Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы тіршіліктің тірегі»
Тәрбие сағатының мақсаты:
І. Ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыздың ұстаған жолын, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүр, мақал – мәтелдер, нақыл сөздерді пайдалана отырып оқушыларды үлкендерді сыйлауға, кішіге көмектесуге баулу.
ІІ. Өзара сыйластыққа, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Т/сағатының барысы.
І. Ұйымдастыру сәті.
1. Шаттық шеңбері.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге?
ІІ. Негізгі бөлім .
Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі т/с тақырыбы «Отбасы тіршілік тірегі »деп аталады. Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы, имандылығы туралы сөз қозғаймыз.
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп » ұлы ақын атамыз Абай айтқан екен.Адамзат – бүкіл адам баласы деген сөз. Адамды сүю адам танудан басталады.Адам тану – адамзат арасындағы қарым – қатынас мейірімнен басталады.
Ал адамға деген сүйіспеншілік , мейірімділік қайырымдылық – ең әуелі әркімнің отбасынан басталады. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол отбасының мүшелері болып саналады.
Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? /апа,ата, ана, іні, аға./
- Отбасы деген не?
- Кім өз отбасы туралы айтып береді? /жауаптарын тыңдау/
Сызба нұсқамен жұмыс.
- Отбасы мүшелерін атап берейік.
Енді балалар отбасының мүшелеріне жеке – жеке тоқталып өтейік.
Ата , ана, әже, әке, бала, іні, қарындас, аға т б.
Бала – адамның бауыр еті – дейді қазақ халқы.
Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетін ұрпақ қалдыруды көздейді. Халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған.
«Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі,»- деп ұрпақты болуға, оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.
Қуанып жан жүрегі қақ жарылды,
Қасірет басындағы қалды арылып.
Ұл – қыз көріп дүбірлі той жасайды,
Атқан соң маңдайынан таң жарылып.
- Балалар, бізідің отбасымызда ең үлкен, ең ардақты, барлық тәттілерін сендерге арнап тығып қоятын кім?
- Дұрыс, ол біздің ата - әжелеріміз. Кім өзінің ата - әжесіне арнап тақпақ айтып берем дейді.
1-оқушы: 2-оқушы:
Аппақ күміс сақалды, Менің атам мықты адам,
Жақсы көрем атамды. Күштілерден ықпаған.
Шахматтан ол бүгін, Жас кезінің өзінде,
Менен тағы мат алған. Жігіті жоқ жықпаған.
- Отбасының тірегі , қорғанышы деп кімді айтамыз? Ол әке.
Келесі кезекті ең ардақты, ең сүйікті ол кім?
- Әрине ол аналар.
Анаң деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Ұясында кім болса да,
Тек анаңа жақынсың – дегендей аналарға арнау.
Сонымен, сендер үшін ата, апа, ана, әке қандай адамдар?
- Ең қымбат адамдар.
Құт береке атаң қымбат,
Мейірімді әжең қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Сергіту сәті: «Мені кім қалай жақсы көреді?!» (жылы сөздер )
Мақалдарды жалғастырыңдар.
а) Ауылдан асқан байлық,
--------- қымбат қазына жоқ. /кітап/
ә) Талапсыз жас,
Қанатсыз-----. /құс/
б) ------- қылығымен көркем. /қыз/
в) Білім – теңіз, ------ кеме. /мектеп/
г) -------- көңілі балада. /ананың/
д) Сөз тапқанға - --------- . /қолқа жоқ/
е) Жақсы сөз - ------------ . /жарым ырыс/
ж) Ине көзінен сынады --------- . /шешен сөзінен сынады/
з) Отан- -------- басталады. /отбасынан/
«Жеті жұмбақ»
1- Қабат- қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. Кітап
2 – Қардай аппақ , балдай тәтті – ақ. Қант.
3 – Ұрсаң жерде зулайды,
Жерде қарғып тұрмайды. Доп
Тиіп кетсе басына,
Ешбір зиян тимейді.
5 – Жылт – жылт еткен, жырадан өткен. Су
6 - Әрі қызыл, әрі тәтті.
Татқан жанды таңырқатты. Алма
Қорытынды сөз: Міне, балалар, бүгін біз өз отбасы мүшелерімен танысып, олардың жанұядағы орнымен және оларды қалай сыйлау керек екенін сөз еттік.