| II кезең- Проблемалық –ізденушілік | Балалар жайланып отырып, көздерінді жұмып өздеріңнің отбастарыңды, үйлеріңді көз алдарыңа елестетіңдер. Тәрбиеші: Көздеріңді жайлап ашып, ойларың, сезімдеріңмен бөлісейік. Ә.Табылдының «Арұлан» әңгімесін кідіріс жасап, сұрақ қоя отырып оқып береді. Балабақшаға Арұланды 3-сы-ныпта оқитын Аружан әпкесі ертіп келіп жүр. Ол өте пысық бала. Әпкесі оятпаса да ерте тұрады. Өзі жуынып, шашын тарайды. Арұланды балабақша-ға кім әкеліп жүр? Таңертең Арұланды кім оятады? Тұрған соң ол не істейді? Ол киініп, арқа қоржынын асынып, қара-қаттай көзі күлімдеп: - Әпке, мен дайынмын! – дейді. - Айналайын үніңнен. - Айналайын күнім! – деп, Аружан оны балабақшаға ертіп келеді де, оның маңдайынан сүйеді. Аружан інісінің қай ісіне сүйсініп, қалай еркелетеді? - Апай, сәлеметсіз бе? – деп Арұлан тәрбиешімен әдепті амандасады. - Арұлан, айналайын, әдепті бала, - деп тәрбиеші оны қуана қарсы алады. Арұлан тілалғыш бала. Ол кім жұмсаса да; «мақұл», «міне, қазір», «мен дайынмын», - деп жауап береді. Арұланды неліктен пысық, тілалғыш бала деп атайды. - Айналайын балдырған, Ана мейірін қандырған! – деп анасы аймалайды. - Әке, үстеліңіздің шаңын сүр-тіп қойдым, - дейді әкесіне. Жаңым, Жарығым! Ақ балапаным! – деп әкесі көтере құшып сүйеді Арұланның күмістей сыңғырлаған күлкісі үй ішін шаттыққа толтырады. Мақал: «Балалы үй базар» болады. Балалар ата – анамыз бізіді жақсы көреді, еркелетеді. Бүгін балалар мерекесі екен.Яғни сендердің мерекелерің. Сергіту сәті: Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасалады. Арұлан тілалғыш, пысық, әдепті, өнерпаз бала. Осы жақ-сы қасиеттерімен сүйкімді. Арұлан өзінің сүйкімділігімен, үйде де, балабақшада да өзінің жақсы істерімен, бал тілімен, сыңғырлаған күлкісімен айна-ласындағыларды баурап алды. «Балалы үй базар» деген сөз осындайдан шыққан болар. Дидактикалық ойын: «Менің отбасым». | Үйіміз қандай әдемі. Бөлмеміз жайлы, жина-қы. Бөлмедегі әр нәрсе өз орнына қойылған. Асқар тайдай атамыз, мейірімді әжеміз, ақыл-ды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз т.б. дастарқан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірлене сүйіспеншілікке толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді өз сезімдерін қайталайды. Әпкесі Аружан. Ешкім оятпайды, өзі тұрады. Беті-қолын жуады, шашын тарайды, өзі киінеді. Айналайын үніңнен, айналайын күнімнен. Ол апайды тыңдайды, айтқанын істейді, қайда жұмсаса да, «мен дайынмын» дейді. Анасы: Айналайын балдырған, ана мейірін қандырған. Әкесі: Жаным, Жарығым, ақ балапаным. Орнымыздан тұрайық, Қарлығаш боп ұшайық. Бір отырып, бір тұрып, Жақсы сергіп қалайық! Шеңберге тұрып, кезек-пен өзінің отбасы тура-лы жағымды сөздер айтады. Менің отбасым бақыт-ты. Отбасымдағы әрбір сәтім қуаныш сыйлай-ды. Менің отбасым тату. |
| II кезең- Рефлекстік- Түзету | Балалар бүгінгі сабағымыз сәтті өтті. Өйткені біз өзіміздің сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге, оларға көмектесуге үйрендік. Балалар шеңберге тұрып, Е.Хасанғалиев, Қ.Ыдырысовтың «Келші, келші, балашым» әнін тәрбиешімен бірге айтады. | Қуанышым – арай жүз, сөйлесерміз талай біз. Бар ағайын жиналып, мәз боп саған қараймыз Сендей бала ешкімде, болмаған деп санаймыз Жалғыз дара - өзіңсің, Атасының көзісің, Әжесінің сөзісің, Мен барымды аяман, Ботақаным, сен үшін. |