өзара тығыз қарым – қатынасының бала тәрбиесіне қажеттілігін түсіндіру;

  • Мектеп өміріне ата – аналарды белсенді араластыру;

  • Мұғалім мен ата – ананың жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктерін көрсету;

  • Екі жақты тығыз қарым – қатынасты қалыптастыру;

Қажетті материалдар: интерактивті тақта, бейджик, түрлі түсті қағаздар, қарындаштар, рефлексия парағы, ата – аналарға кеңес жазылған слайдтар;

Тренингті өткізу құрылымы:

  1. Салемдесу (мақсат, міндеттерін көрсету);

  2. Қатысушылармен таныстыру;

  3. Тақырыптық бөлім;

  4. Тәжірибелік бөлім;

  5. Қорытынды, рефлексия;

Өткікізу тәсілі – интерактивтік (формасы - тренинг):

  1. Хабарлама;

  2. Ойын жаттығу;

  3. Пікір талас;

  4. Сұрақ – жауап;

  5. Рефлексия;


  1. Ұйымдастыру: 1. Амандасу;

2. Тренингтің мақсат, міндеттерімен таныстыру;

  1. Қатысушылармен таныстыру:

  1. Қатысушыларға арнайы бейджигке жазылып дайындалған жеміс – жидек, көкеністер таратылады. Осы бейджигтер қатысушылардың тренингтегі аты болады.

  2. Қатысушылардың өздерін таныстыруы және тренингтен күтетін әсерімен бөлісуі.

  1. Тақырыптық бөлім: (қысқаша баяндама оқылады.)

Ата – ана және ұстаз!

«Адамның тағдыры тәрбиемен шешіледі» деген нақылды В.Белинский бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, тәрбиенің арқасында болашақ азамат тағдырының негізі қаланатынын дөп басып айтқан. Ұрпақ тәрбиесі – қоғам болашағы. Оған аса зор жауапкершілікпен қарау – әр саналы азаматтың борышы. «Ел болам десең – бесігіңді түзе», - деген ел данасы М.Әуезов. Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Көпшілігі тұрмыс тауқіметімен жүрген ата – аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі төмендеп кететіні сөзсіз. Ал, мектептегі бала тәрбиесіне тікелей жауап беретін ұстаздың атқарар ісі шексіз.

Бала тәрбиесі өте күрделі құбылыс. Оның күрделілігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл – күйімен, жеке қабілетімен, тізгінді үнемі қадағалаумен ұғынылады. Ойлап қарасақ, тәрбие баланың бойына балалық шағынан бастап есейгенге дейін төрт – бес түрлі жолмен беріледі екен. Атап айтсақ, отбасылық, балабақша, қоршаған орта (көрші,жолдас т.б.), мектеп (оқу орны), жұмыс орны. Біз осының 1 және 4 түріне тоқталамыз.

«Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» деген С.Смайлс. халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Тәрбие тағдырын алдымен отбасы мүшелері шешеді. Ата – ана көбіне ақыл айту әдісіне бой алдырады. Солай бола тұра отбасында бала бойына мынандай тәрбие түрлерін сіңіріп өседі.

1.Тұрмыстық.2. Этика. 3.Эстетика 4. Адамгершілік. 5.Отаншылдық. 6. Дене тәрбиесі. 7.Бауырмашылық. 8.Ұлтжандылық. 9.Білім беру. 10.Экологиялық.

11. Кәсіби бағдар. 12. Шыншылдық. т.б.

Ата – ана бұл тәрбие түрлерін айқай – шусыз, қарапайым күнделікті тіршілікте бала бойына сіңіріп жатқанын өзі де байқамайды. Мысалы: Тұрмыстық тәрбие – тамақ істеу, үй тазалау т.б жұмыстармен балаға міндет бөлу арқылы оны жауапкершілікке тәрбиелейді. Этика бойынша жақсы мінез – құлық көрсете отырып, ұта білуді, ұтыла білуді үйретеді. Осы арқылы бала мінезі шыңдалады. «Алдымен жақсы мінез – құлықты үйрет, сонан соң ақыл үйрет» - С.Сенека. Адамгершілік тәрбиесі – қайырымдылық, тіл алу, қиянат жасамау т.б әрекеттер арқылы бала бойына жол табады. Бауырмалдық пен көпшілдік ұлтжандылыққа жол ашады. Енді осы баланың отбасында алған тәлім – тәрбиесін басқа ортада шыңдау ұстаздардың парызы!

Тәрбие барысында бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, оның өміріне өзіндік таным, тәлім, өмір тәжірибесімен ұстазы енеді. Деңгейі биік, бар жағынан, мұғалім балаларды дөңгелете жөнелер, бар айтқанын істетер, санасына ақыл – парасат, мақсаткерлік үйретеді. Әрбір саналы мұғалім балаға талап қоймас бұрын оның ата – анасы, тұрмыс жағдайы туралы толық біліп, баланың мүмкіншілігін ескеруі керек. Жақсы мұғалім қандай болмақ?! Бірнеше кеңестерге тоқталсақ: Ақылмен басқару; (табандылық, жай сөйлеу, оңаша тілдесу, тапқырлық, қол жұмсамау т.б). Шығармашылықпен еңбектену; (тың шешім, шығармашылыққа баулу, сурет салу, өлең, ән айту). Педагогиканы жақсы білу; (ұлттық педагогиканы санаға сіңіру). Өз пәнін жақсы білу;(шеберлікке қол жеткізу, түрлі әдістерді игеру). Ұжымшыл болу; (оқшауланып қалмау, баланы бөлмеу, жалғызсыратпау). Саяси сауаттылық; (бала жан – жақтылықты сезінуі керек). Мақсат қоя білу;(баланы шыңдау, батылдылық, арманға жету жолындағы жүректілік). т.б.

Ата – ана мен мұғалімнің нәтижелі еңбегі бала өміріне үлкен өзгрістер енгізіп, оны жақсы жақтарға жетелері анық. «Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік» демей ме ұлы кемеңгеріміз. Сондықтан да қазіргі таңда болашақ жасөспірімдердің алғыр да, зерек болып өсуі үшін – « Жаман бала болмайды, оның жақсы қасиетін тани білейік» дегім келеді.


  1. Тәжірибелік бөлім:

Жаттығу №1 «Бірлесіп сурет салайық!»

Керек құрал – жабдықтар; А4 қағазы, саны жағынан жұп түрлі қарындаш, жапсыру үшін магнит тақта, әдемі әуен.

Қазір сіздер жұп құрып, ата – ана және ұстаз болып жұмыс жасайсыздар. Әр жұпқа «Біздің баламыз» атты тақырыпта сурет саламыз. Сурет салу кезінде әңгімелесуге тыйым салынады. Ұстаздар баланың оң жағын, ата – аналар сол жағын салады. Барлығы болған соң суреттер қорғалады. Көрсетілім барысында қатысушыларға:

  • Сізге тапсырманы орындау қиын болды ма?

  • Сізге не көмектесті және ен кедергі болды?

  • Серіктесіңіз салған сурет сізді солай қарай бағыттады ма?

Жаттығу №2 «Тыңдау және есту»

10 – ға дейін санап көрейік. Бір қарағанда оңай! Бірақ олай емес, бұнда тек қана санап қоймай, ести білу керек, басқа адамды сезіне білу.

Ереже: белгі бойынша (шапалақтау) бір кісі бір санды, келесі кісі екіні .... ары қарай жалғаса береді.

Жаттығу №3 «Екі алақан»

Екі алақанды біріктіру сұралады. Бір алақанды екінші алақанға қаттырақ басып, бұны бірнеше рет қайталау. Интенсивтілікті күшейтіңіз. Не сезіндіңіз? Көпшілігіңіз алақанды бастапқы қалыпқа келтіргілеріңіз келеді, өйткені екінші алақан ауырсынып тұр. Қарым – қатынаста дәл солай, бір жақтың екінші жаққа қысым көрсетуінен жағымсыз қарым – қатынас пайда болады. Жағымсыз қарым – қатынастан гөрі өзара түсіністік байланыс тиімді. Оқу процесінің жетістікке жетуіне септігін тигізеді.

Негізгі қорытынды: Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ең тиімді жолы мен жақсы нәтижесі мектеп пен отбасының өзара бірлесіп жұмыс жасауы. Жоғарыдағы жаттығулар барысында біз, ата – аналар мен мұғалімнің балаға деген көзқарасы мен қарым – қатынас жасауы екі түрлі екендігін байқадық. Сондықтан, екі жақ бір – бірімен түсіністік, ұйымшылдық қатынаста боласа, бала тәрбиелеуде айтарлықтай жетістіктерге жетеріміз анық........

  1. Тренингті қорытындылау. Рефлексия.

Сонымен, бүгінгі мақсат – өскелең жас ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісінде мектеп пен отбасының өзара тығыз қарым – қатынасын жоғарылату, ата –аналар мен ұстаздардың үнемі байланыста болуы, бала тәрбиесінде ерекше маңызды екендігін түсіндіру болатын. Яғни, біз педагог ретінде ата –аналар сіздерден мектеп өміріне бұрынғыдан да белсенді қарым – қатынас күте аламыз ба?!

Бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді алдарыңызда жатқан «рефлексия» парағына жазып, лебіздеріңізді білдірсеңіздер болады.

Тренингті қорыта келе, бүгінгі мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Шапалақтау үшін екі алақан керек болса, бала тәрбиесіне де екі жақты тығыз қарым – қатынас керек. Шапалақтың қаншалықты қатты шығуы, екі алақанға байланысты. Ал баланың белсенді түрде дамып жетілуіне, биіктен көрініп, оның ішкі қабілетін дамыту үшін де біріккен ұжымды қатынас қажет.

Ата – аналар мен ұстаздарға арналған кеңес пен ұсыныстар жазылған парақшалар таратылады.




«Отбасының әлеуметтік – психологиялық

жағдайдың оқушылардың жеке тұлғалық дамуына әсері»

әлеуметтік – психологиялық сағат

Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектебі

әлеуметтік педагог Қайпханова Мейірім.

Мақсаты: Жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларды, жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды педагогикалық назарда ұстап, қолдау көрсету.

Міндеттері:

  • Сыныптың, жеке оқушылардың отбасының әлеуметтік жағдайын толық зерттеу;

  • Мектепішілік күн көрісі төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасылары және жетім балалар, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды әлеуметтік қамқорлыққа алу;

  • Олардың ата – аналары мен қамқоршыларымен тығыз қарым – қатынас жасау;

Қажетті материалдар: интерактивті тақта, бейджик, түрлі түсті қағаздар, қарындаштар, рефлексия парағы, ұсыныс пен ақыл – кеңес жазылған слайдтар;

Профилактикалық сағатты өткізу құрылымы:

  1. Салемдесу (мақсат, міндеттерін көрсету);

  2. Қатысушылармен таныстыру;

  3. Тақырыптық бөлім;

  4. Тәжірибелік бөлім;

  5. Қорытынды;


Өткізілу барысы:

  1. Ұйымдастыру: 1. Амандасу;

2. Жұмыстың мақсат, міндеттерімен таныстыру;


  1. Қатысушыларды ұйымдастыру:


Жылулық шеңбері.

Барлық қатысушылар ортаға шеңбер құрып тұрады да, әр қатысушыға жүрекше стикер таратылады. Қатысушылар оңнан солға қарай бір – біріне жылы лебіздер айтып, жүрекшелерді ұсынады да, соңында аттарын айтып ниет білдіреді.


  1. Тақырыптық бөлім: (қысқаша баяндама оқылады.)


Жақсылық жасауға асығайық!

Денсаулық – әл-ауқаттың негізгі құрамдас бөлігі екені сөзсіз. Қазақстан Үкіметі халықтың негізгі медициналық қызметтерге қолжетімділігінің болуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасады. Әрине, бұл қуанарлық жағдай. Десек те, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың жақын маңда орналасқан медициналық мекемелерге баруға да жағдайы бола бермейді десем, артық айтқан болмас едім. Аталмыш жағдай мектепке даярлық орталықтарына да тән. Өкінішке орай, қазіргі уақытта ақшасыз артық қимылдауға болмайды. Тіпті, тегін болып табылатын медициналық немесе білім беру орталықтарына бару үшін де ата-аналар балаларына кем дегенде жолына не тамағына ақша беруі қажет. Ал, қыркүйектің қарсаңында ата-аналар тапқан-таянғанын баланың мектепке керек-жарағына жұмсайтыны белгілі. Алайда, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар бұл тығырықтан шығудың жолын іздеп, сарсаңға түседі. 
Қазақ қашан да бауырмалдық пен адамгершілік қасиетті биік ұстаған. Жақынына жәрдемдесіп, бір атаның ұлдарындай көк тудың астына жиналған. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Қиналғанға әрдайым қол ұшын созған.
Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, материалдық көмекке мұқтаж, әлеуметтік қорғалмаған басқа да санаттағы балаларға көмектесу мақсатында ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясына аудан әкімінен бастап, барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей жұмылады. Сондай-ақ, облыстық басқармалармен кәсіпорындар, департаменттер де бұдан тысқары қалмайды.
Жиналған қаржыға алынған киім-кешек, оқу құралдары аудандық мәдениет үйінде «Жақсылық жасауға асығайық» іс-шарасында үлестіріледі.

Жетімдер... Ата-анасының ана тілінен, ұлттық қадір-қасиетінен, қайырымдылығынан айрылған балалардың тағдырын кім ойлайды? Ата-бабамыз бізге мұндай күпірлік күмән, наласы өшпес өрескелдікті мұра етіп қалдырып па еді? Жоқ! Халқымыз ата-анасыз қалған ұл-қыздарын ешқашанда жетімсірітпеген,қаңғыртпаған. Ел болып іздеу салған, қамқорлыққа алған. «Жесір дауы, жер дауы» деген осындай әрекеттен шыққан. Шырылдаған шымшық та, қарқылдаған қарға да өз баласын аялайды емес пе?! Сонда қазіргі қыз-келіншектерде торғайдай мейірім жоқ па?...

Қазіргі таңда Қазақстанда 42 мыңдай әр сипаттағы жетімдер бар екен. Аталған 42 мың жасөспірімнің бәрі балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жоқ, 25 мың бала ер азаматтардың қамқорлығына алынған, 15 мың бала денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұжымдарында тәрбиеленуде. Осы 15 мың баланың 2 мыңнан астамы ғана тұл жетімдер, қалғандары ата – аналары бар тірі жетімдер екені құпия емес. Осыдан бірер жыл бұрын Қазақстандықтар 2773 баланы, 2009 жылы 3044 баланы, 2011 жылы 4003 өз отбасыларына тәрбиелеуге алыпты. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 271 балаға артық... Мұның өзі елімізде бала асырап алу жақсы үрдіске айналып келе жатқанын көрсетеді.

Күллі мейірімді де қайырымды отбасындағы аналарды да ақжүректілікке шақырамыз. Балаға деген жылулық пен мейірімділік те, қайырымдылық та тек қана анадан басталатынын және даритынын естен шығармайық. Ана үшін ешқандай баланың жаттығы жоқ, баланың көз жасы-ананың көз жасы. Жетім-жесір, кәрілік пен мұқтаждық - бойлап зерттеуде тұратын мәселе.

Алла “Адамға ғұмыр бердім, көретін жарық, тататын дәм, таусылмас арман бердім, бірақ ниетін өзіне қалдырдым” депті. Барлығы да осы ниет атаулыдан басталады.

Енді қысқаша мектеп бойынша мәліметтерге тоқтала кетсем, мектептің әлеуметтік паспорты төмендегідей көрсеткіш көрсетеді



Мектептің әлеуметтік паспорты

1. Оқушылардың саны – 764

Қыздар саны – 362 / Ұлдар саны – 402

  1. Толық отбасылар саны – 578

  2. Көп балалы отбасылар саны – 67

  3. Толық емес отбасылар (ата – ананың біреуінен айырылуы) – 39

  4. Толық емес отбасылар (ата – аналары ажырасқан) – 58

  5. Толық емес отбасылар (жалғыз басты ата - аналар) – 22

  6. Аз қамтылған отбасылар – 45

  7. Жетім балалар – 2

  8. Отбасында жалғыз балалар саны – 79

  9. Қауіп – қатер тобы:

  • Жиі кешігетіндер – 19

  • Сабақтан жиі қалатындар – 14

  • Қолданатындар (темекі, ішімдік, насвай және т.б.) – 0

  1. Отбасылардың үй жағдайы:

  • Коммуналдық үйлерде (жатақаналарда)тұратындар саны – 5

  • Жеке пәтерде тұратындар саны – 39

  • Жалдап тұратындар саны – 63

  • Жер үйде тұратындар саны – 657

  1. Ата – аналардың білім деңгейі:

Анасы Әкесі

  • Жоғары білімділер саны 190 141

  • Орташа арнаулы білімі барлар саны 252 230

  • Орташа білімі барлар саны 146 89

  1. Толық емес орташа білімі барлар саны 6 12

  2. Материалдық жағдайына байланысты:

  • Отбасы кірісі төмен (уревень доходов семье на человека ниже прожиточного минимума) – 88

  • Орташа – 586

  • Жоғары – 90

  1. Қызметі бойынша:

  • Қызметкер – 269

  • Жұмысшы – 458

  • Жұмыссыздар – 218

  • Зейнеткер – 22

  • Кәсіпкер – 75

  1. Үйден оқитын балалар саны – 8

  2. Оқушылардың сыныптан тыс іс - әрекеттері:

  • Музыка мектебіне баратындар саны – 23

  • Спорт үйірмелеріне баратындар саны – 129

  • Би студияларына баратындар саны – 35

  • Коркем өнер мектебіне баратындар саны – 4

  • Басқа ____________________________47

Мектеп бойынша өткізілген «Қайырымдылық» қоры

Қыркүйек айында кеңсе тауарлары жиналды

Қазан айында киім кешек түрінде жиналды

Қатысқандар – 27 сынып,

29 мұғалім

Қатысқандар – 25 мұғалім

Кеңсе тауарларымен қамтылған оқушылар – 73 оқушы

Киім – кешекпен қамтылған оқушылар – 18 оқушы

Шамамен 37220 теңгеге бағаланды

Шамамен 58 600 теңгеге бағаланды



  1. Тәжірибелік бөлім:

Жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасын дамытуға бағытталған ойындар ойнатылады.

Аппаратшылар

Топтан үш адам шақырылады – бұлар механик аппаратшылар, басқа қатысушылар – роботтар. Механик-аппаратшылардың міндеті – роботтар бір-бірімен соқтығыспауы және сынып қалмауы керек. Роботтар механик-аппаратшылардың белгілеген бағыттары бойынша бөлме ішіндегі түзу сызықтармен қозғалады. Егер роботтар дуалға немесе бір біріне соқтығысып қалса, олар сынып, қатты шырылдай бастайды. Оларды басқа жаққа тек механик-аппаратшылар ғана бағыттай алады.

Механик-аппаратшылардың құпиясы оларға ойша үшбұрыш құру керек. Бірақта жүргізуші бұл туралы айтпайды. Қатысушылар өздері біліп, дұрыс стратегия табу керек.

Анализдеуге арналған материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар табылады:

  • Осы жаттығудан кейін не сезінесіңдер;

  • Тапсырманы орындай алдыңыздар ма;

  • Бұған сізге қанша уақыт керек болды;

  • Осы міндетті орындау үшін сіз қандай стратегияны таңдауыңыз;

  • Оны жасап шығу үшін не істедіңіз;

  • Әрбір қатысушы-аппаратшы қандай рөл атқарады ;

  • Тапсытманы орындау кезде сізге не қиындық жасады;

  • Бұл тапсырманы басқаша қалай орындауға болар еді;

Гирлянда

Қатысушылар теңдей екі топқа бөлінеді. Олардың міндеті өз киімдерінен грилянда байлау керек. Кімде грилянда ұзындау болса, сол жеңеді.

Бұл ойын-жарыс микротоптпар қақтығыстарды шешеді. Микротоптардағы қарым-қатынастар «ойдағыдай емес» болып тұрғанда жақсы жетістіктерге жету үшін, бұрыннан дос еместерді топтастырып араластырып жіберу керек. Сонымен бірге онша таныс еместерді. Сонда ойынның қызған кезінде қатысушылар өз қарым-қатынастарын тезірек және ұтымды етіп реттеп алады.

Анализдеуге арналған материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар табылады:

  • Топтардың бірі жеңе алды ма?

  • Бұл үшін қанша уақыт керек болды?

  • Тапсырманың орындалуына не әсерін тигізді?

  • Әрбір қатысушының рөлі?

  • Сіздерге, ұтылған топқа тапсырмаларды орындау кезінде не кедергі жасады?

Сөйлейтін мүсіндер

Бір қатысушы мүсінші болады да, ал екі ойыншы өз еркімен шығып сазбалшық болады. Былайша айтқанда «фигураны жасайтын материал» болады. Болашақ мүсіншілердің көздерін байлайды. Бақылаушы болып табылатын қатысушылар тобы бір ертегінің екі кейіпкерін жасырады, жұмбақтар айтады. Мысалы: қызыл телпек және қасқыр, Мальвина және Пьеро. Жасырған кезде «кейіпкерлер» кім болып жатқанын білмеу керек.

Мүсінші өз жұмысын аяқтаған кезде «мүсіндердің» көздерін шешеді. Жүргізуші оларға ертегінің атын айтады, бірақта қай кейіпкер екенін айтпайды. Олар диалогты бастайды, сол арада кім кім екенін түсіну керек. Бұл жаттығу қатысушыларға өз қарым қатынастарын бірлесіп тұрғызуға талаптандырады. Олар бір мақсатқа ұмтылатындықтан (кімнің кім екенін түсінгілері келеді) түсінбеушіліктен бірге шығу керек болғандықтан екеуі бірлесіп мәселені кешеді. Сонымен бірге қатысушыларға өз шығармашылық қабілеттерінің ашылуына ықпал етеді. Егерде бір-бірімен келіспей жүрген қатысушыларды топтастырып ойнатса осы жаттығудың әсерін байқауға болады.

Анализдеуге арналған материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар табылады:

  • Осы жаттығудан кейін сіз не сездіңіз?

  • Тапсырманы орындай алдыңызба және кейіпкерлерді тани алдыңыз ба?

  • Жаттығу кезінде не байқадыңыз?

Ағартушылық жұмысты қорыта келе, бүгінгі мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Бүгінде мектебімізде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына және оқушыларға түрлі көмектер көрсетілуде. Сондай – ақ, қайырымдылық акциялары өткізіліп, профилактикалық, ағартушылық жұмыстар жүргізіледі. Осы оқушыларға ары қарай да қол ұшын беріп, қолдау көрсетейік.

Енді мектеп психологтарымен ұсынылған жаднамаға назар аударуларыңызды сұраймын.

Жаднама

  • Әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып қарым-қатынас орнату;

  • Мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйін оқушылардың алдында білдірмеу;

  • Қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;

(кемсітпеу, балағаттамау, күш қолданбау)

  • Бұйрық емес – өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;

  • Оқушыға өзінің мүмкіншілігінен артық талап қоймау қажет;

  • Сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;

  • Қиын, қырсық, қыңыр оқушылармен жеке-дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу;

  • Оқушының сырт келбетіне, киім киісіне қарай бағаламай оған қолдау көрсету;

  • Баланы өзіңіздің жақсы көретініңізді, оған сенетініңізді, үміт артатыныңызды білдіруіңіз қажет.







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!