СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отбасы - тәрбие бастауы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы тәрбие бастауы. Мақала түрінде. Балаларға отбасылық тәрбие беру мақсатымен құрастырылған мақала.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы - тәрбие бастауы»

« Отбасы- тәрбиенің бастауы»



Тусупбекова Зейнегуль Алкеновна,

№23 ЖББОМ әлеуметтік педагогы,

Қарағанды қаласы.

« Отбасы адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы»

В.А.Сухомлинский



Отбасының көз қуанышы, басты қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Сондықтан да балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деп ата бабамыз тегін айтпаған .Отбасы -адам баласының алтын ұясы. Себебі адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, ол ортаның ыстық-суығына бейімделіп , ер жетеді және де әлеуметтік ортасы бала дамуына жан жақты әсер етеді. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп , өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптастыру . «Баланың құқығы жөніндегі конвенцияда» отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Қазақстан Ресубликасының Конститутциясында «Балаларын қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген. Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң», «Жоғары және орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.Сөйтіп отбасының әуел бастан- ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.

Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек, мектеп жасындағы балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына отбасы, отбасылық қарым- қатынас, отбасының психологиялық ахуалы, тәрбиелеу стилінің маңызы зор екенін естен шығармаған жөн. Балалардың жеке адам болып қалыптасуында отбасының алатын орны ерекше. А.С.Макаренко айтып кеткендей баланың тұлғасының қалыптасуы отбасының өмір сүру тәсілі мен тәжирибені қабылдау сипатына байланысты. Дүниеге келген баланы көретін ата-анасы, жанұясы. Оның әлеуметтік ортасы бала дамуына жан жақты әсер етеді.Қәзіргі педагогика, психология , әлеуметтану секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын көрсетуде.

Отбасы қарым -қатынасындағы қуатты күшке ие, көзге көрінбейтін ықпал әсер дегенді бала ақылымен пайымдай алмаса да, сезініп түйсінеді. Ер бала болсын, қыз бала болсын әке шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге үйренеді, көргенін бірде болмаса, бірде қайталайды. Баланың ойы мен сенімі-алдында ең беделді тұлға әке, ақылды, білімдар әке.

Ата-ананың ықпалы өзінен өзі бола қалмайды, балалар олардың қылықтарын көздерімен көреді, бір көргенін бірнеше рет көрген соң, ол мәңгі есте қалып, санасынан мықтап орын алады. Естігені де бірнеше рет естіген соң құлағында, ойында алып қояды да, дереу дайын формула секілді санадан қалқып шығып, іс әрекетке айналады.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей үйдегі тәрбие сыртқы көріністің айнасы. Баланың жасынан еңбекке баулып, оның бойынан адамгершілік пен рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлқын және күн сайын сыпайылыққа, сергектікке,үлкендерді құрметтеуге, әділдікке, адам бойындағы барлық жақсы қасиеттерге бала кезден қалыптастырып отыру қажет. Отбасындағы салауаттылық, тазалық пен тәртіп, отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруы, ұстамды болуы барлығыда ата-анасының мәдеиеті мен сауаттылығына байланысты.

Баланың бас ұстазы-ата-анасы. Сондықтан ең алдымен отбасындағы салауаттылық дұрыс орналасу керек. «Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» демекші ұл бала әкесіне, қыз бала анасына қарап өседі. Сондықтан ата-ана әдептілікте, имандылықта, өзгелермен қарым- қатынаста перзентке үлгі болуы қажет-ақ. Ал тәрбиесіз бала пайдасыз болып қана қоймай, зиянды адамға айналып, қоғамға бір зиянын тигізері сөзсіз. Сондықтан отбасы адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Қисық болып өскен шыбықты түзету оңай, ал үлкен ағаш болғанда түзеткіміз келсе де түзете алмайсың. Сондықтан баланы жасынан жақсы болып өсуіне күш салуымыз керек. «Адамның адамшылдығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»,-деп Абай атамыз айтқандай, әрине оған ұстаздардың да қосар тәлім -тәрбиесі мен ықыласы ерекше. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарытуда оларды дамыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, баланың бойына табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау-ата-ананың басты парызы. Сондықтан қаншалықты шаршап шалдығып жүрсе де, ата –ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Бала-әр отбасының бақыты. Олай болса өз бақытымызды бағалай білейік.

Ендеше ата-аналар қолымыздағы алтын ұл қыздарымыздың мемлекеттің ертеңгі үлгі болар азаматы екендігін ұмытпайық!



Қолданылған әдебиеттер:

1.Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың бірлігі Алматы,1973

2.С.Тәжібаева Болашақ ұстаздарды оқушыларға адамгершілік тәрбие беруге дайындау Оқу құралы Алматы-2001ж.

3.Cамопознание.кz.Республикалық ғылыми әдістемелік журналы. «Бала тәрбиесінде мектеп пен отбасының өзара байланысы» И.Дәрменова.2014ж,ақпан.

4.Cамопознание.кz.Республикалық ғылыми әдістемелік журналы. «Бала-ата-ананың ,отбасының айнасы.Н.Бектемисова,2014ж,маусым

5. «Родителям о семейном воспитании-12 уроков-тренингов» Методическое пособие для родителей, педагогов, психологов, классных руководителей, социальных работников учереждений образования. Астана-2013г.